Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕС БАСАРУ УМК.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
759.3 Кб
Скачать

3. Қазақстанның инвестициялық саясаты

Қазақстан осы жылдар ішінде тартылған 40 миллиярд долларға жуық тікелей инвестиция қаржы еліміздің экономикасы ұшін өте тиімді түрде жұмыс істеп жатыр .

Соңғы жиырма жылда көмірсутегі шикізатын өндіру 1,3 есе өссе , бізде бұл көрсеткіш 2есеге тең . Қазіргі кезде зерттелген кен орындарының барлығына жуығы бойындағы барын сарқа беріп жұмыс істеп жатыр . Каспии теңізінің Қазақстандық секторын игерудің 2015 жылға деиінгі арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 2010 жылдың өзіне қарай күніне 2-млн баррель мұнай өндіруді көздейді. Мұнымен қоса табиғи газды жылына 100- млрд. Текше метрге жеткізуге тиіс.

Қорытынды

Экономикалық өрлеуден еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз . Қарқынды экономика болмайынша біз мектеп тер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз . Сондытан бұл басымдық бүгіде , ертеңде және алдағы жылдарда да ең маңызды басымдылықтардың бірі болып қала береді .

Әдебиеттер

1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.

2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.

3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б

    1. Тақырып.Индикативтік жоспарлау- мемлекеттің экономиканы реттеудегі стратегиялық құралы

Дәріс жоспары:

1. Индикативтік жоспарлау түсінігі

2. Индикативтік жоспарлаудың мақсаттары

3. Стратегиялық, тактикалық және ағымдық жоспарлар

4. Әлеуметтік-экономикалық саланы 2010 жылға дейін дамытуда қойылып отырған мақсаттар

1. Индикативтік жоспарлау түсінігі

Индикативтік (нұсқаулы,реттеуші) жоспарлау үрдісінде мемлекет бүкіл халықтың, ұлттың және елдің барлық аймақтарының сұранысын ескере отырып,экономикалық даму туралы әр түрлі бағдарламалар,жоспарлар жасайды. Онда шаруашылықтың ресурстарымен толық қамтылған негізгі бағыттары мен көрсеткіштері нақтылы анықталады және солар арқылы барлық кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып,олардың қоғамның даму жоспарларын орындауға ынталылығын арттыру көзделеді.

Сонымен ,индикативтік жоспарлау дегеніміз-мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатына сәйкес ел экономикасының болашақ белгілі бір мерзімге бейімделіп жасалған параметрлер (көрсеткіш индикаторлар) жүйесінің қалыптасуы және соны жүзеге асыру үшін мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық үрдістерге әсер ететін шаралар жиынтығы. Индикативтік жоспарлау-жалпы экономикалық дамуды алдын-ала болжау,яғни сол үшін тікелей бағыттарды анықтау деген сөз. Онда мемлекет тарапынан шағын ғана міндетті тапсырмалар көрсетіледі және олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін экономикалық механизм белгіленеді.Бұл механизмге арнайы жасалған заңдар жүйесі мен экономикалық реттеуші тетіктер жатады. Оның құрамына бюджет, қаржы-қаражат ,салық,кеден, несие,баға мен табыс, сыртқы экономикалық саясат ,орталықтандырылған мемлекеттік инвестициялар,мемлекеттік тапсырыс жүйесі және т.б кіреді.