Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomka_2.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

4.3 Ақ « №1 Автобус паркінде»тқ ұйымдастыру кезіндегі еңбек жағдайын және қауіпсіздігін жақсарту бойынша шаралар

Автобус паркін жөндеу мен техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту үшін келесідей шарттар ұсынылады:

  • инженерлік- техникалық қызметшілер жағынан жұмысшылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша талаптарды жоғарлату;

  • өндірістік жарақатанудан сақтаудың ережелерінің орындалуын, сақталуын бақылап қадағалау;

  • күрделі жөндеуді жүк көтеру механизмдермен жабдықталған арнайы ғимараттарды құру;

  • механизаторларды қажетті слесарлық құралдармен жабдықтау;

  • ауа тазартқыштар мен желдеткіштерді жаңалармен ауыстыру;

  • барлық өндірістік ғимараттардың жылу жүйесін жөндеу мен қайта құрылуын жүргізу;

  • еңбектің қорғау бөлмесін ашу және оған қажетті материалдармен жабдықтау;

  • агрегатар түгелдей медициналық қорапшалармен жабдықталуы қажет;

  • жарамсыз машиналарды жұмысқа жібермеу;

  • агрегаттарды қажетті құрал-саймандармен жабдықтау қажет;

  • жөндеу, тазалау жұмыстары өшіп тұрған техникаларда жүргізілуі қажет;

  • техникалық қауіпсіздік ережелері нұсқауынан өтпегендерді жұмысқа жібермеу;

  • еңбек тәртібін жақсарту;

  • автопарк техникаларын сақтау шараларын дұрыс

  • ұйымдастыру және сақтау ережелерін оқып зерттеген, қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы дайындық пен нұсқаудан өткен қызметкерлерді ғана жіберу керек;

Еңбек қорғау жағдайын күшейту шаралары:

  1. Технологиялық құрылғыларда сынақ мерзімін өтемеген жұмысшыларды жұмысқа жібермеу;

  2. Жөндеуге бақылауды қадағалау және ТҚ машиналар мен құрылғылардың дұрыс орындалуы;

  3. Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдармен қамтамасыз ету;

  4. Жөнделмеген техникаларға жүргізушілерді жібермеу;

  5. Мамандық бойынша емес жұмыстардың орындалуына жол бермеу;

  6. Алкоголь қолданған адамдарды жұмысқа кіргізбеу;

  7. Өндіріс учаскелерін және жұмыс орындарын таза ұстау;

  8. Жұмыс орындарында арнайы нормамен сүт немесе басқа бірдейбағалы азық түліктерді зиянды еңбек шарттарымен тегін тарату;

  9. Бас инженерге және басқа инженер техникалық қызметтің специалисттеріне уақтылы және сапалы еңбекті қорғау шараларын ұйымдастыру;

  10. Эксплуатациялық шығыннан 0.7% мөлшерде еңбекті қорғауға қосынды бөлу;

  11. Техника қауіпсіздігі шараларын бұзған адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту;

Қозғалтқыш сынаушы үшін еңбекті қорғау нұсқамасы

Қауіпсіздіктің жалпы талаптары

Қозғалтқыш сынаушы ретінде жұмысқа мынадай адамдар жіберіледі: медициналық тексеруден өткен, еңбек қорғау бойынша бастапқы және кіріспе нұсқамалық өткен және электрқауіпсіздік бойынша I топтағы адамдар.

Еңбекті қорғау бойынша қайталама нұсқаулық 3 айда 1 реттен кем емес өткізіліп тұруы тиіс.

Қозғалтқыш сынаушы мынаны естен шығармауы тиіс осы берілген еңбекті қорғау нұсқамалары орындалмаған жағдайда , ТЭТ және ҚТТ , қозғалтқыш сынаушыларды өткізу кезінде келесі қауіптер болуы мүмкін: электр тоғымен зақымдану, пайдаланылған газдармен организмнің улануы, күю, зақымдану.

Қозғалтқыш сынаушыларға келесі арнайы киімдер беріледі: костюм х\б, біріктірілген қолқаптар, кожалы бәтеңкелер, шумға қарсы құлаққаптар.

Қозғалтқыш сынаушыға сынақ ғимараттың ішінде істеуге болмайды:

  1. Тезжанғыш заттар мен материалдарды сақтау;

  2. Өткелдерді ыбырсыту;

  3. Темекі шегу;

  4. Жұмыс орнында азық түлік сақтау және ішу;

  5. Ғимаратқа сынақпен байланысы жоқ сынау бокстарды жіберу.

Қозғалтқыш сынаушы ішкі еңбек талаптарын қадағалауы тиіс, тек мастермен берілген жұмысты орындау, жұмыс кезінде зейінді болу, басқа істермен немесе басқа адамдармен сөйлесуге, өзгелерге кедергі жасауға болмайды.

Қозғалтқыш сынаушы жарақаттанған кезде медициналық көмекке жүгінуі тиіс, мастерді құлақтандыруы тиіс және мүмкін болса түсініктеме жазуы тиіс.

Қозғалтқыш сынаушы ішкі еңбек талаптарын және нағыз нұсқамаларды орындамағаны үшін жауапқа тартылады.

Жұмыс басталмас бұрын қауіпсіздік талаптары

Рұқсат етілген спецкиімдер мен жеке қорғаныс киімдерді кию.

Қозғалтқыш сынаушы міндетті:

  1. Сыртқы бақылаумен тексеру: қорғаныс қаптамаларын жөндеу құрылғылары, тасымалды арбаларды, инструменттерді, жүккөтергіш құрылғылар мен механизмдерді, тоқтату құрылғыларының ыңғайлылығын және муфтының фундаменттік плитаға байланысын қоршау; қозғалтқыш сынаушының қозғалтқыштарды орнату үшін ыңғайлылығын; құбыр жүйелерінің байланысу ыңғайлылығы;

  2. Қозғалтқышта өзге заттар мен саймандардың жоқтығына көз жеткізу, тоқтату құрылғысында ,сонымен қатар отын, майлы және сулы өткізу және байланыстыру жүйелерінде тесіктердің жоқтығына көз жеткізу.

Жұмыс уақтысында қауіпсіздікті талап ету

Қозғалтқыш сынаушы міндетті:

  1. Өткелдерді және жұмыс орындарын өзге заттармен ыбырсытпауы тиіс;

  2. Құрал саймандарды арнайы сөмкелермен, жәшіктермен , қораптармен тасу;

  3. Үзіліс уақтында құрал саймандарды жұмыс орнына тастап кетпей, сөмкелерге, жәшіктерге, қораптарға салып кету;

  4. Қозғалтқышты арбадан алған кезде оны ілінулі тұрған күйде арбадан 5-10 см биіктікте ұстай тұрып, одан кейін қажетті биіктікке дейін қозғалтқышты көтеру керек.

  5. Қозғалтқыш жұмыс жасап тұрған кезде ауабаптағыштың , қызмет көрсететін стендтердің дұрыс жұмыс жасауын қадағалау;

  6. Сынақтан өтуші стендтің қысқауақытта ғимаратқа келуі кезінде жеке қорғаныс саймандарын шумнан қорғану үшін пайдалану керек және иінді біліктердің минималды тұрақты бұрылыстарында ақауларды анықтау;

  7. Қозғалтқышты қарау үшін 42В кернеулі ауыспалы лампаларды қолдану.

Қозғалтқыш сынаушыға тыйым салынады:

  1. Осы жұмысқа арнайы берілген жөнделмеген құрал саймандармен жұмыс істеуге;

  2. Ілулі тұрған қозғалтқышқа монтажды және демонтажды жұмыс жасауға;

  3. Жөнделмеген құрылғылармен және жөнделмеген құрал саймандармен жұмыс істеуге;

  4. Жөнделмеген немесе жарығы аз электролампалармен жұмыс істеуге;

  5. Қозғалтқышты (ауадан басқа) жиылған газдармен қосуға;

  6. Өңделген газдарды жүйенің лақтырып қабылданған коллекторымен қозғалтқышты қосуға;

  7. Ауабаптағыштың жұмыс жасамай тұрған кезінде қозғалтқышты қосуға;

  8. Отын жағулы тұрған кезде қозғалтқыштың иінді білігін қолмен бұрауға;

  9. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта сүрту, бекітпелерді тарту секілді жөндеу жұмыстарын жасауға.

