Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕС БАСАРУ УМК.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
759.3 Кб
Скачать

3. Стратегиялық, тактикалық және ағымдық жоспарлар

Индикативтік жоспарлар жүйесіне стратегиялық (ұзақ мерзімді),тактикалық (орта мерзімді) және ағымдық (бір жылға дейінгі ) жоспарлар кіреді.

Стратегиялық жоспар10-15 жылға арналып жасалады және экономикада құрылымдық қайта құруды жүзеге асырудың кезеңдерін,стратегиясының мақсатын,артықшылықтарын анықтайды.Стратегиялық жоспар мына тараулардан тұрады:

  1. Әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдау

  2. Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы

  3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

  4. Ұлттық бағдарламалар

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өндіріс қуатының жағдайын,экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденцияларын,мемлекеттік реттеушілер жүйесі жұмысының нәтижелілігі мен әрекеттілігін ,өндіргіш күштердің сапалылығы мен оның дамуын ,сонымен бірге осыларға әсер етуші процестерге айқындап,оны әлемдік экономиканың дамуымен салыстыра көрсетуі қажет.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаты мен міндеттерін,басым бағыттарын,сондай-ақ оларға жету жолындағы ұлттық бағдарламалар тізбесін анықтайды.

Макроэкономикалық негізгі көрсеткіштері арқылы экономикалық өсудің қарқыны,қоғамдық өндірістің құрылымы ,халық шаруашылығының негізгі тепе-теңдіктері,мемлекеттің ,кәсіпорынның және халықтың қаржылық мүмкіндігі бағаланып,болжанады.

Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық стратегияны және оның дамуын жүзеге асыруда мемлекеттік реттеуді ұлттық мақсат пен міндеттерге сәйкес жүргізуге көмектеседі. Директивті және индикативті әдістің қосындысы ретінде ұлттық бағдарламалар кешенді шаралар жүргізетін жоспарлы құжат болып табылады. Онда ресурстар ,орындаушылар және орындалу мерзімі,түрлі салалар мен қожалық етуші субьектілер меншіктің түріне қарай бір-біріне қарай бір-біріне сәйкестендіріліп,байланыста қарастырылады.Олар алға қойған мақсатқа толық жетуге қажетті мерзімді қамтиды.

Қазақстан республикасының болашақ он жылдыққа (2001-2010жж) арналған ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары жасалып,әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша нақтылы міндеттері мен басымдықтар анықталған.

4. Әлеуметтік-экономикалық саланы 2010 жылға дейін дамытуда қойылып отырған мақсаттар

Атап айтқанда, 2010 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуда мынандай негізгі мақсаттар алға қойылады:

-жекелеген секторларда орнықты әрі басқалармен бәсекелесе алатындай экономика қалыптастыруды жалғастыру;

- жалпы ішкі көлемнің кем дегенде екі есеге көбейту;

  • экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың үлесін арттыруға қол жеткізу;

  • халықтың әл-ауқатын анағұрлым арттыру.

Бұл міндеттерді орындау шартты түрде үш кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар –экономиканың жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ету және еліміздегі халықтың тұрмыс деңгейін арттыру көзделеді.

Екінші кезең ұзақ мерзімді мақсаттарға –экономика мен халықтың тұрмыс деңгейі құрылымдарына сапалық өзгерістер енгізуге бағытталады.

Үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық мақсаттар-елімізде экономиканың ,әлеуметтік саланың және экологиялық жағдайдың тұрақты дамуға көшуі белгіленеді.

Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар бойынша елімізде бәсекелестігі зор экономика құру,соның негізінде қазақстандық үлгі (модель) қалыптастыру көзделеді. Онда мемлекет экономикалық дамуға белсенді араласып,оның «локомотиві»рөлін атқаруы тиіс.

Соның нәтижесінде :

  • ірі-ірі жүйелі құрылымды компаниялар,өнеркәсіптік-қаржылық топтар құрылып,олар аймақтық ,мүмкін болса,дүниежүзілік деңгейге көтеріледі;

  • орталық және жергілікті басқару органдарының функциялары толық бөлініп анықталады;

  • отандық кәсіпорындар бәсекелестік мүмкіндігін арттырып,шетел компанияларымен ішкі және сыртқы рыноктарға еркін араласады.

Стратегиялық жоспарда қойылған мақсаттар жан-жақты сараланып,оған әр түрлі бағыттар бойынша жету жолдары көрсетілген. Онда саяси -әлеуметтік(демографиялық даму,білім және денсаулық реформалары, жұмыспен қамту,халықты әлеуметтік қорғау),өнеркәсіптік-технологиялық және агроиндустриялық санаттар,көліктер инфрақұрылымы,табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау,ақша-несие,салық-бюджет және инвестициялық саясаттар,мемлекеттік меншікті басқару,саяси және әкімшілдік басқару жүйесін реформалау ,жергілікті басқару органдарын жетілдіру мәселелері қамтылған.

Орта мерзімді (5 жылға дейінгі) индикативті жоспарлар Қазақстан республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары тұжырымдамасына сәйкес жасалады. Онда мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі тактикалық мақсаттары мен бағыттары және оларға жетуде мемлекеттің ықпал ету жолдары көрсетіледі.

Ағымдағы жоспар орта мерзімдік жоспарда көрсетілген мақсат, мүддені ағымдық макроэкономикалық тепе-теңдікке жетуге бағыштайды. Оның мақсаты-экономикалық саясаттың бұрынғы бағыттарына шаруашылықта қазіргі пайда болған жағдайға және орта мерзімді жоспардағы жағдайдың өзгерістеріне байланысты түзетулер енгізу арқылы нақты шаралар қабылдау. Өз мәнінде жылдық жоспар өндірістік-экономикалық жедел бағдарлама болып табылады. Ол қалыптасқан экономикалық және саяси жағдайларды дәл бағалауға.

Қорытынды

2010 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуда мынандай негізгі мақсаттар алға қойылады:

-жекелеген секторларда орнықты әрі басқалармен бәсекелесе алатындай экономика қалыптастыруды жалғастыру;

- жалпы ішкі көлемнің кем дегенде екі есеге көбейту;

  • экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың үлесін арттыруға қол жеткізу;

халықтың әл-ауқатын анағұрлым арттыру.

Әдебиеттер

1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.

2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.

3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б

13-тақырып. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау шаралары

Дәріс жоспары:

1. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі

2. Қазақстанның жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерді қолдау саясаты

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" және "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жүзеге асырылады. Жәрдемақылар тұрақты немесе біржолғы төлем түрінде беріледі. Тұрақты негізде төленетін жәрдемақыға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жатады. Үстіміздегі жылдың 1 каңтарындағы жағдай бойынша, елімізде 645 мыңнан астам адам, оның ішінде 389,6 мың адам мүгедектігі бойынша, 15,5 мың адам жасына байланысты және 24,6 мын адам асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. 2003 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдеріне республикалық бюджет қаражатынан 34 миллиард теңге жұмсалды.

Елбасының 2004 жылдың 19 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2005 жылы мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын — 3 айлық, есептік көрсеткіш (АЕК), екінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын 2,5 АЕК, үшінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын — 2 АЕК арттыру көзделіп отыр. Ал 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақыны — 3 АЕК, отбасындағы еңбекке жарамсыз әр адамға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақыны 0,5 айлық есептік көрсеткіштен 1 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделуде. 1999 жылы әлеуметтік кепілдіктер берудің атаулылығы мен халықтың әлеуметтік осал буындарының мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға теңдей қол жеткізуі, мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатымен заңдардың жеңілдіктер беру бөлігінде реформалау жүргізілді, осыған сәйкес заттай жеңілдіктер арнаулы мемлекеттік жәрдемақылармен ауыстырылды.

Мұнда жәрдемақылар әлеуметтік түрғыдан осал азаматтардың 16 санатына төленеді. Олардың ішінде соғыс ардагерлері мен мүгедектері, оларға теңестірілген адамдар, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, Даңқ және III дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері, "Алтын алқа", "Күміс алқа" немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп баласы бар аналар мен басқа да санаттағы азаматтар бар. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатыңдардың саны 995 мыңнан астам адам болып отыр. 2003 жылы мемлекеттік бюджеттен осы төлемдерге 17 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Ана мен баланы әлеуметтік колдау шаралары ерекше маңызға ие болып келеді, Осы мақсатта 2003 жылдың 1 қаңтарынан отбасының табысына қарамастан, бала туған кезде берілетін атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезінде отбасының табысына есептелмейтін, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде республикалық бюджеттен біржолғы жәрдемақы төлемдері енгізілді.