Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

алеуметтану

.pdf
Скачиваний:
87
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
767.62 Кб
Скачать

- діни тәжірибе бойынша адамдармен байланыс жасайтын ұйымдар: шіркеу, мешіт, храм, т.б.

Діни әрекет пен діни қатынастың нығаюына діни ұйымдар әсер етеді. Діни ұйымдарды, бірлестіктерді зерттеу діни жағдайдың деңгейі мен қоғамдағы діннің қызметін анықтауда маңызы зор. Діни ұйымдардың ішінде шіркеуді, сектаны, деноминацияны атауға болады.

Шіркеу (церковь) - грек тілінен аударғанда «kyiake» - Құдай үйі деген. Ол дәстүр арқылы анықталған дінді ұстанушыларды біріктіретін, діни әрекетті бақылайтын, діни идеялар мен қызметтерді тарататын орталық немесе бірлестік.

Секта (латын тілінен «sekta» аударғанда - ойлау жүйесі, білім деген) қандай да болмасын діни бағытқа қарсы оппазициялық ағым. Сектаға тән белгілер:

-ӛзінің бағыт-бағдарының, ұстанымдары мен мақсатының ерекше екендігін және ең дұрыс жол екендігін дәлелдеуге тырысу;

-рухани жаңғыруға ұмтылу;

-мүшелерінің теңдігі мен ұйымдасудың еркіндігін уағыздау;

-оқшаулану.

Деноминация (латынның «denominatio» - «атын ӛзгерту» деген сӛзінен шыққан) бірлестіктердің басқа түрінен дамиды немесе жеке қалыптасады. Оның культтік және идеялық принциптері шіркеуге де сектаға да қарсы. Белсенді діни әрекет пен үнемі тұрақты мүшелік қатаң бақылауға алынады.

Жалпы діннің институттануы мен оның қызметі әрбір адамға ӛмірдің мәнін түсінуге, ӛз әрекеттеріне жауап беруге кӛмектеседі. Дін адамдарға тұрмыстың шынайылығын түсіндіруге тырысады, сондықтан да оны қоғамдағы орны мен жағдайына қарамастан барлық адамдар қажет ететін болды. Соның арқасында дін адамдардың санасында әлеуметтік-мәдени рухани құндылық түсінігінде қалыптасып, қоғамның барлық мүшелерін біріктіруші ретінде мойындалды. Қоғамның дамуы барысында елдегі діннің орны мен рӛлін анықтау әр уақытта маңызды болды. Тарихтан белетініміздей, қоғам дамуының бір кезеңінде шіркеу барлық мемлекеттік істерге ықпал етсе, енді бір кезеңінде мүлдем діннен аластату саясаты жүргізілді. Осыған байланысты бірнеше ұғымдарға тоқталсақ:

Теоцентризм – дүниедегі барлық нәрсенің бастауы, кӛзі мен себепшісі құдай болып табылады деген түсінік.

Клерикализация – христиан елдеріндегі қоғамдық ӛмірде діннің, шіркеудің ықпалының күшеюі.

Секуляризация ол адамның, қоғамның және мәдениеттің шіркеудің ықпалы мен діннен бӛліну процесі.

Сакрализация діннің құндылық ретінде маңыздылыққа ие болуы. Дін қоғамда белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарады:

71

1)ӛтеуші қызметі – дін шектеулерді толықтырып тұрады, ӛз ӛміріне кӛңілі толмау, әлсіздік жағдайларын түсіндіріп, жұбатады, күйзелісті шешуге кӛмектеседі;

2)ӛмірге кӛзқарас – дін ӛмірді, әлемнің жаратылуын түсіндіріп, оған баға, мән береді;

3)коммуникативті - адамдармен, қоршаған ортамен араласу, байланысқа түсу;

4)біріктіруші - қоғамның тұрақтылығын сақтаудағы діннің маңызы;

5)реттеуші - құндылықтардың, бағдарлардың, дәстүрлер мен институттар арқылы индивид пен топтардың әрекетін басқара алады;

6)мәдени мұра қызметі - дін мәдениеттің бір бӛлігі ретінде жинақталған мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.

14-тақырып. Қала және ауыл әлеуметтануы

1.Әлеуметтік және территориялық бірлестіктер.

