Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электронды ашалар.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
307 Кб
Скачать

Қорытынды

Ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған фаза болып табылмайды. Егер де ақша бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз, несие және электронды ақшалармен жүзеге асуда. Электрондық ақша – бұл ақшаның қазіргі заманға сай түрі, ол электрондық құрылғыда сақталады және төлемдік міндеттемелерді орындау мақсатында электрондық құралдар (байланыс арналары) арқылы бір құрылғыдан екіншісіне беріле алатын ақшалай құнды білдіреді. Әлемдік практикада қолданылатын тасымалдауышына байланысты электрондық ақшаның екі түрі ерекшеленеді: Оның біріншісі – карточкалар негізіндегі, екіншісі - желілер негізіндегі электрондық ақша (network – based) немесе “желілік ақша”. Электрондық ақшаны оның иелері (жеке тұлғалар) Интернетте онлайндық сатып алуды жасауға және сауда ұйымдарынан және эмитент банктермен олар шығаратын электрондық ақшаны қабылдау бойынша тиісті келісімдері бар өзге де кәсіпкерлік субъектілерінен өзге де сауда операцияларын жасауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ электрондық ақшаны жеке тұлғалар белгілі бір электрондық ақша жүйесінің шеңберінде басқа пайдаланушыларға – жеке тұлғаларға аудару үшін пайдалана алады. Қазақстанда 3 млн интернет пайдаланушы бар. Интернет дүкендер - 270. Соның ішінде 40 дүкен элекронды ақшамен жұмыс істейді. Бізде электронды ақша туралы заң жоқ. Біздікілер Украина, Ресейдің шығарған электронды ақшасымен жұмыс істеп келді.

Енді, нақты қорытындылай келсек, кеңірек ойланып қарағанда, электрондық ақшаны пайдалану жалпы қоғам, көпшілік үшін шындығында да үлкен мүмкіндіктерге жол ашатындығы сөзсіз. Қазіргі уақытта интернетті пайдалану және мобильдік коммерция негізінде цифрлық тауарлар нарығының кәсіпкерлік қызметінің саласын біртіндеп ендіру мен дамыту орын алуда. Осыған байланысты күнделікті бөлшек төлем операцияларын жүргізетін пайдаланушылардың, сол сияқты өз қызметін тек қана цифрлық тауарлар нарығында көрсететін сауда қызметі субъектілерінің саны біртіндеп ұлғаюда. Тұтастай алғанда Қазақстанның электрондық саудасын дамытуға байланысты жаңа дамып келе жатқан сегментке қызмет көрсету үшін электрондық ақшаны пайдалануға қажеттілік туындайды. Жалпы алғанда Қазақстандағы электрондық сауданың қалыптасуына және дамуына орай электрондық ақша жүйесі одан әрі дамиды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қ.К. Кеулімжанов, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенова, А.Ә. Жантаева «Қаржылық есеп», – Қарағанды, 2001 ж.]

  2. Ғ.С.Сейтқасымов. “Ақша, несие, банктер”, – Алматы: Экономика, 2001 ж

  3. Я. А. Дободиной “ Денежное обращение” финансы. ЮНИТИ, 1999

  4. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.-Алматы.-Экономика

  5. В. Д. Мелинков “ Основа финансов ”, - Алматы, 2005 ж

  6. Мақыш С. Банк ісі// Оқу құралы.-Алматы.-Қазақ университеті.-2004

  7. Мақыш С. Коммерциялық банктер операциялары.-Алматы.-Маркет.-2004.

  8. http://www.egemen.kz/372.html

  9. http://www.termin.kz/

  10. http://kk.wikipedia.org/wiki/Электрондық_Ақша

  11. http//www.nationalbank.kz

  12. Романовский. “ финансы ”, учебник для ВУЗ, 2000 ж

  13. Балабанов И.Т. Электрондық коммерция. – СПб, 2001

  14. Сахариев С.С, Сахариева А. С «Әлем экономкасы» ІІ-бөлім Алматы «Дәнекер» - 2003 ж

  15. Ілиясов Қ., Құлпыбаев “ Қаржы ”, – Алматы, 2005ж

  16. Электронная коммерция. Под ред. Реймана Л.Д. – М.:НТЦ «ФИОРД–ИНФО»,

  17. http://thenews.kz

  18. http://e.gov.kz/wps/portal

  19. http://www.iak.kz/kk/news/about-e-money