Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

тұтынушылардың электрқондырғыларының токсыз қалуына әкеледі. Жеке жағдайларда және трансформаторлардың ішіндегі ақаулардан қорғаныстан өшуі АҚҚ әрекетіне рұқсат етіледі.

757.Тиімсіз АҚҚ, ажыратқыштың бірінші элементімен қосылғанда, екі және одан да көп ажыратқыштармен жалғастырылғанда, АҚҚ бұл элементтің басқа ажыратқыштарына рұқсат жоқ.

758.Қосалқы станцияларда немесе электр станцияларда электромагнитті жетегі бар ажыратқыштары болса, егер АҚҚ құрылғысына бірдей уақытта екі және одан да көп ажыратқыштар қосылса, аккумуляторлық батареялары қосылу кезінде кернеудің шегін қамтамасыз ету үшін және элетромагниттерді қоректендіретін тізбек кәбілдер қимасын төмендету үшін АҚҚ бір уақытта бірнеше ажыратқыштың қосылуын болдыртпайтындай орындалады.

Жекелеген жағдайларда (негізінен 110 кВ кернеуде және АҚҚ жабдықталған көптеген қосылулар болғанда) бір уақытта екі ажыратқыштың АҚҚ жұмысынан қосылуы рұқсат етіледі.

759.АҚҚ қондырғыларының әрекеті реледегі қосылулардың көрсеткішіне, қосылушы сандар есептегішіне немесе осындай қызмет атқаратын басқа да құрылғыларға ішіне құрастырылған көрсетуші релемен бекітілуі тиіс.

3.Резервтегi қоректенудi және жабдықты автоматты қосу (РАҚ)

760.РАҚ қондырғылары тұтынушылардың электр қондырғыларын токтан ажыратуға әкелетін қоректендірудің жұмыс көзі ажыратылғанда резервті қуат көзі автоматты қосу арқылы тұтынушылардың қуат көзін қалпына келтіруге көзделуі керек. РАҚ құрылғыларының қалыпты технологиялық үдерiсін бұзуға әкелетін жұмыс жабдығы ажыратылғанда резервтегi жабдыққа автоматты қосу үшiн де көзделуі керек.

РАҚ құрылымдары сондай-ақ, егер оларды қолдану кезінде сақиналы желілерді радиалды - секцияланған және т.с.с. ауыстыру есебінен релелiк қолданысты жеңілдету, ҚТ токтарының азаюы және аппаратураның арзандауы мүмкін болса көзделеді.

РАҚ құрылғылары трансформаторларда, желiлерде, секция және шина жалғаушы ажыратқыштарда, электр қозғағыштарында және т.б. орнатылады.

761.РАҚ құрылғысы кез келген себептен болған қуат берілетін элемент шиналарында кернеу, соның ішінде осы шиналардағы ҚТ (соңғысы – шиналарда РАҚ болмағанда) жоғалғанда, оның әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

762.РАҚ құрылғылары жұмыс қуат көзінің айырғышы ажыратылғанда, резервті қуат беру көзінің айырғышын қосымша уақыт кідірмей қосуы тиіс. Бұл ретте, құрылғы әрекетінің бір реттілігі қамтамасыз етілуі керек.

763.Жұмыс қуат көзі жағынан кернеу жоғалған, сондай-ақ қабылдайтын жақтан айырғыш ажыратылған жағдайға байланысты қоректендірілетін элемент токтан ажыратылғанда РАҚ әрекетін қамтамасыз ету үшін РАҚ сызбасында осы Қағидалардың 760-тармағында көрсетілгендерге қосымша іске қосатын кернеу органы көзделуі тиіс. Көрсетілген іске қосу органы қоректендірілетін элементте қоректендіру жоғалған және резервті қуат көзі жағынан кернеу болған кезде қабылдаушы жақтан жұмыс қуат беру көзі айырғышын ажыратуға белгілі бір уақыттан кейін әрекет етуі керек. РАҚ-тың іске қосу кернеу органы жұмыс және резервті элементтерде бір қуат беру көзі болғанда, қарастырылмайды.

764.Трансформаторлар мен аз ұзақтыққа созылған желілер үшін РАҚ әрекетін жеделдету мақсатында қоректендіру жағынан айырғышпен қатар қабылдаушы жақтан да айырғышты ажыратуға әрекет ететін релелік қорғанысты орындаған жөн. Дәл осы мақсатпен неғұрлым жауапты жағдайларда айырғыш белгілі бір себептер бойынша қоректендіру жағынан ғана ажыратылғанда, блоктау тізбегі бойынша қабылдаушы жақтан айырғышты дереу ажырату қамтамасыз етілуі тиіс.

765.Жұмыс көзі кернеуінің жоғалуына ден қоятын РАҚ-ты іске қосу кернеу органының минималды элементі электр қозғалтқыштарын өздігінен қосу режимінен және алыстатылған ҚТ-да кернеудің төмендеуінен алшақ болуы керек. РАҚ-тың іске қосу органының резервті көзінің шиналарында кернеуді бақылау элементін іске қосу кернеуі мүмкіндігінше электр қозғалтқыштардың өздігінен қосылу шартына негізделе отырып таңдалуы тиіс. РАҚ іске қосу органының әрекет ету уақыты ол кезде кернеудің төмендеуі іске қосу органының минималды элементі іске қосылатын сыртқы ҚТ сөну уақытынан, қоректендіру жағынан РАҚ әрекет ету уақытынан ұзақ болуы керек.

РАҚ-тың іске қосу кернеу органының минималды элементі кернеу трансформаторы сақтандырғыштарының бірі жоғары немесе төмен кернеу орамасы жағынан жанып кеткенде оның жалған жұмыс істеуі жоққа шығарылатындай орындалуы керек; ең төмен кернеу орамасы автоматты айырғышпен қорғалғанда, ол ажыратылған кезде іске қосу органының әрекеті бұғатталуы тиіс. Егер ол үшін кернеу трансформаторын арнайы орнату талап етілсе, РАҚ құрылғысын 6-10 кВ тарату желілерінде орындағанда осы талапты ескермеуге болады.

766.Егер кернеу бойынша РАҚ іске қосуды пайдаланған кезде оның әрекет ету уақыты аса көп болуы мүмкін болғанда (жүктеме құрамында синхронды электр қозғалтқыштардың айтарлықтай үлесі болғанда), іске қосу кернеу органына қосымша ретінде басқа үлгідегі іске қосу органдары (токтың жоғалуына, жиіліктің төмендеуіне, қуат бағытының өзгеруіне және т.с.с. әрекет ететін) қолданылады.

Жиіліктің іске қосу органы қолданылған жағдайда соңғысы жұмыс қуат көзі жағынан жиілігі берілген мәнге дейін төмендетілгенде және резервті қоректендіру жағынан қалыпты жиілік болғанда, жұмыс қуат беру көзінің айырғышын ажыратуға белгілі бір уақыттан кейін әрекет етуі керек.

Технологиялық қажеттілік болғанда, түрлі арнайы датчиктерден (қысымның, деңгейдің және т.с.с.) резервті жабдықты автоматты қосу құрылғыларын қосу орындалады.

767.Электр станцияларының өзіндік мұқтаждықтары үшін қоректендіру көздерінің РАҚ құрылғыларының сызбасы резервті қоректендіру көзі ажыратылатын жұмыс көздерінің бірінің орнына қосылғаннан кейін басқа жұмыс қуат беру көздері ажыратылғанда әрекет ету мүмкіндіктерін сақтауы тиіс.

768.РАҚ құрылғыларын орындағанда, резервті қуат беру көзін қайта жүктеу және электр қозғалтқыштарының өздігінен іске қосылу шарттары тексеріледі және асқын жүктеме орын алса немесе өздігінен қосылу қамтамасыз етілсе, РАҚ қолданылғанда жүктемесі жеңілдетіледі (жауапты емес, ал кейбір жағдайларда жауапты электр қозғалтқыштарының бір бөлігін ажырату; соңғылары үшін РАҚ және т.с.с. қолданылады).

769.РАҚ орындағанда РАЖ құрылғыларымен ажыратылған тұтынушыларды қосуға әрекет етуіне жол берілмейтіндігі ескерілуі керек. Осы мақсатпен арнайы іс-шаралар қабылдануы керек; жекелеген жағдайларда көрсетілген іс-шараларды орындаудың мүмкін еместігі арнайы негізделгенде, РАҚ қарастырмауға рұқсат етіледі.

770.ҚТ-ға айырғышты қосу мүмкін болғанда, РАҚ құрылғысы әрекет еткенде, осы айырғышты қорғау әрекетін жылдамдату көзделеді. Бұл ретте, қосу тогының айырымдары есебінен қорғанысты жылдамдату тізбегі бойынша резервті қоректендірудің сөнуін болдырмау үшін шаралар қолданылуы тиіс.

Осы мақсатпен электр станцияларының өзіндік мұқтаждықтарын резервті қоректендіру көздерінің айырғыштарында қорғанысты жеделдету егер оның уақыт кідірісі 1-1,2 с асқан жағдайда ғана көзделеді; бұл ретте жылдамдату тізбегіне шамамен 0,5 с уақыт кідірісі енгізілуі керек. Өзге электр қондырғылары үшін уақыт кідірістерінің мәндері нақты жағдайларға негізделе отырып қабылданады.

771.Егер РАҚ әрекетінің нәтижесінде синхронды компенсаторлардың немесе синхронды электр қозғалтқыштардың бейсинхронды қосылуы мүмкін болған жағдайларда және бұл олар үшін рұқсат етілмесе, сондай-ақ осы машиналардан қоректендіруді жоққа шығару үшін қоректендіру жоғалғандағы зақымданған жерлер автоматты түрде синхронды машиналардан ажыратылады немесе кейіннен автоматты қосылумен немесе тиімді РАҚ нәтижесінде кернеу қалпына келтірілгеннен кейін қайта синхронданумен АГК ажыратылып, бейсинхронды режимге ауыстырылады.

Синхронды машиналар ажырағанға дейін РАҚ-тан резервті қуат көзінің қосылуын алдын алу үшін РАҚ-ты баяулатуды қолдануға рұқсат етіледі. Егер соңғысы қалған жүктеме үшін мүмкін емес болса, арнайы негіздеме болған жағдайда, РАҚ-тың іске қосу органынан жұмыс қоректендіру шиналарын синхронды электр қозғалтқыштарды қамтыған жүктемемен байланыстыратын желіден ажыратуға рұқсат етіледі.

Бейсинхронды компенсаторлары немесе синхронды электр қозғалтқыштары бар қосалқы станциялар үшін РАҚ әрекет еткенде РАЖ-дың дұрыс емес жұмысының алдын алатын шаралар қолданылуы керек.

772.Резерв айқын болмағанда, ҚТ-да резервті қуат көзі қосылуының алдын алу, оның асқын жүктемесін болдырмау, өздігінен қосылуын жеңілдету, сондай-ақ мейлінше қарапайым құралдармен апаттық ажыратылғаннан кейін және автоматика құрылғыларының әрекетінен кейін электр

қондырғысының қалыпты сызбасын қалпына келтіру мақсатында РАҚ

және РАЖ құрылғыларының

үйлесімділігі қолданылады. РАҚ құрылғылары жұмыс көзінің ішкі

зақымдануларында, РАЖ - өзге

зақымдануларда әрекет етуі тиіс.

 

РАҚ немесе РАЖ құрылғылары тиімді әрекет еткеннен кейін

апатқа дейінгі режим сызбасының

неғұрлым толық автоматты қалпына келуі қамтамасыз етілуі тиіс

(жоғарғы кернеу жағынан электр

қосылыстарының жеңілдетілген сызбалары бар қосалқы станциялар

үшін – РАҚ әрекет еткен кезде

қосылған секциялық айырғышты ажырату, ең төменгі кернеу жағында – қоректендіру желісінің тиімді РАҚ кейін және т.с.с.).

4.Генераторларды қосу

773.Генераторларды параллель жұмыс iстеуге қосу мынадай тәсiлдердің бiрімен жүргізілуі тиіс: дәл синхрондаумен (қолмен, жартылай автоматты және автоматты) және өздігінен (қолмен, жартылай автоматты және автоматты) синхрондаумен.

774.Қалыпты режимдерде параллель жұмыс iстеуге қосудың негiзгi тәсiлі ретінде дәл автоматты немесе жартылай автоматты синхрондау тәсiлі мыналар үшiн көзделуі тиіс:

1) қуаттың генераторлық кернеуінің жинақтаушы шиналарға тiкелей жұмыс iстейтiн орамдарының жанама сууы бар турбогенераторлары 3 МВт-дан астам ауыспалы ток 3,5 Iном астам құрайтын мәнiнде;

2)ТВВ, ТВФ, ТГВ және ТВМ-нiң түрлері орамдарының тiкелей сууы бар турбогенераторлар;

3)қуаты 50 МВт және одан жоғары гидрогенераторлар.

Суу және қуат барлық генераторларды параллель жұмыс iстеуге қосудың электр жүйесiнде апаттық режимдерде жүйеге тәуелсiз өздігінен синхрондау тәсiлімен өндiрiп алынуы мүмкін.

775. Параллель жұмыс iстеуге қосудың негiзгi тәсiлі ретінде өздігінен синхрондау тәсiлі мыналар:

1)3 МВт-ке дейiнгі қуаттың турбогенераторлар;

2)егер өздігінен синхрондау тәсiлімен кезеңді ауыспалы ток қосындысы құрайтын желi 3,5 I ном асып түспесе, қуаттың жанама сууы бар жинақтаушы шиналарға тiкелей жұмыс iстейтiн қуаты 3

МВт жоғары турбогенераторлар;

3)жанама сууы бар трансформаторлары бар блокта жұмыс iстейтiн турбогенераторлар;

4)қуаты 50 МВт-ге дейiнгі гидрогенераторлар;

5)өзара 50 МВт-ге дейiн ортақ сөндiргiш арқылы электрлік өзара қатты байланысқан олардың жиынтық қуатында жұмыс iстейтiн гидрогенераторлар үшін қолданылады.

Көрcетiлген жағдайларда жартылай автоматты және автоматты дәл синхрондау құрылғылары ескерiлмейдi.

776. Параллель жұмыс iстеуге генераторларды қосудың негiзгi тәсiлі ретінде өздігінен синхрондау тәсiлiн пайдалануда өздігінен синхрондау, турбогенераторларда автоматтық құрылғылардың гидрогенераторларында қолмен немесе жартылай автоматты өздігінен синхрондау құрылғыларын қою көзделеді.

777. Параллель жұмыс iстеуге генераторларды қосудың тәсілі дәл синхрондау тәсiлiн пайдалану кезінде автоматты және жартылай автоматты дәл синхрондау құрылғыларын орнату көзделеді. Қуаты 15 МВт-ге дейiнгі генераторлар үшiн синхронды емес қосылудан оқшаулағышы бар қолмен дәл синхрондауды қолдануға жол берiледi.

778. Көрcетiлген ережелерге сәйкес барлық генераторлар жылу электр станциялары үшiн басқарудың бас қалқанында немесе басқарудың блоктық қалқандарында синхрондау электр станциялары үшiн орталық басқару пункті немесе жергiлiктi басқару пункті орналасқан тиiстi құрылымдармен жабдықталуы тиіс.

Барлық генераторлар синхрондау қолданылатын тәсiлде тәуелдiлiктен синхронды емес қосылу оқшаулағышы бар қолмен дәл синхрондау қажет болған жағдайда өндiрiп алуға мүмкiндiк беретiн құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

779. Дәл синхрондау тәсiлімен бiр сөндiргiш арқылы жұмыс iстейтiн екi немесе гидрогенераторларды генераторлар желісін өзара өздігінен синхрондау тәсілімен және желімен дәл синхрондау тәсiлімен синхрондалады.

780. Электр жүйесінің жекелеген бөліктерін синхрондау талап етілетін негізгі желінің транзитті кіші станцияларында жартылай автоматты немесе қолмен дәл синхрондау құрылғылары көзделуі тиіс.

5. Қоздыруды, кернеуді және реактивтік қуаттылықты автоматты реттеу

781.Қоздыруды, кернеуді және реактивтік қуаттылықты автоматтық реттеу құрылғылары

мыналарға:

1) электр жүйесiнде және электр-энергетикалық жүйенің қалыпты жұмысы кезінде белгіленген сипаттамалар бойынша электр қабылдағыштарда кернеуді қолдауға;

2) белгіленген заң бойынша реактивті қуат көздерінің арасында реактивтік жүктеменi үлестiруге;

3) өтпелi режимдерде элекр станциялары генераторларын қоспағанда электр жүйелерiнің статикалық және динамикалық орнықтылығын арттыруға және тербелістерді демпирлеуге арналған.