2.Қалалық және ауылдық ӛмір салттары.

Ежелгі дәуір ойшылы Страбон былай деген екен: «Ӛркениет болу үшін бір қала да жеткілікті». Осы тұрғысынан қарасақ, қаланың дамуы, ол мәдениеттің дамуы, ӛркениеттің дамуы. Тұрғындық орталықтар дами келе қалаға, одан ірі мегаполистерге айналады. Сӛйтіп қоғам экономикалық және саяси жағынан күрделене түседі.

Ауыл ол тарихи құбылыс. Онда халықтың негізі, рухани болмысы, ділі қалыптасады. Қазіргі кездегі ауылға байланысты қиындықтар, кӛбіне ауылды ғылыми тұрғыдан зерттемегеннен болып отыр. Сондықтан ауылға қатысты реформалар діттеген жеріне жетіп жатқан жоқ.

Қазіргі техника мен технологияның дамыған заманында ауыл мен қаланың бұған қатысты айырмашылығы болмауы тиіс. Тек айырмашылық кӛлемі мен негізгі атқаратын міндетіне қатысты ғана болуы тиіс.

Қазіргі қоғамда мекен-жайлардың жоғарыда айтқан негізгі екі түрінен (қала мен ауыл-селодан) басқа түрлері де пайда болды. Атап айтқанда, қала мен ауыл-селодан басқа тағы да қала типтес селолар (поселкалар), қала маңындағы ауыл-селолар дегендер пайда болды. Кейде ондай ауыл-селоларды қаладан айыруқиынға, ӛйткені олардағы әлеуметтік тұрмыс жағдайлары ӛте ұқсас болып келеді. Дегенмен олардың арасында адамдардың тұрмыстық қажеттеріне және объективтік саясат-мүдделеріне байланысты елеулі айырмашылақтар бар екенін кӛреміз.

Олардың арасындағы айырмашылықтар ең алдымен әлеуметтікэкономикалық факторларға байланысты. О баста қаланың ауыл-селодан бӛлінуінің ӛзі ӛндірістік іс-әрекетке байланысты болды. Ауыл шаруашылығына қарағанда ӛнеркәсіптік еңбектің табиғатпен байланысы

72

ӛзгеше. Ауыл-селода мекенжай үшін табиғат жағдайларының әсері басым болса, ал ӛнеркәсіптік еңбек үшін табиғат тікелей еңбек объектісі болмайды. Ӛнеркәсіптік еңбек базары бар жерде ғана іске аса алады. Қала адамзат дамуының табиғаттан тәуелділігін жеңудің формасы, қоғам жасаған «элемент» болып табылады.

Қаланың салынуы меншік формасының эволюциясына байланысты; қызметкердің ӛндіріс құрал-жабдықтарымен байланысының сапа жағынан жаңа формалары пайда болады, яғни «жұмыс істеуші меншік иесі – қолӛнерші дүниеге келеді. Сӛйтіп меншіктің түрлі формасы ӛндірістің ӛзінің же және соған сәйкес адам мекенжайларының да дамуының міндетті де маңызды фактор болып табылады.

Қаланың ауыл-селодан бӛліну процесі сондай-ақ еңбектің материалдық және рухани түрлеріне (ақыл-ой және дене еңбектеріне) бӛлінуімен де байланысты болды. Демек, қала негізінен таптық қоғамның шығуымен байланысты пайда болды деуге болады: ертедегі дүниеде қала сауда мен қолӛнердің орталығы болса, орта ғасырлар тұсында қалалар әрі қарай дами түсті – европалық қалаларда ӛндіріс дамып, түрлі елдер арасындағы сауда қатынастарының орталығына айналды. Жаңа Дәуірде (ХІХ ғ. дейін) қалалар сауда орталығы болумен қатар ӛкімет билігінің символы ретінде пайда болып дамыды, озат қоғамдық идеялардың орталығына айналды. ХІХ ғ.аяғы мен ХХ ғ.басында ӛнеркәсіп пен қатынас жолдарының дамуы қалалар мен қала тұрғындарының санының күрт ӛсуіне себепші болды. ХХ ғасырда қалалар бүкіл қоғамның еңбек ұжымдары мен мекемелердің, жалпы тұрғын халықтың мүдделерінің түйдектеле ұштасқан әлеуметтіктерриториялық мекенжайына айналды. Сондықтан ХХ ғасырда қалалық мекенжайлардың жаппай пайда болу ғасыры деп атауға да болады. Қалалардың дамуының тағы бір маңызды факторы ғылым мен мәдениеттің, транспорттың, тұрмыстық қажеттіліктердің, т.б. ӛріс алуы болып табылады.

