- •4. Тас дәуірі
- •3.Қаз тарихы бойынша көне деректкмелер
- •6.Беғазы –Дәндібай мәдениеті Көшпелі мал шаруашылығына көшу
- •7.Алғашқы қоғам адамдарының рухани мәдениеті.
- •8. Сақтардын саяси әлеуметтік құрлысы, шаруашылығы
- •9 .Сақтар туралы жазба деректер олардын територияға орналасуы
- •10 .Сақтардын рухани және материалдық мәдениеті
- •11. Үйсін мемлекеті
- •12. Қаңлы мемлекеті
- •13 .Ғүндар мемлекеті құрылуы
- •14.Ғұндардың қазақ халқының қалыптасуындағ рөлі
- •15 .Көне турік жазба ескерткіштері
- •16. Түрік қағанаты
- •17. Батыс Түрік қағанаты (603-704) саяси құрлсы мен әлеумееттік-этникалық құрлысы.
- •18. Түркеш қағанаты(704-756).
- •19. Қарлұқ мемлекеті.
- •20.Араптардын Отустік Казак жерін жаулап алуы.
- •21. Қимақ қағанаты (9-11ғғбасы).
- •23-24.Қарахан мемлекеті және ерекшелігі
- •26)Қыпшақтардың мемлекеті: құрылуы саяси құрлысы және шаруашылығы
- •27. Қыпшық мем.Ң териториясы және этникалық құрылымы
- •29 Билет х-хііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •32.Ұлы Жібек жолының бойымен халықаралық керуен саудасының қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайлары.
- •39.Алтын Орда
- •40. Ақ Орда
- •41. Моғолстан мемлекеті
- •44.«Қазақ»этнонимі.
- •45. Қазақ хандығының құрылуы.
- •46-56. Қазақ жүздері-қазақ халқының этногенездік құрылымының ерекше белгісі.
- •49. 17Ғ-ғы қазақ хандығы
- •51-52.Қазақ қоғамының саяси-әкімшілік құрылысы және әлеуметтік құрылымы XVI-XVIII ғ.
- •54)Қасым ханның қасқа жолы.
- •55.Құқықтық норма «Әдет»(кепіл,сауын,аманат,әменгерлік,айып)
- •57) XVI-XVIII ғ. Қазақ-орыс қарым-қатынасы.
- •60) Қазақтардың жоңғария жаулаушыларына қар
- •63.64.Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи жағдайлар мен негізгі сатылары.
- •74 Билет xiXғ.60-90ж.Қазақстандағы әкімшілік және сот реформасы.
- •80.Столыпиннің аграрлық реформасы.
- •86.XiXғ екінші жартысы мен хх ғ басындағы қазақ халқының мәдениеті
- •91.Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және тағдыры.
- •96.1917 Ж. Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси оқиғалар.
- •97.Алашорда үкіметі.
- •98.«Үш жүз» партиясы
- •100.Қазақ акср-дың құрылуы. Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс.(1920-30-жылдар)
- •105. «Кіші қазан» төңкерісінің бағыты :
- •114-Билет. (эвакуацияланған тұрғындарды және өнеркәсіп орындарын қабылдау және орналастыру)
- •117.Ұлт аралық қатынастар.
- •120.XX ғ.Соңғы 50ж қоғамды демократияландыру.
- •123 Билет
- •125-Билет.ҚонаевД.А –мемлекеттік және қоғамдық саяси қайраткер.Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитеттің бірінші хатшысы.
- •126.Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.).
- •132-Билет.Қазақстанның Егемен,Тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.
- •133-Билет.Республикадағы экономикалық реформалар:нарыққа көшудің қиыншылықтары.
- •134.Қазақстандағы көппартиялы жүйе
- •136,138. Қазақстанның халыөаралық байланыстары
- •137.Кр-нын мемлекеттік рәміздері.
- •144.Дүниежүзілік қазақтардың I-II Құрылтайы.
- •145. XX-ғ Казакстан астанасын көшірудін тарихы мен болашагы
- •146 . Қазақстан Республикасының Президенті н.Назарбаевтың мемлекеттік және саяси қызметі.
63.64.Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи жағдайлар мен негізгі сатылары.
Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді. Қазақ жеріне шапқыншылығын қоймаған жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 ж.басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар Көбекұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса, қолдау табу. 1730 ж. маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Ивановнаға тағыда өтініш хат жолдайды. 1731 ж. 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және «Бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы Грамотаға қол қойылды.1730 ж. 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды да оны Ресейдің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді». Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған актіден басталады. 1731 ж. аяғында Орта жүз 1738 ж. Ұлы жүз ханы Жолбарыс ханға Анна Иоановна Грамота жібереді. 1746 ж. Албан, Суан, Үйсіндер Ресей қол астына кіреді. Қазақстанды отарлауды 3 кезеңге бөлуге болады. 1)1731-1822 бұл кезеңде Қазақстан протекторатында болды, яғни формальді бодандық (заң жүзінде тәуелді, іс жүзінде тәуелсіз). 2)1822-1867 Ресейдің әскери-әкімшілік саясатының жүзеге асырылуы. 1822 ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Қазақстан жерінде Ресей империясының заңдары орныға бастады. 3) 1867-1917 ж.ж осы кезеңде Қазақстан түпкілікті Ресей отарына айналды. Отарлау заманында 200-дей ұлт-азаттық көтерілістер, толқулар 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». 1868 ж. 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». Осы 2 ережеге сәйкес Қазақстан жерін 3 генерал-губернаторлыққа бөлінеді. 1) Түркістан г.-г., орталығы Ташкент (Сырдария мен Жетісу). 2) Батыс Сібір г.-г., орталығы Омбы(Ақмола, Семей). 3) Орынбор г.-г., орталығы Орынбор (Торғай, Орал).
67. Абылай хан мен оның бірыңғай Қазақ мемлекетін құрудағы қызметі. Абылай – көреген саяси қайраткер бола отырып қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін туған дипломат.1740 ж. тамызда ол орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынбоға келіп, орыс өкіметінің «қамқорлығына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қатырасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшілік аттандырды(1757-77 жылдары Пекинге 10 елшілік жіберген). 1757 ж. Абылайдың 6000 әскері Қытайдың 40000 әскерін талқандайды. 1755,1765 ж. Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын Шу бойын тазартады. Күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. 1765-67 ж. Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Щымкент, Сайрам қалалары қайта қазақ иелігіне өтеді. Ташкент салым төлеп тұратын болды. Абылай ханның артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды.Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина ΙΙ Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан «бөліп ал да, билей бер» саясатының көрінісі еді. Неплюевтің : «Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін» деген пікірі мұны айғақтай түседі.
69. 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы. Орта жүздегі хандық билікті жою.Орта Жүзде хандық билiктiң жойылуы. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн, Орта Жүзде билiкке үлкен ұлы Уәли хан тағайындалды. Уәлидiң қатыгездiгi халықтың наразылығын туғызды. Ресейге қосылғанға дейiн қазақ хандары халықтан салық жинағымен мемлекеттiң сыртқы-iшкi мәселелерiн өздерi шешiп отыратын. Ресейге қосылғаннан кейiн патша үкiметi хандар атқарып келген бiрқатар iстердi өз қолына алды. Хандық билiкке патша үкiметi таңдаған адамдар тағайындалды. Салық төлеу бұрынғыша сақталынып қала бердi. Хандар патша үкiметiнiң жергiлiктi жерлердегi шенеуiгiне айналды. Халықтың наразылығы күшейдi. Хандық билiктiң сақталуы үкiметтiң iс-қимылын тежеп отырды. 1815 жылы патша үкiметi Уәлиге қосарлап екiншi ханды – Бөкейдi тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейiн Орта Жүзде жаңа хан тағайындалмады. Жаңа реформаны әзiрлеудi патша Сiбiр генерал-губернаторы граф М.М.Сперанскийге жүктедi. 1822 жылғы 22 маусымда патшаның «Сiбiр қазақтарын басқару туралы» жарғысы шықты. «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiн, әкiмшiлiк, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық – феодалдық тәртiптi әлсiрету едi. Бұл жарғыға сәйкес Орта Жүзде хандық билiк жойылып, оның орнына ауыл-болыс-округ түрiндегi басқару жүйесi енгiзiлдi. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс – 10-12 ауылдан, округ – 15-20 болыстан құралды. Орта Жүз қазақтары жерi Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына бағынды. Округтi басқару приказдарға жүктелдi. Оның құрамында екi аға сұлтан болды. Аға сұлтандыққа тек шыңғыс ұрпақтары сайланып, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан кейiн дворяндық атақ берiлдi. (Кесте). Аға сұлтан үш жылға сайланса, болыстық билiк мерзiмi өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлiп отырды. Ауыл старшиндары да үш жыл сайын сайланып отырды. Жарғыға сәйкес қазақтардың бiр округтен екiншi округке өз еркiмен ауысуы шектелдi. Бұл - жер алаптарын пайдаланудың қауымдық дәтүрлерiн қиратуды бiлдiрдi. Ендi қазақ ауылдары өз округтерi аумағында ғана көшiп жүруiне рұқат етiлдi. Жарғыға сәйкес барлығы 7 округ ашылды. Олар: Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1831), Үшбұлақ (1833), Аманқарағай (1834). Патша үкiметi жүргiзген бұл реформа қазақ ақсүйек топтарының барлығының мүддесiнен шықпады. Олардың бiр бөлiгi бұл саясатқа өз наразылықтарын ашық түрде
70. 1824 жылғы Орынбор қазақтары туралы жарғы. Кіші жүздегі хандық билікті жою 1824 ынбор нубернаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздарының Жарғысын» дайындады. Жаргыда 3 хан тағайындауды жоспарлағандытан уақытша icкe аспады. 1824 жыл – "Орынбор қырғыздарының жарғысы" қабылданды. Авторы Орынбор генерал -губернаторы П.К. Эссен. Kiшi жүздің әкімшілік құрылымы: Бөліктер (батыс,орта,шығыс) басқарушысы – сұлтан. -- Дистанция (54),басқарушысы – ру шонжарлары--Ауыл, басқарушысы – ауыл старшыны \ Реформаның салдары: 1)Орталық басқару нығайтылды. 2)Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды 3)1824 жыл – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылд 1845 жыл – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды
71. Ұлы Жүздiң Ресей қол астына өтуi XVIII ғасырда қазақтың Кiшi және Орта Жүз жерлерi Ресейдiң қол астына өткенiмен, негiзiнен Ұлы Жүз ру-тайпалары мекендейтiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан жерi Қоқан хандығы ықпалында қалып қойды. Ресми түрде бұл аймақтарды жаулап алмағанымен Қоқан билеушiлерi қазақтардан күштеп алым-салықтар алып отырды. Осындай жағдайда Ұлы Жүз өкiлдерi патша үкiметiне өздерiн Ресей бодандығына қабылдау туралы өтiнiш жасады. 1819 жылғы 18 қаңтарда орыс үкiметi Ұлы Жүз қазақтарын ресми түрде Ресейдiң бодандары деп жариялады. Сол жылы Абылай ханның ұлы Сүйiк сұлтан қарамағындағы 55 мың адаммен бодандыққа ант бердi. 1824 жылы 13 мамырда тағы да 14 сұлтан қарамағындағы 165 мың адаммен Ресейдiң қол астына өттi. Ресей әкiмшiлiгi жаңа енген аймақтардан салыстырмалы түрде аз салық жинады. Жаңа қосылған жерлерде патша үкiметi Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиопол, Лепсi бекiнiстерiн салды. Бұл бекiнiстер Жетiсу жерiн одан әрi жаулап алуға көмекшi күш ретiнде қызмет еттi. 1825 жылы Жетiсудың 50000 адамы бар Үйсiндер тұрған аймақ өз жерлерiнде сыртқы округтi ашуға рұқсат бердi. 1847 жылы Қапал бекiнiсiнiң салынуы Лепсi мен Iле өзендерi бойын мекендеген қазақтардың Ресей империясы билiгiне енуiн жылдамдатты. Ресей үкiметi үшiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағын өзiне бағындырудың саяси және экономикалық маңызы болды. Қазақтар үшiн де дамуы жағынан артта тұрған Қоқан хандығынан гөрi Ресейдiң қол астына өтуiнiң прогрессивтi жақтары басым болдыҚазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы XIX ғасырдың 50-шi Ресей үкiметi Қазақ жерiне iшкерiлей енудi одан әрi жалғастырды. Осы жылдарда Ресей бекiнiстерi Сырдарияның орта ағысы мен Жетiсу жерiнде салына бастады. Патша үкiметi Хиуа мен Қоқан хандықтарымен келiссөздер жасауға ұмтылды. Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан хандығына қарсы көтерiлiсi нәтижесiз аяқталды. Британ үкiметiне арқа сүйеген Қоқан билеушiлерi Мерке, Әулиеата және Шымкентте өздерiнiң шептерiн күшейттi. Осы жағдайда Ресей үкiметi Оңтүстiк Қазақстанды жаулап алуға ұмтылды. 1860 жылы орыс әскерлерi соғыс қимылдарын бастап, 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пiшпек қалаларын алды. Ал 24 қазанда Ұзынағаш түбiнде подполковник Колпаковский Қоқан әскерiн талқандады. Қазақ билеушiлерi қалыптасқан жағдайда екiге бөлiндi. Кенесарының баласы Садық сұлтан, дулат руынан шыққан Андас, Сұраншы билер қоқандықтар жағында орыс әскерiне қарсы күрестi. Жекеленген қазақ билеушiлерi орыс әскерiне қолдау жасады. Алайда қазақтарға қарсы зорлық-зомбылық орыс әскерилерi мен Қоқан билеушiлерi тарапынан қатар жүрiп отырды. 1864 жылы орыс әскерiнiн бiр тобы Сауран, Шорнақ бекiнiстерi арқылы Түркiстан қаласына келiп жеттi. Түркiстан қаласын аларда орыс әскерлерi Қожа Ахмет Иассауи кесенесiне зеңбiректен 12 снаряд атып, қазақтарды үрейлендiруге әрекеттендi. Черняев бастаған орыс әскерлерi шiлдеде Мерке бекiнiсiн ұрыссыз алып, 6 шiлдеде Әулиеата бекiнiсiн жаулап алды. Алайда Шымкент бекiнiсi орыс әскерiне қарсы аянбай күрестi. Бұл бекiнiсте бейбiт халықты тонап, жазалау шараларын жүргiзiлдi. Черняев экспидициясына қатысқан Ш. Уәлиханов орыс әскерiнен қол үзiп, Тезек сұлтан аулына барады. Қоқан билеушiлерiнен азап шеккен Оңтүстiк Қазақстан тұрғындары қайтадан жаңа отарлаушы мемлекет - Ресейдiң құрамына кiрдi
72.18 ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге қосылғаннан кейін бекіністер салына бастады. 1744 ж. Орынбор салынды. Ор өзені бойында Орск салынды. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендері жағалауларында ірі әскери бекіністер салынды. Оларға орыс-казактар қоныстандырылды.Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тиым салды.
73.1867-1868 жылдардағы реформаларХандық билікті ic жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.XIX ғасырдың 60 жылдары – қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:Батыс облысы, орталығы - Торғай.Шығыс облысы, орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы.Бұл ұсыныс қабылданбады. 1865 жыл – Iшкі Істер министрлігі кеңесінің мүшесi Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.1865 жылғы 5 маусым – II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ici, ағарту ici, салық, діни мәселе т.б.Әкімшілік басқару жүйесін құру icіне Ш.Уалиханов өз пікірлерін ұсынды:Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құруӘлеуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу.Алайда Ш.Уалиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мушелері феодалдармен (ipi бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлы, сұлтан Сейдәліұлы) ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.1867 жылғы 11 шілде – "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді1868 жылғы 21 қазан – "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілдіӘкімшілік басқару құрылымы 5 сатылы басқару жүйесі құрылды. Бұл реформаның қазақтардың рулық құрылымына кepi әсер еткен буыны –әкімшіл ауылдар. Реформа бойынша Жетісу облысы ашылды.Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды. Уездбастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғырландырылды. Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал-губернаторлар тағайындады.Генерал-губернатор барлық әскери- азаматтық билікті өз қолына алды.1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді. 1872 жылы Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды. Түркістан генерал -губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.Әскери-губернатор жанында ic жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице-губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты icкe асыру.Шыңғыстың тұқымдары – сұлтандар өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды.. Облыстық әскери - губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.Әкімшіл басқару әскери сипатта болды:Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргіздіБолыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иелендіРеформаның басты қағидасы – Әскери және азаматтық билікті ажыратылмауы.II. Сот iciн басқару рылымы: Әскери сот-сот комиссиялары – уездік соттар – билер мен қазылар сотыСот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери-уездік соттардың рөлі басым болды. Әскери-губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты - отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны. Сот ісіндегі басты өзгеріс – ecкi шариғаттық салттардың шектелуі. Реформа нәтижесі :Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.Феодалдық-патриархатдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмыса жалдануы).Отарлық басқару күшейді.Қазақ жері-Ресей үкіметінің меншігі болды.Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.1867-1868 жылдардағы реформалар екі жылға уаытша енгізілгенімен, бұл "тәжірибе" 20 жылға созылды.1886-91 жылдардағы реформалар1886ж2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару және жер,салық өзгерістерін енгізу» :1. Ресей үлгілеріндегі жаңа соттар құрылды;2. Соттардың төтенше съезі әскери-губернатор рұқсатымен шақырылды және өкілеттік құқығы берілген орыс шенеунігінің қатысуымен өткізіліді; 2.төменгі сот бөлігіі-халықтық сот(империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын); 3.соттардың төтенше съезі облыстық әскери-губернатордың рұқсатымен шақырылды; 4.төтенше съезд өкілідк құқығы берілген чиновнигінің қатысуымен өткізілді. 1867-68жж әкімшілік сот істері
