Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электронды ашалар.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
307 Кб
Скачать

2.2. Электрондық ақшалардың тиімділігі мен кемшіліктері

Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендіер пластикалық карточкалар көмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік шоттарына акшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес компъютерін компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді. [15]

Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды «Интернет» желісі арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды.

Күні кешеге дейін валюта айырбастаудың, басқа елдерге ақша аударылымдарын жөнелту мен алудың не екенін білмейтін едік. Бүгін ештеңеге таңғалар емеспіз. Зейнеткерлердің өзі зейнетақыларын пластикалық карталармен алатын болса, жүйрік уақыт үйіңнен шықпай, электронды ақша арқылы есеп айырысуға болатындығын көрсетіп отыр.

Электронды ақшалы болу және оны пайдалану кез келген тұлғаның таңдауы болып табылады. Жалпы, ақшаның электронды түрге көшуіне, негізінен интернет-сауда түрткі болып отырғаны белгілі. Мысалы, бүгіндері шетелдіктер елімізге келмей-ақ мұхиттың арғы жағалауынан-ақ бізде өз бизнесін жүргізіп отыр. Сол себепті соңғы кездері Қазақстан территориясында шетел эмитенттері шығарған электрондық ақшалар кеңінен қолданысқа ие болған. Мысалы, Ұлттық банктің мәліметінше, біздің нарықта шетел эмитенттерінің электрондық ақшаларымен жүргізілген операциялардың бір айдағы орташа көлемі 10 миллион долларды құраған. Яғни нарықта электрондық ақшаға деген сұраныс жоғары.

Электрондық ақша Интернеттің сансыз көп пайдаланушылары арасында ол бойынша тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде жылдам әрі қауіпсіз есеп айырысулары үшін қызмет етеді. Олар мұнда да электрондық коммерция нарығының жаңа бөліктерін дамытуға зор мүмкіндік ашады. Оларды енгізу елдегі Интернет-коммерцияны әрмен қарай танымал етуге және дамытуға жағдай жасайды: отандық қаржы институттары теңгелік электрондық ақшаны шығаруға мүмкіндік алады, ал Интернет-пайдаланушылар оларды заңдық негіздерде пайдаланды.

Соның арқасында Интернет арқылы төлем жеңіл әрі қолайлы бола түседі. Үйде Интернетке қосылған компьютер алдында отырып-ақ клавиатураны бір-екі басып сатып алынған тауарға ақы төлей бересіз. Мысалы, ақылы ақпаратты немесе қызметтердің басқа түрін санаулы секөнттер ішінде алуға қол жеткізесіз. Электрондық ақша көмегімен Интернет-дүкеннің сайтында online сервистер қызметтері үшін есеп айырысып қана қоймай, үшінші жеке тұлғалардың пайдасына нақты уақыт режімінде тез аударымдар және басқа көптеген операцияларды жасау мүмкіндігі пайда болады.

Электрондық ақша кезінде заң бұзушылық мүмкін емес болады, өйткені оны компьютер жібермейді. Мысалы: наркотикті сатып ала алмаймыз, өйткені компьютер оған төлемді қабылдамай қояды.

Бүгінде Интернет көптеген Қазақстандықтардың өміріне біте қайнасып кетті. Өз кезегінде Интернетті пайдаланушылар желіде онлайн арқылы сатып алуға деген сұранысты өсіріп отыр, ал кәсіпкерлерде өз қызметтерін жаңа баламалы тәсілмен көрсетудің қосымша мүмкіндігі туып отыр. Электрондық ақшаны пайдалану артықшылықтарының екі жақ үшін де өзара пайдалы әрі қауіпсіз екендігін ескерсек, онлайн қызметтерінің жаңа түрлері әрбір желі пайдаланушысының күнделікті тұрмысына шапшаң енуде.

«Мен бұл үдеріс эволюция жолымен бірте-бірте дамып келеді дер едім және біз сервистерді дамытудың келесі кезеңіне өтеміз. Қазір біз төлемнің жылдам жүргізілуін талап ететін Интернет мүмкіндіктерімен байланысты қызметтердің мүлдем жаңа түрлерінің қалай дамып жатқанының куәсі болып отырмыз. Мұны әсіресе өмірлерінің ажырағысыз бөлігі Интернет болып отырған жастар қарқынды пайдаланады. Күн өткен сайын Интернет желісінде есеп айырысуларға арналған жаңа төлемдік технологияларға және электрондық төлем құралдарына қызығушылық өсе түсуде. Онлайндық сатып алулардың толық шешімі төлем карточкаларын пайдалану болып отыр. Содан кейін төлемнің жаңа құралы – Интернет желісінде барынша кеңінен пайдаланылатын электрондық ақша пайда болды.»-деді Бисенғали Тәжіяқов. [16]

Электронды ақша Интернет жүйесінде және телекоммуникациялық жүйеде, мобильді телефон арқылы төлем жүргізу үшін қолданылады.