782.Синхрондық машиналар (генераторлар, компенсаторлар, электр қозғалтқыштары) АҚҚ-ның құрылымдарымен жабдықталуы тиіс. Автоматты қоздыру реттегіштері қоздыру жүйелеріне арналған талаптарға және қоздыру жүйелерінің жағдайына арналған техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс.

Қуаты 2,5 МВт кем немесе қуаттылығы аз энергия жүйесінде оқшауланған жұмыс істейтін элекр станциялары генераторларын қоспағанда генераторлар және синхронды қарымталауыштар үшiн релелiк қоздыруды еселеумен құрылымды айырбастауға ғана жол беріледі. Iлеспе электр қозғалтқыштары осы Қағидалардың 740 және 741-тармақтарына сәйкес АҚҚ-ның құрылымдарымен жабдықталуы тиіс.

783.Кернеу трансформаторлардан, сонымен бiрге тиiстi шынжырлардың биiк сенiмдiлiгi қоздыру жүйесі тағы басқа құрылымдарды қоректендіру АҚҚ биiк сенiмдiлiк қамтамасыз етуi тиіс.

АҚҚ қосуда бастапқы тарапта сақтандырғыш болатын кернеу трансформаторға:

1) қоректенуi залалы олардың екiншi тұжырымдарына сақтандырғыштар және автоматты ажыратқыштарсыз жинақтау тиiстi машина қоздыру шамадан тыс жүктеуге немесе ретсiз төмендетуге келтiре алады, жинақтау тиiстi қоздыру жүйесі тағы басқа құрылым АҚҚ;

2) релелiк жылдамдатумен құрылым оның жалған жұмысымен мүмкiндiк кернеу трансформаторларды бастапқы тарапы бар сақтандырғыштардың бiрiнiң жануында шығарылатындай етiп орындалуы керек.

АҚҚ қосуда кернеу трансформаторға, бастапқы тарапта сақтандырғыштары рұқсатсыз:

1) қоздыру жүйесі тағы басқа құрылым АҚҚ олардың екiншi тұжырымдарына автоматты ажыратқыш арқылы жинақтауы керек;

2) автоматты ажыратқышты көмекшi түйiспелердi пайдалану жөнiндегi автоматты ажыратқыш ажырату жағдайында машина қоздыру шамадан тыс жүктеудi немесе ретсiз төмендету шығаратын iс-шаралар көзделуi тиіс.

Жинақтау тиiстi басқа құрылымдар және құралдар жинақтау тиiстi қоздыру жүйесі тағы басқа құрылым АҚҚ қосатын кернеу трансформаторларға басқа құрылғылар мен аспаптар қосылмауы тиіс. Жекелеген жағдайларда бұл жеке автоматты ажыратқыштар немесе сақтандырғыштар арқылы құрылғылар мен сипаттарды қосуға жол беріледі.

784.Гидрогенераторлардың АҚҚ құрылымдары жүктеме тастау жағдайында дұрыс жылдамдық реттеушi кернеуді жоғарылатуды қорғау іске қойылатындай орындалуы тиіс. Қажет болған жағдайда АҚҚ құрылғысы жылдам қозу релелiк құрылғысымен толықтырылуы тиіс.

785.Қоздыруды релелiк еселеу құрылғысының сызбасы негiзгi қоздырушыны ауыстыру кезінде резервтегi қоздырушыға оның әрекетiн аудару мүмкiндiгiн ескеруi тиіс.

786.Қоздыруды компаундирлеу құрылымдары генератордың тұжырымы немесе (шиналар жақтан) синхронды қарымталауыш ток трансформаторлары жағынан жинақталуы керек.

787.Қуаты 15 МВт синхронды генераторлар және тiкелей сууы бар компенсаторлы генераторлар үшiн және қуаты 15 МВт жоғары компенсаторлар басқару сандық персоналдың тұрақты кезекшiлiгінсіз электр станциясы және қосалқы станциялар үй-жайларында шамадан тыс жүктеу уақыт жүктемесінің еселігіне ұстанымымен байланысты шамадан тыс жүктеудің автоматты шектелуі көзделуi тиіс.

Жүйені автоматты шектеу құрылғысы қоздыруды еселеуге машина тиiстi атқару үшiн уақыт ішінде кедергі келтірмеуі тиіс.