Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomka_2.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

4 Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау бөлімі

4.1 Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және 10.12.1999 жылғы № 493 – I (өзгерістер және толықтырулар 31.01.2006 жылы №125 - III 06n19-01 енгізілді) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының заңынан, 2004 жылдың 28 ақпанындағы № 528-II «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңынан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және еңбек қызметi процесiнде еңбек қауіпсiздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерiн белгілейдi.

2004 жылдың 28 ақпанындағы № 528-II «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңын еңбек қауіпсіздігі жөніндегі негізгі ережелер, осы Заңның қолданылу аясы, еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы негiзгi принциптер мен негізгі мемлекеттік бағыттар, мемлекеттік нормативтік талаптар, қызметкерлер құқығының кепілдемесі, әйелдердің еңбегін қорғау туралы ережелер, қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері реттейді.

«Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері»

1. Жұмыс беруші:

1) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

2) өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерге профилактика жүргізу, оларды неғұрлым қауіпсізіне ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген қатерді болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;

3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және оларды ұйымда өткізуге арнап қаражат бөлуге;

4) өндірістік процестер мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамалық өткізуге, қызметкерлерді тиісті нұсқамалық құжаттармен (нұсқаулықтармен, ережелермен, әдістемелік нұсқаулармен) қамтамасыз етуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсiби аурулардың белгiлерi пайда болған кезде қызметкерлердi мiндеттi түрде алдын ала, мерзiмдiк (еңбек қызметi iшiнде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өз қаражаты есебiнен өткізуге;

6) уәкiлеттi органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне, қызметкерлердiң өкiлдерiне ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпарат беруге;

7) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiби ауруларды тiркеудi, есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;

8) қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге;

9) пайдаланудағы негiзгi қорлардың бәрiн еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың қолданылып жүрген нормалары мен ережелерiне сәйкес келтіруге ;

10) еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн жұмысшылар мен мамандарды гигиеналық оқытуды (жалпы және кәсiби аурулардың алдын алу мәселелерi бойынша санитарлық минимумды) қамтамасыз етуге;

11) өндiрiсте болған топтық (екi және одан да көп адам) жазатайым оқиға, жазатайым ауыр оқиға не кiсi өлiмiне әкеп соқтырған жазатайым оқиға туралы бiр тәулiк iшінде тиiстi мемлекеттiк органдарға хабарлауға.

2.Жеке еңбек немесе ұжымдық келісімшартта жұмыс берушінің әр іске байланысты, белсендiлiк ерекшелiгі мен қатерлі қауіп көздерінің алдын алу қосымша міндеттемесі болып табылады.

«Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтары»

Қызметкердің:

1) еңбек қауiпсiздiгiне және еңбекті қорғауға;

2) жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігi мен еңбектi қорғаудың жай-күйі туралы, өмiрге және денсаулыққа төнетiн қауіп туралы, сондай-ақ зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстік факторлардың әсерiнен оны қорғау жөніндeгi шаралар туралы шынайы ақпарат алуға;

3) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарында, сондай-ақ жеке еңбек және ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;

4) еңбек жағдайларын, қауіпсiздiгін және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеруге және қарауға өкіл ретiнде қатысуға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен еңбек мiндеттерiн қауіпсіз атқару үшiн қажетті білім алуға және кәсiби даярлыққа;;

6) ұйымның жұмысы еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмегендiктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына.

2004 жылдың 28 ақпанындағы № 528-II «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өрт және электр қауіпсіздіктері, өндірістік санитария жөнінде іс-шаралар өткізілуі қажет және де техникалық қауіпсіздік жөнінде нұсқамалық жүргізілуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]