Этилді бензинмен жұмыс жасағанда келесі талаптарды орындау керек:

  1. Рұқсат етілген киімде жұмыс жасау, оны жұмыс орнынан алып кетпеу, онымен асханаға бармау;

  2. Этилді бензинмен қолды, заттарды жумау;

  3. Бензинді ауыстырыып құю кезінде шлангтен бензинді ауызбен сормау;

  4. Жұмыс біткеннен кейін және тамақ ішер алдында қолды алдымен керосинменб одан кейін сабынды сумен жуу керек;

Апатты жағдайлардағы қауіпсіздікті талап ету

Сынақ өтуші станцияның жұмыс режимі бұзылса немесе апат жағдайда қозғалтқыш сынаушы құрылғыларды сынақ стенді көмегімен жұмыстан шығару және отын жіберуді тоқтату секілді арнайы шараларды қабылдауы тиіс.

Сынақтан өтуші қозғалтқышты тоқтатуы тиіс, егер:

  1. Өртке қауіпті жағдайларда отын және май жүелерінде тесік анықталса;

  2. Шығыста салқындатқыш сұйықтық немесе май темперетурасы бірден жоғарылап кетсе.

Жұмыс біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары:

  1. Стенд аппаратурасының электр қорек көзін өшіру, отын және май крандарын жабу, қозғалтқышқа демонтаж жасау, барлық монтажды құбырларды жабу;

  2. Сынақтан өтуші бокс құрылғы жүйесінің техникалық жағдайын тексеру және оны ары қарай пайдалануға даярлау.

Жұмыс орнын тазалыққа келтіру , қолды ,бетті сабынды сумен жуу немесе душқа түсу.

Өрт қауіпсіздігі

Әрбір жұмысшы өз жұмыс орнының өрт қауіпсіздігіне жауапты , ғимаратта өрт қауіпсіздігіне арналған нұсқама бойынша жұмыс істейді.Жұмысшы уақтылы өзінің жұмыс орнын тазалайды, ЖЖММ төгілгенде оны құммен немесе үгіндімен себелеп, одан кейін алып тастайды. Темекіні арнайы рұқсат етілген орындарға барып шегеді. Әрбір адам өртсөндіру құралдарымен пайдалана білуі тиіс. Өткелдерді жауып қоюға тыйым салынады. Әрбір 100м2 ауданға бір өртсөндіргіш беріледі, өртсөндіру посттары құрал саймандармен жабдықталады, күрек, шелек, балта, өртсөндіргіштер , өртке арналған қолқаптар. Бұл жерде сонымен қатар құм мен шелек болуы тиіс.

Автомобиль гараждарында өртке есептелген тақтайшалар орнатылуы тиіс: онда нұсқамасы бар табель орнатылады.

Көзге көрінетін жерде ғимараттар мен объектілердің орналасу жоспар сұлбасы,су алатын орындардың, автомобиль қозғалысының, сонымен қатар эвакуациялау жоспары ілінеді.

Өртке арналған су крандары жөнделіп тұруы тиіс және басқа заттармен ыбырсымауы тиіс, олар бір бірінен 100 м ара қашықтықта орналасуы тиіс.

Өрт болған жағдайда ғимараттың әрбір объектісінде шұғыл түрде “101” өрт қызмет телефонына хабарласу керек және олар келгенше өрт сөндіруге кірісуі тиіс.

Ауаның ластануы

Ауа ластануының басты себебі, жанармайдың толық және біркелкі жанбағандықтан болады. Оның 15% автокөліктің қозғалуына жұмсалады, ал 85% босқа кетеді. Сонымен қатар автокөлік қозғалтқышының жану камерасы- ол улы заттарды синтездеп, атмосфераға шығарушы, өзіндік химиялық реактор болып табылады. Азоттың өзі атмосферадан жану камерасына түскен кезде, улы азот тотығына айналып кетеді.

Іштен жану қозғалтқыштың шығарылған газдың құрамында 170-тен көп зиянды компоненттер бар, олардың 160-қа жуығы, өзінің пайда болуына қозғалтқыштағы жанармайдың толық жанбауына тікелей міндетті, туынды көмірсутектер болып табылады. Шығарылған газдың құрамында зиянды заттардың бар болуы, ақыр соңында жанармайдаң жану жағдайлары мен түрлерімен шартталған.

