Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева.doc
Скачиваний:
227
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
375.3 Кб
Скачать

12. Қазақстан Республикасы тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары

Қазақстан Республикасы табиғи ортасының тұрақсыздануы, себептері және салдарлары. Республикада, экологиялық жағдайы нашар бірнеше аймақ бар. Каспий өңірі аймағы – табиғи шабындықтары мен жайылымдарының күйі бойынша жағдайы ең нашар аймақтардың бірі, ондағы Атырау облысының жайылымдары мен шабындықтарының 77%-ында антропогендік әсер белгілері байқалады, олар –әр түрлі деңгейде тапталған, жеуге жарамайтын және улы өсімдіктер басқан жерлер. Жайылым шөбі 4,7 млн.га (48%) жерде жоғары дәрежелі деградацияға, 1,2 млн.га (12%) жерде – орташа, 1,9 млн.га (20%) жерде – әлсіз деградацияға ұшыраған. Шалғын шөпті аймақтың ауданы 3 есе, қамысты аймақтардың ауданы 14 есе азайған. Жалпы облыс бойынша алғанда мал азықтық дақылдардың өнімділігі және олардың жем-шөптік қоры төмендегені байқалады.

Каспий теңізі режимінің өзгеруі топырақ және өсімдік жабынының құрылымы мен құрамына айтарлықтай теріз әсерін тигізді.

Экологиялық жағдайды жақсарту және ҚР Өкіметінің 1996 ж. 28 ақпандағы № 255 «Каспий теңізінің Атырау және Маңғыстау облыстары шегіндегі жағалаулық аймағындағы елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су алып кетуден қорғауға арналған шараларды іске асыру туралы» қаулысын орындау мақсатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің тарапынан осы облыстардың жерге шаруашылықтық орналастырылу сызба-нұсқалары жасалды, онда жерді тиімді пайдалану және қорғау, сондай-ақ, жер сапасының мониторингісін ұйымдастыру шаралары анықталған.

Арал өңірінің Қазақстандық бөлігі 59,6 млн.га жерді алып жатыр, оның ішінде Қызылорда облысы (22,6 млн.га), Актөбе (19,7 млн.га), Қарағанды (8,7 млн.га) және Оңтүстік Қазақстан облысы (8,6 млн.га) жерлері бар, бұл жерлер республиканың жалпы ауданының 22%-ын құрайды.

Экологиялық жағдайдың табиғи ландшафтыларға әсерінің дәрежесі бойынша Арал өңірі үш зона тармағына бөлінеді:

  • Дағдарыс алдындағы аймақ (30,9 млн.га);

  • Дағдарыс аймағы (13,2 млн.га);

  • Экологиялық апат аймағы (15,5 млн.га).

Климаттың және гидрологиялық жағдайлардың өзгеруіне орай Арал өңірінде жел эрозиясының дамуы байқалады.

Экологиялық апат аймағы орталығында (Қызылорда облысының Арал ауданы) территорияның 22%-ындағы жайылымдар күшті және орташа дәрежелі деградацияға ұшыраған, оған әлсіз деградацияға ұшыраған жерлерді қосқанда – 80%-ға дейін жетеді. Қазіргі уақытта Арал теңізінің ашылған табанында құмды-сортаң жалаңаш жерлер қалыптасып келеді.

Қазіргі уақытта Аралдың түбі жалаңаштанған ауданы 3 млн.га-дан асады. Мұндай тіршіліксіз, тұзды құм басқан жерлер күннен-күнге артып келеді. Бұл жерлерде пайда болған сорлар мен жылжымалы құмдар тұзды, шаң-тозаңды және құмды Арал маңайындағы жерлерге ұшырып шығаратын арена болып, орасан зор аймақтың экономикасына айтарлықтай зиян келтіріп отыр. Осы жерлерде ауаның орташа ылғалдығы 18%-ға төмендеп, аязсыз кезең 1 айға дерлік қысқарды. Табиғи шабындықтардың ауданы мен өнімділігі 4 есе азайды. Жердің 15%-ға жуығы табиғи өнімділігін толық жоғалтты. 3 мың көлден жүзден сәл астамы қалды. Сексеуіл, тоғай ормандары, қамыстар өте жылдам жойылып барады.

Семей ядролық сынақ полигоны ауданы (СЯСП). Экологиялық апат аймағының жалпы ауданы 7 млн.га құрайды, оның ішінде нақты полигон жері -1,8 млн.га, төтенше және жоғары радиациялық қауіп аймағы - 5,2 млн.га. СЯСП-ның әсер ету аймағында 27,4 млн.га ауыл шаруашылық жерлері (өңірдің 88,3%-ы) есепте.

1996 жылғы 7 ақпандағы ҚР Өкіметінің № 172 қаулысымен СЯСП жерлері қордағы жерлер құрамына өткізілді, ал төтенше және жоғары радиациялық қауіп аймақтарына жататын аудандарда экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар анықталды.

Экологиялық мониторинг түсінігі. ҚР қоршаған ортасының құрлықтық мониторинг жүйесі. Экологиялық мониторинг – ғылыми негізделген бағдарламалар бойынша орындалатын бақылаулар, бағалаулар, болжаулар кешені және осылардың негізінде жасалатын қоршаған орта жағдайын және экологиялық қауіпсіздікті басқаруды қамтамасыз етуге қажетті басқарушылық шешімдер нұсқалары

Мониторингтің мақсаттары – бақылаулар мәліметтерін жинау және өңдеудің біртұтас жүйесін ұйымдастыру, билік және басқару органдардын қоршаған орта туралы кешенді ақпаратпен қамтамасыз ету, қоршаған табиғи орта нысандарының күйін бағалау және болжау, табиғи ортаның ластануынан болатын қауіпті бағалау және нормативтерді жасау.

Экологиялық мониторинг келесідей буындарды қамтуы тиіс:

1. Ғаламдық (биосфералық) мониторинг – халықаралық қызметтестік негізінде іске асырылады;

2. Ұлттық мониторинг – арнайы құрылған органдар тарапынан мемлекет көлемінде ұйымдастырылады;

3. Аймақтық мониторинг – қарқынды игеріліп отырған ірі аймақтар шегінде ұйымдастырылады;