Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

жұмыстың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіндей орналастырылады.

1380. Конденсаторлық қондырғыдағы қондырғының жұмысы кезінде кернеуде орналасқан жылжымалы металл құрылымдарының жерге тұйықтау құрылғылары көзделуі тиіс.

5. Арнайы қондырғылардың электр жабдықтары

24. Жарылыс қаупі бар аймақтардағы электр қондырғылары

1. Жарылыс қаупі бар аймақтардың жіктелуі

1381. Жарылыс қаупі бар аймақтардың жіктелуі осы Қағидалардың 1-тармағының 130)-135) тармақшаларында келтірілген. Электр жабдығы іріктелуіне негіз болатын жарылыс қаупі бар аймақтың класын технологтар жобалау немесе пайдалану мекемесінің электриктерімен бірге анықтайды.

1382. Жарылыс қаупі бар аймақтарды белгілеу кезінде мыналар ескеріледі:

1)үй-жайлардағы жарылу қаупі бар аймақ, егер жарылу қаупі бар қоспа көлемі үй-жайлардың бос көлемінің 5 %-нан асса үй-жайлардың барлық көлемін алады;

2)жарылыс қаупі бар қоспа көлемі үй-жайдың 5 % бос көлемін немесе одан аз жерді қамтыса, жанғыш газдар немесе ЖС буларының шығуы мүмкін технологиялық аппараттан көлденең және тігінен 5 м-ге дейінгі шектегі үй-жайдың аймағы жарылыс қаупі бар аймақ болып табылады. Жарылыс қаупі бар аймақтан тыс жердегі үй-жай жарылыс қаупі бар аймақ болып есептелмейді, егер жарылыс қаупін қоздырмайтын өзге факторлар болмаса;

3)сыртқы жарылыс қаупі бар қондырғылардың жарылыс қаупі бар аймағы осы Қағидалардың

1382-тармағында айқындалған мөлшерлерімен шектеледі.

1383. Сыртқы жарылыс қаупі бар қондырғылар үшін В-Iг класының жарылыс қаупі бар аймағы мынадай шектерге дейін есептеледі:

1)В-I, В-Iа, В-II кластарының жарылыс қаупі бар аймақтарымен үй-жайлардың сыртқы қоршалған құрылымдарынан кейінгі ойықтарынан көлденең және тігінен 0,5 м;

2)жанғыш газдар немесе ЖС-ы бар жабық технологиялық аппаратынан құрамында болатын көлденең және тігінен 3 м; кез келген кластағы жарылыс қаупі бар аймақтармен үй-жайларға қызмет ететін және сыртқы жерде (көшеде) орнатылған тарту желдеткішінен;

3)жанғыш газдар және ЖС-ы бар сыйымдылықтар мен технологиялық аппараттардың сақтандырғыш және тыныс алу клапандарынан шығаруға арналған құрылғыларынан, ғимараттардың қоршайтын құрылымдарында орналасқан кез келген кластағы жарылыс қаупі бар аймақтармен үй-жайлардың тарту желдету жүйелерінен ауаны шығару құрылғыларының көлденең және тігінен 5 м;

4)жанғыш газдар немесе ЖС-ы бар резервуарлардан көлденең және тігінен 8 м

(газгольдерлері); топырақты үйіп қоршау бар болса – барлық алаң шегіндегі топырақты ішіне үйіп қоршау;

5) ЖС ашық ағызу және құйылу эстакадаларының ашық ағызу және құйылу орнынан тігінен және көлденең болатын 20 м.

Жабық ағызу және құйылу құрылғылары бар эстакадалар, жанғыш газдар және ЖС-ға арналған құбыржолдардың эстакадалары мен тіреулері жарылыс қаупі барларға жатпайды, құбыржолдардың тиектік арматурасы мен фланецтік қосылымдарынан көлденең және тігінен 3 м-ге дейін шек аймақтарынан басқа бұл жерде электр жабдығы жарылыс қаупі бар қоспаның тиісті санаттары мен топтары жарылыстан қорғалуы мүмкін.

