Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
69
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
607.74 Кб
Скачать

80.Столыпиннің аграрлық реформасы.

ХХ ғасыр басында өлкенің жағдайына теріс әсер еткен факторлардың бірі - аграрлық саясат болды. Қоныс аудару қозғалысы жанданды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" кезінде күшейді.

1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпин деревняда аграрлық буржуазия - кулак жасауға кірісті. Оның реформасы бойынша шаруаларға өз үлестерімен қауымнан шығып, хутор құруларына еркіндік берілді. Столыпин бұл мәселені шешуге астық егуге қолайлы өңір - қазақ даласын пайдаланды. Ресейден қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанда кулак шаруашылықтарын құруына түрлі жеңілдіктер жасалынды. Хутор үшін 45 десятина қолайлы жер, және 15 десятина егін салатын жер бөлінді. Жер бөлуші ұйымдарға жергілікті кедейлерді орындарынан көшіріп, шаруа-кулактарды қоныстандыруға рұқсат берілді.

Қоныс аудару қозғалысының нәтижесінде 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. "Столыпиннің аграрлық саясаты" қазақтарды жерінен айырумен қоса, олардың өлкеде үлес санының азаюына да бастама болды.

82, . ХІХғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты.Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаттары:Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету.Жер тапшылығын шешу.Ұлттық аймақтарда әлеуметтік тipeк жасау. XIX ғ. 60 жылдарының ортасынан Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды.XIX ғасырдың 70-80 жылдарынан жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. \1868ж Жетісу губернаторы Колпаковский басшылығымен “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы “уақытша ереже қабылданды. Қоныс аударушылар:1)15ж-ға алық төлеуден, әскери міндеттен босатылды. 2)Жан басына 30десятина жер берілді. 1883ж Жетісуда Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар,дүнгендерді орналастыру жөнінде жңа ереже бекітілді.1)Жан басына 10 десятина жер беру 2)Қоныстанушыларды салық пен міндеткерліктерден 3 ж босату. 1889ж 13 шілде”Село тұрғындарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуды, бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру жөнінде ереже”қабылданды.:1)Қоныс аударатын ааймақтар-Тобыл, Том губерниясы, Жетісу,Ақмола,Семей обл.2)Жан басына 15 дес жер беру. 2)Қоныстанушылардан арнайы рұқсат алуды талап ету. Бұл ереже күші 1891-92жж Торғай мен Орал обл-на таралды.Қогыс аудару басты аймағы Жетісу,Шымкент,Ташкент, Әулиеата уез-де37қоныс құрылды. 1886ж 2 маусым-«Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралыереже»бекітілді.1)Түркістанда Ресейлік үлгімен жааңа соттар құрылды.2)Төменгі сот халықтық сот. 1891ж 25науры «Ақмола,Семей,Жетісу,ОралТорғай обл басқару туралы ереже» бекітілді.1)Т8рк3стан өлкесінде 3обл(Ақмола.Семей,Жетсу)орт Ташкент

83. 1853ж – ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышельский тобы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінде Іле бекетін тұрғызды.1854жылғы көктем – Алматы қонысының орнына Верный бекінісін салды.1854 жылғы күзде Верныйға Іле тобының 470 әскері,1855ж Сібірден 400 отбасы қоныстанды.Бекіністің салынуы 1855ж қырғыздың Бұғы руының Ресей билігін мойындауын тездетті.1855жҰлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.Верный бекінісінің салынуы XIX ғ.50ж.қазақ елінің оңт.аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.

85. ХІХ ғасырдың І жартысындағы ағарту ісі және ғылым.ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде оқытылған діни пәндер:Шариғат, яғни ислам дінінің ережелері. Әптиек, яғни Құран кәрімнің бөлігі. Араб тілі, араб философиясы.Діни қағидалар т.б. Мұсылмандық білімді ауыл молдасынан, Самарқан, Бұқара,Ташкент, Түркістан сияқты қалаларды алды.Білім беру ісіне Ресейдің ықпалы Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарынан ХІХ ғасырың 80 жылдарына дейінгі Ресейге қосылу кезеңі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер әкелді. 1789 жыл Азиялық училище ашылды. Бұл оқу орнында орта Азиямен, Қытаймен сауда байланысының дамуына қатысқан қытай, монғол, парсы тілдерін меңгерген тілмаштар дайындалды. 1813 жылы патша өкімнтіне қызмет ететін шенеуніктерді даярлау мақсатында Орынбор учиищесі ашылды. 1831 жылы Омбы, Семей қалаларында орысша білім беретін училищелер ашылды. 1836 жылы Өскеменде қазақ балаларына арналған интернат училище ашылды. 1837 ж Сібір кадет курпусы ашылды.1841 ж Бөкей ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ балаларына арналған орысша жіне татарша білім беретн мектеп ашылды.1844 ж Орынбор училищесі негізінде Орынбор Неплюев кадет курпусы ашылды. 1850 ж Орынборда қазақ балаларына орыс тілінде білім беретін мектеп ашылды.

Соседние файлы в папке тарих экз