- •4. Тас дәуірі
- •3.Қаз тарихы бойынша көне деректкмелер
- •6.Беғазы –Дәндібай мәдениеті Көшпелі мал шаруашылығына көшу
- •7.Алғашқы қоғам адамдарының рухани мәдениеті.
- •8. Сақтардын саяси әлеуметтік құрлысы, шаруашылығы
- •9 .Сақтар туралы жазба деректер олардын територияға орналасуы
- •10 .Сақтардын рухани және материалдық мәдениеті
- •11. Үйсін мемлекеті
- •12. Қаңлы мемлекеті
- •13 .Ғүндар мемлекеті құрылуы
- •14.Ғұндардың қазақ халқының қалыптасуындағ рөлі
- •15 .Көне турік жазба ескерткіштері
- •16. Түрік қағанаты
- •17. Батыс Түрік қағанаты (603-704) саяси құрлсы мен әлеумееттік-этникалық құрлысы.
- •18. Түркеш қағанаты(704-756).
- •19. Қарлұқ мемлекеті.
- •20.Араптардын Отустік Казак жерін жаулап алуы.
- •21. Қимақ қағанаты (9-11ғғбасы).
- •23-24.Қарахан мемлекеті және ерекшелігі
- •26)Қыпшақтардың мемлекеті: құрылуы саяси құрлысы және шаруашылығы
- •27. Қыпшық мем.Ң териториясы және этникалық құрылымы
- •29 Билет х-хііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •32.Ұлы Жібек жолының бойымен халықаралық керуен саудасының қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайлары.
- •39.Алтын Орда
- •40. Ақ Орда
- •41. Моғолстан мемлекеті
- •44.«Қазақ»этнонимі.
- •45. Қазақ хандығының құрылуы.
- •46-56. Қазақ жүздері-қазақ халқының этногенездік құрылымының ерекше белгісі.
- •49. 17Ғ-ғы қазақ хандығы
- •51-52.Қазақ қоғамының саяси-әкімшілік құрылысы және әлеуметтік құрылымы XVI-XVIII ғ.
- •54)Қасым ханның қасқа жолы.
- •55.Құқықтық норма «Әдет»(кепіл,сауын,аманат,әменгерлік,айып)
- •57) XVI-XVIII ғ. Қазақ-орыс қарым-қатынасы.
- •60) Қазақтардың жоңғария жаулаушыларына қар
- •63.64.Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи жағдайлар мен негізгі сатылары.
- •74 Билет xiXғ.60-90ж.Қазақстандағы әкімшілік және сот реформасы.
- •80.Столыпиннің аграрлық реформасы.
- •86.XiXғ екінші жартысы мен хх ғ басындағы қазақ халқының мәдениеті
- •91.Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және тағдыры.
- •96.1917 Ж. Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси оқиғалар.
- •97.Алашорда үкіметі.
- •98.«Үш жүз» партиясы
- •100.Қазақ акср-дың құрылуы. Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс.(1920-30-жылдар)
- •105. «Кіші қазан» төңкерісінің бағыты :
- •114-Билет. (эвакуацияланған тұрғындарды және өнеркәсіп орындарын қабылдау және орналастыру)
- •117.Ұлт аралық қатынастар.
- •120.XX ғ.Соңғы 50ж қоғамды демократияландыру.
- •123 Билет
- •125-Билет.ҚонаевД.А –мемлекеттік және қоғамдық саяси қайраткер.Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитеттің бірінші хатшысы.
- •126.Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.).
- •132-Билет.Қазақстанның Егемен,Тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.
- •133-Билет.Республикадағы экономикалық реформалар:нарыққа көшудің қиыншылықтары.
- •134.Қазақстандағы көппартиялы жүйе
- •136,138. Қазақстанның халыөаралық байланыстары
- •137.Кр-нын мемлекеттік рәміздері.
- •144.Дүниежүзілік қазақтардың I-II Құрылтайы.
- •145. XX-ғ Казакстан астанасын көшірудін тарихы мен болашагы
- •146 . Қазақстан Республикасының Президенті н.Назарбаевтың мемлекеттік және саяси қызметі.
91.Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және тағдыры.