1384. Үй-жайлардағы аймақтар және жарылу қаупі бар қоспалары бар немесе туындауы мүмкін, бірақ технологиялық процесс ашық отты, қыздырылған бөліктерді қолдану мен жүргізілетін немесе жанғыш газдардың, ЖС булардың, жанғыш тозаңдардың немесе талшықтардың өзінен өзі жанатын температураға дейін қызған беттері бар технологиялық аппараттар, олардың жарылғыш қаупі бар электр жабдықтарының бөліктеріне жатпайтын аппараттардан көлденең және тігінен 5 м дейінгі шамадағы сыртқы қондығылар аймағы. Үй-жайлардағы ортаның немесе көрсетілген 5 метрлік аймақтан тыс сыртқы қондырғылар ортасының жіктемесі осы ортада қолданылатын технологиялық процеске байланысты айқындалады.

Үй-жайлардағы аймақтар мен қатты сұйық және газ тәріздес жанғыш заттары отын ретінде жағылатын немесе жағу арқылы кәдеге жаратылатын сыртқы қондырғы аймақтары олардың жарылғыш қаупі бар электр жабдықтарының бөліктеріне жатпайды.

1385. Тұтану температурасы 61ОС және одан төмен, газ тәрізді және сұйық отында жұмыс істейтін, ғимарат ішіне салынған жылу қазандықтары үй-жайларда қазандық қондырғысында жұмыс жасау алдында қосылатын жарылыстан қорғалған шамдар минимумы көзделіп талап етілуі тиіс.

Шамдардың ажыратқыштары қазандық үй-жайлардан тыс жерде орнатылады.

Қазандық қондырғысында жұмыс жасау алдында қосылатын желдеткіштердің электр қозғалтқыштары және олардың іске қосу жүргізгіштері мен ажыратқыштары және т.б., қазандық қондырғысы ішкі үй-жайларда орналасса, онда олар жарылудан қорғалып, жарылыс қаупі бар қоспа санаты мен тобына сәйкес болуы тиіс. Желдету электр жабдығы мен шамдардағы сымдар жүйесі жарылыс қаупі бар аймақ класына сәйкес келуі тиіс.

1386. Жарылыс қаупі бар қоспаларды жасай алуы мүмкін материалдарды бояу үшін іске асыру кезінде бояйтын және кептірілетін камералары өндірісті жалпы технологиялық ағында орналасу талаптары сақталса, егер үй-жайлардың жалпы ауданы 2000 м2-ден 200 м2 дейін болса, үй-жайлардың жалпы ауданы 2000 м2 немесе камералардың жалпы ауданы 10 %-дан көп болса, камералардың ашық ойықтары көлденең және тігінен 5 м дейінгі шегі жарылыс қаупі бар аймаққа жатады.

Камераның бояу бұйымдары жалпы технологиялық ағыны ашық алаңдардағы талаптары сақталған жағдайда, үй-жайлардың жалпы ауданы 2000 м2-ден 200 м2-ге дейін болса, онда үй-жайлардың жалпы ауданы 2000 м2-ден немесе аудан торлары 10 %-дан көп болса, шеткі торлары мен боялған бұйымдары көлденең және тігінен 5 м дейінгі шегі жарылыс қаупі бар аймаққа жатады.

Егер жалпы боялған ауданы немесе кептіру камералары үй-жайлардың жалпы ауданы 2000 м2-ден

200 м2-ге дейін болса, үй-жайлардың жалпы ауданы 2000 м2-ден немесе торлары 10 %-дан көп болса, тәуелділік көлемі жарылыс қаупі бар қоспасы жарылыс қаупі бар аймақтың өлшемі жағынан осы Қағидалардың 1380-тармағына сәйкес айқындалады.

Жарылыс қаупі бар аймақ класы осы Қағидалардың 1-тармағының 130)–132) тармақшаларына сәйкес айқындалады.

Үй-жайлардағы жарылыс қаупі бар шекті аймақ жарылыс қаупін қоздырмайтын басқа факторлар жоқ болса, онда жарылыс қаупі жоқ болып есептеледі.

Боялатын және кептірілетін камералардың ішіндегі аймақтарды орналасқан аймағын ішкі технологиялық аппаратарды теңестіру тиіс.

Осы параграфтың талаптары бұл аймақтарға қолданылмайды.

