- •Жоспары
- •1 Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың рөлі
- •1.1 Экономиканы реттеудегі аймақтық саясат ерекшеліктері мен маңызы
- •1.2 Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәсе-лелері
- •2 Қазақстан аймақтарының дамуындағы негізгі үрдістер
- •2.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы
- •Қазақстан аймақтарының негізгі сипаттамалары
- •2003 Жылғы Жалпы аймақтық өнімнің салалық құрылымы, пайызбен
- •2.2 Аймақтық дамуды стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі мен мәселелері
- •3 Аймақтық мәселелер және оларды шешу жолдары
- •3.1 Аймақтың қаржы ресурстарын қалыптастыру және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру
- •3.2 Аймақтық басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3 Аймақтық мәселелер және оларды шешу жолдары
3.1 Аймақтың қаржы ресурстарын қалыптастыру және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру
Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтың қызмт етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару мәселесін шешу пәрменді аймақтық саясаттың жүзеге асырылуын көздейді. Аймақтың қаржылық ресурстары кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қаржыларынан, бюджеттік және несиелікресурстарынан құралады.
Аймақтың экономикалық әлеуетінің жағдайы мен деңгейі қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен басқарудың қажетті алғы шарты болып табылады.
Кез келген реформаны, оның ішінде экономикалық реформаларды жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға орасан зор қаржы ресурстарын салуды талап ететіні белгілі. Осы мақсатта, әсіресе, аймақтардың дамуында жергілікті бюджеттердің атқарар ролі аса маңызды. Аймақтарда қалыптасатын қаржылық қатынастар негізінен жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер елдің бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Ал бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан ─ федералды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация бюджетінен (АҚШтағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджеттің әртүрлі деңгейлері(1-сурет). жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады:
Республикалық бюджет;
Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті;
Ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы қала бюджеті).
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, орталық мемлкеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағытта жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, облыстық республикалық маңыздағы қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.
Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзара төлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады. Сонымен бюдже жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Жергілікті бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, арнайы бюджеттік және салықтық заңнамалардың нормативтік актілерімен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да заңнамалармен қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстарын қалыптастыр уқағидалары жалпы бюджет жүйесін құру қағидаларына негізделген.
Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттерге сәйкес жергілікті бюджеттер арқылы жергілікті бағдарламалар, сонымен қатар онымен байланысты басқа да бағдарламалардың қаржыландырылуы жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджеттердің өзіндік табыстары салықтық және салықтық емес түсімдерден құралады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджттерді құрайтын табыстар бекітілген және реттелетін болып бөлінеді.
Әр жыл сайын заңды түрде Қазақстанның республикалық бюджеті бекітіледі. Осы бюджет арқылы республика аумақтарында бюджеттік үрдіс және бюджеттік реттеу жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер республикалық бюджет бекітілгеннен кейін, субвенциялар мен бюджеттік алулардың шамасы белгілі болғаннан соң бекітіледі.
Соңғы уақытта Қазақстан республикасындағы жергілікті бюджет түсімдерінің құралу тәртібін реттейтін заңнамаларға бірқатар өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер төмендегідей:
жергілікті бюджеттердің кірістері:
салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
салыққа жатпайтын түсімдер;
капитамен жасалған операциялардан түсетін түсімдер.
ресми трансферттер;
несиелер бойынша негізгі борыштарды өтеу.
Аймақтардағы халық санының әртүрлілігі, экономикалық даму деңгейінің бірдей еместігі жан басына шаққандағы бюджет шығындарының түрліше болуын туындатады.
Қазіргі кезде Қазақстанда жергілікті органдардың өз деңгейінде салық салу бойынша өкілеттіліктері жоқ және бюджет табыстарына әсер ету шектеулі, демек, олар жергілікті салықтардың көмегімен қарыздар бойынша төлемдерін өтеуге «қауқарсыз».
