Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева.doc
Скачиваний:
227
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
375.3 Кб
Скачать

7. Тұрақты даму факторлары

Тұрақты дамудың негізгі факторлары: экономикалық, әлеуметтік және табиғаттанулық. Қазіргі кезде тұрақты даму түсінігі тұрақты дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық компоненттерінің өзара байланысын, сондай-ақ, әртүрлі деңгейдегі қатынастарды қамтамасыз ету сұраныстарын қамтиды.

Адамның тұрақты дамуы (АТД). Тұрақты даму концепциясының негізінде қоғам өмірінің үш бір-бірімен байланысты аймағы жатыр – экономика, экология, әлеуметтік процесстер. Мемлекетішілік және халықаралық қатынастарда 20-шы ғасырдың басым бөлігі экономикамыздың басымдық көрсету белгісі астында өтті және адам факторының рөлі мұнда приоритетті болудан алыс болды.

Бірақ ғасырдың соңғы ширегінде приоритеттер айтарлықтай өзгерді. 1984 жылы БҰҰ декларациясында қойылған адам құқығы проблемасы 70-ші жылдардың ортасында АҚШ және басқа да батыс мемлекеттерінің көтеруімен өзекті мәселелер қатарына шықты және халықаралық қатынастардың барлық жүйесіне әсері барған сайын күшейе түсті.

Тұрақты даму концепциясы жасалғаннан кейін экономикалық-әлеуметтік-экологиялық қарым-қатынастар триадасында приоритеттердің бөліну мәселесі өткірлене түсті. Оның мәні, біріншіден, даму фокусында адамның, оның құндылықтарының, талпыныстарының және тіршілік жағдайларының тұруында, және екіншіден, экономиканың дамуы мен табиғи жүйелердің қызмет атқаруы тіпті де мақсат емес, адам тіршілігінің қалыпты жағдайларын, жеткілікті деңгейін және адамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін құрал болып табылатындығында.

БҰҰ зерттеулерінде дәл осы адамның тұрақты дамуын (АТД) тұрақты даму концепцияның өзекті элементі ретінде қарастыру ұсынылады.

Тұрақты даму концепциясы мен адам құқығы арақатынасы туралы мәселеде тұлғаның экологиялық құқығы батыс ғалымдарының ерекше назарында тұр. 1993- 94 жылдары БҰҰ-ның бір топ сарапшылары Женевада адам құқықтары мен қоршаған орта туралы принциптер декларациясының жобасын жариялады, онда тұлғаның қауіпсіз, салауатты және экологиялық қолайлы қоршаған ортаға әмбебап құқығы жарияланды. Бүгінгі күні 60-тан астам елдің конституцияларында қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің жауапкершілікте екендігі бекітілген.

Тұрақты даму – адам дамуының негізгі принциптерінің бірі, ал ол «адам қалауының ұлғаю процесі және адамдардың әл-ауқаты жақсаруының қол жеткен деңгейі» (Адам дамуы туралы баяндама, 1990 ж., ПРООН) деп түсініледі.

Адам дамуының негізгі принциптері:

1. Өнімділік. Адамдар кірісті қалыптастыру процесіне толыққанды қатысуға және әділ қаржылық ақы алу үшін еңбетену мүмкіншілігіне ие болуы тиіс.

2. Теңдік. Адамдардың барлығы әуелбастан-ақ теңдей мүмкіндіктерге ие болуы керек.

3. Тұрақтылық. Бүгінгі адамдардың ғана емес, келешек ұрпақтың да мүмкіндіктерге қолдары жетуі қамтамасыз етілуі тиіс.

4. Мүмкіншіліктердің кеңеюі. Даму тек адамдар үшін ғана емес, олардың өздерінің күш салуы нәтижесінде іске асуы тиіс.

Адам дамуы концепциясы. Адам дамуы концепциясы адам әлеуметтік-экономикалық дамудың бастапқы және соңғы пункті балып табылады деген фактіні құптаудан туындайды. Мұндай дамудың әлеуметтік аспекті оны анықтаушы доминантаға (басымдыққа) айналады, ал материалдық-заттық мүмкіндік – осылай дамудың шартына айналады. Адамның дамуы тіршілік сұраныстарының әмбебаптығынан туындайды, ал ол бүгінгі саясаттың көптеген бағыттарына негіз болатын қуатты философиялық идея болып табылады. Тіршілік сұраныстарының әмбебаптығы адамның негізгі құқықтарының барлығын – экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтарын қорғайды. Сонымен бірге, минимальды кірісі кепілдендірілген болуы тиіс.

Адам құқығының бүкіләлемдік декларациясы (25-ші бап):

«Әр бір адам тағаммен, киіммен, баспанамен, медициналық көмепен және қажетті әлеуметтік қызмет көрсетумен қоса, оның өзінің және жанұясының денсаулығы мен әл-ауқатын ұстап тұратын тіршілік деңгейіне құқылы, жұмыссыз қалғанда, ауырғанда, мүгедекке айналғанда, жесірлікке ұшырағанда, қартайғанда және басқадай өзіне байланысты емес себептерден туындаған қаражатсыз қалу жағдаларында қамсыздандырылуға құқықты».

Адам дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында капиталдың барлық түрлерін – физикалық капиталды, адам капиталын, табиғи капиталды болашақ ұрпақ төлеуге мәжбүр болатын қарыздар жасамай қамтамасыз ету қажет.

Адамның тұрақты дамуы стратегиясы капиталдың барлық түрлерін – физикалық капиталды, адам капиталын, табиғи капиталды өсіруі тиіс – және болашақ ұрпақтың өзінің сұраныстарын кем дегенде бүгінгі ұрпақ деңгейінде өтеуге мүмкіншіліктері болатындай деңгейде өсіруі тиіс.

Адам дамуының қарыздарының түрлері:

-қаржылық – ұзақ уақытқа арналған сыртқы және ішкі қарыздардан (заем) құралады;

-әлеуметтік – адам дамуына бөлінген мемлекеттік шығындардың жеткіліксіздігінен туындайды;

-демографиялық – халық санының бақылаусыз өсуіне немесе оның ұзаққа созылған ауқымды депопуляциясына байланысты;

-экологиялық – табиғи ресурстардың қайтымсыз жүдеуінен немесе қоршаған ортаның ластануынан туындайды.