Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

қарастырылуы тиіс.

1138. Трансформаторларды электр станцияларының машина залы бойында орналастырғанда трансформаторларды бөлшектемей, кіріс сымдарын алмай және ток сымдарының, порталдардың, шиналық көпірлердің және т.б. сүйеуші конструкцияларын бөлшектемей, жөндеу орнына оны жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

1139. Трансформаторлардың және суыту жүйелерінің түйіндерін монтаждау және қайта монтаждау үшін тиісті жүк көтергіштігі және бағыттағышының ұзындығы сай автокранның кіруі қамтамасыз етілуі тиіс немесе трансформатор орнатылып тұрған жерде монтаждау жұмыстарын механизациялаудың басқа да тәсілдері қарастырылуы тиіс.

1140. Трансформаторлық мұнарадағы кранның жүк көтергіштігі трансформатор сыртқабының салмағына есептелуі тиіс.

18. Түрлендіруші қосалқы станциялар мен жабдықтар

1. Жалпы ережелер

1141. Өндірістік тұтынушыларды қоректендіруге арналған түрлендіргіш қосалқы станциялар мен қондырғыларда жартылай өткізгіш түрлендіргіштер қолданылуы тиіс.

1142. Техникалық-экономикалық есеппен анықталатын түрлендіргіш қосалқы станциялар мен қондырғыларда реактивті қуат көлемін өтеу құрылғысы қарастырылады.

Қайта түрлендіргіш қосалқы станциялар мен құрылғылардың өзіндік қажеттіліктерін қоректендіру резервтік деңгейдің түрлендіргіш агрегаттарды қоректендіру деңгейіне сәйкес келуі қажет.

Түрлендіргіш қосалқы станциялар мен қондырғылар телефон байланысымен, сондай-ақ өртке қарсы сигнализациясымен және олардың жұмыс шарттары бойынша қажетті сигнализация түрлерімен жабдықталуы тиіс.

1143. Түрлендіргіш қосалқы станциялар мен қондырғылар жылжымалы компрессордан немесе қысылған ауа торабынан алынатын электр қондырғылары құрғақ, тозаңнан тазартылған және майдан бос, қысымы 0,2 МПа-дан астам емес қысылған ауамен тазартып үрлеу құрылғыларымен, сондай-ақ өнеркәсіптік

жылжымалы шаңсорғыштарымен жабдықталуы тиіс.

Түрлендіргіштерді және басқа да қондырғыларды монтаждау, бөлшектеу және жинақтау үшін түгендеу көтергіш-көлік құрылғылары (тұрақты қолданылатын немесе жылжымалы) қарастырылады.

Түрлендіруші қосалқы станциялар мен жабдықтарда жылжымалы электр құралдарына, үй-жайларды тазалау машиналарына, жылжымалы жарықшамдарға қуат беру пункттері қарастырылуы тиіс. Ашық жылжымалы жарықшамдарға қуат беру үшін айнымалы токтың 25 В-ге тең немесе тұрақты токтың 60 В-ге тең кернеуін пайдалану қажет.

2. Түрлендіргіш агрегаттарды қорғау

1144. Типтік қуатына және бастапқы кернеуге байланысты түрлендіргіш агрегаттың трансформаторы мынадай қорғау құрылғыларымен жабдықталуы тиіс:

1) трансформатор орамалары мен кірмелеріндегі көп фазалы тұйықталудан, мүмкін болған жағдайда, түрлендіргішті ажырату арқылы қысқа тұйықталған кезде әрекет ететін максималды ток қорғауымен.

Жүктелмеген трансформаторды қосу барысында қорғаныс магниттелу ток соққысынан және ықтимал жүктеме ток соққысынан іске қосылу тогы бойынша құралуы қажет, қорғаныс түзетілген кернеу жағынан автоматты айырғыштарға және жартылай өткізгіш түрлендіргіштің сақтандырғыштарына қатысты таңдалмалы түрде болуы тиіс.

