Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomka_2.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

1.2 Мекемені басқару құрылымы

Кәсіпорынның басшылық құрамы;

Басқару төрағасы;

Пайдалану бойынша төрағаның орынбасары;

Бас инженер;

№1 автомобиль колоннасының бастығы;

№ 2 автомобиль колоннасының бастығы;

ҚТ және ҚҚ (қозғалыс қауыпсіздігі) бойынша жетекші инженер;

ҚҚ бойынша инженер;

Өндірістік база;

Кәсіпорын 6,9 га. аймақты алып жатыр.

Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін кәсіпорында төмендегідей қызметтер жүзеге асырылады:

1. Техникалық қызмет (бас инженер, шеберхана бастығы,ПТО бастығы – жылжымалы құрамның жоғары техникалық жағдайын қамтамасыз етеді).

2. Пайдалану қызметі (пайдалану бойынша директордың орынбасары, диспетчерлік қызмет – жылжымалы құрамның тиімділігін қамтамасыз етеді).

3. Қаржылық–экономикалық қызмет (экономист – қаржыгер кәсіпорынның экономикалық дамуын талдауды және болжауды жүргізуді қамтамасыз етеді).

4. Материалдық-техникалық қызмет (қойма меңгерушісі – кәсіпорынның тіршілік әрекеті тылын қамтамасыз етеді).

5. Кадрлық-әлеуметтік қызмет (кадр бөлімінің бастығы – кәсіпорынды кадрлармен құрамдауды бақылайды, ұжымның әлеуметтік-психологиялық жағдайын қолдайды).

6. Бақылау қызметі (бақылау-линиялық қызмет, жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметі, техникалық қауіпсіздік қызметі өндірісте қызметкерлер тарапынан сәйкесінше нормалар мен ережелерді сақтауды қамтамасыз етеді). Сонымен қатар, тұрақта және жөндеу аймағында орналастырушылардың, Өндірісті басқару орталығы (ӨБО) диспетчерлерінің, қысқы уақытқа ауысқанда – электриктер мен сантехниктердің тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылған. Бұл жөндеу аймағын, тұрақты және жалпы кәсіпорын аумағын бақылауды қамтамасыз етеді.

Жылжымалы құрамға уақытында және сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорының жөндеу базасында барлық қажетті цехтар және тораптар, агрегаттар мен өзге де жабдықтарды жөндеуге арналған орындар бар, атап айтсақ:

1. ГМБҚ (гидромеханикалық беріліс қорабын) жөндеу цехы жөндеу жүргізуге, гидромеханикалық беріліс қорабының түрлерін жүргізіп жаттықтыруға және қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

2. Агрегатты цех – автобусқа орнатылған барлық тораптарға және агрегаттарға қызмет көрсету, тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізеді (пневматикалық тежеуіж жүйесінің агрегаттары, басқару тұтқасы, трансмиссия, ажырату, механикалық беріліс қорабы, басты беріліс және басқалары).

3. Моторлы цех кәсіпорын балансындағы барлық автобус маркаларының қозғалтқыштарына жөндеу жүргізуді және қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Ол қозғалтқыштарға сапалы жөндеу жүргізу үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған (маркалары бойынша қозғалтқыштарға жөндеу жүргізуге арналған орындар, дөңгелек ажарлау станогы, жалпақ ажарлау станогы, жону станогы, хонинговальды станок және өзге де арнайы жабдықтар).

4. Өндірісті дайындау қызметі, негізгі жөндеу жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізетін, сонымен қатар, кәсіпорынның барлық өндірістік-техникалық базасының техникалық жағдайын қадағалайтын өндірісті дайындау цехы және слесарлық-механикалық аймақ.

5. Аккумуляторлық цех аккумулятор батареяларын қуаттандыруды және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

6. Электр жабдықтарын жөндеу цехы генераторларды, стартерлерді және автобус жүйесінің өзге де электр құрылғыларын жөндеуді қамтамасыз етеді.

7. Жанармай құрылғысы цехы жанармай жүйесі агрегаттарына сапалы жөндеу жүргізуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

8. Слесарлық цех ескірген ажырату қаптамасын, тежеуіш қалыптарын ауыстыруға қажетті жұмыстарды және қажетті слесарлық жұмыстарды жүргізеді.

9. Медникалық цех радиаторларды жөндеу және онымен байланысты барлық қажетті жұмыстарды жүргізеді.

10. Кәсіпорынның шанақтық және майлау аймағы қысқа мерзімде автобустарды сапалы қалпына келтіру және бояу жұмыстарын жүргізеді.

Жөндеу жұмыстарын жүргізетін цехтар мен бөлімшелердегі барлық қызметкерлердің жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша үлкен тәжірибелері бар. Қызметкерлердің ең төменгі өндірістік өтілі 5 жылды құрайды.

Сурет 1.2 - Автобус паркінің басқару құрлымы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]