- •4. Тас дәуірі
- •3.Қаз тарихы бойынша көне деректкмелер
- •6.Беғазы –Дәндібай мәдениеті Көшпелі мал шаруашылығына көшу
- •7.Алғашқы қоғам адамдарының рухани мәдениеті.
- •8. Сақтардын саяси әлеуметтік құрлысы, шаруашылығы
- •9 .Сақтар туралы жазба деректер олардын територияға орналасуы
- •10 .Сақтардын рухани және материалдық мәдениеті
- •11. Үйсін мемлекеті
- •12. Қаңлы мемлекеті
- •13 .Ғүндар мемлекеті құрылуы
- •14.Ғұндардың қазақ халқының қалыптасуындағ рөлі
- •15 .Көне турік жазба ескерткіштері
- •16. Түрік қағанаты
- •17. Батыс Түрік қағанаты (603-704) саяси құрлсы мен әлеумееттік-этникалық құрлысы.
- •18. Түркеш қағанаты(704-756).
- •19. Қарлұқ мемлекеті.
- •20.Араптардын Отустік Казак жерін жаулап алуы.
- •21. Қимақ қағанаты (9-11ғғбасы).
- •23-24.Қарахан мемлекеті және ерекшелігі
- •26)Қыпшақтардың мемлекеті: құрылуы саяси құрлысы және шаруашылығы
- •27. Қыпшық мем.Ң териториясы және этникалық құрылымы
- •29 Билет х-хііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •32.Ұлы Жібек жолының бойымен халықаралық керуен саудасының қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайлары.
- •39.Алтын Орда
- •40. Ақ Орда
- •41. Моғолстан мемлекеті
- •44.«Қазақ»этнонимі.
- •45. Қазақ хандығының құрылуы.
- •46-56. Қазақ жүздері-қазақ халқының этногенездік құрылымының ерекше белгісі.
- •49. 17Ғ-ғы қазақ хандығы
- •51-52.Қазақ қоғамының саяси-әкімшілік құрылысы және әлеуметтік құрылымы XVI-XVIII ғ.
- •54)Қасым ханның қасқа жолы.
- •55.Құқықтық норма «Әдет»(кепіл,сауын,аманат,әменгерлік,айып)
- •57) XVI-XVIII ғ. Қазақ-орыс қарым-қатынасы.
- •60) Қазақтардың жоңғария жаулаушыларына қар
- •63.64.Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи жағдайлар мен негізгі сатылары.
- •74 Билет xiXғ.60-90ж.Қазақстандағы әкімшілік және сот реформасы.
- •80.Столыпиннің аграрлық реформасы.
- •86.XiXғ екінші жартысы мен хх ғ басындағы қазақ халқының мәдениеті
- •91.Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және тағдыры.
- •96.1917 Ж. Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси оқиғалар.
- •97.Алашорда үкіметі.
- •98.«Үш жүз» партиясы
- •100.Қазақ акср-дың құрылуы. Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс.(1920-30-жылдар)
- •105. «Кіші қазан» төңкерісінің бағыты :
- •114-Билет. (эвакуацияланған тұрғындарды және өнеркәсіп орындарын қабылдау және орналастыру)
- •117.Ұлт аралық қатынастар.
- •120.XX ғ.Соңғы 50ж қоғамды демократияландыру.
- •123 Билет
- •125-Билет.ҚонаевД.А –мемлекеттік және қоғамдық саяси қайраткер.Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитеттің бірінші хатшысы.
- •126.Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.).
- •132-Билет.Қазақстанның Егемен,Тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.
- •133-Билет.Республикадағы экономикалық реформалар:нарыққа көшудің қиыншылықтары.
- •134.Қазақстандағы көппартиялы жүйе
- •136,138. Қазақстанның халыөаралық байланыстары
- •137.Кр-нын мемлекеттік рәміздері.
- •144.Дүниежүзілік қазақтардың I-II Құрылтайы.
- •145. XX-ғ Казакстан астанасын көшірудін тарихы мен болашагы
- •146 . Қазақстан Республикасының Президенті н.Назарбаевтың мемлекеттік және саяси қызметі.
105. «Кіші қазан» төңкерісінің бағыты :
Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту;
Өлкені шикізат базасы ету; Голощекин бұл қағидасын 1927ж ұсынып, 1930ж VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады.саяси бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.Ірі саяси қайраткер және экономист С.Сәдуақасов «кіші қазан» бағытына қарсы шығып өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты:Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату;Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру,Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты:
«Түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды,Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді;Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес;
106. Индустрияландыру - өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. академик Н.С:Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеп «ҚАКСР-і Кңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. академик Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп , бұл кен орны – мұнайға аса бай обл-ң бірі деп қорытындылады.- Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жеқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді.1927ж –Түркістан-Сібір темір-жол магистралінің құрылысы басталды.В.С.Шатов – құрылыс бастығы. Республика Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы.РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Рұсқылов – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы Т. Рұсқыловтың ұсынысымен комитет құрамына теміржол маманы, инженер М.Тынышбаев енгізілді.1931жқаңтар- Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.Түрксіб магистралі салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы:
1.Орта сібір аудандарымен жалғастырылды.
