Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

V = 0,07 Iзарn,

мұндағы Iзар – ең үлкен зарядтық ток, А; n – аккумуляторлық батареясының элементтер саны;

бұл жағдайда аккумуляторлық батареясы бөлмесінің ауасындағы күкірт қышқылының концентрациясы «Өндірістік кәсіпорынның жобалау санитарлық нормалары» СН 245-71-де көрсетілген мәннен жоғары болмауы тиіс.

Сонымен қатар аккумуляторлық батарея бөлмесінің вентиляциясы үшін сағатына кемінде бір рет ауа тазаруының табиғи түрі қамтамасыз етілуі тиіс. Егер табиғи вентиляция қажетті түрде орындалмаса, онда мәжбүр етілетін ауа тартқыш вентиляциясы қолданылуы тиіс.

Бөлек орнатылған герметикалық қызмет етілмейтін аккумуляторлық батареяларының үй-жайы сағатына бір рет ауаның тазаруын қамтамасыз ететін табиғи желдету қарастырылады.

1194. Вентиляциялық жүйе аккумуляторлық батареясының және қышқылды үй-жайларға қызмет көрсету керек. Газдың шығарылуы ғимараттың төбесінен кемінде 1,5 м жоғарылау орналасқан шахта арқылы орындалуы қажет. Шахта атмосфераның тұнбаларынан қорғалған жөн. Желдеткішті түтіндікке немесе жалпы желдету жүйесіне жалғауға тыйым салынады.

1195. Мәжбүр етілетін ауа тартқыш желдету құрылғысында желдеткіш жарылысқа қауіпсіз болуы

тиіс.

1196. Газдың сорылуы ғимараттың жоғарысынан да, төменінен де таза ауаның ағынына қарама-қарсы жағынан орындалуы тиіс.

Егер ғимараттың төбесінен жоғарылау орналасқан конструкциясы немесе көлбеу болса, онда ауаның сорылуы әрбір бөліктен сәйкесінше немесе төбенің астындағы кеңістігінен орындалған жөн.

Жоғарғы желдеткіш саңылаудың жоғарғы жиегі мен төбе арасындағы қашықтық 100 мм-ден аспауы тиіс, ал төменгі саңылаудың төменгі жиегі мен еден арасындағы қашықтық 300 мм-ден аспауы тиіс.

Желдету каналынан келетін ауа ағыны тікелей аккумулятор электролитінің бетіне бағытталмауы

қажет.

Металл желдету қораптары ашық аккумуляторларда орналастырылмауы тиіс.

Аккумулятор батареясының үй-жайында инвентарлық желдету қораптарын қолдануға тыйым салынады.

1197. Салқын мезгілде аккумулятор батареясы үй-жайындағы аккумуляторлар орналасқан деңгейдегі температурасы +10оС-тан төмен болмауы тиіс.

Кезекшілікте персоналы қарастырылмаған қосалқы станцияларда, егер аккумулятор батареясы ажыратқышты қосып, ажырату есебінен таңдалса, онда 0оС-тан төмен емес көрсетілген температураны қабылдаған жөн.

1198. Аккумулятор батареясының үй-жайын жылыту жылы ауаны вентиляциялық канал арқылы беретін, осы бөлмеден тыс жерде орналасқан калориферлік құрылғының көмегімен орындалуы тиіс. Бөлмені электрмен жылыту барысында канал арқылы ұшқынның түсуіне қарсы шаралар қолданылуы тиіс.

Аккумулятор батареясының үй-жайын бумен немесе сумен жылыту барысында тегіс құбырды пісіріп жалғау арқылы орындалады. Вентильдерді фланецтік жалғау мен орнатуға тыйым салынады.

1199. Су құбырымен жабдықталған электр станцияларында, сонымен қатар қосалқы станцияларда аккумуляторлық батареялары үй-жайларының маңында су жүргізетін кран мен бақалшық орнатылуы тиіс. Раковина үстінде «Қышқыл мен электролитті төкпеңіз» деген жазу болуы тиіс.

4. Электр күштік қондырғылар

20. Электромашиналық бөлмелер

1. Жалпы ережелер

1200. Электр машинасы үй-жайларының өндірісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауісіздігіне қойылатын жалпы талаптар» атты

техникалық регламенті бойынша өндірістердің Г санатына жатқызылады.

1201. Электр машинасы үй-жайлары жұмыс шарттарына қажет телефон байланысымен, өртке қарсы сигнализация және басқа да байланыс түрлерімен жабдықталуы тиіс.

1202. Электр машинасы бөлмелерінде осы ЭМБ-де орнатылған электр қозғалтқыштарымен байланысқан тетіктердің редукторлары мен шестеренкалы торларын орналастыру қажет.

1202. Электр машинасы үй-жайларында орнатылған жабдықтардың қолжетімді биіктікте орналасатын айналмалы бөліктері қолданыстағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес кездейсоқ тиіп кетулерден қоршалып тұруы тиіс.