Трансформация коэффициентінің ықтимал мәні трансформатордың барлық алдын ала қарастырылған екінші реттік кернеу мәндерінде қорғау құрылғыларының іске қосылуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Бастапқы кернеуі 1 кВ жоғары қондырғылар үшін ең жоғары ток қорғанысы үш релелі орындаудағы екі фазалы түрде орындалуы тиіс.

Бастапқы кернеуі 1 кВ-қа дейінгі қондырғыларда трансформатордың қорғанысы оқшаулы бейтараптандыруда екі фазада және бастапқы кернеу тарабының тұйық жерге қосылған бейтараптандыруында үш фазада ең жоғары ток айырғыштары бар автоматты ажыратқыш арқылы орындалады;

2) трансформатордың ішкі ақауларынан және май деңгейінің төмендеуінен газдық қорғаумен. Газдық қорғау қуаты 1 МВ•А және одан жоғары трансформаторларда, ал ішкі цехтық

түрлендіргіш қосалқы станцияларында және қондырғыларында - қуаты 0,4 МВ•А және одан жоғары трансформаторларда орнатылуы тиіс. Газдық қорғаныс газдың пайда болуы төмен жағдайда, май деңгейінің төмендеуіне байланысты және қарқынды газ пайда болған жағдайда ажырату үшін сигналға іске қосылуы тиіс.

Сигнал соққан соң, персоналдың болуына немесе олардың келу мезгіліне байланысты, сондай-ақ газдық реленің конструкциясына байланысты май деңгейі әрі қарай төмендеген жағдайда ажыратуға қорғаныстың іске қосылуы қарастырылуы мүмкін. Май деңгейінің төмендеуінен қорғау үшін трансформатордың кеңейткішінде бөлек деңгей релесі қолданылуы мүмкін;

3)қуаты 0,63 КВ·А дейін трансформаторлар үшін сигналға қолданылатын және қуаты 0,63 КВ·А жоғары трансформаторлар үшін ажыратуға қолданылатын герметикалық трансформаторлардың қысымның жоғарылауынан қорғау (қысым релесі);

4)түзетілген кернеуі 600 В және одан жоғары трансформаторларының екінші реттік кернеуі жағынан кернеудің жоғарылауынан қорғау;

5)екінші реттік кернеуі 1 кВ дейін болғанда трансформатордың төмен кернеу жағынан бейтарапта немесе фазада орнатылған тесіп өтуші сақтандырғышпен.

Ажыратуға қолданылатын қорғау құрылғылары трансформатордың бастапқы кернеу жағында орнатылған айырғышқа әсер етуі тиіс, қажет болған жағдайда, түрлендіргіш агрегат түзетілген ток жағында орнатылған автоматты айырғышқа әсер етуі тиіс.

1145. Осы Қағидалардың 1142-тармағы бойынша қарастырылған қорғауға қосымша жартылай өткізгіш түрлендіргіші қуатына, түзетілген кернеу мәніне, типіне, мақсатына және жұмыс режиміне байланысты мыналармен жабдықталуы тиіс:

1)бөлек немесе бірнеше тізбектеліп жалғанған вентильдерді қорғау үшін әрбір параллель тармақтарда жылдам әрекет ететін сақтандырғыштарымен. Екі немесе одан да көп сақтандырғыш жанып кеткен жағдайда, түрлендіргіш агрегаты автоматты түрде ажыратылуы қажет. Сақтандырғыштар жанып кеткенде әрекет ететін сигнализация көзделеді;

2)түрлендіргіштің артында полюсаралық тұйықталудан қорғау үшін түзетілген кернеу жағының бір полюсінде жылдам әрекет ететін полярлы емес автоматты айырғышты орналастырған жөн және блок

-түрлендіргіш – тұтынушы сұлбасы бойынша жұмыс орындалатын жағдайда реверсивті түрлендіргіш агрегаттарын инвертордың ауысу үрдісінен бұдан басқа қорғаумен жабдықталуы тиіс.