1387. Кез келген кластағы жарылыс қаупі бар тарату желдеткіштерінің үй-жайларындағы аймақтар олар қызмет көрсететін аймақтар секілді дәл сол жарылыс қаупі бар аймақтарға жатады. В-I, В-Iа, В-II кластарының жарылыс қаупі бар аймақтарына қызмет көрсететін, сыртқы қоршалған құрылымдарынан кейін орнатылған желдеткіштер үшін электрқозғалтқыштары В-Iб және В-Iа

кластары жарылыс қаупі бар аймақтарына қызмет көрсететін желдеткіштер үшін В-Iг класының жарылысу қаупі бар аймағындағыдай қолданылады, осы Қағидалардың 5-қосымшасының 150-кестесіне сәйкес.

1388. Егер ағып келу ауажолдары ауа берілісінің тоқтауында ағып келу желдеткіштерінің үй-жайларына жарылысқа қауіпті қоспалардың түсуіне жол бермейтін өздігінен жабылатын кері клапандарымен жабдықталған жағдайда қай кластағы жарылысқа қауіпті аймақтарға қызмет көрсететін ағып келу желдеткіштерінің үй-жайларының аймақтары жарылысқа қауіпті қатарына жатпайды.

Кері клапандары жоқ болған кезде ауа ағыны желдеткіштерінің үй-жайлары олар қызмет көрсететін аймақтардағы жарылысқа қауіпті кластарына ие болады.

1389. Жеңіл сұйытылмаған жанғыш газдар немесе ЖС-ы бар жарылыс қаупі бар аймақтар, В-I класы белгілері болса, мына төмендегі іс-шаралар орындалса, В-Iа класына жатқызылуы мүмкін:

1)бірнеше желдету агрегаттары орнатылып, желдету жүйесі болса. Біреуі авария болып тоқтаса, қалғандары желдету жүйесі өнімділігін, жерқабат, арналар, олардың айналмаларын қоса үй-жайлардың барлық көлемі бойынша желдету әрекетінің бірқалыптылығын толық қамтамасыз етуі тиіс;

2)кез келген үй-жайларда жанғыш газдар немесе ЖС-ның тұтануының төменгі шоғырландыру шегі 20 %-дан аспайтын, зиянды жарылыс қаупі бар газдар үшін сондай-ақ шекті шоғырлануға жақындаса

әрекет ететін автоматты дабыл беретін құрылғылар рұқсат етілуі тиіс. Дабыл беретін аспаптар саны, олардың орналасуы, резервтеу жүйесі, сондай-ақ дабыл беру әрекетінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.

1390. Іргелес жатқан үй-жайлардың бөлінген қабырғаларымен (ойықтары немесе оларсыз) жарылыс қаупі бар аймақ класы өндірістік үй-жайлардағы жарылыс қаупі бар аймақ класы осы Қағидалардың 5-қосымшасының 149-кестесінде айқындалған аймақ көлемі есік ойықтары көлденең және тігінен 5 м дейін болады.

Үй-жайлардың жарылыс қаупі бар аймақтармен үй-жайларда орнатылатын осы Қағидалардың 5-қосымшасы 149-кестесінің көрсетілімдері қолданылмайды. «Тарату құрылғылары мен трансформаторлық түрлендіргіш қосалқы станциялар» бөлігіне сәйкес көзделіп іргелес жатқан үй-жайлардағы жарылыс қаупі бар аймақтарға және үй-жайлардағы сыртқы жарылыс қаупі бар аймақтарына БӨҚ және А немесе ТҚ, ТҚС, ТҚС қондырғылар орнатылады.

2. Жарылыс қаупі бар аймақтарға электр жабдығын іріктеу

1391. Электр жабдығы, әсіресе, қалыпты жұмыс кезінде ұшқындайтын бөліктері бар жабдықтар шығарылады, егер бұл пайдалану кезінде қиыншылықтарға және ақталмаған шығындарға әкелмесе. Жарылу қаупі бар аймақтардан тыс жерге электр жабдығы жарылу қаупі бар аймақ шегінде орналастырылса, онда осы тарау талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

1392. Жарылу қаупі бар аймақтарда тасымалды электр қабылдағыштарын (машиналарды, аппараттарды, шамдарды және т.б.) пайдалануға тек қалыпты пайдалануға қажетті жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

1393. Жарылудан қорғалған химиялық тұрғыдан белсенді, ылғалды және тозаңды ортада қолданылатын электр жабдығы тиісінше химиялық тұрғыдан белсенді ортадан, дымқылдан және тозаңнан да қорғалуы тиіс.

