Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
69
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
607.74 Кб
Скачать

55.Құқықтық норма «Әдет»(кепіл,сауын,аманат,әменгерлік,айып)

Халықтық әдет-ғұрыпты айқындайтын ерекше дәстүр – үйлену тойы.Қызға құда түсудің жолдары: 1)қарын құда – бала анасының құрсағында жатқанда атастыру.2)бесік құда – бесікте жатқанда уәделесу.3)айттыру құдалығы – қыз бой жетекнде құда түсу.4)сүйек жаңғырту құдалығы – ескі жекжаттардың қыз алысуы.

Қалыңдықтың туған-туыстарына көрсетілетін сый рәсімдері:

1)қалың мал – 47 жылқы.2)сүт ақы – қалыңдықтың анасына

3)той малы – қалыңдықтың әкесіне.4)тарту – қалыңдықтың аға-інілеріне5)кәде – қалыңдықтың туыстарына беріледі

Жас келін алғашқы баласын туғанға дейін немесе ұзатылғанға жыл толғанға дейін өзінің ата-анасына баруға тиым салынған.Төріндеу – ұзатылған қыздың жыл аралап төркініне келуі. Бәсіре (енші ) – төркіндеп келгенде баласына берілетін сый(қозы,бұзау,құлын,тай,бота) Ат тергеу – жас келіннің күйеуінің туыстарын аттарымене атамай, ереклетіп қосымша атпен атау дәстүрі.

Әмеңгерлік(левират) – жерірдің марқұм күйеуінің туыстарына қосылу дәстүрі.Әменгерлік күйеу бала қайтыс болған жағдайда айттырылған қалыңдыққа да қолданылды.Балдыз алу (сорорат) – ер азаматтың марқұм әйелінің туған сіңілісіне үйлену құқығы.Қалың малы төленіп қойған қалыңдық әкесінің үйінде өлсе, сорорат міндетті деп саналған. Жамбы ату – нысанаға күміс қойып садақпен ататын ойын. Көкпар – жігіттердің күшін, ептілігін, шеберлігін көрсететін сайыс.

57) XVI-XVIII ғ. Қазақ-орыс қарым-қатынасы.

XVIIIғ.-дың ортасына қазақ өлкесінің саяси-экономикалық дамуында жаңа өзгерістер қалыптасты. Отарлау саясатына қарамастан қазақ-орыс сауда байланыстары және шет елдермен қатынас өзара тиімді жағдайда дамыды. Осы кездегі сауда айналымының орталығы – Орынбор қаласы . XVIIIғ. 60 жылдары қазақ-орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі.Өазақтардың жиі саудаласытын тауарлары: мал терісі, киіз, көбінесе мал.

Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды, айырбас сарайларын кеңейтті. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар пайда болды: Керекудің маңындағы Қалқаман, Қарасу тұз көлдері.

1766ж.Әбілмәмбет хан Екатерина патшайымға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды.

Ресейден әкелінетін тауарлар – көшпенділірдің күнделікті өмір қажеттерін қанағаттандыратын заттар.1767 ж. 15 қараша – екінші Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан териториясында еркін сауда жасауға рұқсат берді.

Қазақ-орыс саудасындағы отарлық белгілер кейін бұл сауданың бір жақты дамуына жол ашып, Қазақстанның Ресейге тәуелділігін күшейтті.

58.Қазақ халқының тарихындағы Төле, Қазыбек, Әйтеке биледің рөлі.Әйтеке би Бәйдібекұлы(1644-1700) мемлекет және қоғам қайраткері.Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан. Атақты Жалаңтөс батыр Әйтеке бидің үлкен атасы болып келеді.Ұлықбек медресесінде оқып, білім алған Әйтеке әкесі Ақша ханның (Қоқан ханы) және Жалаңтөс батырдың тәрбиесінде болып, ел басқаруды үйренеді. Әбілхайырға дейін ол кіші жүдің барлық руларын басқарған. Тәукенің хан кеңесіне еніп, «Жеті жарғыны» жасауға,мемлекеттік істерді, жүздер арасындағы ірі дауларды шешуге қатысқан. Төле би Әлібекұлы(1663-1756) – Тәуке, Болат, Жолбарыс, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан қоғам қайраткері, ойшыл дана, шешен. Халық оны «Төле би» атаған. Қазіргі Жамбыл облысының Жайсан деген жерде туған. 20 жасында сот ісімен айналысып, әділдігімен ерекшелінген. Тәуке хан тұсында хан кеңесшісі болып, «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысады.Тәуке ханнан кейін Ұлы жүзді басқарды,Ташентті биледі. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресін ұйымдастырушы.

Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1765) – мемлекет және қоғам қайраткері. Қазіргі Қарағанды облысында туған. Жас Қазыбектің асқан қабілеттілігіне көз жеткізген Орта жүз ақсақалдары мен билері оны сот ісін қарауға тартады. Қазыбек би Тәуке, Болат,Сәмеке, Әбілмәмбет,Абылай хандардың кеңесшісі болған, мемлекет басқаруға араласқан. «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Абылай тұсында дипломатиялық өкілдік атқарып, жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырған.XVIII ғ. 40 жыл Абылай сұлтанды жоңғар тұтқынынан босатуға қатысқан басты қайраткер.

59.Қазақ мемлекеттігінің басы. XV-XVI ғасырлар тоғысындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының құрылу қарсаңында қазақ рулары Сібірден Сырдарияға, Ертістен Жайық жағасына дейінгі ұлан байтақ жерді иеленді. Қазақ халқы мемл-тігінің қалыптасу тарихы Алтын Ордалық мемл-те орныққан ұлыстық жүйінің тарихымен тікелей байланысты. Қазақ хандығы туралы сенімді деректер аз емес. 15ғ-ң орт-нан бастап, 17ғ-ға дейін қазақ хандығы бірде берік, бірде босаң тұрақтылық дәрежесімен ерекшеленетін шын мәніндегі бірыңғай саяси жүйе тұрғысында тіршілік етті. Заид ад Дин «Бадам әл-вакан» деген шығармасында Қаз-н терминімен жетісудің оңт-бат-ғы Шу мен Таластағы жерлерді, яғни Жәнібек пен Керей хандардың қоластында болған қазақтар қоныстанған аймақтарды айтады. Әбілхайыр ханның сыртына кетуші рулар мен тайпалар Жәнібекпен Керей басқарды. Бұл жөніндегі хабар 1-рет М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабынан көрінеді, Махмуд пен Вали, Жәнібек пен Керей Әбілхайыр ханға бағынудан бас тартты және өздерінің бас тартуларын Шыңғыс хан әулетінің далаға билік жүргізуге мұрагерлік дәстүрі мен ол Ақ Орда хандары ретінде өздеріне Шығыс Дешті-Қыпшақта билік дасау құқығын қамтамасыз ететіндігі мен дәлелдеді деп көрсетеді. Дулати қазақ хандығының құрылған уақытын Хижраның 870ж (1465-1466жж) жатқызады. Әбілхайыр дүние салысымен қазақ хандары бірден даладағы билікті өз қолдарына алу жолындағы күреске араласып кетті.

Соседние файлы в папке тарих экз