Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
69
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
607.74 Кб
Скачать

40. Ақ Орда

Жетісудің солт. бөлігі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен төм. Сырдария бойы, Алакөл маңы. Оның астанасы – Сығынақ.

Деректерде Ақ Орда еліндегі ақсүйектер жериеленушілігінің інжу,мильк, сойырғал сияқты түрлері болды. Тархандық сый тарту белгілі болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына құшыр, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әр түрлі қарыздарды өтеп тұрған. Мемл.-ті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқардыХІІІ-ХVғ-дың басында Шығ. Дешті Қыпшық аумағында Ақ Орда мемл. өмір сүрді. ХІVғ-дың 2-жар. Алтын Орда билігінің әлсіреуіне орай Ақ Орда күшейіп, өз тәуелсіздігін алды. Алғашқы ханы – Сасы бұқа. Ерзен хан, Орыс ханның (ХІVғ-дың 60-70жж) тұсында айтарлықтай күшейді. Ақсақ Темірден Ақ Орданы қорғау ауыртпалығы Орыс хан иығына түсті. Темір Мәліктен Тоқтамыс Ақ Орда билігін жаулап алды.Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері толығымен анықталды. Көшпелі аудандарда мал жекеменшік деп саналып, сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жері қауым иелігінде деп айтылғанмен текті бай-бағландар шын қожасы еді. Ақ Орда билеушілері ХІVғ-дың 2-жарт. өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Ақсақ Темір оған қарсы айдап отырды. Тоқтамыс 1377ж Сығанақ, Сауран қалаларын басып алып, хан болды

Хандары:Орда Ежен Сасы-БұқаЕрзен хан

Мүбарақ Қожа (1320-1344)Орыс хан (1372-1380)Тоқтамыс хан

Ноғай Ордасы

Солт.-шығ.-ғы өріс қоныстары Сібірге дейін, оңт.-шығ.-та кейде Сырдария бойында, Арал теңізінің жағасында көшіп-қонып жүрген. Негізгі көп қоныстанған жері Жайық, Еділ және Қара теңіздің шығ. жағалауы. Билік басында хан болды. Халық құрамы түрлі болды: түрік және түркіленген моңғол тайпалары мен тайпалық бірлестіктері болған. Ноғай Ордасына қыпшақтар, қаңлылар, қоңыраттар, найман, алшын, тамалар енетін. Ол этникалық-саяси бірлестік ретінде п.б.

Бар байлықтары – мыңдаған мал – үйір-үйір жылқы, түйе, қой, ірі қара мал далалық ноғай ақсүйектерінің қолында болды. Сонда да формальды түрде жер-су рулық қауымдастықтың ортақ меншігі болып саналды. ХVІғ-да Ноғай Ордасы орыс мемл.-мен сауда-экон. және саяси байланыс орнатады. Ноғай Ордасының тарихы Еділ мен Қазақстандағы көрші мемл.-тер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар әсіресе көшпелі өзбектермен қазақтар тарихына айрықша жақын.

Едіге ханның ұлы Нұраддин (1426-1440)жж

41. Моғолстан мемлекеті

«Тарихи Рашиди» б/ша: «Моғолстанның шығ. жері қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солт.-де Көк теңізден(Балқаштан) Қараталмен, бат.-да Түркістан, Ташкентпен, оңт.-де Ферғана, Қашғар, Ақсу, Тұран мен шектеседі.»Мемл.-ң саяси басшысы ж/е жер-судың жоғары иесі хан болған. Басқару ісінде ханға ұлыс бегі көмектесті(дәстүр б-ша ол дулат тайпасы әмірлерінен таңдалынып отырған), хан жанында ақсүйектер кеңесі болған. Басқа аймақта алым-салық жинау мен әскери күшті ұйымдастыру күшейді. Моғолстанда мемл.-ң саяси бағыты, жердің ең жоғарғы билеушісі хан болды. Жерді ақсүйектер шартты түрде иеленді.Моғолстан ХІVғ-дың ортасы мен ХVІғ-дың басына дейін өмір сүрді. Моғолстанды белгілі Дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған ақсүйектер Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді жаңа мемл-тің ханы етіп сайлайды.Астанасы – Алмалық.Темір шапқ.-ғы Моғолстанның титығына жетті. Алғашқы хандар Тоғылық-Темір, Ілияс Қожа Мәуереннахрда Шағатай әулетінің билігін қайта орнатпақ болып әрекеттенді.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды.

Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған. ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды. Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдыру арқылы Шығ. Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып қалды. Назар хан өлген соң оның балалары билік үшін тартысты бастады.

Хандары:

Тоғылық-Темір (1348-1360) Қамар ад-Дин Дулати (1360-1388)Қызыр Қожа (1389-1399)

Мұхаммед хан (1408-1416)Уәйіс хан (1418-1428)Есенбұға хан (1433-1462)Жүніс хан (1462-1487)

Сұлтан Ахмет (1484-1506)Махмуд хан (1487-1508) Рашид хан (1533-1565)

Әбілқайыр мемлекеті

Батысынды Жайықтан бастап, шығ-да балқаш көліне дейін, оңт-де Сырдарияның төм. Ағысы және Арал өңірінен Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді иемденді.

Негізінен арғы тегі қыпшақтар мен қарлұқтардан шыққан түрік тайпалары. Ерте орта ғасырдағы Дешті Қыпшақ, қаңлы, үйсін, қарлұқ халықтарының түркіленіп кеткен моңғол тайпаларының ұрпақтары.

Көшпелілер мен егіншілер өзара бір-бірімен материалдық мәдениет, тұрмыс, шаруаш. тәжірибе машықтарын әлеум. нормамен мемл. ұйымдары түрлерін, әскери өнер элементтерін алып отыруға мәдени жетістік алмасуына себепші болды.

1430ж Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұд Қожаны талқандайды. 1446ж Әбілқайыр Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Хорезмді басып алып, Үргенішті талапайға салады. 1450ж Темір ұрпағының ішкі тартысына килігіп, Самарқан, Бұхарға тонап талау шапқыншылықтарын жасайды. 1468ж жорықты жолда өледі.

42.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды. Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған. ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды. Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдыру арқылы Шығ. Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып қалды. Назар хан өлген соң оның балалары билік үшін тартысты бастады.

43. Қазақ мемлекеттігінің басы. XV-XVI ғасырлар тоғысындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының құрылу қарсаңында қазақ рулары Сібірден Сырдарияға, Ертістен Жайық жағасына дейінгі ұлан байтақ жерді иеленді. Қазақ халқы мемл-тігінің қалыптасу тарихы Алтын Ордалық мемл-те орныққан ұлыстық жүйінің тарихымен тікелей байланысты. Қазақ хандығы туралы сенімді деректер аз емес. 15ғ-ң орт-нан бастап, 17ғ-ға дейін қазақ хандығы бірде берік, бірде босаң тұрақтылық дәрежесімен ерекшеленетін шын мәніндегі бірыңғай саяси жүйе тұрғысында тіршілік етті. Заид ад Дин «Бадам әл-вакан» деген шығармасында Қаз-н терминімен жетісудің оңт-бат-ғы Шу мен Таластағы жерлерді, яғни Жәнібек пен Керей хандардың қоластында болған қазақтар қоныстанған аймақтарды айтады. Әбілхайыр ханның сыртына кетуші рулар мен тайпалар Жәнібекпен Керей басқарды. Бұл жөніндегі хабар 1-рет М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабынан көрінеді, Махмуд пен Вали, Жәнібек пен Керей Әбілхайыр ханға бағынудан бас тартты және өздерінің бас тартуларын Шыңғыс хан әулетінің далаға билік жүргізуге мұрагерлік дәстүрі мен ол Ақ Орда хандары ретінде өздеріне Шығыс Дешті-Қыпшақта билік дасау құқығын қамтамасыз ететіндігі мен дәлелдеді деп көрсетеді. Дулати қазақ хандығының құрылған уақытын Хижраның 870ж (1465-1466жж) жатқызады. Әбілхайыр дүние салысымен қазақ хандары бірден даладағы билікті өз қолдарына алу жолындағы күреске араласып кетті.

Соседние файлы в папке тарих экз