Түрлендіргішті қорғауға қажетті автоматты айырғыштар саны, сонымен қатар түрлендіргіш пен тұтынушы күш тізбегінің сұлбасымен анықталады;

3)басқару импульстерін түсіру қорғанысымен немесе аса токты болдырмау үшін басқару импульсін тиристорлық түрлендіргіштің реттеу бұрышын ұлғайту жағына жылжыту қорғаныспен;

4)бір немесе параллельді жұмыс жасайтын бірнеше жартылай өткізгіш түрлендіргіштердің жалпы жинақталған шиналарға жұмыс істегенде бір полюстегі жылдам әрекет ететін полярлық емес автоматты айырғышпен;

5)ішкі және сыртқы аса кернеуден қорғаныспен.

1146. Түрлендіргіш агрегаты мынадай қалыпты емес жұмыс режимдерінде әрекет ететін қорғау, бақылау және сигнализация құрылғыларымен жабдықталуы тиіс:

1)трансформатор майының немесе жанғыш емес сұйықтықтың рұқсат етілген температурасының көтерілуі;

2)жартылай өткізгіш түрлендіргішті суытатын су температурасының рұқсат етілген температурасының көтерілуі;

3)жартылай өткізгіш вентильдің күш тізбегіндегі сақтандырғыштың жанып кетуі;

4)әуе немесе сумен суыту әсерінің жоғалуы;

5)түрлендіргіш агрегаттың ұзақ жүктелуі;

6)басқарушы импульстарының болмауы;

7)қондырғы оқшауламасының бұзылуы (деңгейінің төмендеуі);

8)түрлендіргіш агрегаттың қалыпты жұмысына кедергі жасайтын өзіндік қажеттіліктердің басқа құрылғыларында жұмыстың бұзылуы.

1147. Персоналы кезекшілік ететін немесе олардың жұмысын диспетчер бақылайтын түрлендіргіш қосалқы станцияларда (қондырғыларда) осы Қағидалардың 1144-тармағының 1) – 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қорғау, бақылау және сигнализация құрылғылары сигналға әрекет етуі тиіс, ал осы Қағидалардың 1144-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген түрлендіргіш агрегатты ажырауға әрекет етуі тиіс.

Персоналдың кезекшілік жоқ және диспетчерлік пунктіне сигналдауды жеткізбейтін түрлендіргіш қосалқы станцияларында (қондырғыларда) осы Қағидалардың 1144-тармағында аталған қорғау, бақылау және сигнализация құрылғылары түрлендіргіш агрегатты ажыратуға әрекет етуі тиіс.

Жекелеген жағдайларда жергілікті жағдайларға байланысты, осы Қағидалардың 1144-тармағының

1)тармақшасында көрсетілген құрылғылардың сигналға әрекет етуіне рұқсат етіледі.

3. Жабдықтарды орналастыру, қорғаныс іс-шаралары

1148. Бір түрлендіргіш агрегатына жататын трансформатор, реттеуші автотрансформатор, теңестіруші реакторлар, анодты бөлгіштер мен сүзекті реакторлар бір ортақ камерада орналастырылады.

Май толтырылған жабдықты орнату осы Қағидалардың 19-тарауының талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Осы Қағидалардың 988, 989-тармақтарында көрсетілген талаптар жиынтықталған түрлендіргіш қосалқы станциялары мен қондырғыларына да қолданылады.

1149. Жартылай өткізгішті түрлендіргіштерге қоршаған ортаның әсері тимесе (күшті магнитті өрістер, температура, ылғалдылық, тозаңдану және т.б.), оларды басқа да электртехникалық немесе өндірістік үй-жайлардың жабдықтарымен бірге орнатуға рұқсат етіледі.

Жартылай өткізгішті түрлендіргіштерді өндірістік үй-жайларда шкафтарға орнатылады. Шкафтарды орнату орнына тәуелсіз (электр техникалық немесе өндірістік үй-жай) түзетілген

кернеуі 1 кВ-дан жоғары болған жағдайда, шкаф есігі ашық қалған кезде түрлендіргішті іске қосуға мүмкіндік бермейтін және айнымалы ток жағынан да, түзетілген ток жағынан да түрлендіргішті ажырататын блоктау құрылғысымен жабдықталуы тиіс. Электр үй-жайларынан тыс жерде орнатылатын түрлендіргіш шкафтарының есігі арнайы кілттермен ашылатын ішкі құлыппен жабдықталуы тиіс.

