- •«Әлеуметтік процес басқару» пәні бойынша
- •Мазмұны
- •1. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы Оқу жоспары бойынша белгіленген сағат саны
- •Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті
- •Пәндер тізімі
- •Тақырыптар мазмұны
- •Сөж тақырыбы
- •Пәндерді оқу-әдістемемен қамтамасыз ету
- •2. Студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)
- •6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •7. Білімді бақылау
- •8. Оқу пәнінің талаптары
- •3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Глоссарий
- •5. «Әлеуметтік саланы басқару» пәнінен дәрістер курсы
- •1. Әлеуметтік сфера түсінігі
- •2. Әлеуметтік сфераның құрылымы
- •3. Әлеуметтік сфераның қызметі
- •4. Әлеуметтік сферадағы экономикалық қатынастар
- •1. Әлеуметтік саясат мәні
- •2. Әлеуметтік саясаттың бағыттары
- •3. Әлеуметтік саясат модельдері
- •1. Әлеуметтік модельдердің принциптері
- •2. Әлеуметтік сфера қызмет етуін ұйымдастыру типтері
- •1. Қр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі
- •2. Қр әлеуметтік мәселелер
- •3. Қазақстандағы халықтың тұрмыс денгейі.
- •4. Білім және кедейшілік
- •5. Халықтың денсаулығы
- •1. Әлеуметтік саясат – мемлекет қызметінің бір бағыты ретінде
- •2. Халықтың табыстары мен оның құрылу көздері
- •1. Лоренц сызығы
- •2. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметі
- •3. Экономикалық-саяси принциптер
- •1. Әлеуметтік қорғау жүйесінің түсінігі
- •2. Әлеуметтік қорғау жүйесінің бағыттары
- •1. Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру
- •2. Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері
- •3. Зейнетақылық жүйелердің ерекшеліктері
- •4. Зейнетақымен сақтандырудың түрлері
- •5. Зейнетақы қорының мәні
- •Ахуалды жақсартуға жол
- •1. Индустриалды технологиялық стратегия
- •2. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес
- •3. Қазақстанның инвестициялық саясаты
- •Тақырып.Индикативтік жоспарлау- мемлекеттің экономиканы реттеудегі стратегиялық құралы
- •1. Индикативтік жоспарлау түсінігі
- •2. Индикативтік жоспарлаудың мақсаттары
- •3. Стратегиялық, тактикалық және ағымдық жоспарлар
- •4. Әлеуметтік-экономикалық саланы 2010 жылға дейін дамытуда қойылып отырған мақсаттар
- •2. Қазақстанның жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерді қолдау саясаты
- •1. Шет мемлекеттердің әлеуметтік саясатқа араласу дәрежесі
- •2. Шет елдерде денсаулық сақтау саласын қолдау
- •3. Шет елде білім беру саласын жетілдіру
- •6. Семинар сабақтарының жоспары
- •7. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Студенттердің өзіндік жұмыстарыНа арналған тапсырмалар
- •8.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •8.2. Тест тапсырмалары
- •8.3. Аралық бақылау сұрақтары
2. Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері
Жоспарлы экономика ұрпақтар ынтымақтастығы принципіне сай құрылған зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі үшін позитивті моменттерді қамтамасыз етеді. Яғни:
еңбекке қабілетті халықты жұмыспен толық қамту;
демографиялық проблемаларды тізбекті түрде шешуге мүмкіндік беру, миграциялық процестерде жоспарлау:
зейнеткерлер саны мен түсетін зейнетақы аударымдарының көлемі арасындағы қатынаста аймақтың бірегейсіздіктерді Зейнетақы қорының қаржысы арқылы орталықтан басқару және түзету;
қаржылық тәртіпті қатаң бақылау және зейнетақы қорына аударымдардан жалтарудың мүмкінсіздігі.
Осы жағдайларда әлеуметтік бағдарламалар зейнетақының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, ал жеңілдіктердің көп болуы зейнетке шығуды тездетеді. Зейнетке ерте шығу- зиян өндіріске және қиын климаттық жағдайдағы жұмысқа еңбек ресурстарын тартудың негізгі стимулдардың бірі.
Зейнетақының көлемі соңғы жылдары алған еңбек ақыға, нңбек стажына және жасына байланысты болады, алайда бір шектеу бар- зейнетақы көлемі белгілі деңгейден аса алмайды.
Бұл жүйенің негізгі сипаттамалары келесі жағдайлар бола алады:
зейнетақы қаржысын шоғырландырудың иелікке байланыссыздығы;
жүйе ішінде зейнетақы қаржысын қайта үлестірудің міндеттілігі;
зейнетақы құруда азаматтарда жаупкершіліктің және бастамашылдықтың болмауы;
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің монополиялануы.
