Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
3
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
238.08 Кб
Скачать

1.2 Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәсе-лелері

Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындағы тәжірбиелерін ескеру қажет. Өйткені, экономиканы басқарудағы жинақталған әлемдік тәжірбиені оқып-үйренбей, оларды жан-жақты зерттемей, экономиканы мемлекеттік басқарудың жаңа сатысына өту мүмкін емес.

Ел экономикасын басқарудың орталықсыздандырылған жаңа жүйесіне өту барысында әлемдік тәжірбиеде бар модельдерді, тұжырымдарды ескере отырып, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұлттық ерекшеліктеріне қарай аймақ экономикасын басқарудың өз мемлекетімізге тән үлгісін қалыптастыруымыз керек. Осы орайда бірқатар шет мемлекеттердің аймақтық саясатты қалыптастыру, оны жүзеге асыру бағытындағы оңды тәжірбиелерді қарастырайық.

Мемлекет құрылымы аймақтық саясат саласындағы өкілеттіліктерді орталықсыздандыру немесе бөлу деңгейін анықтайды. Егер «интеграцияланған» мемлекеттер тәжірбиесіне сүйенсек, онда Ирландия, Португалия, Греция сияқты мемлекеттерде аймақтық саясат мәселелеріне орталықтандырылған әдіс қолданылады. Бұл мемлекеттерде шағын жобаларға қатысты жауапкершілікті аумақтық деңгейге жүктеуге әрекет жасалынғанымен, жергілікті жерде қажетті тәжірибенің болмауы салдарынан одан әрі жалғасын таппады.

Италия мен Германия мемлекеттерінің басқару құрылымы «интеграцияланған» мемлекеттердің басқару құрылымынан түбегейлі түрде ерекшеленеді. Бұл, әрине, аймақтық саясаттың жасақталу, жүзеге асу барысын айқындайды. Мысалы, Германияда аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі «Жерлерге» жүктелген, ал Итальяндық жүйенің көпшілік элементтері орталықтандырылған сипатқа ие. Германияда аймақтық саясат саласындағы федеральді үкіметтің негізгі функциясы – GA (Біріккен оперативті топ) шеңберінде Жерлермен серіктестік қатынастар құру. Жоспарлау жөніндегі Комитет GA құрамын анықтап, жыл сайынғы бас жоспар жобасын және аймақтық даму басымдықтарын қалыптастырады. Бас жоспар жобасы аймақтарға қажетті көмек көрсету шаралары мен шарттарынан тұрады. Аймақтық саясатты жүзеге асыру екі жақтан (Федеральды үкіметпен және Жерлермен) бірдей үлеспен қаржыландыру негізінде жүргізіледі. Жерлер әкімшілігі аймақтық саясаттың іске асуына жауапты болады.

Финляндияда аймақтық саясаттың құрылуына, яғни, аймақтық саясатты үйлестіруге, заңдарды жасақтауға, проблемалы аймақтарды анықтауға тағы басқа қызметтерге Ішкі істер министрлігі жауап береді. Аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі әр түрлі орталық министрліктерге жүктелген. Финляндияның аймақтары жекелеген шешімдерді (шағын жобаларды) қабылдайды, ал негізгі шешімдер орталықтан қабылданады.

Ал Швецияда қалыптасқан жүйе бойынша аймақтық әкімшіліктер жалпы ұлттық дерективаларды іске асырады. Бұл жүйеде Өнеркәсіп және сауда министрлігі басты орынға ие. Министрліктің жанынан артта қалған аудандарға қатысты аймақтық саясатты жасақтау, оны бақылау және Европалық комиссиямен байланысты жүзеге асыру істерін атқаратын бөлімдер құрылған. Аймақтарды дамыту стратегиясын жасақтау мен графствалардың әкімшілік кеңесі (САВ) айналысады. Өздерінің саясатын іске асыру үшін олар бюджеттен қаржыландырылады.

Солтүстік Еуропа мемлекеттері аймақтық саясатты жүргізудегі бай тәжірибелерімен ерекшеленеді:

  • Франциядағы орталықтандырылған әдіс;

  • Нидерланды мен Ұлыбританияда орталықсыздандырудың жоғары деңгейі;

  • Австрия мен Бельгиядағы федералдық жүйе.

Францияда министр CIALA-дан (қолдау көрсету жөніндегі ведомствалық комитет) алынған ұсыныстарға негізделген аймақтық саясатқа жауап береді және оның құзіретіне аймақтық дамытуды ынталандыруға қатысты шешімдер қабылдау кіреді. DATAR-Франциядағы аймақтарды дамыту жөніндегі басты ұйым. 1995 жылы қабылданған негізгі Заңға сәйкес аймақтық даму саясаты ұлттық деңгейде анықталып, жергілікті әкімшіліктермен жүргізіледі.

Нидерландыда экономика министрлігі мен провинциялар әкімшілігі аймақтық саясат мәселелерімен айналысатын негізгі ведомствалар болып табылады. Экономика министрлігі аймақтарға көмек көрсетуде 10млн. Флориннан асатын инвестициялар көлеміндегі жобаларға жауап береді, ал одан төмен көлемдегі басқа жобалар орталықсыздандыру түрінде іске асырылады.

Ұлыбританияда аймақтық саясат мәселелерімен Сауда және Өнеркәсіп министрі және Шотландия менУэльс істері жөніндегі министр айналысады. Англияда аймақтық саясатты қалыптастыру мәселесі Сауда және өнеркәсіп министрлігі мен аймақтық үкіметтік ведомстволарға жүктелген. Аталмыш министрлік Англиядағы үкіметтік ведомстволардың құзірет шегінен тыс көптеген жобаларды және Ұлыбританияға өз салдарын тигізетін жобаларды бағалайды, сонымен қатар, ұлттық деңгейдегі дерективаларды жасақтап, олардың орындалуына бақылау жүргізеді. Үкіметтік ведомстволар құзіретіне аймақтарға көмек көрсетуге қатысты шешім қабылдау кіреді.

