Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
69
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
607.74 Кб
Скачать

60) Қазақтардың жоңғария жаулаушыларына қар

сы бірлескен күресі.1726ж. Ордабасы деген жерде(Қа-зіргі Шымкенттің оңт.батысында) қазақ жүз-дері басшыларының тарихи жиналысы болды. Тор-ғай даласының оңт.шығыс жағында, Бұланты мен Беле-уіт жағасында, кейін «Қалмақ қырылған» атанған Қара сиыр дейтін жерде қазақ жасақтары қалмақтарды жеңді. 1729 ж. Қордай жотасы сілемдерінің солтүсті-гінде (Жамбыл облысы), Балқаштың оңтүстігінен 120 шақырым қашықтықтағы Итішпес кө-лінің жағалауында қарама-қарсы тұрған 2 әскери күш–қазақтар мен қалмақтардың тағы бір бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғысы болды. Қазақтар бұл жер-ді «Аңырақай» деп атады. Аңырақайдағы шай-қаста жеңілгеніне қарамай жоңғар мемлекеті Қа-зақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра бер-ді. Олар 1734 ж. қазақ жеріне өзінің 2-ші жоры-ғын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандық-тан Орта жүз 1735 ж. Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Ойраттар 1740 ж. күзде Орта жүз жер-іне басып кірді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа тап болды. 1741 ж. ақпанда қазақ ауылдарына қайта-дан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып, батыс-қа қарай ілгері жылжиды. Шайқастардың бірінде сұл-тан Абылай өзінің жақын серіктемтерімен бір-ге қапылыста тұтқынға түседі. Тұтқыннан қайтқан-нан кейін Жоңғарияның билеушісі Ғалден Серен мен Абылай арасында формалды түрде дос-тық қатынастар орнайды, бірақ бұл ұзаққа бармай-ды. Ғалден Серен өлгеннен кейін 1752 ж. қыркүйек-те 20000 қолмен ойраттар қазақтардың қонысына ба-сып кіреді. Сонымен, қазақ халқының 135 ж. (1623-1758 ж.ж) созылған Ұлы азаттық соғысы аяқта-лып, жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржо-лата қуылды.

60-62. XVIIғ.-XVIII ғасырдың бірінші үш онжылдығында қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. 1726 ж. Ордабасы деген жерде (Қазіргі Шымкенттің оңт.батысында) қазақ жүздері басшыларының тарихи жиналысы болды. Торғай даласының оңт.шығыс жағында, Бұланты мен Белеуіт жағасында, кейін «Қалмақ қырылған» атанған Қара сиыр дейтін жерде қазақ жасақтары қалмақтарды жеңді. 1729 ж. Қордай жотасы сілемдерінің солтүстігінде (Жамбыл облысы), Балқаштың оңтүстігінен 120 шақырым қашықтықтағы Итішпес көлінің жағалауында қарама-қарсы тұрған 2 әскери күш – қазақтар мен қалмақтардың тағы бір бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғысы болды. Қазақтар бұл жерді «Аңырақай» деп атады. Аңырақайдағы шайқаста жеңілгеніне қарамай жоңғар мемлекеті Қазақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра берді. Олар 1734 ж. қазақ жеріне өзінің 2-ші жорығын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандықтан Орта жүз 1735 ж. Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Ойраттар 1740 ж. күзде Орта жүз жеріне басып кірді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа тап болды. 1741 ж. ақпанда қазақ ауылдарына қайтадан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып, батысқа қарай ілгері жылжиды. Шайқастардың бірінде сұлтан Абылай өзінің жақын серіктемтерімен бірге қапылыста тұтқынға түседі. Тұтқыннан қайтқаннан кейін Жоңғарияның билеушісі Ғалден Серен мен Абылай арасында формалды түрде достық қатынастар орнайды, бірақ бұл ұзаққа бармайды. Ғалден Серен өлгеннен кейін 1752 ж. қыркүйекте 20000 қолмен ойраттар қазақтардың қонысына басып кіреді. Сонымен, қазақ халқының 135 ж. (1623-1758 ж.ж) созылған Ұлы азаттық соғысы аяқталып, жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржолата қуылды. Қаз-н 17-18ғғ. Тәуке ханға ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды аздап бірыңғайлаудың сәті түсті. Оның тұсында құқықтық тәртіп пен мемл-к құрылымның егізгі принциптерін айқындайтын әдеттегі құқықтық жеті жарғы деп аталған нормалар жиынтығы жасалынды. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы 1710-1711жж, 13 және 18жж етек алды. Ал 1723ж «Ақтабан Шұбырынды» олар қазақтардың бір бөлігін этникалық терр-нан тысқары шалғайға асырып тастады. Көптеген қазақтар орта азияға қашты, мұның өзі жергілікті халықпен арадағы қатынасты ұшықтырмай қалмады. Патриархалдық-феод. қатынастардың ерекшелігі қазақ мемлекеттігі дәрежесіне кері әсер етті. Солай болғанмен Тәуке айтарлықтай күшті хан болып саналды, қазақ жүздерінің бәріне билігін жүргізген хандардың ішінен соңғысы болғанын атап көрсеткен жөн. Ол өлгеннен кейін жүздерді өздерінің хандары биледі. Олардың шыққан тегі әр түрлі. Жүздер дербес хандықтарға айналды. Олардың белгілі атаулары болған жоқ.

Соседние файлы в папке тарих экз