Зейнетақы сақтандыру жарналарын төлеуге тәуелсіз тағайындалады, көптеген нәтижесіз льготалар бар.
Көптеген елдердің зейнетақы жүйесіне мемлекеттік және мемлекеттік емес (жинақтаушы) зейнетақылық қамсызданудың бөлінуіне қарай даму тән. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақылық жинақтарды сақтап қана қоймайды, сол сияқты инвестициялық және басқа жобаларға жұмсау жолымен оларды көбейтеді.
Мемлекеттік емес зейнетақылық қамсыздандырудың спецификасы салымшы мен қатысушының құқықтары мен міндеттері көлемі, сипаты, басқару формасы және қор қызметіне әсер ету бойынша ерекшеленуіне.
Жинақтаушы зейнетақы қорларын басқа да қаржылық (инвестициялық) институттардан ерекшелейтін екі маңызды жағдай бар. Бұл, біріншіден, ЖЗҚ- на жарнаны төлеу кезін олардың қаржылық міндеттерін орындауды бастау кезінен бөліп тұратын белгілі уақыттың болуы. Екіншіден, жинақталған міндеттерді бір рет алу тек екі жақпен қол қойылған келісім- шартқа сәйкес мүмкін. Ережеге сай, жинақталған міндеттемелер жинақталған табыспен бірге сәйкес ұйымға (ұйымдық- құқықтық статусы бойынша) беріледі.
Бірінші талапта беріле қоймайтын және әрқашан периодикалық толтырылып отыратын «ұзын ақшалардың» осындай шоғырлануы- инвесторлар үшін тартымды маңызды фактор. Алайда, өздерінің қаржылық міндеттемелерін кепілді орындауға тырыса отырып, әлемнің зейнетақы қорлары кенеттен төлемге қабілетсіз болып қалмау үшін актуалды (қаржылық түсімдермен міндеттемелердің болжамды көлемін баланстайтын) есеп жүргізіп отырады. Ал халық салымдарының сенімділігіне кепілдік беретін мемлекет осындай құрылымдарда болатын қаржылық тәуекел мен қажетті сақтандыру қорларын реттемелейді және бақылайды. Осы ретте Жинақтаушы Зейнетақы қорының әлеуметтік- экономикалық қатынастардың нарықтық жүйесіне сіңіп кеткен институт ретінде жемісті қызмет етуінің міндетті шарттарын құруға болады:
1) нарықтың барлық қатысушыларының тең жауапкершілігін заңды кепілдейтін тұрақты құқықтың кеңістік (өзіндік қаржылық міндеттемелері бойынша мемлекет текіреді);
2) құндық бағасы бар көптеген материалды және материалды емес объектілеріне жеке меншік құқығы (өндіріс құралдары, жылжымайтын мүлік,бағалы қағаздар, интелектуалды меншік объектілері, және т.б);
3) кез келген нарықтық құндық объектілерді қаржы құралдарын сатып алу мен сатудың тиімді ұйымдастырылған және барлық қатысушыларға тең тиетін жүйе;
4) түрлі қаржылық тәуекелмен сипатталатын әртүрлі табыстылық дәрежесі бойынша қаржы құралдарының жеткілікті көлемі;
5) қоғамның халық жинақтарына олардың өз болашағын ойлаудың негізгі компоненті ретінде және ұлттық байлықтың артудың шешуші факторы ретінде көтермелі қатынасы.
Көптеген дамыған елдерде зейнетақылық қамсыздандыру үш қайнар көз арқылы жүзеге асырылады: әлеуметтік сақтандыру шегінде мемлекеттік зейнетақы жүйесі, зейнетақы қоры, сақтандыру компаниялары және басқа қаржылық ұйымдар. Зейнетақылық қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесі барлық халыққа немесе тек мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, ал кейде темір жол персоналдарына қызмет етеді. Көптеген елдерде халықты жасы жасы және еңбекке жарамсыздығы бойынша зейнетақымен қамтамасыз ететін негізгі институттар- кәсіпорындардың, фирманың, кәсіби одақ пен халықаралық ұйымдардың персоналдарының зейнетақы қорлары. Бұндай қорларды әдетте «жеке» немесе «өндірістік» деп атайды. Сақтандыру компаниялары өз қызметінің бірі ретіеде зейнетақыны жеке және топтық сақтандырумен айналысады.
Елде жеке зейнетақы қорлары мен зейнетақыны сақтандырудың даму дәрежесі мемлекеттік зейнетақы жүйесі халықтың қажеттіліктеріне қалай жауап беретіндігіне байланысты. Жеке зейнетақы қорлары АҚШ-та көп тараған, мемлекеттік жүйе дамыған Скандинавия, Австрия сияқты елдерде аз тараған.