Қазақстан ұлттық интеллигенциясы 1917 ж. Қазан төңкерісінен бұрын қалыптасты. Төңкеріске дейінгі толық емес мәлімет бойынша өлкеде 3 мың мұғалім, 590 ауылшаруашылық маманы, 244 дәрігер, 393 орта дәрежелі медициналық қызметкер болған.Ескі интеллигенция өкілдерін кеңестік құрылысқа тарту қоғамның алға басуына үлкен пайдасы болды. Алайда Голощекиннің Қазақ Өлкелік партия ұйымының басшылығына сайлануымен байланысты, оларға деген көзқарас күрт өзгерді. 1926 ж. БКП(б)-нің Қазақстан Өлкелік комитетінің ІІІ Пленумында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, С.Қожанов т.б. дөрекі сынға алынды. Кешікғей оларды саяси қуғындау басталды.20-30 жж. жоғары мектеп сан жағынан өскенімен, мамандар әлі де болса жетіспеді. Жұмысшылар мен шаруаларды жаппай ой еңбегі саласына көшіру интеллигенция санын өсірді. 1926-1939 жж. олардың саны 7,9 есе, 54 мыңнан 429,8 мың адамға дейін өсті.Соғыстан кейінгі жылдары (1945-1957) Қазақстанның жоғары оқу орындары 43,5 мың маман даярлады, олардың 16,5 мыңы қазақтар болды.
60-70 жж. түйісер кезінде қазақтың ұлттық интеллигенциясы толық қалыптасты. Интеллигенция 1959 ж. 16 проц. болса, 1970 ж. 25,1 проц. болды. 1970 жж. қазақ интеллигенттер саны 30 проц. дейін жетті.Сонымен, білімі жоғары, саны көп тұрақты ұлттық интеллигенция Қазақстанда Қазан төңкерісінен кейін жарты ғасырдан астам уақыттан соң қалыптасты.
92. . Қазақ ұлттық интеллигенция және оның ХХғ. басындағы өлкенің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі. Қазақстан ұлттық интеллигенциясы 1917 ж. Қазан төңкерісінен бұрын қалыптасты. Төңкеріске дейінгі толық емес мәлімет бойынша өлкеде 3 мың мұғалім, 590 ауылшаруашылық маманы, 244 дәрігер, 393 орта дәрежелі медициналық қызметкер болған. Ескі интеллигенция өкілдерін кеңестік құрылысқа тарту қоғамның алға басуына үлкен пайдасы болды. Алайда Голощекиннің Қазақ Өлкелік партия ұйымының басшылығына сайлануымен байланысты, оларға деген көзқарас күрт өзгерді. 1926 ж. БКП(б)-нің Қазақстан Өлкелік комитетінің ІІІ Пленумында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, С.Қожанов т.б. дөрекі сынға алынды. Кешікғей оларды саяси қуғындау басталды. 20-30 жж. жоғары мектеп сан жағынан өскенімен, мамандар әлі де болса жетіспеді. Жұмысшылар мен шаруаларды жаппай ой еңбегі саласына көшіру интеллигенция санын өсірді. 1926-1939 жж. олардың саны 7,9 есе, 54 мыңнан 429,8 мың адамға дейін өсті. Соғыстан кейінгі жылдары (1945-1957) Қазақстанның жоғары оқу орындары 43,5 мың маман даярлады, олардың 16,5 мыңы қазақтар болды. 60-70 жж. түйісер кезінде қазақтың ұлттық интеллигенциясы толық қалыптасты. Интеллигенция 1959 ж. 16 проц. болса, 1970 ж. 25,1 проц. болды. 1970 жж. қазақ интеллигенттер саны 30 проц. дейін жетті. Сонымен, білімі жоғары, саны көп тұрақты ұлттық интеллигенция Қазақстанда Қазан төңкерісінен кейін жарты ғасырдан астам уақыттан соң қалыптасты.
93.XX ғасырдың басында қазақ басапа сөзі мәдениеттің жанаша сипатпен
кезде ашыла бастаған баспа ісі үлкен ықпал етті. XX ғасырдың басып шығару ісі. Омбы, Орал, Семей, Орынбор қалаларында жолға қойылды.Қазақ кітаптарын басу ісі Петербург, Казан, Ташкент қалаларында
да колға алынды. кітап шығару ісінде орыс географиялық коғамының Семей, Омбы, Орынбордағы бөлімшелері көп іс атқарды.
XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің дамуына А.Байтұрсынов М.Дулатов, С.Торайғыров, С. Дөнентаев,
Абайдың шығармалар жинағы баспадан шықты. Бұдан басқа
А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың, С. Дөнентаевтың шығармалары
да басылып шықты. С. Торайғыровтың "Шәкірт ойы ",Адасқан өмір,
*Бір адамға*, "Камар сұлу*, "Алты аяқ*, Спандияр Көбеевтің Қалың мал
т.б. шығармалары осы кездегі әдеби туындылардың озық үлгісі болып
саналады.
