Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕС БАСАРУ УМК.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
759.3 Кб
Скачать

1. Шет мемлекеттердің әлеуметтік саясатқа араласу дәрежесі

Нарықтық механизмнiң және институттардың сақталу негiзiнде, мемлекет функциясының кеңейтiлуi қазiргi заманғы қоғамда әлеуметтiк-экономикалық процестердiң қиындықтарынан туындап отыр. Қазiргi қоғамның көптеген негiзгi мәселелерi тек нарықтық механизiмнiң жолымен тиiмдi шешiлуi мүмкiн емес. Бұл ең алдымен, экономикалық өсiмнiң маңызды көзi болған әлеуметтiк сфераға қатысты жағдайды нығайту. Яғни, өмiр сүрудiң деңгейi, бiлiм, еңбек күшiнiң бiлiктiлiгi, халықтың денсаулығы, қоршаған орта және ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесiн экономикалық өсудiң қарқынына және сапасына тiкелей ықпалын тигiзедi.

Заман талабына сәйкес бұл аталған факторлардың маңыздылығы арта түседi. Мемлекеттiң маңызды қызметiнiң бiрi - нарықтық тиiмдiлiк пен әлеуметтiк теңдiк арасында тепе-теңдiктi сақтау. Принциптi түрде қойылған мiндеттiң ел экономикасына таңсық құбылыс ретiнде енуi мүмкiн емес. Бұл әлеуметтiк нарықтық экономиканың моделi нарықтық заңмен қызмет етiп, мемлекеттiң белсендi араласуы негiзiнде қызмет атқаратын экономикалық жүйе болып табылады.

Көптеген дамыған мемлекеттердiң белдi кәсiпорындары түскен пайдаларын жұмысшылары үшiн медициналық сақтандыруға бағыттайды. Егер халыққа көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң көлемiн қаржыландыруды 100% деп есептесек, онда мемлекеттiк бюджет арқылы АҚШ, Швеция, Финляндия және басқада мемлекеттер 7-63%-ға дейiн қаржыландырады.

Бiрақ, мәселен, адамияның (германияның) экономикалық моделiнде мемлекет экономикалық мақсаттарды орындамайды - бұл мәселе индивидуалды нарықтық шешiмдердiң шеңберiнде жатады; мемлекет экономикалық бастамалардың жүзеге асырылуына белгiлi бiр құқықтық және әлеуметтiк жағдайлар жасайды. Осындай шеңбердегi жағдайлар азаматтық қоғамда және индивидтардың әлеуметтiк теңдiгiнде (құқық теңдiгi, құқықтық қорғау) орындалады. Мемлекеттiң басты мақсаты нарықтық тиiмдiлiк пен әлеуметтiк теңдiк арасындағы тепе-теңдiктi сақату болып табылады.

Мемлекеттiң экономикаға араласуы қарапайым түсiнiкпен тұжырымдалады: мемлекет нарықтық қатынастардың мүмкiндiк әрекетiнен тыс шараларды iске асыруы қажет.

Әлеуметтiк нарықты экономика тәжiрибесiнен Қазақстан экономиасына қажеттi тәжiрибесi ретiнде бәсекелестiң жан-жақты дамуын жетiлдiру. Бұл ұлттық экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн әлеуметтiк саясат контекстiнде жетiлдiруiне маңызды экономикалық теория болып табылады.

Шектеулi қорлар жағдайында маңызды мәселе, әлеуметтiк саясатты жүзеге асыруға қажеттi шығындар мен өндiрiстiң дамуына жұмсалатын қаржылардың арасындағы тиiмдi қатынасты реттеу болып табылады. Бұл ара қатынастың тепе-теңдiгiнiң бұзылуы әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң бұзылуына әкелiп соғады.

Сондықтан әлеуметтiк экономика-экономикалық өсiмнiң механизiмiнiң тиiмдi пайдалануына және халықты әлеуметтiк қорғау мен қамтамасыз етуге жағдай туғызады. Бұл кезеңде келесi қиын мәселе туындайды, яғни нарықтық экономика принципiн әлеуметтiк бағдарламаларды жүзеге асыру шараларымен үйлестiру.

Жоғарыда шет елдердiң жалпы әлеуметтiк саясатқа байланысты араласуының қаншалықты деңгейде болғаны жайлы талдау жүргiзу келе, нақтылай алғанда әлеуметтiк сфераны реттеудiң әр саласына байланысты, яғни денсаулық сақтау мен бiлiм беру саласына қажеттi шет елдiк тәжiрибенi қарастыратын болсақ, ол төмендегi ақпараттарға және талдау негiзiнде көрiнiс тауыр елдегi әлеуметтiк сфераны реттеудiң тиiмдi жақтары қарастырылады. Зерттеу жұмысындағы объект болып денсаулық сақату мен бiлiм беру саласы табылғандықтан осы екi салаға байланысты мемлекет тарапынан реттеудiң кейбiр қырларына тоқтала кетейiк.