Қала мен ауыл-селоның баршыға бірдей ұғымы жоқ. Мәселен, географтар қаланы кӛшелері, үлкен биік үйлері т.б. бар, қолдан салынған үлкен мекенжай ден анықталса, тарихшылар қаланы мәдениеттің (ӛркениет) орталығы деп түсінеді, ал саясатшылар қала саяси басшылақ ортылығы деп анықтайды, экономистер қала экономикалық қарымқатынастың делдалы дейді, т.с.с.

Қала мен селоның анықтамасының алуын түрлілігіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылығы бірнеше белгілері бойынша анықтауға әрекет жасалды. Ол белгілер – лингвистикалық (тілдік), статистикалық, тарихи, құқықтық, архитектоникалық (құрылыстық) т.б. белгілері.

Бұл ұғымдардың сондай-ақ социологиялық та айырмашылықтары бар. Бұлардың айырмашылығы анықтағанда қала мен ауыл-село күрделі әлеуметтік құрылым екенін естен шығармау қажет. Атап айтқанда, қала

73

мен ауыл-село мекенжай ретінде адамды қоғам ӛміріне үйрету, адамды әлеуметтендіру ортасы болып табылады, ӛйткені адам белгілі бір әлеуметтік сапаларда сол жерде қалыптастырады, мекенжайдың кез келген типі – адам тіршілігінің тікелей жүзеге асу ортасы. Осы тұрғыдан алғанда, мекенжайдың әлеуметтік функциясы (қызметі) қоғамның біртұтас әлеуметтік жүйенің кӛрінісі болып табылады.

Сонымен, қала не ауыл-село адамның ӛмір тіршілгі іске асатын тікелей орта ретінде, кең мағынада алғанда, жеке адамның, тұрғын халықтың әлеуметтік даму процесін жүзеге асырушы мекенжайлар болып табылады. Жеке кәсіпорынға қарағанда, мекенжайлар болып табылады. Жеке кәсіпорынға қарағанда мекенжай адам ӛмірінің барлық салаларын – қоғамдық, мәдени ӛмір салаларын, оқу-білімді, тұрмысты, т.б. іске асыратын тіршілік ортасы болып табылады.

15-ақырып. Жастар әлеуметтануы

1.Жастар әлеуметтік бірлестік ретінде.

2.Қазіргі жастардың құндылықтары.

Жастар әлеуметтануы – жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік сана сезімі мен мінез – құлқын, жастар әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым – қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу ролі мен орнын зерттейтін ғылыми сала. Жастар социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 1970жылы Варна қаласында ӛткен Халықаралық әлеуметтанушылық конгресте мойындалды. Бұл осы салада теориялық та, қолданбалы-тәжірибелік те мазмұндағы ақпараттар кӛп жиналғанын кӛрсетті. Жастар әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану ғылымының ең белсенді зерттеліп жатырған бағыттарының негізгісі болып табылады. Бұған 1960 жылы кейін бірқатар елдерде орын алған бұқаралық жастар шерулері үлкен әсер еттік. Социологиялық ғылыми зерттеу бағыттары жастар қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың еңбек және қоғамдық белсенділігі, жастардың тәуелсіз еңбек жолына түсуі, құндылықтық танымдардағы ӛзгерістер, жастардың бейрәсми бірлестіктері, жастар әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері және т.б. кӛптеген мәселелерді қамтиды.Жастардың негізгі мәселелерін зерттеумен Л.Розенмайер, К.Штарке, Э.Гидденс сияқты белгілі социологтар айналысты. Жастар әлеуметтануы кӛптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды. Кӛптеген әлеуметтік мәселелер жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті. Әлеуметтік ғылымда жастар ӛзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық ӛзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі. Қазақстандық жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатырған ғаламдастыру,

74

урбанизация, ұлттардың қартайуы, дүниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің маңызы ӛте зор. Себебі, қоғам ӛзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың ісәрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты. Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың ӛкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық ӛмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады. Олардың барлығы саяси үрдіске не белсенді, не енжар араласуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі сол топтардың, қауымның мүдделеріне, талаптарына және мұқтаждықтарына байланысты. Осы мәселеге байланысты қоғамның негізгі тобы болып саналатын жастарға тоқталып кӛрелік.