Сурет 4- электрондық ақшалардың таралу динамикасы

Бүгінгі күні ол әлемнің көптеген елдерінде төлем кәртішкелері мен басқа да төлем құралдарына қосымша жаңа төлем құралы болып табылады. Әсіресе, ең көп қолданылатын саласы — интернет-сауда. Мысалы, электронды сауда жасағысы келген заңды немесе жеке тұлғалар осы операцияны орындауға лицензиясы бар банкке тиісінше ақша салады да, банк оған ақшасы көрсетілген кәртішке береді. Банк Интернет арқылы жүргізілген операция мен аударылған ақшаны Интернет арқылы қадағалайды. ТМД елдері арасында электронды ақша мәселесіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер Беларуссияда, Украинада, Армения мен Қырғызстанда қабылданған.

Жердің екінші бір қиырынан зат сатып алғыңыз келсе, жол жүріп әуре болмай үйде отырып сатып алу үшін онлайн-банкинг таптырмас құрылғы екені де шындық. Қорытындылай келе электрондық ақшалардың артықшылықтары:

• Интернет арқылы сауда-саттық жасау оңтайлы әрі тез.

• Ақшаны есептеп, қалғанын қайтып беруге кететін уақыт үнемделеді.

• Қалтада жүріп түсіріп алу, жыртып алу, бүлдіру секілді қиыншылықтан құтыласыз.

• Жасанды ақшаға ұрынып қалудан сақтайды.

• Ешқашан ескірмейді, өзінің сапасын жоғалтпайды.

• Үлкен сомадағы ақшаны сақтау үшін арнайы сейф алудың еш қажеті жоқ.

• Шығыны қағаз ақша жасауға кететін шығынға қарағанда аз.

Егер осыншалықты ыңғайлы болатын болса, неліктен барлық жерде бұл жүйені қолданбасқа деген заңды сұрақ туады. Бұған кедергі – электрондық ақшаның да басқа ақша түрлері секілді өзіндік кемшілігі бар. Ең басты кемшілігі, электрондық ақшаның қауіпсіздігінде. Ақша виртуалды жүйе бойынша жұмыс атқаратын болғандықтан хакерлердің ақшаны өз шотына аударып алу мүмкіндігі бар. Сол себепті онлайн-банкинг жүйесін қолданатындарға ақшасының қауіпсіздігін күшейтуге арналған қарапайым алты жол бар екен.

• Электрондық ақшаға қатысты құжаттарды құпия орында сақтаған жөн. 2009 жылы орын алған электрондық ақшаны ұрлауға байланысты оқиғалардың 13%-ы таныстарынан келген.

• Барлық шаруа интернет арқылы жасалынатын болғандықтан компьютерге жақсы антивирус орнатқан дұрыс және оның әрдайым базасын жаңалап отыру керек. Интернет арқылы немесе телефонмен сөйлескенде жеке ақпараттар мен парольдерді айтуға болмайды. Банктің сайтына кірген кезде соған ұқсас өзге сайттармен шатыстырып алмау керек.

• Құпия сөзді қойған кезде оның қарапайым болмағаны жөн. Әріптер мен сандардан құралған құпия сөз қауіпсіз болмақ. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, қоғамдық орындарда Wі-Ғі жүйесі арқылы алыс-беріс жасамау құпиялықты қамтамасыз етеді.

• Ең кемі аптасына бір рет өзіңіздің арнайы бөлмеңізге кіріп жағдайдың қалай болып жатқанын байқап тұру да артық емес.

• Өзіңіздің атыңыздан өзгелер жаңа қолданушы ашып алуына жол бермеңіз.

• Әрқашан келіп түскен хаттарға дұрыс көңіл аудару керек. Сіздің ұсынысыңызды кредиторлар құқық бұзушылықты анықтаса тез арада мәселенің байыбын зерттеңіз. Өзге біреудің сіздің атыңыздан сауда жасау мүмкіндігін ескеріп, барлығын ретке келтіруге асыққан абзал.

Электронды ақшаның тағы бір ең үлкен кемшілігі – ақшаңыздың виртуалды болуы. Бүкіл әлемнің қаржысын басқарып отырған Федералдық Резерв Банкі бір күнде тақырға отырғызып кетуі мүмкін екендігін де естен шығармаған жөн. [17]