Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева.doc
Скачиваний:
227
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
375.3 Кб
Скачать

Әлем елдері халқының 2000 және 2050 жж саны (Die Savolkerungsreichsten, 2000 кітабынан)

Ел

2000 ж халқының саны, млн адам

2050 ж-ға болжанған халқының саны, млн адам

Индия

1002

1628

Қытай

1265

1369

АҚШ

276

404

Индонезия

212

312

Нигерия

123

304

Пәкістан

151

285

Бразилия

170

244

Бангладеш

128

211

Эфиопия

64

188

Конго (б. Заир)

52

182

Мексика

100

152

Филиппиндер

80

140

Ресей

145

128

Вьетнам

79

124

Египет

68

117

Жалпы әлем

6200

9500

Кеңістіктің тапшылығы. Жер бетін тек тұрғын халықтар ғана емес, автокөліктер, мотоциклдер, ұшақтар, және т.б. иеленеді. Әлемдегі 250 млн. көлік үшін Жер бетіндегі бүкіл халыққа қажет мөлшердегі оттегі керек екен. Ал екі ғасырдан кейін, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, атмосферадағы оттегі мүлдем таусылады. Жерасты кеңістіктері де жетпеу қаупі туындайды, қалалар астында жерасты қалалары, канализациялар, туннельдер, метро сияқтылар орналасады.

Қала жүйесі – адам түзген жүйелердің ең күрделісі. 1996 ж. әлемдегі қалалар халқы 2,64 млрд адамды құрады, бұл бүкіл халықтың 46 %-ы [Голубев, 1999]. Бірақ, 2050 ж. Қала тұрғындарының үлесі 2/з-ке жетеді.

Қазіргі уақытта 5 млн халқы бар 40 қала бар, ал 2000 ж. 10 млн-нан астам халқы бар қала саны 19, 1 млн-нан астам халқы бар қала саны 372-ге жеткен және бұл қалаларда планета халқының 17,8 %-ы тұрады.

Өсе келе көршілес ірі қалаға жанындағы қалалар қосылып агломерациялар құрады. Жақын орналасқан агломерациялардың бірігуі мегалополистердің (ұзынша жолақ пішінді жоғары урбандалған кеңістіктік құрылым) пайда болуына әкеледі. Өте ірі қалалардың жиынтығын конурбация деп те атайды.

Мұндай жерлерде халық тығыздығының ұлғаюымен және тіршілік кеңістігінің тарылуымен қатар адамның көңіл күйі басылып, психикалық шыдамсыздық, агрессивтілік өседі. Мұны «үлкен қала синдромы» деп атайды.

Халық саны өсуінің теріс салдарлары. Халық саны өсуінің теріс салдырларына төмендегілер жатады:

  1. Материалдық сұраныстың өсуі;

  2. Қалалық агломерациялардың өсуі;

  3. Қоршаған ортаның ластануы;

  4. Тіршілік деңгейінің төмендеуі;

  5. Халық құрылымының өзгеруі;

  6. Адамдардың тар жерде көп жинақталуы.

Адамның шаруашылық әрекетінің өсуі нәтижесінде топырақтың химиялық құрамының өзгеруі және оның ластанып, бұзылуы туындайды.

Жер бетінде минералды ресурстардың қорларының азаю процесі ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен қатар жалғасуда.

Ортаның адамға қатысты агрессивтілігі жоғарылауының факторы ретінде ең алдымен қоршаған ортаның ластануын және ауру қоздырғыштарының патогенділігінің өсуін атауға болады.

Генофонд өзгеруінің табиғи факторларының – мутациялардың, гендер дрейфінің, табиғи сұрыптаудың әсері жалғасуда.

Соғыс және лаңкестіктің экологиялық проблемалары. Қоршаған ортаны қорғау тек ғылым мен техниканың проблемасы емес. Ол сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік және саяси-құқықтық проблема. Техниканың құқықтың бақылауынсыз дамуы, әсіресе әскери салада, түзетуге келмейтін теріс нәтижеге алып келуі мүмкін. Осыған байланысты қарулану жарысы, ядролық және басқа да жаппай қыру құралдарын сынау ерекше қауіп туғызады.

Капиталистік елдер концерндері тәжірибесіндегі радиоактивтік және улы химиялық қалдықтарды жерде және мұхит түбінде бақылаусыз көму айтарлықтай экологиялық проблема туғызып отыр.

Бірақ табиғи ортаға ең қатты әсер көрсететін, әрине, соғыстар, себебі, одан барлық жердегі флора және фауна құртылады.

Өзіміз көріп отырғандай, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау Жер бетінде бейбітшілікті сақтаумен тығыз байланысты.