А. Байтұрсынов - қазақ әдебиетін және лингвистика ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалым. 1913 жылы А. Байтұрсынов "Қазақ газетін шығара бастады. Алашорда үкіметінің үнқағазы болған "Қазақ" газетінің: редакторы кызметін 1917 жылға дейін атқарған. А. Байтұрсыновтың "Маса" (1911) өлеңдер жинағы Орынбор баспасынан жарық көрген.
Ш. Кұдайбердиев - Абайдың шәкірті, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларыньң бірі. Парсы, түрік, араб, орыс тілдерін мең-герген. Ш. Кұдайбердиевтің "Түрік, кырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі (1911} атты тарихи енбегі, "Қазақ айнасы" (1912) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Поэмалары: "Калкаман-Мамыр", "Еңілік-Кебек''
1906 жылы патша үкметі оку-ағарту ісінің ережелерін бекітті. Ереже қазақ жерінде орыс мектептерінің көбеюіне жол ашса, медреселердің " жұмыс істеуіне шек коя бастады. Ағарту ісін дамытуға каржы өте аз бөлінді. "Айкап" журналы, "Казақ", "Степной край", *Сибирская жизнь Газеттері казак халкының негізгі басылымдары жақсы дамыды
94. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.Шілденің басында қазақ даласында көп кешікғей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А.Иманов, Ә.Жангелдин, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ө.Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Боқин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, "Қазақ" газеті төңірегіндегі зиялылар (Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. 17 шілдеде Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды.Торғай көтерілісі (басшылары А.Иманов, Ә.Жангелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А.Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов бас сардарбасы болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.
95. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан буржуазия-демократиялық революция және оның Қазақстан үшін мәні. 1917 жылы ақпанда патша үкіметін құлатқан буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Төңкерістің басты ерекшелігі қос үкімет (буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері) болды. Қазақстанда да бұл жүйе пайда болды. Наурыз айында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары - облыстық, уездік, кейіннен болыстық, ауылдық, селолық, станицалық атқару комитеттері құрылды. Ұлттық интеллигенция өкілдері Ә.Бөкейханов Торғай облысының, М.Тынышбаев Жетісу облысының комиссарлары болып тағайындалды.Қазақстандағы екінші үкімет халық үкіметінің органдары ретінде пайда болған кеңестер болды. Онда негізінен, социал-демократтар, меньшевиктер мен эсерлер еді. Осындай жағдайда өлкедегі аграрлық, ұлттық, мемлекеттік құрылыс және т.б. өзекті мәселелерді шешу үшін либералдық-демократиялық қозғалыс жетекшілері облыстық съездер (Орынборда, Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде) өткізе бастады. Уақытша үкімет Қазақстандағы жағдайды реттеуге арналған бірқатар шаралар енгізді. Алайда ең маңызды жер мәселесі шешілмей, болашақта шақырылатын Құрылтай Жиналысына қалдырылды. Өлкеде бұрынғы ұлыдержавалық саясат жалғаса берді. 1917 жылдың көктем, жаз айларында жұмысшы, революциялық-демократиялық жастар ұйымдары, саяси партиялар құрылды. С.Сейфуллин басқарған "Жас қазақ" Ақмолада, Т.Рысқұлов басқарған "Қазақ жастарының революциялық одағы" Меркеде, "Жас жүрек" Спасск заводында т.б. 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда 1 Бүкілқазақ съезі өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды Олар: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын құру; земство; халыққа білім беру; сот; рухани-діни мәселелер; әйелдер мәселесі; Құрылтай жиналысын шақыру және оған дайындық; бүкілресейлік мұсылман съезі; қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; Киевтегі бүкілресейлік федеративтік кеңеске және Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссиясының жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер. Делегаттар ұлттық автономия мәселесіне, жер мәселесінің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлікке және қазақ саяси партиясын құруға баса назар аударды. Съезд шын мәнінде, қазақтың ұлттық саяси партиясы "Алаштың" съезі болып айқындалды. "Алаш" партиясына Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, М.Жұмабаев т.б. кірді. Бұлардың көпшілігі қазақ қоғамы сол кезеңде дайын болмағандықтан, социалистік бағдарламаны қабылдаған жоқ. Олар "Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету" ұраны төңірегіне топтасты. 1917 ж. күзінде тағы бір ұлттық-саяси ұйым - "Қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы" деп атаған "үш жүз" партиясы пайда болды. Жетекшісі Көлбай Тоғысов болған бұл партия большевиктік бағыт ұстағ, "Алаш" партиясына", "Алашорда" үкіметінің құрылуына қарсы болып, большевиктерге қосылып отырды.