ҚР жастар саясаты туралы (заңдық негізі туралы) негізгі түсініктер. Жастар дегеніміз – ҚР он тӛрт жастан жиырма тоғыз жас аралығындағы азаматтары. Жастар саясатының міндеті: жастардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау; жастарға әлеуметтік қызмет және кӛмек кӛрсету; жастардың әлеуметтік маңызы бар ұсыныстарын жүзеге асыру.

Жастар саясатының негізгі принциптері: ерекше әлеуметтікдемографиялық топ ретінде жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін мойындау; денсаулығын қорғау және шынықтыру принципі; адамгершілік және рухани даму принципі; қазақстандық патриотизмді қалыптастыру принципі; азаматтықтың қалыптасу принципі; жастардың құқығы мен бостандығын жүзеге асыру принципі; жастардың мәселелерін шешудегі жүйелілік принципі; мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырып, жүзеге асырудағы жастардың ӛзінің тікелей қатысуы принципі; ҚР тарихи және мәдени құндылықтардың басымдылық принципі. Жас азамат ертерек саяси ӛмірдің қыр-сырын түсіне бастаса және оның адамгершілік принциптеріне сүйенген негізі болса, онда қоғамда жастар арасында белсенді, ӛркениетті саяси мәдениет жылдамырақ қалыптасары сӛзсіз. Демек, мамандығына байланыссыз кез келген жас азаматтың қоғамның қажетіне сай дүниетанымының дұрыс қалыптасуына назар аударуымыз қажет.

Қазіргі уақытта 150-дан астам жастар бірлестігі жұмыс істейді. Олардың іскерлік бағыттарын экологиялық, ақпараттық, құқық қорғау, салауатты ӛмір салтын насихаттау, мәдени-ағарту деп бӛлуге болады. Одан басқа кәсіби мүдделердің, саяси кӛзқарастардың, жастардың бос уақытын ӛткізуді ұйымдастыруға маманданған мәдени құндылықтардың ортақтығы жӛніндегі бірлестіктерді атауға болады.

75

Етек жеңін қымтап болған Қазақ елі де болашақ ұрпақтың қамын жеуге кірісті. Ӛйткені қай елде болмасын қоғамның негізгі қозғаушы күші – жастар. Қазір мемлекетіміз, жастар саясатының ӛрістенуіне қолдау кӛрсетіп, жол ашуда.

Ресейдің «Әлеуметтанулық зерттеулер» журналының редакторы А.Г. Харчевтің айтқанындай, жастар үнемі ізденіс үстіндегі даукес халық. Сондықтан да олардың пікірін түрлі зерттеулер арқылы біліп отыру керек. Ӛйткені олар болашақ қоғам иелері. Олардың саяси санасының дұрыс дамуы ел болашағының негізі.

Белгілі бір топтың саяси бағдарына талдау жасау үшін, оларды біріктіріп тұрған ортақ мақсаттар мен ӛзіндік сана-сезімдерін естен шығармауымыз қажет. Студенттердің саяси мәдениеттілігінің ерекшеліктерін анықтау үшін мынадай үш факторды ескерген жӛн:

Әлеуметтік-экономикалық фактор;

Тарихи фактор (яғни саяси саладағы тарихи тәжірибелер);

Геосаяси фактор.