1150. Жанасуға қолжетімді кернеудегі бөліктерден тұратын ашық жартылай өткізгішті түрлендіргіштер электр үй-жайларында ғана орнатылады. Бұл ретте 1 кВ-дың жоғары түрлендіргіштер 1,9 м-ден төмен болмайтын бірыңғай немесе торлы қоршаумен қоршалуы керек. Қоршау торының ұяшықтары 25х25 мм-ден аспауы керек. Қоршаудың есіктерінде блоктауы болуы тиіс, ол есіктерді ашқан кезде олар түрлендіргішті айнымалы ток жағынан да, түзетілген ток жағынан да тез арада ажыратады.

1151. 1 кВ дейінгі ашық түрлендіргіштер мыналарда орнатылады:

1)жерден оқшауландырылған еден учаскелерінде. Бұл ретте түрлендіргіштің тұрған жері және түрлендіргіш проекциясының 1,5 м-ден кем емес аумағы оқшаулағыш қабатымен жабылуы қажет. Оқшаулағыштың қабаты механикалық жағынан жеткілікті берік болуы және түзетілген токтың 10 еселенген жұмыс кернеуіне есептелген болуы тиіс. Түрлендіргіштің проекциясынан көлденең бойымен 1,5 м кем арақашықтықта орналастырылған қабырғалармен жерге тұйықталған заттар кемінде 1,9 м биіктігіне оқшауламаның дәл сондай қабатымен жабылуы тиіс немесе жерден оқшауланған қоршаумен қорғалуы қажет.

Түрлендіргіш оқшаулама бағандарындағы оқшаулама материалдан жасалған оқшауланған тіреулермен немесе баумен қоршалған болуы тиіс. Түрлендіргіштен жерден оқшауландырылған қоршауларға, қабырғалар мен басқа заттарға дейінгі жарықтықтағы өту ені кемінде 1 м болуы керек;

2)оқшауланбаған еденде. Бұл ретте түрлендіргіштер биіктігі 1,9 м кем емес тұтас немесе торлы дербес қоршалған болуы тиіс. Қоршаудың есіктерінде осы Қағидалардың 1147-тармағында көрсетілген шкаф блоктаушысына ұқсас блоктаушысы болуы тиіс немесе құлыппен жабылуы тиіс. Соңғы жағдайда қоршаудың есігінің үстінде немесе қабырғасында айнымалы кернеу жағынан да, түзетілген

кернеу жағынан да түрлендіргіштің ажыратылғаны жөнінде сигнализациямен жабдықталуы тиіс. 1152. Түрлендіргіш корпусында орнатылған өлшеуіш аспаптары, қызмет көрсететін персонал

түрлендіргіштің қоршау ішіне кірмей, осы аспаптардың көрсеткіштерін қадағалауға ыңғайлы жерде орналасуы тиіс.

Бір түрлендіргіш агрегатқа жататын бірнеше ашық түрлендіргіштерді жалпы бір қоршауда орналастыруға жол беріледі.

1153. Электр үй-жайларының оқшауланбаған еденінде 1 кВ дейінгі ашық түрлендіргішті орнатқан кезде көлденеңі бойынша қашықтығы мыналардан кем болмауы тиіс:

1)кернеудегі түрлендіргіштің бөліктерінен жерге тұйықталған қоршауларға, қабырғаларға және т.б. дейін қызмет көрсетуге қажеттілігі жоқ басқа да жағынан 50 мм;

2)қызмет көрсету жағынан кернеудегі бір түрлендіргіштің бөліктерінен келесі түрлендіргіштің жерге тұйықталған бөліктеріне, жерге тұйықталған қоршауларға, қабырғаларға және т.б. дейін 1,5 м;

