Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
69
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
607.74 Кб
Скачать

117.Ұлт аралық қатынастар.

Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернационалдану барысы мейілінше күшейе түсті. Халық жаппай көшіп, шығысқа тұтас өнеркәсіп державасы орналастырылды. Республика 532 мыңнан астам адам көшірілді. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді. Қазақстанға Еділ бойынан 360 мыңнан астам немістер әкімшілік жолымен көшірілді.Соғыс жылдарында қалмақ, қаратай, ингуш, шешен, балкарлар, қырым татар, месхетиндік түріктер де дәл сондай жағдайға ұшырады. Күштеп жер аударылғандар саны 2 463 940.

118. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалпына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті.1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы қатарға қосылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді.Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды.

119. Тың және тыңайған жерлерді игеру: себептері, барысы, салдары1954 ж. партияның ОК ақпан-наурыз Пленумы "Елде астық өндіруді одан әрі ұлғайту және тың және тыңайған жерлерді игеру" туралы қаулы қабылдады. Халық санының, қалалар мен өндіріс орталықтарының өсуі астық қажеттігін арттырды. Колхоз, совхоздар қоғамды азық-түлікпен қамтамасыз етуі қиынға айналды. Үкімет бұл қиындықтан шығудың жолы - елдің шығысындағы аса зор жер көлемін жырту керек деп тапты. 1954 ж. 13,4 млн. га жаңа жерлер, Қазақстанда 6,5 млн. га жер жыртылды. Тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. 1954 ж. наурызынан 1955 ж. наурызына дейін Қазақстанда 337 совхоз құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстарында құрылды.Тыңның арқасында Қазақсан халықтың жан басына шаққанда 2 мың килограмнан астам астық өндіру мүмкіндігі туды.Тың игерудің теріс факторлары да болды. 1960 жылы-ақ республиканың тың аймағының 9 млн. га жері топырақ эрозиясына ұшырады. Халықтың 61 проц. РСФСР, Украина, Белоруссия, Молдавиядан келгендермен көбейді. 1954-1962 жж. Қазақстанға тың игеруге 2 млн. адам келді. Қазақтардың саны 30 проц. төмендеп, этнос ретінде дамуына қауіп төнді. 1948 ж. үш облыстың (Семей, Павлодар, Қарағанды) түйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды. 1949 ж. 29 тамызда Семей полигонында тұңғыш рет ядролық сынақ жүргізілді. Қорғаныс Министрлігінің өз мәліметі бойынша 1949 жылдан 1963 жылға дейін полигонда қуаты бірнеше тоннадан 100 килотоннаға дейін 113 жарылыс ауада жасалған, тек 1964 жылдан бастап қана сынақ жер астында жасалды. 1989 ж. қыркүйектің 19-ына дейін қуаты бірнеше тоннадан 150 килотоннаға дейінгі 343 сынақ жасалған. Полигонның халықтың денсаулығына тигізген зор зияны болды.

Соседние файлы в папке тарих экз