Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева.doc
Скачиваний:
227
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
375.3 Кб
Скачать

4. Жергілікті (биоэкологиялық) мониторинг – елді мекендер шегінде, өндіріс орталықтарында, мекемелерде орта сапасының өзгерістерін анықтайды. Қоршаған ортаның құрлықтық мониторинг жүйесі

(И.П. Герсимов бойынша, 1981)

Мониторинг деңгейі

Мониторинг нысандары

Сипаттаушы көрсеткіштер

Қызметтер және тірек базалары

Биологиялық (санитарлық)

Жерге жақын ауа қабаты

Уытты заттардың ШРК-сы

Гидрометрологиялық, су шаруашылықтық, санитарлық-эпидемиологиялық

Жерүсті және грунт сулары. Өнеркәсіптік және тұрмыстық шайынды сулар және шығарындылар

Физикалық және биологиялық тітіркендіргіштер (шулар, аллергия туғызушылар және т.б. )

Радиоактивті сәулелену

Радио сәулеленудің шекті дәрежесі

Геожүйелік (шаруашылықтық)

Жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлері

Табиғи экожүйенің функ-ционалдық құрылымы және оны бұзу

Табиғи экожүйелер

Жануарлар мен өсімдік-тердің популяциялық жағдайы

Агроэкожүйелер

Ауыл шаруашылық дақылдарының өімділігі

Биосфералық (ғаламдық)

Орман экожүйелері

Көшеттердің өнімділігі

Атмосфера (тропосфера) және озон экраны

Радиациялық тепе-тең-дік, жылумен ластану, газ құрамы, щаңдануы

Гидросфера

Өзендердің және су қоймаларының ластануы, су айналымы

Өсімдік және топырақ жабыны, жануарлар дүниесі

Топырақ, өсімдік жабы-ны және жануарлар күйі-нің ғаламдық сипаты, Оттегі мен көмір қыш-қыл газының ғаламдық тепе-теңдігі. Заттар айналымы.

Қазақстанның тұрақты дамуы және қоршаған ортаны басқару.Қазақ-станда Рио-92 конвенцияларының бірі – биоалуантүрлілік жөніндегі конвенцияны құптау туралы Министрлер кабинетінің қаулысына қол қойылды.

1994 ж. сәуір айында Қазақстанда Орталық Азиядағы тұрақты даму бойынша ақпараттық желінің (CASDIN) бөлімі ашылды. Бұл жоба Сорос фонды, және т.б. халықаралық ұйымдардың қолдауын тапты. Желі Орталық Азия мен Қазақстанның мүдделі мекемелерінің арасында ақпарат алмасу мен қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді.

1994 ж. 20 желтоқсанында Қазақстанның юстиция министрлігі «БҰҰ-на Экология және тұрақты даму бойынша БҰҰ-на көмек көрсету жөніндегі қазақ ұжымын» тіркеді. Бұл – азаматтардың үкіметтік емес бірлестігі, Қазақстанның барлық облыстарында оның бөлімдері бар. Қазақстанның теңгермелі дамуының әр түрлі аспекттері бойынша жобалық ұсыныстар портфелі жасалды.

Қазақстанның «21 ғ. Күн тәртібі» Концепцисы.2000 жылғы мыңжылдық Саммиті кезінде ҚР президенті Мыңжылдықты Дамыту Мақсаттарына (МДМ) жетуге атсалысуды кең ауқымда жүргізуді қамтамасыз етуге арналған декларацияға қол қойды. МДМ жөніндегі 2002 ж.есеп мәліметтері бойынша біздің еліміз қойылған мақсаттардың екеуіне қол жеткізген, оның ішінде 2-ші мақсат – жаппай білім беру және 4-ші мақсат – білім алуға жынысқа тәуелсз қол жеткізу мүмкіндігі. Сонымен бірге, 1-ші мақсатқа – кедейлікті 2 есе азайту және аштыққа ұшыраушылар санын азайту мақсатын іске асыру жолында біраз нәтижелерге қол жеткізілді. Басқа мақсаттар және олармен байланысты міндеттерге (4 – 8, оның ішінде 7-ші мақсат – экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсаты) 2015 жылға дейін қол жеткізілуі мүмкін.

Қазақстан 2030 стратегиясының шеңберінде 47 мемлекеттік бағдарлама іске асырылып отыр, оның ішінде БҰҰДБ (ПРООН) тарапынан қолданып отырған Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-әрекеттердің ұлттық жоспары да бар. Сонымен бірге, экономика, әлеуметтік даму және қоршаған ортаны қорғау бойынша 40 мемлекеттік бағдарлама дайындалып жатыр. Қазір ҚР ҚОҚМ жанында құрылған сектораралық сараптама тобының қатысуымен ҚР тұрақты дамуы бойынша бағдарлама табылатын Қазақстанның «21 ғ. Күн тәртібі» Концепцисын жасалды.

Қазақстанда бірнеше тақырыптық құрылымдар жұмыс істейді, мысалы, Экономикалық саясат жөніндегі комиссия, Қоршаған ортаны тұрақтандыру мәсе-лелері бойынша министраралық комиссия, ҚР Киот хаттамасын ратификациялау мәселесі туралы министраралық комиссия, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, Климаттың өзгеруі бойынша координациялық орталық, Кедейлікті азайту жөніндегі комиссия. Қазақстан Республикасы егемен ел ретінде және халықаралық ұжымның толық құқылы мүшесі ретінде барлық адамдар үшін экологиялық теңгермелі және әлеуметтік әділ дамудың жолдарын іздестіруде әлемдік процесстерге белсенді қатысады.

Қазақстан өзінің тұрақты даму идеясын қолдайтындығын БҰҰ Генералдық Ассамблеясының 1997 жылғы Рио+5 арнайы сессиясында, 2000 жылы Мыңжылдық саммитінде, және де 2002 жылы тұрақты даму бойынша Бүкіләлемдік саммитте (ТДБС) (ВСУР) растады.

ҚР қоршаған ортаны басқаруда халықаралық қызметтестік. Йоханнес-бург кезінен бері Қазақстанда ТДБС-да қабылданған міндеттерді орындау бойынша айтарлықтай прогресске қол жеткізілді. Қазақстан қоршаған орта саласында 19 халықаралық келісімге қатысты. Ғаламдық экофонд (ҒЭФ) жобаларын басқару комитеттері жұмыс істейді.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі БҰҰДБ (ПРООН) сарапшыларымен бірге Тұрақты даму бойынша ұлттық комиссия (ТДҰК) құру, ТДҰК жұмысының индикаторлары мен мандаты жөнінде бірқатар негізгі құжаттар дайындады, олар қоғам секторларының бәрінің өкілдері, оларға қоса РҚ Парламентінің, РҚ Президенті Администрациясының, әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың, бизнес құрылымдардың, ҒӨБ, тендерлік, жастар, фермерлік ұйымдарының және халықаралық ұйымдар мен сарапшыларының өкілдері қатысуымен жасалды. Кең ауқымды сектораралық кеңестік процесс 2004 жылдың наурызында ҚР Өкіметі жанынан ҚР тұрақты даму бойынша кеңесінің құрылуымен аяқталды.

Қазақстанның тұрақты дамуының индикаторлар жүйесі 60 индикатордан тұрады, оның 25-і экологиялық, 15-і экономикалық және 20-сы әлеуметтік даму индикаторы. Су және энергия пайдалану бойынша екі басым индикатор мекеме-лерде іс жүзінде қолданылады. Бұлардан басқа, кедейлікті жұмсарту бойынша индикаторлар жасалды.

ПРООН БҰҰДБ (ПРООН) «ҚР тұрақты даму бойынша кеңесінің жұмысын ұйымдастыру үшін экологиялық басқаруды күшейту» жобасының шеңберінде қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қолдау көрсетіп отыр, бұл қоршаған орта жөніндегі саясатты сектораралық қызметтестік арқылы жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл ҒЭФ-тың ұлттық және субрегионалдық жобаларын орындауда елдің мүмкіндіктерін жақсартады және азаматтық ұжым қалыптастыруда тұрақты даму принциптерін пайдалануға мүмкіндік береді. Жоба қоршаған ортаны қорғау министрлігінің операциялық тиімділігін мемлекеттік қызмет реформасын іске асыру үлгісі ретінде күшейтуге бағытталған, сондай-ақ ол тұрақты дамуға арналған тиімді экологиялық менеджмент принциптерін жақсы түсінуге алып келеді.

Қазақстан 2005 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңге қайтадан Тұрақты даму жөніндігі БҰҰ Комиссиясының мүшелігіне кірді.

«Экология» кафедрасы мәжілісінде қаралған. Хаттама №___ «__»____200_ ж.

Жасаған _______________ _____________________________

/қолы/ /Аты-жөні./

Кафедра меңгерушісі _________________ ________________________

/қолы/ /Аты-жөні./

30