Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕС БАСАРУ УМК.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
759.3 Кб
Скачать

Ахуалды жақсартуға жол

Дәріс жоспары:

1. Индустриалды технологиялық стратегия

2. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес

3. Қазақстанның инвестициялық саясаты

1. Индустриалды технологиялық стратегия

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр . Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндіріспен капиталды , технологиямен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті . Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын құлашпен бір сермеп түзетуге болмайды . Дүние жүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының өндіруші өнеркәсіптің , үлесін ұдайы кеміту және , керісінше өңдеуші өндірістің ең алдымен ғылымда қажет ететін , қосылған құны жоғары өндірістерді сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға салатын белгілі бір дәйектіліктің қажеттілігін көрсетіп отыр .

Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін , инфрақұрылымдық мұнай мен газ өндеуді , химия мен мұнай химиясын , машина жасаудың жекелеген шағын салаларын , ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді , қызмет көрсету саласын , туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз .

2010 жылға деиінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктерімен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбек ті қажет еттін салаларға көңіл бөлу керек . Бұл басымдық тәжірибемен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы , орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі , жеңіл және тамақ өнеркәсібі , туризм , тұрған үй құрылысы және инфрақұрылым жасау . Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес , жұмыспен қамту және кедеиілік мәселелерін де шешеміз , бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе .

Экономикалық өрлеуден еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз . Қарқынды экономика болмайынша біз мектеп тер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз . Сондытан бұл басымдық бүгіде , ертеңде және алдағы жылдарда да ең маңызды басымдылықтардың бірі болып қала береді .

2. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес

Осы жылдардың ішінде кедейшілікпен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:

  • кіші кредиттер жүйесін енгізуге ;

  • шағын және орта бизнесті дамытуға ;

  • еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды белсенді таратуға ;

  • шарттар мен контрактар жіне бюджеттік сатып алулар кезінде жұмыспен қамту проблемаларға қатаң тұрғыдан келуге ;

  • қоғамдық жұмыстарды ең алдымен жол құрылысымен орман отырғызуды дамытуға ;

  • жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілдік

кедергілердің бәрін алып тастауға ;

Президент еліміздің соңғы жылдары адам танымастай өзгергенін , оның тұрақты дамып отырғанын және саяси экономикалық , әлеуметтік салаларда аршынды адымдармен алға басып келе жатқанын айтады . “Біз бүгін ТМД арасында көп елдерден әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерімізбен адамдардың тұрмыс жағдайы жағынан алдамыз . Сондай-ақ олардың барлығына дерлік даму қарқыны жөнінен алдамыз . Бізде 1994 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ өнімінің көлемі бойынша 700 долар құрса , 2010 жылы 5800 доллар , ал 2015 жылы 9000 доллар құрайды”,-деді Президент .

Сондай-ақ соңғы он жылда ең төмен жалақы деңгейі 25 есеге өсті , зейнетақының орташа көлемі 4,6 есе өсті , ал жеке салымшылардың банктердегі қаржы көлнмі 36 есе өсті .