1204. Электр машинасы үй-жайларында пісіру трансформаторларын, ауыспалы жарықшамдарын және электр құралдарын қоректендіруге және бөлмелерді жинауға арналған машиналарын қосуға қоректендіру тораптары болуы тиіс. Ашық ауыстырмалы шамдарды қоректендіру үшін айнымалы токтың 25 В-ден жоғары емес немесе тұрақты токтың 60 В кернеуі қолданылуы тиіс.

1205. Электр машинасы үй-жайларында электр жабдықтарын жылжымалы компрессордан немесе қысылған ауа тораптарынан тартылған, қысымы 0,2 МПа-дан артық емес таза, құрғақ, қысылған ауамен үрлеу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. Электр машинасы бөлмелері шаңды жинауға арналған өндірістік жылжымалы шаңсорғышпен жабдықталуы тиіс.

1206. Электр машиналарын, түрлендіргіштерді тасымалдау және монтаждау, шашу және жинау, сонымен қатар, басқа да жұмыстарды өткізу үшін инвентарлы (стационарлы немесе ауыспалы) көтергіш және тасымалдаушы құрылғылар қарастырылуы тиіс.

2. Электр жабдығын орналастыру және орнату

1207. Барлық белгілеулердегі электр машиналық үй-жайларының компановкасы жабдықтың ыңғайлы тасымалдануын және монтаждалуын қарастыруы тиіс. Ұзындығы 100 м-ден астам жағдайда электр машиналық үй-жайларының жертөлесінде электрокарлар немесе тасымалдаушы арбашалардың жылжуы үшін арнайы жолдар қарастырылуы тиіс.

Жабдықтың тасымалдаушы бөліктері арасындағы арақашықтық тігінен 0,3 және көлденеңінен 0,5 м-ді құрауы тиіс.

1208. Машиналардың корпустары немесе фундаменттер арасындағы, машиналар және ғимарат бөліктері немесе жабдық бөліктері арасындағы өту жолдарының ені жарықта 1 м-ден кем болмауы тиіс; машиналардың сыртқа аса шығып тұрған бөліктері және құрылыс контрукциялары арасындағы өту жолдарының ені кейбір жерлерде 0,6 м-ге және ұзындығы 0,5 м-ден кем емес болғанда, тарланып кетуіне рұқсат етіледі.

1209. Машина корпусы мен ғимарат қабырғасы арасындағы немесе корпустар арасындағы және де көршілес тұрған машиналар арасындағы ара қашықтық машиналардың басқа жағынан өту жолы болған және машиналардың биіктігі еден деңгейінен 1 м-ден кем болса, 0,3 м-ден кем емес және машиналардың биіктігі еден деңгейінен 1 м-ден артық болса – 0,6 м-ден кем болмауы тиіс.

Басқару пульті немесе басқару қалқаншасы қасбеті мен машиналар арасындағы қызмет ету жолының ені 2 м-ден кем болмауы тиіс. Қалқаншаларды шкафта орналастырғанда, бұл ара қашықтық машинадан жабық есікке дейін немесе шкафтың қабырғасына дейін таңдап алынады.

Аталған талаптар жетектердің жергілікті басқару посттарына қолданылмайды.

Машина корпусы мен басқару пульті қалқаншасы және басқару пульті арасындағы өту жолының ені 1 м-ден астам болуы тиіс.

1210. Электр жабдығы бар шкафтар мен ғимарат бөліктері немесе жабдықтар бөліктері арасындағы қызмет көрсету үшін өту жолының ені 1 м-ден кем емес, ал шкафтың есігі ашық болса – 0,6 м-ден кем емес болуы тиіс; шкафтар екі қатарда орналасса, олардың арасындағы өту жолы жарықта – 1,2 м-ден, қарама-қарсы орналасқан шкафтардың есіктері ашық болса – 0,6 м-ден кем емес болуы тиіс.

Қуаты 10 кВт-қа дейін және аз өлшемді жабдықтарды таратушы қалқаншалар, стеллаждар, пульттер және кернеуі 1 кВ-ге дейін осыған ұқсас таратушы құрылғылардың элементтері артында орнатуға рұқсат етіледі және де машина корпусынан немесе аппарат корпусынан қалқаншаның токөткізуші бөліктеріне дейінгі арақашықтық осы Қағидалардың 884-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәннен кем болмауы тиіс.

Қызмет ету жолдарының өлшемдері таратушы құрылғылар, қалқаншалар және басқа да жабдықтар үшін арасындағы өту жолының өлшемі осы Қағидалардың 884-885 және 963-тармақтарында келтірілген талаптарға сай болуы тиіс.

ЭМБ жертөле қабатында 350-ден астам қуат және бақылау кәбілдерін немесе 150-ден астам қуат кәбілдерін жертөленің кәбілдер неғұрлым көп қимасында ашық төсей отырып, кәбіл қабатын немесе кәбіл туннелін орындау көзделеді.

Кәбілдік ғимараттардың өту жолының ені осы Қағидалардың 472 және 474-тармақтарына сәйкес қабылдануы қажет. Кәбілдермен кәбілді құрылым қатарлары осы ғимараттарда ұзындығы 7 м-ден асатын тұйықтар түзілмеуі қажет. Тұйықтар түзілуін болдырмау үшін кәбілді құрылым қатарларын еденнен 1,5 м биіктікте жібереді. Осындай өту жолдарында сөрелер арасы кәбілді демантождау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей, бірақ 100 мм-ден аспайтын аралық рұқсат етіледі.

1211. ЭМБ өзінде ашық орнатуға жол беріледі:

1) май салмағы 600 кг дейін болатын 1 кВ және одан астам электр машиналары (автотрансформаторлар, реакторлар, реостаттар және т.б.) үшін май толтырылған іске қосу және іске қосуды реттейтін құрылғылар;

2)салмағы 2 т болатын, бак және тұмшалануы аса берік болатын, май ағызылуы жойылған, сондай-ақ дабылға жұмыс істейтін газды қорғаныс немесе қысым релесі бар (трансформаторлар және автотрансформаторлар үшін) қуаты 1,6 MB.А дейінгі трансформаторлар, автотрансформаторлар, өлшеу трансформаторлары және басқа да аппараттар.

Құрамында екіден астам емес көрсетілген трансформаторлар (аппараттар), жекелеген топтардың арасы жарықта 10 м кем емес болғанда топты біріктіріп орнатуға жол беріледі;

3)қуатты және санның шектеуінсіз құрғақ немесе жанғыш сұйықтықпен толтырылған трансформаторлар;

4)метал ЖТҚ, 1 кВ және одан астам қосалқы станциялар, конденсаторлар батареялары немесе жекелеген конденсаторлар;

5)тарту құрылғысы немесе арнайы бөлмелер немесе шкафтарда зарядтау құрылғылары шарттарында жабық типті аккумулятор батареялары;

6)жартылай өткізгіш түрлендіргіштер;

7)беткі немесе артқы жағында ашық ток өту бөліктері бар басқару, қорғаныс, өлшеу, дабыл қалқандары, сондай-ақ орнатылған аппараттары бар блок және басқару станция қалқандары;

8)1 кВ және одан астам оқшауланбаған ток жолдары;

9)электр машиналарын суыту жабдықтары.

1212. ЭМБ-де жабық камераларда май толтырылған электр жабдықтарын орналастырғанда бір камерада орналастырылған майдың көлемі 6,5 т-дан, ал екі камера немесе бір топ камера арасындағы ара қашықтық 50 м-ден кем емес болуы тиіс.

Егер бұл қашықтық бір камерада немесе 6,5 т аспайтын аралас камералар тобында сақталатын болса, онда май толтырылған электр жабдығы, осы мақсат үшін арнайы дайындалған сыртқа немесе дәлізге шығатын камераларда немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті бойынша Г немесе Д санаты өндірісімен өнеркәсіптік орынжайда орналастырылуы тиіс.

1213. Механикалық жабдықпен байланысқан айналмалы машиналардың фундаменттік плиталарының жоғарғы бетінің белгісі таза еден белгісінен 50 мм–ден кем болмауы тиіс. Механикалық жабдықпен байланыспаған айналмалы машиналардың іргетас плиталарының жоғарғы бетінің белгісі қондырғысына қойылатын талаптармен анықталуы тиіс.

1214. Құрамында жарылғыш газы, жанғыш немесе оңай тұтанатын сұйықтықтары бар құбыржолдардың ЭМБ арқылы тесіп өткен өткелге жол берілмейді. Оларда орнатылған жабдықтарға жататын ЭМБ ғана құбыржолдарын салуға жол беріледі. Суық құбыржолдардың буланудан қорғанысы болуы қажет. Қызметкерлер немесе жабдықтың қорғанысы үшін қажетті орындарда ыстық құбыржолдар жылулық жанбайтын оқшауламалары болуы қажет. Құбыржолдар айрықша бояумен боялуға тиіс.

1215. Машинаның іргетастық плитасының жоғарғы белгісі ЭМБ еденіндегі белгіден 400 м-ден артық жоғары немесе төмен орналасса, онда машинаның айналасына ені 600 мм жанбайтын алаң қарастырылуы тиіс. Еден деңгейінен 2 м-ге дейін биіктікте орналасқан қызмет ету алаңдары таяныштармен, 2 м-ден астам биіктікте – сүйеніштермен және жиектік тосқауылдармен жабдықталуы тиіс. Алаңдарға басқыштар арқылы шығуға болады.