Қазіргі кездегі жастарға әлеуметтанулық зерттеулерді қорыта келіп мынадай сипаттама беруге болады: ӛмірлік бағдарда, ӛмір ӛткелдерінде дербес әрекет жасауға, ӛзінше талдау жасап, оған ӛзіндік сын кӛзімен қарауға дағдыланған, ұйымшыл, біртұтас нәтижелілікті, белсенділікті бағалайтын топ. Ӛткен жүзжылдықта үшінші Еуразиялық революция тыныш та,қантӛгіссіз болып,ӛзімен бірге байырғы тәрбие жүйесін де жойып тынды. Мұның зардабы ең алдымен тұлға қалыптастыруда жетекші маңызға ие болған қоғамдық және отбасы тәрбиесін күйзеліске түсірді. Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие -"адам-адами" қатынастары желісінде жүргізілген тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдарды, қорлар, бірлестіктер т.б) тарапынан болатын істер.

Қоғамдық тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді. Оның пәні-тұлға қалыптастырудағы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтсақ, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, діни руханият мекемелерінің қоғам мүшелеріне жасайтын әсерлері сарапталады. Әлеуметтік педагогика шұғылданатын және бір ӛмір саласы - бұл ересектер мен кәрілер тәрбиесі, нарықтық экономика қыспағынан ӛзгеріске келген адамаралық қатынастар, аяусыз бәсекелестіктер жағдайына жеке тұлғаларды икемдестіру. Сонымен бірге бұл педагогика саласын қызықтыратын мәселелер - қызмет бабында кӛтерілу, әйел - қыздар тәрбиесі, кәсіптен қанағат табу, балалар тәрбиесі, жұмыстан бос уақытты пайдалы ұйымдастыру. Адамдарды рухани кемелдерге орай діни мекемелермен белсенді байланыс жасау проблемалары да осы әлеуметтік педагогиканың айналысатын шұғыл міндеттерден тұрады.

76

Семинар сабақтарының тапсырмалары

1-тақырып. Әлеуметтану ғылымы

1.Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.Әлеуметтану пәні зертттеу аясының ерекшелігі неде?

2.Әлеуметтанудың ӛзге қоғамдық ғылымдармен байланысын қарастырыңыз? Әлеуметтанудың гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтаңыз?

3.Әлеуметтанулық білімнің түрлері мен деңгейлерін ажыратыңыз?

4.Әлеуметтанудың атқаратын қызметтерін талқылаңыз?

Әдебиеттер:

1. Аяғанов А., Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993 2.Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Алматы, 2007 3. Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

4.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: оқу құралы. – А: Экономика 2004

5. Cмағамбет Б.Ж. Шетелдік әлеуметтану тарихы. – оқулық. Астана,

2010

6.Тұрғынбаев Ж.Х. Социология негіздері. А., 2001

2-тақырып. Әлеуметтану ғылымының даму тарихы

1.Классикалық әлеуметтану дамуының негізгі сипаттамасы. Позитивизм ілімі.

2.Огюст Конттың негізгі идеялары

3.Әлеуметтанудың дамуындағы биологиялық бағыт. Г.Спенсердің әлеуметтік даму заңының мәні неде?

4. Марксизм. К.Маркстің қоғам дамуына қосқан үлесі.

5.М.Вебердің ұғыну әлеуметтануы. М.Вебер іліміндегі рационалдылық идеясы. Макс Вебердің ―идеалды түр‖ тұжырымдамасы.

6.Француз социологы Э. Дюркгеймнің әлеуметтанулық идеясы.

7.Э. Дюркгейм іліміндегі әлеуметтанудың пәні: индивидтен тыс ӛмір сүретін әлеуметтік фактілер деген не?

8.Қазіргі әлеуметтанудығы бағыттар және олардың кӛрнекті ӛкілдері. ХХ ғасыр әлеуметтануы қарастыратын мәселелерді топтастырыңыз.

Әдебиеттер:

1. Аяғанов А., Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993 2.Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Алматы, 2007 3. Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

77

4.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: оқу құралы. – А: Экономика 2004

5. Cмағамбет Б.Ж. Шетелдік әлеуметтану тарихы. – оқулық. Астана,

2010

6.Тұрғынбаев Ж.Х. Социология негіздері. А., 2001

3-тақырып. Эмпириялық әлеуметтану

1.Эмпириялық әлеуметтану дамуындағы статистикалық мәліметтердің орны. Алғашқы халық санақтары.

2.Алғашқы әлеуметтанулық зерттеулер.