1394. Жарылудан қорғалған, сыртқы қондырғыларда қолданылатын электр жабдығы ашық ауада жұмыс істеуге жарамды болып, сондай-ақ атмосфералық әсерлерден (жаңбыр, қар, күннің сәулесі, т.с.с.) қорғану құрылғысы болуы тиіс.

1395. «Е» түріндегі қорғанысы бар электр машиналарын тек шамадан тыс жүктемелерге, жиі іске қосылуларға, реверстерге ұшырамайтын тетіктерге ғана орнатуға рұқсат етіледі. Бұл машиналар іске қосылу уақыты tе уақытынан астам емес шамадан тыс жүктемелерден қорғанысы болуы тиіс. Осы

жерде tе – электр машиналарының номиналды жүктеме кезіндегі ұзақ жұмысы барысындағы

температурадан осы Қағидалардың 5-қосымшасының 147-кестесіне сәйкес шекті температураға дейін қосу тогымен қыздырылатын уақыты.

1396. IIС санатындағы жарылу қаупі бар қоспалар ортасындағы «жарылыс өтпейтін қабықша» түріндегі электр машиналары мен аппараттардың жарылыс өтпейтін фланецтік саңылаулары кез келген бетке жақындамай, кем дегенде арақашықтығы 50 мм жерде орнатылуы тиіс.

1397. Жанғыш газдар немесе ЖС буларының ауамен жарылу қаупі бар қоспа кезінде жұмыс жасау үшін жасалған жарылыстан қорғалған электр жабдығы оның жарылыстан қорғалуы жасалған санаттар мен топтардағы жарылу қаупі бар қоспа ортасында болса немесе осы Қағидалардың 5-қосымшасының 141, 142-кестелеріне сәйкес онша қауіпсіз санаттар және топтарға жатқызылған жарылыс қаупі бар қоспа ортасында болса өз ерекшеліктерін сақтайды.

1398. «Қабықшаны асқын қысыммен толтыру немесе үрлеу» түріндегі жарылыстан қорғалу электр жабдығын орнату кезінде желдеткіш жүйесі мен асқын қысымды, температураны бақылау және басқа параметрлер орындалуы тиіс. Бұған қоса, мына талаптар орындалуы керек:

1)іргетас орлары мен қорғану газының газ құбырлары құралымында жанғыш газдар немесе ЖС булары бар жел соқпайтын аймақтар (қаптар) болмауға тиіс;

2)электр жабдығын қорғалу газымен қамтамасыз ететін желдеткіштерге тартылған кірме газ құбырлары жарылыс қаупі бар аймақтардан тыс жерде жүргізілуі тиіс;

3)қорғалу газының газ құбырларына жанғыш сұйықтықтардың құйылуын болдырмайтын шаралар қабылданған болса, қорғалу газының газ құбырлары оның ішінде жарылу қаупі бар аймақтары мен қоса бөлмелер едендерінің астынан өткізіледі;

4) блоктау, бақылау және дабыл беруді жүзеге асыру үшін желдеткіш жүйелерінде машинаны аппаратты монтаждау мен пайдалану нұсқаулығында көрсетілген аппараттар, аспаптар, өзге құрылғылар пайдалануы тиіс. Машина, аппарат шығарушы зауытпен келіспей оларды өзге бұйымдарға ауыстыруға, орнату орындарын өзгертуге рұқсат етілмейді.

1399. Токөткізгіш бөліктерімен жасалған қабықшасы маймен толтырылған электр аппараттарын соққылар жоқ немесе майдың аппараттан шайқап төгілуіне қарсы шаралар қабылданған жердегі тетіктерде қолдануға рұқсат етіледі.

1400. В-II және В-IIа кластарының жарылыс қаупі бар аймақтарында жанғыш шаңдар және тал жіптердің ауамен қоспаларынан жасалған жарылыс қаупі бар аймақтарға арналған электр жабдығы қолданылады.

