Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева.doc
Скачиваний:
227
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
375.3 Кб
Скачать

9. Дамудың ғаламдық үлгілері

Дамудың кең тараған белгілі үлгілері. Дамудың ғаламдық үлгілері физикалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелердің математикалық үлгісін жасап, ондағы мәліметтерді негізге ала отырып, болашақты болжады. Олардың ішіндегі ең көп тарағаны төрт түрі мыналар:

1. Форест үлгісі;

2. Әріптестерімен бірге Медоуздың үлгісі;

3. Мессарович-Пестель үлгісі;

4. «Глобал 2000» үлгісі.

Бүгінгі экологиялық концепциялар 1970-ші жылдары Рим клубының баянда-масы түрінде пайда болған. 1972 ж. Донелла және Денис Медоуздар «Өсу шектері» деген кітабын шығарып, онда «...егер өндірістің дамуы әрі қарай да осылай дами беретін болса, онда 75 жылдан соң коллапс – яғни, ғаламдық экологиялық апат болады» деген қорытынды жасайды. 1974 ж. Медоуз «Шекті дүниеде өсу динамика-сы» деген жаңа кітабын жариялады, онда футурологияның ең күшті жарылысын байқауға болады. Автор дүниені біртұтас жүйе ретінде емес, бір-бірімен байланыс-қан экономика, техника, биология, халық, және т.с.с. жүйе тармақтарының күрделі құбылысы түрінде қарастырады. Апаттық дағдарыстар әр түрлі уақытта түрлі аймақ-тарда көрініс береді, бірақ бір-бірімен шиеленісе байланысады, –дейді автор, және әр түрлі фактілерге сүйене отырып, ол «нөлдік өсім» концепциясын әрі қарай жалғастырады.

Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық үлгілер де жасалды, оларда ресурстар мен халық жөніндегі мәліметтер пайдаланылмады. Мысалы, дүниенің латынамери-кандық үлгісі, британдық, жапондық үлгілері, және БҰҰ-ның әлемдік үлгісі.

Болашақ сценарийлері. Бірінші сценарий: жаппай жою қаруының арсеналын іске қосу Жердегі бүкіл тіршілікті жояды, ол жансыз планетаға айналады. Бұған қажет жою потенциалы бар, сонымен қатар, әлеуметтік алғышарт та бар, ол – күннен күнге артып келе жатқан қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуі

Екінші сценарий: биосфера өте өзгерген, қарапайым күйде қалады, бірақ, адам, қоғам болмайды, әлеуметтік жүйелер мен ойлаушы материя да жойылады. Одан әрі эволюция барысында олардың жаңадан пайда болуы мүмкін, бірақ, табиғи ортаның түбегейлі өзгеруі салдарынан басқа нұсқада пайда болуы мүмкін. Кейбір ғалымдар осыған ұқсас сценарийдің планетаның тарихында бірнеше рет қайта-ланғандығы туралы гипотеза жасап отыр.

Үшінші сценарий: жергілікті цивилизациялардың соқтығысуынан кейін адамзат сақталып қалады, бірақ күшті мутацияларға ұшырайды, бұл жаңа түрдің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Бірнеше орамға артқа лақтырылған әлеуметтік жүйелер тарих баспалдағына қайтадан тырмасып шыға бастайды, цивилизацияның эпицентрі соқтығыстардың зардабына көп ұшырамаған аймақтарға ауысады.

Төртінші сценарий: болашақ үнемі туатын қауіпті жеңе отырып, индустриалдық қоғамның потенциалын баяу іске асыра отырып, табиғи және әлеуметтік жүйелер арасындағы әлсіз тепе-теңдікті сақтай отырып, ноосфераның түзуші және бұзушы нұсқаларының арасында теңселіс күйінде болады.

Бесінші сценарий XXI ғасырда ноосфераның түзуші нұсқасының жеңуінен, табиғи және әлеуметтік жүйелердің динамикасынан үміттендіреді. Бұл саналы түрде тиімді жолды таңдауды және оны жүйелі түрде іске асыруды талап етеді.

