- •Жоспары
- •1 Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың рөлі
- •1.1 Экономиканы реттеудегі аймақтық саясат ерекшеліктері мен маңызы
- •1.2 Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәсе-лелері
- •2 Қазақстан аймақтарының дамуындағы негізгі үрдістер
- •2.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы
- •Қазақстан аймақтарының негізгі сипаттамалары
- •2003 Жылғы Жалпы аймақтық өнімнің салалық құрылымы, пайызбен
- •2.2 Аймақтық дамуды стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі мен мәселелері
- •3 Аймақтық мәселелер және оларды шешу жолдары
- •3.1 Аймақтың қаржы ресурстарын қалыптастыру және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру
- •3.2 Аймақтық басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3.2 Аймақтық басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
Аймақ экономикасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету – аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Аймақтық проблемалардың ерекшелігі – оларды шешу үшін әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдардың да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі. Осымен байланысты аймақ экономикасын басқару механизмін жтілдіруді өзара байланысты және бірін-бір өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:
макродеңгейде аймақ экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру;
мезодеңгейде тиімді аймақтық менеджмент механизмін қалыптастыру;
жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдіру.
Аймақ экономикасын басқару механизмін бұлай шектеу, әрине, өзін-өзі ақтайды. Өйткені аймақ экономикасын басқару механизмінің негізінде барлық аумақтарға өмір сүру мен еңбек етудің тең жағдайларына жету үшін тең мүмкіндіктер беру және әрі қарай олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру жатса, ал аймақтық менедмент пен жергілікті өзін-өзі басқару механизмі тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін аймақтың ішкі әлеуетін және тартылған сыртқы ресурстарды барынша пайдалануға бағытталады.
Нарықтық реформалардың жүргізілуі мен аймақтар арасында сараланудың күшеюі олардың біразы ғана өзінше экономикалық өсу мен дамуға қабілетті екендігін көрсетті, соған орай аймақты басқару механизмі мемлекеттің, аймақтардың, әр түрлі меншік субъектілері мен барлық халықтың мүдделерін ұштастыра отырып, барлық аймақтардың проблемаларын шешуге бағытталуы тиіс.
Сонымен, аймақ дамуын басқару механизмінің әрекет етуінің негізгі міндетіне кіретіндер:
Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық-құқықтық кеңістігінің тұтастығын сақтау;
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық теңсіздігін қысқарту және біртіндеп жою;
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі талаптарына сәйкестендіру;
Барлық аймақтарға табиғатты ұтымды пайдалану мен адамдардың өмір сүру ортасын сақтауды қамтамасыз ету;
Мемлекеттің унитарлық құрылымымен анықталған өкілеттіктер шегінде аймақтардың дербестігін қамтамасыз ету.
Түптеп келгенде, аймақты басқарудың бүкіл механизмі барлық аймақтардың күшін біріктіре отырып, елдің тұрақты экономикалық дамуы негізінде республика халқының әл-ауқатын көтеруге бағытталған жөн.
Аймақтар дамуының басқару жүйесін жетілдіру үшін, ең алдымен, республикалық, облыстық және жергілікті деңгейлердегі билік органдарының бірлесіп әрекет ету мәселесін шешу керек.
Сонымен, аймақтардың дамуын басқарудың маңызды міндеттерінің қатарына біздің көзқарасымыз бойынша төмендегілерді жатқызуға болады:
Аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлеріндегі бастапқы айырмашылықтарды «тегістеу», халықтың лайықты өмір сүру деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету;
Мемлекет пен оның жекелеген аймақтарының мүдделерін үйлестіру арқылы біртұтас ұлттық экономиканың қызмет етуін қамтамасыз етуге бейімді әрекетті әлеуметтік-экономикалық механизмді құру;
Меншіктің түрлі нысандарын тең негізде дамыта отырып, көпукладты экономиканы, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.
Мемлекеттің аймақтық саясаты аймақаралық ерекшеліктерді жоюды, экономикалық қызметті тең жағдайлармен қамтамасыз етуді, аймақтағы экономикалық өсуді ынталандыруды қамтиды. Нарықтық механизмдер аймақтық саясат тиімділігін, халықтың өмір сүру деңгейлеріндегі аймақтық ерекшеліктерді көбіне ескере бермейді. Осы кезге дейін қолданылған қаржылық реттеу механизмдері мен әдістемелері аймақтық сараланудың азаюына жол бермей қойған жоқ, керісінше оның күшеюіне әсер етті.
Сонымен, аймақ экономикасын басқару аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жалпымемлекеттік мүдделерді жүзеге асырудың негізгі буыны болып табылады. Аймақтар дамуын басқарудың ұтымды жүйесін қалыптастыру және оны жүзеге асырудың механизмдерін жасақтау түптеп келгенде тұрақты экономикалық өсудің кепілі бола алады деп қорытынды жасауға болады.