Мұндай электр жабдығы болмаған жағдайда, В-IIа класының жарылыс қаупі бар аймақтарында газдар мен булардың ауамен қоспаларынан жасалған жарылыс қаупі бар аймақтарға арналған жарылыстан қорғалған электр жабдығын, ал В-IIа аймақтарында қабықшасы шаңның кіруінен қорғалған жалпы мақсаттағы (жарылыстан қорғалуы жоқ) электр жабдығын қолдануға рұқсат етіледі.

Газдар мен булардың ауамен қоспаларынан жасалған жарылыс қаупі бар аймақтарға арналған жарылыстан қорғалған электр жабдығы мен қабықшасы шаңның кіруінен қорғалған жалпы мақсаттағы электр жабдығын қолдану жанғыш шаңдар және тал жіптер орнатылатын электр жабдығы бетінің температурасы бықситын шаңдарға арналған шаң бықсуы температурасынан 50оС-дан кем емес градусқа төмен немесе бықсымайтын шаңдарға арналған өздігінен жану температурасының үштен екі бөлігінен аспайтын болса, рұқсат етіледі (электр жабдығы жұмысы номиналды жүктемемен және шаң түспей жүргізілсе).

1401. Жарылыс қаупі бар электр жабдығы сыртқы аммиакты компрессорлы қондырғы, дәл сондай таңдалатын аммиакты компрессорлық қондырғы үй-жайларда орналастырылған. Электр жабдығы атмосфералық әсерінен қорғаныста болуы тиіс.

1402. Жарылыс қаупі бар аймақтарында жұмыс жасауға арналған электр жабдығын таңдау осы Қағидалардың 5-қосымшасының 150 - 152-кестелері бойынша жүргізілуі тиіс. Қажет жағдайларда кестелерде көрсетілген электр жабдығын жарылыстан қорғау деңгейін және қабықшасының қорғалуын жоғарылау электр жабдығына ауыстыруға рұқсат етіледі. «Жарылысқа қарсы аса сенімділік» деңгейіндегі электр жабдығының орнына «жарылыс қаупі жоқ» немесе «ерекше жарылыс қаупі жоқ» деңгейіндегі электр жабдығы орнатылуы мүмкін.

Жарылыс қаупі бар тұтану температурасы 61оС-дан жоғары жанатын сұйықтықтармен белгіленетін аймақтарда зат бетінің қызу температурасы осы зат өздігінен жануы температурасынан аспайтын кез келген санаттар мен топқа арналған кез келген жарылыстан қорғалған электр жабдығы қолданылуы мүмкін.

3. Электр машиналары

1403. Кез келген класты жарылыс қаупі бар аймақтарда, жарылыстан қорғалуы немесе қабықша қорғалуы дәрежесі осы Қағидалардың 5-қосымшасының 150-кестесіне сәйкес немесе одан жоғары болса, кернеуі 10 кВ дейінгі класты электр машиналары қолданылуы мүмкін.

Егер машинаның жекелеген бөліктері жарылыстан қорғалу немесе қабықшалардың қорғалу дәрежесі түрлі деңгейлерге ие болса олардың барлығы осы Қағидалардың 5-қосымшасының 150-кестесінде көрсетілгеннен төмен болмауы тиіс.

1404. В-I, В-Iа және В-II кластарындағы жарылыс қаупі бар аймақтарында орнатылған тетіктер үшін жарылыстан қорғалу құралдарынсыз электр қозғалтқыштарын пайдалану рұқсат етіледі. Бұл үшін төмендегі жағдайлар сақталуы тиіс:

1)электр қозғалтқыштары жарылыс қаупі бар аймақтардан тыс жерде орнатылуы тиіс. Электр қозғалтқыштар орнатылатын үй-жай жарылыс қаупі бар аймақтан ойықтары жоқ отқа төзімділігінің шегі 0,75 сағаттан кем емес жанбайтын қабырға мен жанбайтын жабынмен бөлініп, онда эвакуациялық есік болып, сағатына бес рет ауасын ауыстыратын желдеткішпен қамтамасыз етілуі тиіс;

2)тетік жетегі қабырғадан өткізілген білік арқылы жасалып, онда сальниктік тығыздау орнатумен жүзеге асырылуы тиіс.