Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева.doc
Скачиваний:
227
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
375.3 Кб
Скачать

11. Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және тұрақты даму

Қазіргі заманғы экологиялық дағдарыс және оны жеңу жолдары. «Кризис»сөзі (қаз. «дағдарыс») гректің «кризис» немесе “кринейн”сөзінен дәл аударғанда «шешім қабылдау» деген мағына береді. Бүгінгі күні адамзат ұшырап отырған проблемалардың қысқаша тізімін келтірейік:

-ғаламдық жылыну;

-климаттық зоналардың ысырылуы;

-озон тесіктері;

-қоршаған ортаның ластанулары;

-жоюға келмейтін радиоактивтік қалдықтар;

-құнарлы топырақтың эрозиясы және олардың аумақтарының қысқаруы;

-демографиялық жарылыс;

-қайта қалпына келмейтін минералдық ресурстардың жүдеуі;

-энергетикалық дағдарыс;

-бұрын белгісіз, емделуі қиын аурулар санының күрт өсуі;

-азық-түліктің жетіспеуі;

-планета халқынының басым бөлігінің ашаршылыққа ұшырауы;

-әлемдік мұхит ресурстарының жүдеуі және оның ластануы.

Бұларды шешудің осы кезге дейін ұсынылып келген жолдары мен әдістері қазірше тұрақты нәтиже бере алмай отыр. Оның себебі көп. Бір зерттеушілер осының бәрінің себебі техникалық прогресс деп тапса, екіншілері – планета халқының жарылыс тәрізді күрт өсуі деп санайды. Діни конфессиялардың кейбір өкілдері алғы шепке адамгершіліктің, ізгіліктің жетіспеуі мен қоғамның моральдық құлдырауын қояды. Бұл тұрғыда белгілі бір себепті бөліп айту қиын, дұрысы, ХХ-шы ғасырдың аяғында адамзат ұшырап отырған жағдайға осы факторлардың бәрінің жиыны әсер етеді дегенге саяды.

Жер планетасы адамзаттың ортақ үйі болып отырған жағдайда көптеген қайшылықтар, соқтығыстар, проблемалар жергілікті шеңберден шығып, ғаламдық сипат алып кетуі мүмкін. Сондықтан, бүгінгі күні табиғат пен қоғамның ажырамас өзара байланысын түйсінген дұрыс.

Алға материалдық байлықты көбейту мақсатын қою – планета биоценозының бірті-бірте, бірақ жойылуына алып келе жатыр. Бұл құбылыстың алғашқы қарлығаштары – климаттың өзгерістері, табиғи апаттар, өнімділіктің төмендеуі, азық-түлік өндіру көлемінің азаюы және оның салдары ретінде – жалпыға төніп тұрған ашаршылық қаупі.

Кроме исключительно внутренних проблем человечества существуют проблемы объективного характера. Минеральные ресурсы планеты недостаточны для поддержания высокого уровня жизни во всех странах. Ученые всего мира уже давно бьют тревогу по поводу явного недостатка средств к жизни.

Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары. Экологиялық дағдарыстан шығудың үміт күттірер жолдары төмендегілер болып саналады:

-экспансивті ғарыштану: көршілес планеталарды зерттеу, оларды иелену және минералдық ресурстарын пайдалану.

-жаңа ресурсүнемдеуші технологиялар енгізу.

-Күн жүйесінің көршілес планеталарының минералдық ресурстарын өндіру.

-нанотехнология.

-қайта қалпына келетін энергия көздерін іздестіру және пайдалану.

-термоядролық синтез.

-кәдімгі затпен қосылғанда аннигиляция реакциясын беретін антизат өндіру (аннигиляция реакциясы дегеніміз – екі заттың бір-бірімен қосылғанда бірін-бірі өзара мүлде күл бөлмей, яғни, қалдықсыз жоя отырып, орасан зор энергия бөлуі).

Халық санының өсу проблемасы. XVIII ғасырдың аяғында Томас Мальтус деген ағылшын «Халық саны туралы заң тәжірибесі» деген кітабын жариялап, онда Жер халқының геометриялық прогрессиямен, ал тіршілікке қажетті заттардың (ең алдымен азық-түлік өнімдерінің) арифметикалық прогрессиямен өсіп жатқанын дәлелдеген. Яғни, азық-түлік өнімдерінің өсуі кем-кемнен адамзат санының өсуінен қалып бара жатыр. Мальтус халықтың тоқтаусыз өсуін шектеуге шақырып, осылайша демографиялық саясаттың негізі қаланған болатын.

Жер тұрғындарының саны қазігі уақытта әр 33 жыл сайын екі еселеніп отыр (1966 жылдан 1999 жылға дейін). Егер осылайша екі еселену кем дегенде екі ғасырға созылса, Жер беті түгел адамға толады. Ал алты ғасырдан соң әр адамға планетамыздың 1 шаршы метрі ғана тиісетін болады.

Бүгінгі күні планетаның 815 млн. халқы ашаршылыққа ұшырап отыр, әлемде күніне 35 мың адам аштықтан қайтыс болады, бұл 1 жылда 12 млн. адам деген сөз. Ал туылу саны бұдан айтарлықтай артық: жыл сайын 96 млн. адам туылады.

Көптеген мемлекеттер халық саны өсуін реттей бастады. Халқы ең көп Қытай Халық Республикасы жанұядағы бала санын бір баламен ғана шектеу мақсатын қойды.

Туылуды шектеу саясатын Бангладеш, Индонезия, Иран, Пәкістан өкіметтері де қойып отыр. Халқының саны ең жоғары қарқынмен өсіп отырған елдер – Мозамбик (жылына 4,6 % ) және Ауғанстан (жылына 5,2 %). Бұл жерлерде дені сау әр әйелге 8-10 баладан келеді.

Барлығына бәрі жетіспейді. БҰҰ-ның мәліметі бойынша қазіргі батыс қоғамының стандарттарына сәйкес сұраныстарды өтеу үшін қазіргі бар шикізат пен энергия 1 млрд. адамға ғана жетеді. Бұл АҚШ, Батыс Европа және Жапония елдері халқының жиынтығына тең, осыдан да оларды «алтын миллиард» деп атайды. Бұл елдер бірге энергияның жартысынан астамын, металдың 70%-ын пайдаланып, қалдықтардың жалпы массасының 3/4 бөлігін шығарады.