Шығарылған газдар, автокөлік бөліктері мен қақпақтардың механикалық тозу өнімдері, сонымен қатар жолдың жамылғысы жартысына жуық атмосфералық зиянды заттардың шығарылуын құрайды. Автокөлік қозғалтқышы мен карттердің зиянды заттарды шығаруы айрықша зерттелген. Осы заттардың құрамына, азот, оттегі, көміртегі газы мен судан басқа, көміртегі тотығы, көмірсутектер, азот пен күкірт тотықтары, қатты бөлшектер сияқты зиянды компоненттері кездеседі. Шығарылған зиянды заттардың құрамы қолданылатын жаннармайдың түріне, қозғалтқыштың техникалық күйі мен жұмыс режиміне, автокөліктің қозғалу жағдайларына байланысты болады.

Карбюраторлы қозғалтқыштың шығарылған газдардың улылық мөлшері, құрамында көміртегі мен азот тотығының мөлшерімен, ал дизельді қозғалтқыштар- азот тотықтары мен күйе мөлшерімен негізделеді.

Кесте 4.1

Компоненттер

Қозғалтқыштар

Карбюраторлы

Дизельді

Азот

74 ÷ 77

76 ÷ 78

Оттегі

0,3 ÷ 8

2 ÷ 18

Су буы

3 ÷ 5,5

0,6 ÷ 4

Көміртегі еселітотығы

5 ÷ 12

1 ÷ 10

Көміртегі тотығы

5 ÷ 10

0,01 ÷ 05

Азот тотығы

0 ÷ 0,8

0,0002 ÷ 0,5

Комірсутегі

0,2 ÷ 3

0,009 ÷ 0,009

Альдегид

0 ÷ 0,2

0,001 ÷ 0,009

Күйе

0 ÷ 0,4

0,01 ÷ 1

Бензо - пирен

10 ÷ 20

До 10

Зиянды компоненттер саннына, құрамында қорғасын мен күйе, бетінде көмірсутектердің сіңіру процессі өтетін, қатты шығару заттары жатады. Қоршаған ортада қатты зиянды заттардың шығарылуының таралу заңдылықтары, газ тәрізді өнімдерге тән заңдылықтарынан ерекшеленеді. Ірі фракциялар (диаметрі 1 мм-ден үлкен) өсімдектер мен топырақ бетіндегі эмиссия орталығының жаңына түскен соң, ақырғы жағдайда топырақтың жоғарғы бетінде жинақталады. Ұсақ фракциялар (диаметрі 1 мм-ден кем) аэрозоль құрап, ауа массасымен үлкен қашықтықтырға таралады.

80-90 км/сағ жылдамдығы бар қозғалтқыш, орташа есеппен алғанда, 300-350 адам сияқты, сондай мөлшерде, оттегін көмірқышқыл газына айналдырады. Бірақ оның мәні тек көмірқышқылда ғана емес. Бір автокөліктің жылдық пайдаланылған газды шығаруы- әркелкі көмірсутегінің 200 кг, көміртегі тотығының 800 кг, азот тотығының 40 кг. Улылықтың жоғарыланғанынан,атмосфералық ауада оның рұқсат етілген концентрациясы 1мт/м3-тан жоғары болмауы керек. Жабық гараж ішінде қозғалтқышты қосумен байланысты, адамдардың қайғылы өлімдерінің жағдайлары бергілі. Бір орындық гараждарда, көміртегі тотығының өлім концентрациясы, старберді қосқаннан кейін, 2-3 минуттан соң пайда болады.

Жылдың суық маусымында, жүргізушілер жолдың шетінде тоқталып, кейде машинаны жылыту үшін қозғалтқышты қосады. Көміртегі тотығының кабинаға ену себебінен, мұндай жағдай қайғылы түрде аяқталуы мүмкін.

Этил бензинін қолданған кезде, автокөлік қозғалтқышы қорғасын қосылысын шығарады. Қорғасынның егекшелігі, ол қоршаған ортамен қатар, адам организмінде жинақталады.

Магистраль мен магистраль алдындағы аумақтардың газдану деңгейі, автокөліктердің қозғалыс қарқындылығына, жердің ені мен рельефтеріне, жел жылдамдығына байланысты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]