Жегілікті бюджеттерге жергілікті үстемелерді енгізу, салықтық қойылымдарды өзгерту жолымен бюджеттердің табыс бөлімін құруға нақты мүмкіндіктер беру жергілікті бюджеттердің дербестігіне ықпал етеді. Республика аймақтарының аймақтарының түрлі факторлардың әсерінен даму деңгейлерінің әртүрлі болуы бюджеттерді теңестіру мәселесін туындатады. Жергілікті бюджеттерді теңестірілуі жоғары тұрған бюджеттерден субвенция бөлу және төменгі бюджеттерден бюджеттік алуларды жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етіледі. Соған орай донор-облыстар және субвенциялы-облыстар тобы қалыптасады. Аймақтық бюджет табыстары нарықтық экономика жағдайында Қазақстан аймақтарының дербестігінің қажетті шарты бола отырып жергілікті билік органдарына жүктелген міндеттердің олардың қаржылық мүмкіндіктерімен сәйкес келуіне негіз болуы тиіс. Ал бұл, өз кезегінден билік деңгейлері арасында өкілеттіліктер мен функциялардың, жауапкершіліктердің нақты бөлінуін және соған сәйкес бюджетаралық қатынас мәселелерін жетілдіруді көздейді.
Қазіргі кезеңдегі бюджет жүйесінің негізгі проблемаларының бірі бюджетаралық қатынастардың жетілдірілмегені болып табылады. Бұл проблеманың түп қазығы – орталық пен аймақтар арасындағы фунциялардың нақты ажыратылып, бөлінбеуі.
Бюджетаралық қатынастар – бұл бюджет үрдісіндегі жоғары және төмен тұрған бюджеттердің арасындағы қатынас. Бюджетаралық қатынастарды реформалау мемлекет пен экономиканың ілгерілеуі үшін аса қажет және соған орай қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Республиканың бюджет жүйесіндегі реформалардың бірқатар оңды ілгерілеулеріне қарамастан шешімін табуы тиіс проблемалар әлі де жеткілікті. Осындай проблемалардың бірі – салықтық табыстарды аумақтар бойынша және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында бөлу механизмі.
Әлемдік тәжірибеде бюджеттер арасындағы салықтарды бөлу мәселелерін шешуде келесідей әдістер мәлім:
салықтарды сәйкес деңгейлер бойынша бекіту: федералды, аймақтар және жергілікті (федеративті мемлекеттерде) немесе орталық және жергілікті (унитарлы мемлекеттерде). Сонымен қатар салықтарды енгізу құқығы басқарудың әрбір деңгейіне беріледі;
салықтардың үлестік бөлінуі;
салық салу базасын бірігіп пайдалану (салықтарға үстемелер немесе қосымша салықтар);
салық салуға сәйкес құқықтардың болуы.
Салықтардың белгілі бір биліктен кейін бекітілуі бюджеттік қамсыздандырылу деңгейлерінде теңсіздікке әкеліп, аймақтық бюджеттер жүйесін тұрақсыздандырады.
Аймақтың қаржылық ресурстарын басқаруда басқару үрдісін орталықсыздандырудың мәні ерекше.
Жергілікті басқаруды орталықсыздандырудың тұтас ел үшін оңды тұстары ретінде төмендегілерді атап өтуге болады:
«күшті аймақтар – күшті мемлекет» қағидасына жету;
орталық билік органдарын әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жұмылдыру;
аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру;
мемлекет пен аймақтардың бюджеттік қатынастарының тұрақтылығын арттыру.
Ал аймақтар үшін орталықсыздандырудың оңды әсері ретінде олардың әлеуметтік-экономикалық жүйесінің тұрақтылығын көтеруге мүдделіктерінің артуын айтуға болады.
Унитарлық мемлекет болып табылатын еліміз үшін жергілікті органдарға өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес қаржы көздерін бекітіп беру қажеттілігі сөзсіз. Қаржысыз аймақтардың дербестігі қамтамасыз етілмейді. Жергілікті бюджеттер аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған, ал аймақаралық мәселелер республикалық бюджет арқылы ұлттық деңгейде шешіледі.