2.Елдің шығыс аудандар-ң экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті:3.Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:
1.Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
2.Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.
3.Тау-*кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.
Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913ж деңгейінен 213 есе асып түсті.
Индустрияландыру ерекшеліктері:
Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде игеріліп өңдейтін орталық Орскіде салынды.
Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді.
Жергілікті мамандар жетіспеді.
Урбандалу процесі күшті жүріп қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді
107.Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. 1931-1933жж. аштық. Ұжымдастыру қарсаңында.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.Артель - жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал-саймандарды біріктіру. ТОЗ - жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. ЖЭС негізінде мал саны артты: 1929 жылы 40,5 млн-га жетті. 1925 жыл – Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдады. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн.га шабындық және 1,25 млн.га егістік жерді тартып алды.Индустрияландыру бағыты азық-түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді. 1928 жылғы қаңтар-ақпан – И.В.Сталиннің Сібірге сапары.Осы сапарында (1928 жылғы 3 ақпанда) Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаланды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы - 277 шаруа атылды.1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды.Бай-феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24.491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:!0Орташалар байлар қатарына жатқызылды.2)Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.3)Уәкілдер кедейлерді қоркыту арқылы, байларды көрсетуге күштеп көндірді.4)Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.5)Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бағыты көзделіп, бай-кулактарды тап ретінде жою міндеті қойылды. Ұжымдастыру — бай-кулактарды тәркілеуден басталды;.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.Партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады (1927 жыл желтоұсан). Негізгі ұстанымдар: 1)Еріктілік.2)Дербестік.3)Материалдық мүдделілік.4)¥жымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. \ ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер (машина-трактор станциялары) құрылды.Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың кегізгі формасы ауыл шаруашылық артелі. Малды аудандардағы колхоз құрудың негізгі формасы – жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер: 1)Қатал жаппай қуғындаумен террорга негізделді.2)Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.3)Әкімшілдік күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.4)Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында-70%; Жымпиты ауданында-60%; Жәнібек ауданында-95% шаруашылык ұжымдастырылды. \ Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды: 1928 жылы – 2%, 1930 жылғы 3 сәуір – 56,4%, 1931 жылғы қазан – 65%. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді: Шұбартау ауданында малдың 80% -ы мемлекетке етке өткізілді. Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды (ауданда 173 мың мал болған).Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілте болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды: жыл – 56.498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жыл – 5.500 отбасы жер аударылды. 1929-1933 жылдар – ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9.805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3.386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға –13.151 адамға үкім шығарды. 1933 жыл - ОГПУ үштігі 21 мың адамды қамауға алды. Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды. \ 1930 жылғы 30 мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9%-дан 3%-ға кеміді.Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-ы, жекешелердің 51,8% -ы малдан түгел айрылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: жылы-313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы- 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды. \ \1932 жылғы 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО Орталық Атқару Комитеті төралқасына аштық айғақтары туралы жазды: «...аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша. өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде...» 1932 жылғы шілде – аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) жазылды. Онда көтерілген мәселелер: Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.«Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.1933 жылғы наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер: «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда: Орта Волгада-40 мың, Қырғыз жерінде-100 мың, Батыс Сібірде-40 мың, Орта Азияда-30 мың, Қарақалпақ жерінде-20 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмак, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы». Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:1)• Актөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71%).2)Балқаш ауданында 1930 жылы – 60 мың адам болса, 1932 жылы – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп, 12 мыңы қалған. \ Жаппай жазалау мен аштык әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 70 мың адам (281.230 шаруа қожалығы) Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн.)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.\ Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды: 1)Қалалар мен құрылыстарға кету.2)Басқа аймақтарға, шетелге көшу.3)Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру. 4)Қарулы отрядтар кұру.5)Көтеріліске шығу. \ 1929-1931 жылдарда өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды: 1)Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.2)Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.
108. Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды:
Қалалар мен құрылыстарға кету;
Басқа аймақтарға, шет елдерге көшу;
Белсенділерді, кеңес, партия, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру;
Қарулы отрядтар құру;
Көтеріліске шығу;
1929-31жж өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.
Семей округі- халық наразылығының ірі ошағы. 1930ж ақпан-мамыр аралығында Зырянов, Өскемен,Самар,Шемонайха,Қатонқарағай аудандарында толқулар болды. Батпаққаа көтерілісі бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, орталық, батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы көтерілісшілер ауданына айналды.
Көтерілісшілер талаптары:
Заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал мүлкін қайтару;
Дін бостандығы;
Шаруаларға үдемелі табыс салығын салу;
Еріктілік ұстанымын сақтау;
Дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік беру;
Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8-дивизия күшімен талқандалып, 175 адамды атуға, 172 адамды 2-10 ж соттауға, көбін Щығыс сібірге жер аударуға үкім шығарды.
Созақ көтерілісі табандылығымен және ұйымдастырылуымен ерекшеленді(басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен аяусыз жанышталды. 311 адам қылмысқа тартылып, 68-ін атуға 152-ін 3-10 ж еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамауға, 21-ін 3 ж Сібірге айдауға, 10 адамды өлке аумағында 3 ж жер аударуға үкім шығарды.
Күштеп әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Абыралы, Қордай, шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.1931ж көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері жазалау әрекетімен түгел қырылды.
109. Малшаруашылығы күйзелісті ШЫҒЫНҒА ұшырап, 1930-32жж аштық жарияланды. Ұжымдастыру қарсаңында -40,5 млн. мал болса, 1933ж 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды:
1930ж -313мың адам;
1931ж 755мың адам;
1932ж 769 мың адам қайтыс болды.
1930-32жж барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды.
1932ж шілде аштық апаттары туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» жазылды.
Онда көтерілген мәселелер:
Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлардың жағына шығуда.
Байлар малды қырып тастауға тырысуда.
«Жалған колхоздар»ұйымдастыру жалғасуда.
Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.
1933ж наурыз РКФСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рұсқыловтың сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер:»
-Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда
Қарақалпақ жерінде- 20 мың қазақтар бар.Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солт.өлкеБатыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы. Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.
Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады.аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:
Жаппай жазалау мен аштық әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті.
1930-33жж 2,1млн. адамқырылды(барлық халық саны-6,2млн.)
Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж ғана қалпына келді.
1930-32жж аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
110. 30-жылдары КСРО-да соц-к қатынастар орнығып болды.Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:
Жазалау орг-р-ң қызметі күшейді;
Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі кеңестер қызметі шектелді.
Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып жазалау шаралары іс жүзіне асырылды.Жазалау шаралары:
ату жазасы;
жер аудару;
еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау;
КСРО-дан тыс жерлерге қудалау.
Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.
1927-29жж мемлекетқайраткерлері Т.Рысқұлов, Нұрмақов, Қожанов, Мырзағалиев республикадан аластатылды.Мыңбаев-Қазақстан Орталық атқау комитетінің төрағасы қызметінен;
Сәдуақасов- Ағату халық комиссары қызметінен. Сұлтанбеков- Жер ісінің халық комисары қызметінен алынды.1937ж жаппай жазалауға да Ежов белсене кірісті.1937-38жж террор жаппай сипат алды.Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар-Сейфуллин(1894-1938), Майлин(1894-1938), Жансүгіров(1894-1938),Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.
Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды:
Карлаг- ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.
ЧСИР- Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.
Алжир- Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.
Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлеріболды:
Ғалым Чижевский-салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы;
Нәдірбай Айтақов- Түркімен КСР Орталық атқару комитетінің төрағасы,
111.Қазақстан 15 жыл ішінде КСРО құрамында автономиялы республикадан одақтас республикаға дейінгі жолдан өтті. 1936жылы 5желтоқсанда КСРО Кеңестерінің төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. 11 одақтас республикалардың социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикасын одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы да енді.
112.1938-41 жылдарында БК(б)П Орталық Комитеті мен КСРО Халық Коммиссарлары Кеңесі Қарсақбай мыс балқыту заводын қайта құру мен кеңейту, Жезқазған мыс балқыту заводын салу, Алтайда түсті металлургиянық дамыту жөнінде Ембідегі геологиялық жұмыстар мен барлап бұрғылау ісін жеделдету жөнінде шаралар қолданды.
1940 жылы республикада 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеді, олардың бірі Кеңес өкіметі жылдарында салынған еді. 1913 жылмен салыстырғанда бүкіл индустрияның жалпы өнімі 1940 жылмен 7,9 есе, оның ішінде ірі индустрияда 19,5 есе өсті.
113. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1939-1945). Қазақстан - майданның арсеналы. 1941 ж. 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Қазақстан соғыстың бірінші күндерінен-ақ оның арсеналына айналды. Экономика соғыс қажетіне лайықтағ қайта құрылды.Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 проц. арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-уольфрам комбинаттары салынды.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрик, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген металл өңдейтін, машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар, шығарды.Қазақстан эуакуацияланған өнеркәсіптерді қарсы алды. 1941-42 жж. 220 зауыт, фабрик (Мәскеуден, Ленинградтан, Украина, Белоруссиядан келген) қайтадан жасақталды. Олар негізінен Алматыға, Оралға, Шымкентке, Семейге, Қарағандыға орналасты.Ауыл-село еңбеккерлері өздерінің ғатриоттық міндеттерін өтеді: 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың т. астық, 734 мың т. ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Ш.Берсиев тарыдан 1943 ж. гектарынан 202 ц. өнім алса, Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, осындай табысқа жетті.Қазақстанға шығармашылық және ғылыми ұжымдарда келді. Олардың қатарында Мәскеу, Ленинград киностудиялары, 20 ғылыми мекемелер, атақты ғалымдар: И.П.Вернадский, А.М.Панкратова, А.А.Скочинский және т.б. бар. Белгілі қазақ ғоэзия, ғроза өкілдері Ж.Жабаев, С.Мұқанов, Д.Снегин М.Әуезовтар өз шығармашылықтарын жеңіске жетуге арнады.Қазақстанда әскери бөлімдерде жасақталды. Барлығы 12 атқыштар, 4 кауалериялық диуизия, 7 атқыштар бригадасы құрылды.Қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып соғысты қарсы алды. Брест қорғанын К.Әбдірахманов, В.Лобанов, К.Иманқұлов, ±.Жұматов қорғады. Мәскеу үшін шайқаста қазақстандықтар даңққа бөленді. 316 атқыштар диуизиясы (Алматыда жасақталған) 8 Панфиловшы Гуардияшылар болып қайта құрылды. Мұнда аға лейтенант Б.Момышұлы (1990 ж. КСРО батыры) басқарған батальон көзге түсті. Сондай-ақ осында ерлік көрсеткендер Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллиндар болды.Ленинградты қорғауда Қазақстаннан 310, 314 диуизиялар қатысты. Қазақстандықтар теңізде де соғысты, "Киров" крейсерінде 156 қазақстандық болды. Ленинград үшін шайқаста кевдесімен дзотты жағқан Кеңес Одағының Батыры С.Баймағамбетов болатын. Жамбыл өзінің "Ленинградтық, өренім!" атты жалынды өлеңімен 1941 ж. қыркүйегінде ленинградтықтарды жігерлендірді.1942 ж. күздегі Сталинград үшін шайқас кезінде Батыс Қазақстан облысында әскери жағдай жарияланды. Сталинград оғерациясына 5 атқыштар, 1 кауалериялық диуизия, 1 теңіз атқыштар бригадасы, 1 минометті ғолк қатысты. Мұндағы ұрыста Н.Әбдіров, К.Сғатаев батыр атағын алды.Көғтеген қазақстандықтар Күрск түбіндегі, Белоруссиядағы, Украинадағы шайқастарға қатысты. Берлинге ту тіккендердің бірі Р.Қошқарбаев еді. Қазақстандықтар партизан қозғалысына (Қ.Қайсенов), Қарсыласу қозғалыстарына қатысты.Соғыстағы ерліктері үшін 499 қазақстандық (99-ы қазақ) Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Екі рет иеленгендер Т.Бегелдинов, Л.Беда, И.Паулов, С.Луганский болатын. Шығыс қыздары арасынан Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова Кеңес Одағының Батыры атанды. Шамамен 410 мың қазақстандық соғыстан оралмады.Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстанның рөлі. 1939 жылы басталған екінші дүниежүзілік соғыстың ұлы отан соғысы жылдарында соғыста да, тылда да ерліктің, ғатриотизмнің үлгісі болғандардың қатарына қазақстандықтар жатады. Алғашқы күндерден-ақ соғыс техникасын, әскерге киім-кешек, түрлі құрал-жабдықтар дайындапан Қазақстан халқы болды. Эуакуациямен, реғрессиямен келген сан мыңдаған басқа ұлт өкілдерін қарсы алып, бауырмалдық танытқан қазақ халқы еді. Ауыл еңбеккерлерінің орнын басқан әйелдер (70-80 проц.), соғыстың жеңіспен аяқталуына зор үлес қосты. Мысалы, зуено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алса, жылқышы Ш.Шұғаиғова бір мыңнан астам жылқыны шығынсыз бағығ келді.Майданға ерікті көмек ұйымдастырылды, 1941 ж. күзінен бастап ғатриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтар сатып алынды. Майдандағы солдаттарға 1600 вагон сәлем-сауқаттар жіберілді. Қазақстан артистері 1216 рет майдан шебінде концерт көрсетіп, тыл мен майдан бірлігін дәлелдеді.Тылдың майданға көмегі жауынгерлердің жағдайын жақсартығ қана қоймай, олардың жауынгерлік рухын көтерді, оларды жауды талқандау үшін мүмкін емес нәрсенің бәрін де істевге жігерлендірді.Жағонияның тізе бүгуімен Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Бұл соғыстың жеңіспен аяқталуына қазақстандықтардың үлесі зор.
