Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

19. Аккумуляторлық қондырғылар

1. Электрлік бөлімі

1170. Жарылысқа қауіптілерге жататын аккумуляторлық батареялардың негізгі және қосалқы үй-жайларына электр қыздырғыш құрылғыларын, жарық шамдарын, желдетудің электр қозғалтқыштарын және электр өткізгіш сымдарды таңдау, сондай-ақ көрсетілген жабдықтарды орнату және монтаждау осы Қағидалардың 24-тарауында келтірілген талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.

1171. Зарядтық құрылғылар аккумуляторлық батареясы алдын ала 30 минутқа разрядталған соң, 8 сағаттан аспайтын зарядталу уақытында номиналды сыйымдылығы 90 % зарядтауға жететін қуаты мен кернеуі болуы тиіс.

1172.

Аккумуляторлық қондырғы кернеу мен токты өлшейтін және бақылайтын құрылғылармен

жабдықталуы

тиіс.

1173.

Зарядтау және қайта зарядтау қозғалтқыш-генераторларын кері ток пайда болған

жағдайда ажырататын құрылғылар қарастырылуы тиіс.

1174.

Аккумуляторлық батарея тізбегінде тораптың қорғау аппараттарына қатысты таңдамалы

түрде жұмыс

істейтін автоматты ажыратқыш орнатылады.

1175.

Қайта зарядтау құрылғысы батарея шиналарында кернеуді бір қалыпты ±2 % шекте ұстап

тұруды қамтамасыз етуі тиіс.

1176.

Элементтері 2,3 В артық емес кернеумен батареяны зарядтау режимі қолданылатын

аккумуляторлық қондырғылардың элементке деңгейі 2,3 В жоғары кернеудің өздігімен жоғарылауына жол бермейтін құрылғысы болуы тиіс.

1177. Аккумуляторлық батареяларды зарядтау және қайта зарядтау үшін қолданылатын түзету құрылғылары бөлгіш трансформатор арқылы айнымалы ток жағынан жалғануы тиіс.

1178. Тұрақты ток шиналары оқшауламаны әрдайым бақылайтын құрылғылармен жабдықталуы тиіс, олар оқшаулама кедергісінің мәнін бағалауға және де полюстердің бірінің оқшаулама кедергісі 220

Вторабында 20 kОм-ға дейін, 110 В торабында 10 kОм-ға дейін, 48 В торабында 5 kОм-ға дейін және 24 В торабында 3 kОм-ға дейін төмендегенде сигнализация арқылы әсер етеді.

1179. Аккумуляторлық батареялар үшін ажыратылған желдетуде батареяның элементі 2,3

Вжоғары кернеумен зарядталуға мүмкіндік бермейтін блоктау қарастырылған жөн.

1180. Аккумуляторлық батарея үй-жайында бір жарық шамы авариялық жарық беру желісіне жалғануы тиіс.

1181. Аккумуляторлар стеллаждарда немесе шкаф сөрелерінде орнатылуы тиіс. Стеллаждар немесе шкаф сөрелері арасындағы тігінен арақашықтық аккумуляторлық батареяға қызмет көрсетуге ыңғайлы болуы тиіс. Бір жақты қызмет көрсету кезінде аккумуляторлар бір қатарға орнатылуы тиіс, ал екі жақты қызмет көрсетілген кезде аккумуляторлар екі қатарға орнатылады.

Қосарланған шыны ыдыстарын қолданған жағдайда, олар бір аккумулятор ретінде қарастырылады. 1182. Аккумуляторлар орнату үшін стеллаждар техникалық шарттар талаптарына сәйкес

орындалып, сынаудан өткізілуі және таңбалануы қажет; олар электролит әсерінен тұрақты жабындымен қорғалуы тиіс.

1183. Аккумуляторлар стеллаждардан оқшаулануы қажет, ал стеллаждар – электролиттің әсеріне және оның буына берік оқшаулама төсеніштер арқылы жерден оқшаулануы қажет. Кернеуі 48 В жоғары емес аккумуляторлық батареялар үшін стеллаждар оқшаулама төсенішсіз орнатылады.

1184. Жарықта аккумуляторлар екі қатарда орналасса, аккумулятор батареяларына қызмет көрсету үшін аккумулятор арасындағы өту жолының ені 1 м-ден кем болмауы тиіс, ал аккумуляторлар бір қатарда орналасқан жағдайда, ара қашықтық ені 0,8 м-ден кем болмауы тиіс. Электрлік аккумуляторлардың стационарлық қондырылуы үшін аккумуляторлық батареялардың стеллажда орналасуы талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

1185. Аккумулятор мен жылыту аспаптарының ара қашықтығы 750 мм-ден кем болмауы тиіс. Жылыту экраны жанбайтын материалдан орнатылып, аккумулятордың жергілікті қыздыруына әкелмейтін шарты орындалса, аталған арақашықтықты азайтуға болады.

1186. Қалыпты жұмыс жасау кезеңінде (1 заряды емес) кернеуі 65 В – 250 В-қа дейінгі жағдайда аккумулятордың ток өткізгіш бөліктерінің ара қашықтығы 0,8 м-ден кем болмауы тиіс, ал

кернеуі 250 В жоғары болса – ара қашықтығы 1 м-ден кем болмауы қажет.

Қалыпты жұмыс істеу кезеңінде (заряд емес) аккумуляторларды екі қатарға орналастырып, қызмет көрсетуге өту жолы болмаса, әр қатардағы көрші орналасқан аккумулятордың ток өткізгіш бөліктерінің кернеуі 65 В-ден аспауы тиіс.

Электр жабдықтары, сондай-ақ шиналар мен кәбілдердің қосылған жерлері герметикалық емес аккумулятордан 1 м қашықтықта және төбенің ең төмен нүктесінен 0,3 м-ден кем емес орналастырылуы тиіс.

1187. Аккумуляторлық батареялардың шиналануы оқшауланбаған мыс немесе алюминий шиналарымен немесе қышқылға төзімді оқшауламасы бар бір талсымды кәбілдерімен орындалуы тиіс.

Мыс шиналары мен кәбілдерінің жалғануы мен тармақталуы пісіру немесе дәнекерлеу арқылы, ал алюминийден жасалғандары – тек пісіру арқылы орындалуы тиіс. Шиналардың сыртқа шығарылған кірме плитасының өтпелі өзектермен жалғануы пісіру арқылы орындалады.

Шина мен кәбілдердің аккумуляторларға жалғанған орындарына қызмет көрсету қажет. Аккумулятор батареяларының үй-жайларынан сыртқа шығарылған кірме плитасынан коммутациялық

аппараттарға және тұрақты ток тарату қалқанына дейінгі электрлік жалғануы бір талсымды кәбілдермен немесе оқшауланбаған шиналармен орындалуы тиіс.

1188. Шиналардың қосылған, аккумуляторларға жалғанған жерлерін және басқа қосылыстарын қоспағанда, оқшауланбаған өткізгіштер барлық ұзындығы бойынша спирті жоқ қышқылға төзімді бояумен екі рет боялуы тиіс, боялмаған жерлері техникалық вазелинмен майлануы тиіс.

1189. Оқшауланбаған көршілес шиналардың ара қашықтығы динамикалық төзімділік есебі арқылы анықталады. Жарықта көрсетілген ара қашықтық, сондай-ақ шиналардан ғимараттың бөлігіне дейінгі және басқа да жерге тұйықталған бөліктеріне дейінгі ара қашықтығы 50 мм-ден кем болмауы тиіс.

1190. Шиналар оқшауламаларында төселуі қажет және оларда шина ұстағыш арқылы бекітілуі

қажет.

Шиналардың тірек нүктелерінің арасындағы аралығы динамикалық беріктігіне есептеу арқылы (осы Қағидалардың 1149-тармағын есепке алумен) анықталуы тиіс, бірақ 2 м-ден артық болмауы керек. Оқшауламалар, олардың арматурасы, шиналарды бекіту бөлшектері және сүйеу конструкциялары электролит буының ұзақ әсеріне электрлік және механикалық берік болуы тиіс. Тіреу конструкцияларын жерге тұйықтаудың қажеті жоқ.

1191. Аккумуляторлық батарея үй-жайынан сыртқа шыққан кірме плитасы электролит буының әсеріне берік болуы тиіс. Парафин сіңірілген асбесцементтен, эбониттен және басқа да материалдардан жасалған плиталарды қолданған жөн. Мәрмәрден, сонымен қатар фанерадан және тағы да басқа қабат-қабат болатын құрылымды материалдардан жасалған плиталар қолдануға тыйым салынады.

Плиталарды жабуға орнату барысында, плитаның жазықтығы оның үстінен 100 мм-ден артық шығып тұрмауы қажет.

1192. Аккумуляторлық батареяны таңдау және есептеу барысында аккумуляторлық батареясының бөлме температурасы +15оС-тан төмен болған жағдайда оның сыйымдылығы азаятынын естен шығармау қажет.

2. Санитарлық-техникалық бөлік

1193. Аккумулятордың элементтері 2,3 В-ден жоғары кернеумен зарядталатын аккумуляторлық батареясының бөлмесі стационарлық мәжбүр етілетін құймалы ауа тартқыш желдеткішпен жабдықталуы тиіс.

Элементтері 2,3 В дейінгі кернеумен тұрақты зарядталатын және қайта зарядталатын аккумуляторлық батареясының үй-жайлары үшін стационарлық немесе батареяларды қалыпқа келтіру және бақылау қайта зарядтау мезгілінде инвентарлық мәжбүр етілетін құймалы–ауа тартқыш вентиляция құрылғысын қолданған жөн.

Қажетті таза ауа көлемі V, м3/сағ, мына формула бойынша анықталады: