Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева.doc
Скачиваний:
227
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
375.3 Кб
Скачать

6. Тұрақты дамуға қол жеткізу туралы концепциялар

XXI ғасырдың күн тәртібі. БҰҰ-ның Рио-де Жанейрода (1992 ж.) болған қоршаған орта және даму бойынша 2-ші конференциясы өзінің декларациясында тұрақты дамуды қоғамның стратегиялық принципі ретінде жариялады. Рио-92 конференциясына қатысқан 53 ел нақты елдерге арналған теориялық нұсқаулар және практикалық ұсыныстармен айналысатын БҰҰ-ның комиссиясын (ЮНКУР) құрды.

БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы конференциясында (1992 ж.) қабылданған ең маңызды құжат – «XI ғасыр күн тәртібі». «Күн тәртібі» тұрақты дамуға жету бойынша негізгі жұмыс бағдарламасы болып табылады. Онда барлық елдердің тұрақты дамуына қажет жағдайлар тұжырымдалған, олардың ішіндегі ең бастысы – табиғатқа және табиғат ресурстарына аялай қарау. Оған қолайлы халықаралық жағдайлар жасау құралы ретінде анағұрлым тиімді және әділ әлемдік экономика қалыптастырылуы қажет.

«Күн тәртібінде» әлемнің кейбір бөліктерінде тұтынушылық деңгейі өте жоғары болғанымен, адамзаттың басым бөлігінің тұтынушыларының негізгі қажеттіліктері қамтамасыз етілмей қалып отырғандығы көрсетілген.

«Күн тәртібі» дамыған елдерді 2000 жылға дейін БҰҰ тарапынан ұсынылған міндеттерді орындауға, яғни, дамып келе жатқан елдерге экологиялық бағытталған көмек көрсету үшін жалпы ұлттық өнімнің ЖҰӨ (ВНП) 0,7%-ын бөлуге шақырған.

Даму стратегиялары. Тұтыну мен өндіру құрылымдарын өзгерту концепциясының бірнеше нұсқасы ұсынылған. Солардың бірі «экотиімділік». Оның түпкілікті мәні – байлықтарды тұтынуды және қоршаған ортаның ластануын азайту, қалдықтарды кеміту мақсатында энергетикалық және шикізаттық байлықтарды пайдалану тиімділігін (экономикалық тиімділікпен қоса) барынша арттыру. Екіншісі – «экокеңістік». Оның негізіне дамудың тұрақтылығын бұзбай пайдалануға болатын энергияның, судың, территорияның және қалпына келмейтін табиғат байлықтарының қажетті мөлшері алынған тұтыну мен өндіру құрылымын өзгерту концепциясы алынған. Мұнда қоршаған орта бір жағынан қалдықтар жинақталатын орын ретінде, екінші жағынан байлықтар көзі ретінде қарастырылған. Бұл функциялардың орындалуы ластанумен, және онымен қоса жүретін қоршаған ортаның деградациясымен шектеледі. «Экокеңістік» концепциясын іскен асыру тиімді технологияларды және тұтыну мен өндіру жүйесін қайта құруды пайдаланғанда ғана мүмкін болады.

Тұрақты дамуға қол жеткізудің күрделірек нұсқалары да бар. Адам мен қоршаған орта әрекеттесулерін қарастыра келе, К.М.Трубецкая, Ю.П.Галченко және Л.И.Бурцев дамудың үш стратегиясын ұсынған.

Бірінші стратегия– «шаруашылықпен айналысушы адамның Жердің табиғи биотасының табиғи-теңгерілген жүйелерімен әрекеттесуі». Бұл стратегияның ақтық мақсаты – түрлерді, олардың тіршілік ортасын және биологиялылық алуан түрлілігін сақтау болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік (табиғи экожүйелердің даму жағдайын қамтамасыз ету) табиғи биотаның қалыптан шығуының рұқсатты мөлшерін шектеу жолымен қамтамасыз етіледі. Бұл стратегияның қабылдануы сұраныстың өсуінің өздігінен шектелуіне әкеледі.

Екінші стратегия – «шаруашылықпен айналысушы адамның оның азық-түлікке деген сұраныстарын қамтамасыз ететін жасанды- теңгерілген антропогендік экожүйелермен әрекеттесуі». Бұған ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін өндіретін түрлі әрекеттер жатады. Бұл стартегия бойынша Жердің табиғи биотасының сақталу дәрежесі адамды азық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын технологиялардың тиімділігіне тікелей байланысты.

Үшінші стратегия- «шаруашылықпен айналысушы адамның (өндірістің) жасанды орта экожүйелерімен әрекеттесулер». Жасанды орта экожүйелері – жер тұрмыстық, рекреациялық және инфрақұрылымдық нысандар салу үшін берілген қалалар мен басқа да елді мекендер. Мұндай жүйелерде биологиялық алуан түрлілікті сақтау міндеті қойылмайды. Адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету, ғимараттар мен коммуникацияларды, және басқа да адам тіршілігі үшін маңызы бар орталарды қорғау маңыздырақ болып табылады.