Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева.doc
Скачиваний:
227
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
375.3 Кб
Скачать

10. Ноосфера – тұрақты және қауіпсіз дамудың мақсатты бағдары

Ғаламдану процесі және тұрақты болшақ. Тұрақты дамуға көшу процесі ғаламдық процесс болып табылады, және басқа мемлекеттер дамудың ескі үлгісінде қалып отырған жағдайда жеке мемлекет бұл жолға өз бетінше өте алмайды. Сондықтан да стихиялық түрде басталған ғаламдану процесін, және ең алдымен, оның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік құрастырушыларын тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға пайдалану қажет. Осылайша постиндустриалдық мемлекеттердің, трансұлттық корпорациялардың, бүкіләлемдік ұйымдардың бастамасымен етек алып отырған ғаламдану процесі әлемдік қоғамның бүкіл цивилизацияның тұрақты болашағына көшуіне ықпал жасар еді.

Қазіргі кезеңде тұрақты дамуға көшуде жүйелі дағдарыстан шығу, тұрақты және қауіпсіз жағдай туғызу өте маңызды, себебі одан тұрақты даму траекториясына өтуді қиындықсыз бастауға болады.

Жоғарыда айтылғандай, тұрақты дамудың терең мәні – цивилизация мен биосфераны сақтауда. Тұрақты даму идеялары мен ноосфераның қалыптасуы арасындағы байланысқа ерекше көңіл аударған дұрыс. Тұрақты дамудың ноосфералық бағытталуы бірінші орынға интеллектуалдық-рухани және тиімді-ақпараттық факторлар мен ресурстарды шығарады. Олар материалдық-заттық және табиғи ресурстар мен факторларға қарағанда шексіз, және цивилизацияның аман қалуына, үздіксіз ұзақ дамуына негіз құрайды. Мемлекеттік стратегия бүкіл XXI-ғасырға, тіпті III-ші мыңжылдыққа дүниетанымдық бағдар болуы қажет. Дәл осы ғасырда және мыңжылдықта цивилиция дамуының ескі үлгісімен (яғни, тұрақсыз даму) қазірше теориялық түрде айтылып келе жатқан тұрақты даму үлгісінің арасындағы қайшылықтар шешілуі керек, тұрақты дамуға ноосфералық бағдар беру керек. Осыған байланысты XXI-ғасыр не ғаламдық антропо-экологиялық апат ғасыры болады, не цивилизацияның аман қалып, тұрақты даму ғасыры болады.

ЮНСЕД дамуды қоршаған ортаны қорғаумен байланыстырды, ал енді дамуды барлық саладағы қауіпсіздікпен байланыстырып, кеңірек концепцияға шығу керек. Бұл – жоғарыда айтылғандардың тек экологиялық қауіпсіздікке ғана емес, әлеуметтік-экономикалық, т.б. әрекеттердің барлық түріне қатысты екендігін көрсетеді.

Сонымен, әңгіме экономикалық тиімділік пен экономикалық қауіпсіздікті, әлеуметтік әділдік пен әлеуметтік қауіпсіздікті, экологиялық қауіпсіздікті және коэволюциялық дамуды бірге қамтамасыз ету керектігінде болып отыр.

Қауіпсіздікті тұрақты даму арқылы қамтамасыз ету сатылы түрде іске асырылады және тұрақты даму жолында қойылған мақсаттардың іске асырылуына тікелей байланысты. Тұрақты даму жолындағы ортақ мақсат, шын мәніндегі соңғы саты – ноосфераның қалыптасуы болып табылады. Алдағы уақытта бүкіл әлемдік қоғамның табиғатпен қарым-қатынасының гармониялық түрде үйлесуі бірте-бірте шешілуі керек. Адамзаттың тұрақты дамуға қарай жылжуы, аяғында, В.И.Вернадский болжаған ақыл-ой сферасының, яғни ноосфераның қалыптасуына алып келеді, ол кезде ұлттық және жеке байлықтың өлшемі – рухани байлық және қоршаған ортамен үндесе тіршілік ететін Адамның білімі болады.

Ноосфера ХХІ ғасырдың бірыңғай парадигмасы ретінде.Ноосфераның құрылуына және қалыптасуына қажетті нақты жағдайлар:

  1. Адамның бүкіл планетаны иеленуі;

  2. Елдер арасындағы байланыс және алмасу құралдарын күрт өзгерту.

  3. Жердегі барлық мемлекеттер арасындағы байланыстарды, әсіресе саяси байланыстарды күшейту.

  4. Адамның геологиялық ролінің биосферада өтіп жатқан басқа геологиялық процестерден басым шығуының басталуы.

  5. Биосфера шегін кеңейту және ғарышқа шығу.

  6. Жаңа энергия көздерінің ашылуы.

  7. Барлық нәсілдегі және діни көзқарастағы адамдардың теңдігі.

  8. Сыртқы және ішкі саясатта жалпы халық ролінің артуы.

  9. Ғылыми ой мен ғылыми ізденістердің діни, фиолософиялық және саяси құрылымдар қысымынан тәуелсіз, ерікті болуы және мемлекет құрылымында еркін ғылыми ойларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.

  10. Жетілдірілген халық ағарту жүйесі және еңбекшілердің әл-ауқатын көтеру. Ашаршылықты және жоқшылықты бодырмауға, ауру деңгейлерін төмендетуге шын мәнінде нақты мүмкіндіктер жасау.

  11. Саны өсіп бара жатқан халықтың барлық материалдық, эстетикалық және рухани сұраныстарын өтеуге қабілетті ету мақсатында Жердің бастапқы табиғатын саналы түрде өзгерту.

  12. Қоғам өмірінен соғыстарды жоғалту.