Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева.doc
Скачиваний:
227
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
375.3 Кб
Скачать

8. Халықаралық қатынастарды экологияландыру

Экологиялық экспансия. Бүгінгі қоғам дамуының барлық бағыттарының экологияландырылуы – бүгінгі күннің негізгі тенденцияларының бірі. Бұл көпдеңгейлі «экологиялық экспансия» процесінің дамуы 1980-ші жылдардың ортасында басталды. Табиғатты қорғау және ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері қауіпсіздіктің, экономикалық өсу мен дамудың, әлемдік сауданың, демографияның, Оңтүстік пен Солтүстіктің арақатынастарының, адам құқығының, және т.б. ғаламдық проблемаларымен барған сайын тығыз байланысқа ие бола бастады. Бұл процесстің кульминациясы қоршаған орта және даму жөніндегі конференция болды(Рио-де-Жанейро, 1992ж.),онда қоғам мен табиғат арақатынасының проблемалары қоршаған орта мен табиғат ресурстарын сақтауға ғана емес, адам цивилизациясының сақталуына бағытталып қаралды. Жаңа стратегияның концептуалдық негізі – тұрақты даму идеясы болды, оның іске асырылуын экономикалық, әлеуметтік және экологиялық процесстердің жеке мемлекеттер ішінде және әлемдік бірлестік шеңберінде теңгерілуінен бөлек қарауға болмайды.

Риодағы конференция аса белгілі емес, бірақ өте маңызды ғаламдық процесс – жалпы сананы экологияландыру ісінің дамуының бір сатысы болды. Экологиялық тетік бірте-бірте тіршілік сапасымен және жағдайымен байланысты кез келген проблеманы қоюды және оны шешуді бақылайтын әмбебап құралға айналды. Жалпы сананы және қоғамдық пікірді экологияландыру – өте инерциялы, баяу процесс. Бірақ, оның мағынасын түсіну – бірқатар мемлекеттердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және халықаралық қатынастар жүйесінде өзінің экономикалық позициясын нығайтудың негізі болып табылады. Тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныстың белгілі бір экологиялық критерийлерге сай келетін ғаламдық өзгерістері әлемдік нарықтың салмақты сапалық өзгерістеріне әкеледі, онда экономикасының экологияландырылуы жоғары деңгейге жеткен мемлекеттердің өнімі ғана барынша бәсекеге қабілетті бола алады.

Дәстүрлі тауарлар мен қызметтер нарығы проблемасының мәні – нарықтық экономиканың биосфераның тұрақтылығын сүйемелдеуге, биоалуантүрліліктің сақталуына, және болашақ ұрпақ мүддесін есепке алуға ықпал етпейтіндігінде, тек тұрақты өсу иллюзиясын туындатып, табиғат байлықтарының жүдеуіне алып келетіндігенде.

АҚШ-та, мысалы, «Халықаралық экологиялық проблемаларды шешу технологиясы» атты бағдарлама қабылданып, онда АҚШ басқа елдерге өзінің энергетика, өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тірі табиғаттың алуантүрлілігін сақтау салалары бойынша жоғары тиімді технологияларын ұсынып отыр. Олар әлемдік нарықта өз тауарлары мен қызметтерін өтпелі экономикалы елдерге сатып, экологиялық таза өнімге сұранысты арттыруға ұмтылады.

АҚШ пен қатар, экологиялық технологиялар нарығының бәсекелестігіне басқа да индустриалды елдер кірісті. Осындай, экологиялық көмек беруші «донорлар» қатарында Әлемдік Банк және Евробанк (ТМД-ға), Орталық Европа елдері (Арал және Қара теңіз аймағына), Скандинавия елдері (Балтық теңізі, арктикалық аймақтарға), Канада (Сібірге), Жапония (Қиыр Шығысқа) экологиялық көмек көрсетеді.

Әлемдік экологиялық саясаттағы «нарықтық көзқарастар». Дүниежүзі-лік экологиялық саясатта қоршаған ортаның ластануы үшін төлем принципін, халықаралық «нарықтық» қатынастар жүйесін енгізу етек алып келеді. Экологиялық саясатта нарықтық құралдарды пайдалану қажеттігі ЕЭБ (ЕЭС) және ОЕСД тарапынан 1980-ші жылдардың ортасында жарияланған. Олар бекітілген экологиялық нормативтерді бұзған мекеменің немесе тұлғаның шығарындылар үшін айыппұл төлеуі, шығарындыларды лицензиялауы, ластануды жоюға және оның салдарларына кеткен шығынды өтеуі, мониторингке кеткен шығынды өтеуі сияқты шараларды қарастырған.

«Ластаушы төлейді» принципі табиғатты пайдалану және адам мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды реттеу саласында тек ұлттық қана емес, тіпті ғаламдық масштабта жаңа позицияларды жаулап алды. Нарықтық көзқарастың ең айқын көрінісі ретінде халықаралық «ауаны саудалау», яғни, жылужайлық газдарды шығаруға (эмиссияға) квота белгілеу принципін атауға болады.