3)түрлі түрлендіргіштердің жерге тұйықталған бөліктерінің арасында, сондай-ақ түрлендіргіштің жерге тұйықталған бөліктерінен жерге тұйықталған қоршауларға, қабырғаларға және т.б. дейін, қызмет көрсету жағынан 0,8 м;

4)кернеудегі түрлі түрлендіргіштер бөліктерінің арасында қызмет көрсету жағынан 2,0 м. Осы тармақтың 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген қашықтықтар түрлендіргіштерден кернеуді

алмай қоршаудың ішіне қызмет көрсетуші персоналдың кіруін қамтамасыз ету шартымен белгіленген. 1154. Электр үй-жайларында 1 кВ жоғары ашық түрлендіргіштерді орнатқан кезде көлденеңі

бойынша қашықтығы мыналардан кем болмауы тиіс:

1)кернеудегі түрлендіргіш оқшауланған бөліктерінен түрлендіргішке қызмет көрсетудің қажеті жоқ жағынан қоршауларға, қабырғаларға және т.б. дейін: кернеуі 3 кВ – 165 мм, кернеуі 6 кВ – 190 мм, кернеуі 10 кВ - 220 мм;

2)түрлі түрлендіргіштердің жерге тұйықталған бөліктерінің арасындағы, сондай-ақ түрлендіргіштің жерге тұйықталған бөліктерінен қызмет көрсету жағынан қоршауларға, қабырғаларға дейін, 0,8 м; бұл қашықтық кернеуі жоқ болған жағдайда түрлендіргішке қызмет көрсетуді қамтамасыз ету шартымен белгіленген.

1155. Түрлендіргіш агрегаты екі және одан да көп түрлендіргіштен тұратын қондырғыларда, бұдан басқа қалғандарда кернеу болмағанда түрлендіргіштердің бір бөлігінің жұмысы талап етіледі, жеке элементтердің электрлік жалғанулары айнымалы кернеуі жағынан да, түзетілген кернеуі жағынан да ажыратуға мүмкіндік болатындай орындалуы керек.

1156. Түрлендіргіш агрегаттардың электр жабдықтары бар шкафтарын бір қатарға орнатқанда, есіктері немесе алынбалы қабырғалары жағынан өту жолының ені 1 м-ден кем болмауы тиіс; шкафтың

есігі 90о ашылған жағдайда, өту жолының 0,6 м-ге дейін таралуына рұқсат етіледі.

Шкафтарды қатарға орналастырғанда, шкафтардың арасындағы қызмет көрсетуге арналған өту жолының ені 1,2 м кем болмауы тиіс; қарама-қарсы тұрған шкафтардың есігі 90о ашылғанда, есіктер арасында ені 0,6 м кем болмайтын өтетін жол қалу керек.

Электр жабдықтары жылжымалы арбадағы шкафтарда орналастырылған жағдайда, өту жолы ені мыналардан кем болмауы тиіс:

1)шкафтарды бір қатарға орналастырған кезде – арба ұзындығы плюс 0,6 м;

2)шкафтарды екі қатарға орналастырған кезде – арба ұзындығы плюс 0,8 м. Барлық жағдайларда өту жолының ені арбаның қиғаш көлемінен кем болмауы тиіс.

1157. Түрлендіргіштің анодтары мен олардың салқындатқыштары түрлендіргіштің басқа

бөліктеріне қарағанда ашық түске боялуы керек.

1158. Түрлендіргіштің корпусында түрлендіргіштің бос жүрісіндегі кернеуі көрсетілген ескерту белгісі болуы керек.

1159. Жартылай өткізгіш түрлендіргіштері бар қондырғыларда түрлендіргіш трансформаторларының вентильді орамаларымен байланысқан тізбектерінің оқшауламасы, басқару тізбегі мен «торлы» қорғанысының, сондай-ақ оқшаулама тесілген кезде тізбектің вентильді орамасының әлеуетінде болуы мүмкін тізбектердің оқшауламасы 1 мин ішінде 50 Гц жиіліктегі айнымалы токтың мынадай сынамалы кернеуіне төтеп беруі қажет: