Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева.doc
Скачиваний:
227
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
375.3 Кб
Скачать

5. Тұрақты даму концепциясын қалыптастыру

Терминнің пайда болу тарихы. «Тұрақты даму» термині 1983 жылы арнайы құрылған Қоршаған орта және даму бойынша Халықаралық комиссиясының 1987 жылы БҰҰ үшін дайындаған баяндамасы жарияланғаннан кейін кеңінен таралды. Оны – Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау бойынша халықаралық одақ (ТҚХО), Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы (комитеті) (ЮНЕП), Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (ВВФ) сияқты халықаралық ұйымдар ұсынды.

Онда Жер биосферасындағы өзгерістердің қауіптілігіне назар аударылып, оларды жұмсарту бойынша бірқатар ықпалды шаралар қолдану ұсынылды. Әлеуметтік-экономикалық даму процесінде экологиялық факторларды есепке алу қажеттілігі баса айтылды.

Тұрақты даму саясаты 1972 жылы Стокгольмда Қоршаған орта бойынша БҰҰ конференциясының материалдарында да көрсетілген және 1986 жылы ХБГБ - халықаралық геосфералық-биосфералық бағдарлама (МГБП – международная геосферно-биосферная программа) аясында тұжырымдалған. Ол 1987 жылы ЮНЕП(БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасы) дайындаған және Брунтланд Комиссиясының есебі ретінде әйгілі болған «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамада концепция ретінде ұсынылған.

Тұрақты даму концепциясын қалыптастыруда Рио-де-Жанейрода өткен (маусым, 1992 ж.) Қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ конференциясы маңызды рөл атқарды, онда 179 мемлекеттің ресми өкілдері қатысты.

Тұрақты даму түсінігінің әр түрлі анықтамалары бар. Анағұрлым кең тарал-ған түрі «Біздің ортақ болашағымыз» кітабында келтірілген, ЮНСЕД-те (БҰҰ-ның ҚО және Даму бойынша комиссиясы) кеңінен пайдаланылған анықтама: «Тұрақты даму – бұл қазіргі уақыттың сұраныстарын қанағаттандыратын даму, бірақ болашақ ұрпақтың өзінің жеке сұраныстарын қанағаттандыруына қауіп төндірмейді». Бұл анықтама нақсыздығы және антропо-центризмдігі үшін сыналды, «Тұрақты даму» анықтамасы қоршаған табиғи ортаны сақтау туралы айқын түсінік беретіндей болуы керек екендігі атап көрсетілді. Сон-дықтан мынадай анықтама ұсынылған: «Тұрақты даму - өзінің табиғи негізін бұз-байтын, адамдар тіршілігінің сапасын жақсарту - биосфераның шаруашылықтық сиымдылығының шегінде, яғни, қоршаған ортаның табиғи биотикалық реттелу механизмін бұзбайтын және ғаламдық өзгерістерге әкелмейтін шегінде қамтама-сыз етілетін тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму».

Бұл Концепция ЮНСЕД ұсынымы бойынша қабылданған, оның құжатта-рында әр елдің үкіметіне өзінің ұлттық тұрақты даму стратегиясын әзірлеп, бекітуі ұсынылды.

ХХ ғасырдың соңында ХХІ ғасырға бағытталып қалыптасқан негізгі эколо-гиялық ойлау стереотипі тұрақты даму Стратегиясында көрініс тапқан.

Тұрақты даму стратегиясы 1992 жылы ҚОДК-2 (КОСР-2) конференциясында қабылданды, бірақ ол қазіргі уақытта да жалпы назар орталығында болуды жалғас-тырып келеді. Тұрақты даму осы шақтың сұраныстарына сай келетін, бірақ бола-шақ ұрпақты өз сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігінен айырмайтын құбылыс ретінде анықталды. БҰҰ-да Тұрақты даму бойынша арнайы комиссия құрылды.

Тұрақты даму Стратегиясының негізі мен мақсаты. Тұрақты даму Стратегиясының негізі қоршаған орта мен оның ресурстары және экономика мен Жер халқы арасын теңдестіру идеясы болып табылады. Тұрақты даму Стратегия-сының мақсаты – тіршілікті жаһандық өзгерістерге бейімдеудің негізгі жолдары мен тәсілдерін жасау.

Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге күш салуда адамдарға қамқорлық орталық орын иеленеді. Әрбір адам салауатты қоршаған ортада, табиғатпен үндескен жемісті өмірге құқылы. Стратегияда руханилылық түсінігі жай тірі қалу мақсатынан бөлек мақсаттың болуы түрінде тұжырымдалған. Стратегияны жүзеге асыру әртүрлі мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағынан орнығуына қарамастан, интегра-циялануын және олардың іс-әрекет бірлігін қамтамасыз етуді талап етеді.

Тұрақты даму белгілері.Тұрақты даму ұғымы негізгі 2 белгі арқылы анықталуы тиіс:

1. Антропоцентрлік даму;

2. Биосфероцентрлік даму.

Дамудың антропоцентрлік белгісі кең мағынада адамзаттың (елдің) тірі қалуын, және біздің ұрпақтарымыз өзінің сұраныстарын табиғи жағдайда және Жер мен ғарыштың экологиялық жағдайында өтеуге бүгінгі ұрпақтармен салыстырғанда кем емес мүмкіндіктерге ие болатын, адамзаттың тоқтаусыз әрі үздіксіз ұзақ дамуға қабілетін (мүмкіндігін) көрсетеді. Биосфероцентрлік (жалпы жағдайда – экологиялық) белгі ұғымы биосфераның Жер бетіндегі тіршілік негізі және оның тұрақтылығы мен табиғи эволюциясына қажетті жағдай ретінде, адамзаттың әрі қарай дамуы экофобты түрде жүрмейтіндей күйде сақталуымен байланысты. «Біздің ортақ болашағымыз» кітабында «Тұрақты даму стратегиясы адамдар мен қоғамның және табиғаттың арасында үндестікке жетуге бағытталған» деп атап көрсетілген. Бұл принципті табиғат пен қоғамның коэволюциясы принципі ретінде сипаттауға болады.

Осы айтылғандардан тұрақты дамуды қоғамның аман қалуын және үздіксіз прогресін қамтамасыз ететін және қоршаған табиғи ортаны, әсіресе биосфераны бұзбайтын социотабиғи даму стратегиясы ретінде тұжырымдауға болады.

Тұрақты даму принциптері. Табиғи даму принциптеріне төмендегілер кіреді:

  • жердегі барлық тіршілік иелерін сыйлау және қамқор болу;

  • тіршілік сапасын көтеру;

  • экожүйелердің өміршеңдігін және алуантүрлілігін сақтау;

  • қайта қалпына келмейтін ресурстардың сарқылуының алдын алу;

  • экожүйелердің сиымдылық мүмкіншілігінің шегінде даму;

  • адам санасын және оның мінез-қылығының стереотиптерін өзгерту;

  • өзінің мекендеу ортасын сақтауға қоғамның әлеуметтік мүдделелігін қолдау;

  • әлеуметтік-экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық концепцияларының интеграциясын жасау;

  • әлемдік деңгейде іс-әрекет бірлігіне жету.

Бұл принциптер 1991 жылы Мәскеуде «Жерге қамқорлық жасау – тұрақты тіршілік ету стратегиясы» құжатында жарияланды. Құжатпен жұмыс ТҚХК (МСОП), БҰҰҚОК (ЮНЕП), ЖТӘФ (ВВФ) халықаралық ұйымдарының бастауымен орындалды.

Тұрақты даму міндеттері.Стратегия өз алдына екі негізгі міндет қойған: адамзаттың аман қалуы және адам өмірінің мәнін пәлсапалық анықтау.

Стратегияда жарияланған басқа принциптер арасындағы ең таластысы – халық санын реттеу (жанұялық жоспарлау).

Стратегияда басты назар ресурстарды сарқымай пайдалануға аударылған. Тек осындай көзқпрас қана ұрпақтарға бір нәрсе қалдыра алатынымыздан үміттендіреді.

Тұрақты даму биосфераға әсер ететін жалпы антропогендік қысымды төмендту барысында, ең кем дегенде экономикалық тиімділікті, босферосәйкестікті және әлеуметтік әділеттілікті болжайды.

Шаруашылық іс-әрекеттерді биосфераны бұзбайтындай, керісінше оны сақтайтындай, яғни оны экологиялық қолжетімді етіп, экожүйе сиымдылығының шегінен шықпайтындай етіп ұйымдастыру – болашақта тұрақты қоғам орнауының орталық бағыттарының бірі.

Бұл міндеті шешу шаруашылықтың жан-жақты және толық қарқындандырылуы мен экологияландырылуы принциптеріне негізделген, тепе-теңдіктегі немесе тұрақты экономиканың жаңа үлгісін құрудан күтіледі.

Тұрақты даму критериі ретінде экологтар қоршаған ортаға және табиғи экожүйелерге (табиғатты пайдалануға) оларды шаруашылықтық сиымдылық шегінде сақтауға мүмкіндік беретіндей дәрежедегі көзқарасты санайды.

Тұрақты дамуды бағалауда төмендегі критерийлер пайдаланылады:

  • халықтың жұмыспен қамтылуының нақты деңгейі;

  • адам дамуының индексі;

  • монетарлық-қаржылық критерий.