Австрия Конститутциясы аймақтық саясатты жүргізу өкілеттілігін шектемейді. Федералды деңгей, жерлер әкімшілігі және жергілікті билік арасында өкілеттілік аялары бейресми бөлінеді. Аймақтарға көмек көрсету федералды үкіметпен және сол аймақтың жер әкімшілігі мен қаржыландыратын және жүзеге асырылатын біріккен жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Белгияда аймақтық саясат мәселелері аймақтық деңгейлерде қарастырылады. Ірі жобаларға көмек көрсету шешімі аумақтық әкімшілікпен қабылданады, ал қалған шешімдер аймақтық эконоимка министрімен қабылданады.

Аймақтық саясатты жүзеге асырудың әр мемлекеттер үшін маңызы әр түрлі көптеген құралдары бар. Тарихи даму тұрғысынан мұндай құралдардың бес үлкен тобын көрсетуге болады:

  • Халық тығыз орналасқан аймақтарда жаңа кәсіпорындарды орналастыруды қолдуға кететін қаражат;

  • Эконоимкалық даму саласында мемлекеттің қызметін кеңістіктік бөлу;

  • Қаржылық қолдау жолымен компания қызметін ынталандыру;

  • Инфрақұрылымды қалыптастыру;

  • Дамуды ынталандыру жөніндегі «жұмсақ» шаралар.

Қазіргі уақытта алғашқы екі құралдың рөлі айтарлықлай төмендеп кетті. «Қолдау» құралдары Франция, Ұлыбританияда қолданғанымен, бұл құралдардың қолдану ауқымы уақыт өткен сайын азаюда.

Қазіргі ауқытта Евроодақтың ( ЕО) көпшілік мелекеттері аймақтық саясат құралы ретінде соңғы үш топты қолданады. Қаржылық ынталандыруларға жұмыс орнын құрумен байланысты. Жәрдемақылар, субсидиялар, несиелер және т.б. жатады. Бұл әдістер фирмаларды проблемалы аудандарды инвестицияларды ынландыру үшін жасалған. Осы аталған құралдар Евроодақтың барлық мемлекеттерінде кеңінен қолданылуда. Инфрақұрылымның «жұмсақ» элементтеріне ақпараттық желілерді қолдау, консалтингілік қызмет, ғылыми зерттеулерт жатады.

Интеграцияланған мемлекеттеріде саясат құралдарының құрамы айтарлықтай көлемді болып келеді. Оның себебі, аймақтық проблемалардың «тереңдігімен» байланысты. Аймақтық саясатты дамытуды ынталандыру үшін құрылымдық және нитеграциялық қорлар құрылған. Бұл қорлар тек өндірісті инвестициялауды ғана емес, сонымен қатар нифрақұрылымды дамытуға қолдау көрсету және бизнестің дамуына жағдай жасауды да көздейді.

Интеграциялық қор көлік және қоршаған ортамен тікелей байланыста болатын инфрақұрылымның дамуына қатысты үлкен жобалармен айналысады.

Скандинавия елдеріне қатысты аймақтық саясаттың «тар» және «кең» астарлары бар. Тар мағынасында мұндай саясат бизнес пен экономиканы дамыту іс-шараларын қамтиды. Аймақтық саясаттың кең астары халық аз қоныстанған аймақтарда өмір сүру деңгейін қолдау мақсатында үкімет тарпынан байланыс, көлік, білім және денсаулық сақтау саласындағы әрекеттер кешенін көздейді. Скандинавия елдерінің негізгі ерекшеліктері ЕО-ның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда, аймақтық саясаттың тар астарының өзінде де мазмұны кең болып табылады. Мысалы, проблемалы аудандардың өздеріне тән ерекшелігін, олардың қатаң климаттық жағдайларын ескере отырып, ЕО-ның басқа мемлекеттерінде қолданылмайтын ұзақ мерзімді қолдаулар бар.

Бүгінгі күні Европаның дамыған елдері мен АҚШ-та аймақтық саясаттың негізгі тенденциясы болып табылатындар:

  1. билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға өзіндік дербестік беру.

  2. елдің және аймақтың экономикалық даму стратегиясын өзінің жеке табиғи ресурстық әлеуметін пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, бірігіп әзірлеу.

  3. аймақтардың экономикалық даму деңгейлерін тегістеу.

Содай-ақ әлемдік тәжірибеде аумақтарды дамытудың үш мүмкін нұсқасы белгілі, олардың мәні:

  • алдыңғы қатарлы, бай аудандарды дамыту және қолдау керек, ал қалғандары бай аудандар есебінен дамиды (АҚШ тәжірибесі);

  • салық салу, жұмыспен қамту, өмір сүру деңгейін реттей отырып, барлық аудандарда өмір сүрудің шамамен тең жағдайларын қамтамассыз ету (Германия тәжірибесі);

  • кедей аудандарды қолдау қажет, ал бай аудандар өздігінен дами алады (Скандинавия елдерінің) тәжірибесі.

Осы тәжірибелерге сүйене отырып, біздің республикамыздың қазіргі даму жағдайында Германия мемлекетінің тәжірибесін қолдану белгілі бір нәтижеге жеткізеді деп тұжырымдауға болады.

Сонымен, шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысын, оны іске асырудағы басқару органдарының қызметін сараптау нәтижесі елдің аймақтық саясатын жүргізуде бірқатар тәжірибелерді ескере отырып, оларды өз ұлттық ерекшелігімізге сай бейімдеп, қолдануымыз керек.

Соседние файлы в папке 77728