Оптимистік сценарийдің траекториясына жақындау үшін төмендегілер қажет:

  • сұраныстар құрылымын рационализациялау, олардың қанағаттандырылу мүмкіндіктерін ескере отырып, ерікті түрде өзін шектеу;

  • қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесулерінің гумандық идеалдары мен этикалық нормаларын жасау және тарату;

  • жастарды тарту, ағарту, үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру;

  • БҰҰ, ЮНЕСКО, басқа да халықаралық ұйымдар көмегімен планетаның бүкіл әл-күштерін біріктіру, ұлттық экстремизмді, жергілікті соғыстар толқынын және соқтығысуларды жеңуге қабілетті ғаламдық бағдарламалар мен оларды іске асыру механизмдерін қалыптастыру және іске асыру, адамзатты соңғы қадамнан тоқтатып, траекторияны баяу, бірақ дәл бұру.

Тұрақты даму идеясын сынау. Тұрақты даму стратегиясы бүгінгі күні экологиялық саясаттың басты құралы болып табылатындығына қарамастан, оны барлық мамандар ҚОТД-2 (КОСР-2) құжаттарында тұжырымдалған күйінде құптайды деуге болмайды. Көптеген ғалымдар тұрақты даму стратегиясы идеясына скептикалық түрде қарайды, кейде тіпті құптамайды. Тұрақты даму стратегиясын сынаған бірнеше Ресейлік мамандардың көзқарастарын келтірейік.

Академик Н. Н. Моисеевтің пікірі бойынша дағдарыстарды жеңудің таза техникалық немесе таза технологиялық жолы мүлде жоқ. Бүгінгі жағдайда ғаламдық экологиялық проблемалардың шешілуі мүмкін емес деп санайды Н.Н. Моисеев. Екі экономикалық жүйенің жарысы басқарылуы орталықтандырылған экономиканың күйреуімен аяқталды. Планета тұтас нарықтық кеңістікке айналды, және мемлекеттер арасындағы алшақтық ұлғайып барады. Капиталдар еңбек өнімділігінің деңгейі жоғары мемлекеттерде жинақталуда, және бұл елдер баи түсуде. XX ғасырдың аяғында орныққан экономикалық және саяси тәртіпті мақсатты бағытталған түрде жетілдіру қажет.

«Ресей экологиясының проблемалары» кітабының авторларытұрақты даму стратегиясына скептикалық түрде қарайды. Олар «Стратегияның негізінде ғажайыпты күту, адамның қоршаған ортаға әсерін азайту биосфераның тіршілікті қамтамасыз ететін жүйе ретінде сақталуына алып келеді деп үміттену жатыр» деп есептейді. Ал шынында, –дейді олар, – қазірдің өзінде адамзат бұзылып жатқан әлемде, өсіп бара жатқан, цивилизацияның дағдарысына айналып бара жатқан экологиялық дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатыр. Соған қарамастан, авторлар жинақталған интеллектуалдық потенциал табиғаттың бұзылуын тоқтата алады деп үміттенеді. Орасан зор ресурстарды қомағайлана жұтқан қаруландыру жарысы ұзақ уақыт бойы кедергі болып келген болатын, бірақ қазір, әлемдегі болып жатқан байыпты саяси өзгерістерге байланысты, бұл кедергі әлсірей бастады.

СоЭС экологиялық қозғалысының көшбасшысы С.Забелин адамзат тұрақты даму жолымен жүру мүмкіндігінен айырылып қалды деп есептейді. Ол «XX-ғасыр күн тәртібін» көптеген компромисстерден, мүмкін емес үміттер мен аңыздардан тұратын құжат деп санайды. Ерлі-зайыпты Медоуздар болжаған ғаламдық дағдарыс кешікпей, тіпті XXI-ғасырдың бірінші ширегінде болады. Қазір әлемде жүріп жатқан ғаламдану процесі дағдарысты тек жылдамдата және күшейте түседі. Халықаралық корпорациялар ғаламдық ақпараттық процесстерді өзіне бағындырып алған, көпшілік ақпарат құралын монополияландырған, көпшіліктің санасын өз дегеніне жүргізеді. Интернетке көпшіліктің қолы жетіп жатқан жоқ, сондықтан ол альтернатива бола алмайды.

Тұрақты даму идеясын сынаудың тағы бір қызығы – кейбір мамандардың «XX-ғасыр күн тәртібінде» берілген Концепция мен социалистік лозунгтер арасында байланыс табуы. Ғылыми коммунизм теориясы мен «Тұрақты даму концепциясы» арасындағы ортақ жайлар төмендегілер деп көрсетіледі:

  • көпшіліктің қамы үшін тұтыну деңгейін төмендету;

  • ұзақ кезеңге жоспарлау;

  • «жаңа» сананың елден елге таралуын болжау.