Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электронды ашалар.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
307 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе ......................................................................................................................3

I. Ақшаның теориялық аспектілері және оның түрлері

1.1 Ақшаның пайда болуы......................................................................................4

1.2 Ақшаның түрлері...............................................................................................9

II. Электрондық ақшалар, олардың тиімділігі

2.1. Электрондық ақшалар....................................................................................14

2.2. Электрондық ақшалардың тиімділігі мен кемшіліктері.............................20

III. Қазақстанда электрондық ақшалардың дамуы және электрондық төлемдер

3.1. Қазақстан Республикасындағы «Электрондық ақшалардың» дамуы.......24

3.2. Электрондық төлемдер..................................................................................27

Қорытынды..........................................................................................................31

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................32

Қосымшалар.........................................................................................................33

Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты элетронды ақшаның түсінігі мен оларды пайдалану нысандарына теориялық аспектілер беріп, қазіргі экономикалық құбылыстарды бақылап, электронды ақшаны жан-жағынан қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.

Менің ойымша, электронды ақшаның және жалпы ақша дегеннің экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған электронды ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Мен бұл курстық жұмыста ақшаның шығу тарихын, оның түрлерін, қызметі және қажеттілігі туралы қарастырған болатынмын. Енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Ақшаның пайда болу тарихына үңілетін болсақ, түп тамыры ерте кезеңдерде жатыр және де ол бірден біз білетін қағаз, монета түрінде шыққан жоқ. Ақша ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Ал, одан кейінгі кезеңдерде өмір сүрген Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Келе-келе басқа да ақша түрлері дами келді, олар металл ақша, қағаз ақша, электронды ақша, несиелік ақшалар.Электрондық ақша - электрондық құрылғыда сақталатын және төлемдік және басқа да міндеттемелерді орындау мақсатында электрондық құралдар (байланыс арналары) арқылы бір құрылғыдан екіншісіне беріле алатын ақшалай құнды білдіреді. Әлемдік практикада қолданылатын тасымалдауышына байланысты электрондық ақшаның екі түрі ерекшеленеді: Оның біріншісі – карточкалар негізіндегі электрондық ақша (card-based). Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға) қолжетімді “ақша туралы” не ақшалай құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген микропроцессорлық чипте сақталады және оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш құрылғыға қосылған кезінде беріледі. Карточкалар негізіндегі электрондық ақша санатына әлемнің түрлі елдерінде құрылған, GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия), Chіp knіp (Нидерланд), Cash Card (Швеция), Quіck (Австрия), eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) және VІSA CASH (VІSA) сияқты жүйелер жатқызылады. Екіншісі желілер негізіндегі электрондық ақша (network – based) немесе “желілік ақша”. “Электрондық ақшаның” бұл түрі телекоммуникациялық желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды электрондық сақтау және электрондық ақшаны (эмитенттің электрондық міндеттемелерін) беруді жүзеге асыру үшін компьютерде (компьютердің қатты дискісі) орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын желілік өнімді білдіреді. Желілер негізіндегі электрондық ақшаға электрондық ақшаның мынадай жүйелерін жатқызуға болады – Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).

Мен, жуық арада төл теңгеміздің, яғни ақшаның екінші түрі қолданысқа енуін қарастырдым. Бірақ ол ақша қағаз түрінде емес, оны қолма-қол жұмсай алмайсыз. Өйткені ол - ақшаның электронды нұсқасы болып табылады. 2010 жылдың ақпан айының 2-сінде Ұлттық банк мамандары Мәжіліс депутаттарына “Электронды ақша туралы” заң жобасын таныстырды. Осы заңға сәйкес, кез-келген азамат өз еркімен екінші деңгейлі банктерге барып, электронды есеп-шот ашады. Оны “электронды әмиян” деуге болады. Содан соң осы әмияныңызға өз шамаңыз жеткенше, қалауыңыз бойынша керекті қаржыңызды салып қоясыз. Содан кейін интернет арқылы сатылатын тауарларға үйіңізде немесе жұмысыңызда отырып-ақ тапсырыс беріп есептесе аласыз. Электрондық ақшаны оның иелері (жеке тұлғалар) Интернетте онлайндық сатып алуды жасауға және сауда ұйымдарынан және эмитент банктермен олар шығаратын электрондық ақшаны қабылдау бойынша тиісті келісімдері бар өзге де кәсіпкерлік субъектілерінен өзге де сауда операцияларын жасауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ электрондық ақшаны жеке тұлғалар белгілі бір электрондық ақша жүйесінің шеңберінде басқа пайдаланушыларға – жеке тұлғаларға аудару үшін пайдалана алады. Электрондық ақшалардың тиімділігі Интернеттің сансыз көп пайдаланушылары арасында ол бойынша тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде жылдам әрі қауіпсіз есеп айырысулар жүргізуде көрінеді.

Электрондық құралдар көмегімен сатып алынған тауарларға төлем жасау. Кеңірек тараған жүйелер: үй банкі, электрондық дүкендерде тауарларға төлеу және т.б.

Электрондық төлемдердің басты ерекшелігі сатып алынған тауарға төлем жасау процесі тапсырыс берушінің компьютері және тауар сатушысының Web-сервері арқылы жүргізіледі.

І – тарау. Ақша туралы теорялық аспектілері және электронды ақша