Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
69
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
607.74 Кб
Скачать

96.1917 Ж. Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси оқиғалар.

1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады. Бұған халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды.

1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 қарашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетісу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады.

1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд "Түркістан автономиясын" "Түркистон мухтарияты" (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы ақпанда большевиктер қуып таратты.

Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы өлкедегі түрлі жағдайлардың себебінен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орнағ болды.

97.Алашорда үкіметі.

Қазақ зиялыларының құрған қозғалыстарының бiрi 1905 жылы "Aлаш" қозғалысы. 1917 жылы "Алаш" партиясы әлеуметтiк негiзi - капиталистiк даму жолына бағыт алған зиялылар. Мақсаты:Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету. Автономиялық ұлттык мемлекет құру.Бағыты: реформистік капитализм жолы.Жетекшiсi Әлихан Бөкейханов (1869—1937). Шынғыс хан ұрпағыРесей либералдык-демократиялык қозғалысының қайраткерi бұрынғы кадет партиясынын мүшесi Мүшелерi: А. Байтурсынов, М. Дулатов, Ш. Кудайбердиев, М. Тынышпаев, Г. Қарашев, С. Торайгыров, Х. Габбасов, А. Ермеков ағайынды Досмухамедовтар. "Алаш" партиясы жетекшiлер Қазан төңкерiсiн және Қазақ мемлекетiн кеңестiк негiзде құру идеясын қабылдамады. СебептеріҚазан төңкерсіне дейін Қазақстаннын дамуына өз көзқарастарын білдіріп бағларламаларын насихаттадыФедеративтік Республикаға кірген әр мемлекет басқа мемлекеттермен өз бетінше жұмыс істей алады деп есептеді Алаш партиясы ақиқат жағында болды Алаш партиясы социал-демократтардын меньшевиктік тобынын багдарламасын қолдады

98.«Үш жүз» партиясы

1917 жылғы күз – «Үш жүз» партиясы («Қырғыз социалистік партиясы») құрылды. Жетекшісі – Көлбай Тоғысов.Мақсаты: большевиктік бағыт ұстап, «Алаш» партиясына қарсы күресу. Бұл партияның іс-әрекеті 1917жылғы күз – 1918 жылдың басы аралығында елеулі түрде өзгерді:

  • Алғашқыда социал-революцияшылар партиясымен одақтасты.

  • 1918 жылдың қаңтарынан Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты.

  • 1918 жыл басынан большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды.1917 жыл – Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер ұйымы құрылды. Мақсаты:

- Бөлінбес, біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру.

- Қоныстандыру саясатын қолдау.

Кадет партиясына мүше болған Ә. Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарына шықты. Семейде кадет ұйымы «Свободная речь» газетін шығарып тұрды.

1917 жылғы көктем - өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. Мақсаты:

- «Жерді шаруаларға беру керек, жер-бүкіл халықтың меншігің ұранын көтеру.»

- Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау.1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа Кеңестер эсерлердің қолында болды.Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ өлкесінде көппартиялы жүйе қалыптасты. Билік жолында күрескен саяси партиялар мен ағымдар дағдарыстан шығудың алуан бағдарламаларын ұсынды.

99. Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан. (1918-1920жж.)Қазақстандағы шетел соғыс интеруенциясы мен азамат соғысы. "Соғыс коммунизмі" саясаты. Кеңес үкіметінің орнауы құлатылған тағтардың алғашқы сәттен-ақ қарулы қарсылығын тудырды. Әскери тұтқындардан жасақталған чехословак корпусының 1918 жылғы мамырдағы бүлігі азамат соғысын кең жайылтығ жіберді. Бүлікшілер Сібір, Орал, Орта Повольже қалаларын: Новосібір, Челябі, Том, Омбыны басып алды. 31 мамырда контрреволюционерлер Петропавлды, маусымда Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семейдегі кеңес үкіметін құлатты. 1918 жылы 29 мамырда БОАК Декретімен Қызыл Армия қатарына әскери міндеткерлік енгізілдіАқтардың оңтүстікке Ташкентке ілгерілемеві үшін, Ақтөбе майданы құрылды. Дала өлкесінің Төтенше комиссары Ә.Жангелдин басқарған экспедиция осы кезде өмірге келді.. Ақтөбе майданы азамат соғысында шешуші роль атқарды, өйткені 1918 ж. қазанда ақтар Орта Азиямен Қазақстанның оңтүстігін бөліғ тастау үшін Ақтөбеге шабуыл жасайды. Бірақ олар мақсатына жете алмады. 1919 ж. Орынбор, Орал, Орск азат етілгеннен кейін Ақтөбе майданы әскерлері Шығыс майданы әскерлерімен қосылып жіберілді.1918 ж. жаз, күз айларында Жетісу облысында да ауыр соғыс қимылдары жүрді. Ақгуардияшылдар Іле өлкесін, Верныйды алып, одан әрі оңтүстік және Орта Азияға қарай жылжуды ойлады. Черкасск қорғанысы (Леғсіде) деген атпен белгілі болған бұл Черкасск селосы 1918 ж. маусымынан 1919 ж. қазанына дейін қорғанды.Басты ошақтары Ақмола, Семей облыстары, Тарбағатай мен Алтайдың "Тау қырандары" деген атпен мәлім болған партизандық қозғалыста кең қанат жайды.1919 ж. жазында Колчак армиясының Шығыс майдандағы басты күші жеңіліғ, Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан мен Жетісудің азат етілуіне қолайлы жағдай туды. 1920 жылы наурызда Солтүстік Жетісу майданының жойылуымен қазақ өлкесінде азамат соғысы аяқталды.Азамат соғысы кезінде материалдық ресурстарды мобилизациялау және оны үнемдев мақсатымен төтенше енгізілген шара "әскери коммунизм" деп аталды. "Артық" азық-түлікті халықтан жинап алып, қатаң мөлшермен ғана астық қалдырығ, азық-түлік салғыртын енгізген бұл Декрет 1919 ж. 11 қаңтарда жарияланды. Сондай-ақ міндетті еңбек тәртібі де енгізілді.

Соседние файлы в папке тарих экз