Көптеген елдер шығарындыларға квоталар сату механизмін кешіктірмей іске асыруға мүдделі, бірақ шығарындыларды есепке алып, квота белгілеу, бағасын анықтау механизмі бойынша нақты пікір әлі де жоқ. Қытай, Индия және басқа да дамып келе жатқан елдер, ауа ортасын басты ластаушылар өндірісі дамыған елдер деп санап, Киот протоколына қосылудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

Біраз уақыт бұрын дамыған елдердің оттегіні өндіру және пайдалануы біркелкі бөлінбегендіктен, оттегіні пайдалануды саудалау квотасы туралы мәселе көтерілді. Бірқатар елдер оттегінің донорлары болып табылады – олардың ормандары оттегіні мол өндіріп, өндірісі дамыған тұтынушы елдерді оттегімен қамтамасыз етеді. Зерттеуші мамандардың есебі бойынша ең ірі донорларБразилия және Ресей. Бразилияның тропиктік ормандары жылына 5089 млн.т артық оттегі өндіреді, ал Ресей ормандары, тек жазда ғана «жұмыс істейтіндігіне» қарамастан, 5346 млн.т. оттегі өндіреді екен. Оттегі өндіру бойынша донорлар қатарына Канада, Аргентина, Венесуэла, Мексика, Түркия, Финляндия, Швеция, Иран, Сауд Аравиясы, Индия, Индонезия, Қытай, Малайзия, Жаңа Зеландия, Филиппин аралдары жатады. Тұтынушылар қатарына жатқызылғандар – АҚШ, Австрия, Бельгия, Люксембург, Англия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Италия, Нидерланды, Франция, Швейцария, Венгрия, Польша, Румыния, Чехия, Словакия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Жапония.

Кейбір зерттеушілер «экологиялық»салық идеясы биосфераны пайдаланған-дығы үшін салық енгізу керек деген ой туғызады дейді, ол антропогендік қысым коэффициентіне пропорционалды болуы керек (К.Я.Кондратьев, В.К.Данченко. Экодинамика және геополитика. Т.1. Ғаламдық проблемалар. СПб, 1999). Авторлар бұдан түскен қаржы құнарлы жерлері азайған елдерге көмек ретінде берілуі керек дегенді ұсынады.

Экологиялық нормалау жүйесі. Экология саласындағы «нарықтық механизмдер» туралы сөз қозғағанда оның қайшылықтарын түсіну керек. Шынында да, жақында енгізілген «ластаушы төлейді» принципі өзін ақтады деуге болмайды. Қоршаған ортаны ластағандығы үшін төлемақы төлеу табиғатқа зиян келтіретін әрекеттерге рұқсат бермеуі керек. Мұны тізгіндейтін механизм ролін, ұлттық масштабта, табиғатты пайдаланғандығы және ластағандығы үшін төлемақы саласында әсер ететін экологиялық норомалау жүйесі атқарады. Ластағандығы үшін төлемақы төлеудің пайдасы – бұл қаржы табиғатты қорғау қажеттіліктеріне жұмсалады (экофондтарға жіберіліп, экожүйелерді қалпына келтіруге жұмсалады). Экофондқа түсетін қаржылар:

  • мекемелердің қоршаған табиғи ортаны рұқсат етілген нормативтер шегінде лимиттен артық ластағандығы және қоршаған табиғи ортаға басқа да зиянды әсер көрсеткендігі үшін төлемақы;

  • қоршаған табиғи ортаға және табиғат ресурстарына тигізген зиянын өтеуі бойынша талаптан алынған қаржы;

  • табиғатты қорғау заңын, экологиялық нормаларды, ережелерді, стандарттарды және басқа нормативтік актілер мен табиғаттықорғаушы органдардың қараларын, аңшылық, балықшылық, т.б. ережелерін бұзғандығы үшін төленетін айыппұл.

Тұрақты даму және экологиялық өзара тәуелділікті басқару перспективасы. Тұрақты даму стратегиясының жүзеге асуы әрбір мемлекеттің жердің биосфера қабығының шектелген экологиялық потенциалын пайдаланғаны үшін жауапкешілігін шешудің ғаламдық проблемасымен тығыз байланысты. Ал жердің биосфера қабығының шектелген экологиялық потенциалының құрамына әлемдік бірлестіктің мүшелері қадағалайтын ұлттық территориялар мен мемлекеттік емес кеңістіктер кіреді. Мұндай халықаралық жауапкешілік жүйесін құрудың императивті сипаты мемлекеттердің өзара тәуелділігіне байланысты, және мұның альтернативасы – барлығына ортақ экологиялық апат екендігін мойындауға байланысты анықталады. Сонымен қатар нақты жағдайда, яғни, цивилизацияның Жерді пайдалану сиымдылығының шегінен шығып кету жағдайында халықаралық жауапкершілік проблемасы жуықарада шешілмейтін мәселеге айналғалы тұр.

Ең қиыны, мемлекеттер арасында мемлекеттен тыс кеңістіктердің потенциа-лын пайдалануға жауапкершілікті бөлу. Бұл қиындық, әсіресе, көптеген елден келе-тін зиянның ішінде нақты бір елдің үлесін анықтауда, зиян ауқымды масштабты қамтығанда, зиянның әсері ұзаққа созылғанда және т.с.с байқалады.

1972 ж. Қоршаған ортаны қорғау бойынша Стокнольм конференциясында әр мемлекеттің өзіне тиесілі ресурстарды өзінің қоршаған орта саласындағы саясатына сай пайдалануға егеменді құқығы жарияланған декларация қабылданды: Мемлекет-тер өздерінің юрисдикциясы немесе бақылауы шегіндегі іс-әрекеттері ұлттық юрисдикциядан тыс жатқан басқа мемлекеттердің немесе аумақтардың қоршаған ортасына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты (21-ші принцип). Деклара-цияға, әр түрлі мемлекеттер қоршаған ортаның бұзылуына түрліше үлес қосады, бірақ бұл үшін жалпы, дифференциацияланбаған жауапкершілікке ие болады деген принцип қосылды.

Аталған құжаттармен қатар, қоршаған ортаны қорғау, сақтау және жақсартуға халықаралық жауапкершілік принципі көптеген басқа конвенцияларда, келісімдер-де, хартияларда және декларацияларда қайталанды.