3.Әлеуметтанулық зерттеулердің қажеттілігі неде?. Зерттеудің түрлері

4.Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы мен жүргізу техникасы.

5.Зерттеу жиынтығы және іріктеме. Іріктеменің түрлері. Репрезентативтілік дегеніміз не?

6.Зерттеу әдістері және олардың түрлері.

7.Анкета дегеніміз не? Анкета сұрақтарының қандай түрлері бар?

Әдебиеттер:

1. Аяғанов А., Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993 2.Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Алматы, 2007 3. Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

4.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: оқу құралы. – А: Экономика 2004 5. Социология: лекциялар курсы. – А:Білім 2001

6.Тұрғынбаев Ж.Х. Социология негіздері. А., 2001

4-тақырып. Қоғам жүйе ретінде.

1.Қоғам ұғымның мәні мен түсінігі.

2.Қоғамның жіктелуі. Қоғамның даму жолдары.

3.Әлеуметтік институттар. Әлеуметтiк институттардың атқаратын қызметтері.

4.Әлеуметтік топтар және оның түрлері.

Әдебиеттер:

1. Аяғанов А., Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993 2.Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Алматы, 2007 3. Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

4.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: оқу құралы. – А: Экономика 2004 5. Социология: лекциялар курсы. – А:Білім 2001

6.Тұрғынбаев Ж.Х. Социология негіздері. А., 2001

78

5-тақырып. Әлеуметтік стратификация және мобильдік

1.Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация.

2.Әлеуметтік мобильділіктің мәні.

Әдебиеттер:

1. Аяғанов А., Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993 2.Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Алматы, 2007 3. Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

4.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: оқу құралы. – А: Экономика 2004 5. Социология: лекциялар курсы. – А:Білім 2001

6.Тұрғынбаев Ж.Х. Социология негіздері. А., 2001

6-тақырып. Тұлға әлеуметтануы

1.Тұлғаны зерттеудегі әлеуметтанулық бағыт.

2Әлеуметтік статус ұғымы: туа біткен, ӛсе келе жеткен, жеке, басты. 3.Әлеуметтік рӛл концепциясы. Рӛлді сипаттау мінездемесі. Рӛлдік таңдау. 4.Әлеуметтену үрдісі.

5.Әлеуметтенудің кезеңдері, түрлері және ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

1. Аяғанов А., Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993 2.Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Алматы, 2007 3. Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

4.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: оқу құралы. – А: Экономика 2004 5. Социология: лекциялар курсы. – А:Білім 2001

6.Тұрғынбаев Ж.Х. Социология негіздері. А., 2001

7-тақырып.Әлеуметтік бақылау және девиация

1.Әлеуметтанушылар қандай әрекетті ауытқу(девиация) деп атайды?

2.Әлеуметтік ауытқуды түсіндіретін ілімдердің мәні.

3.Делинквентті мінез-құлық дегеніміз не?

4.Әлеуметтік бақылаудың мәні. Әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру әдістері.

5.Санкция және оның түрлері.

6.Қазақстан қоғамындағы девиацияның ерекшелігі.

79

Әдебиеттер:

1. Аяғанов А., Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993 2.Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Алматы, 2007 3. Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

4.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: оқу құралы. – А: Экономика 2004 5. Социология: лекциялар курсы. – А:Білім 2001

6.Тұрғынбаев Ж.Х. Социология негіздері. А., 2001

8-тақырып. Әлеуметтік шиеленістер

1.Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік.

2.Шиеліністі құрайтын элементтер.

3.Әлеуметтік шиеліністердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі. 4.Әлеуметтік шиеленістің негізгі тұжырымдамалары.

Әдебиеттер:

1. Аяғанов А., Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993 2.Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Алматы, 2007 3. Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

4.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: оқу құралы. – А: Экономика 2004 5. Социология: лекциялар курсы. – А:Білім 2001

6.Тұрғынбаев Ж.Х. Социология негіздері. А., 2001

9-тақырып. Отбасы әлеуметтануы

1.Отбасы институт ретінде, қызметтері мен түрлері.

2.Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы.

3.ХХғ. отбасының дамуы.

4.Тұрмыс түсінігі мен түрлері.

Әдебиеттер:

1.Аяғанов А., Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993 2.Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Алматы, 2007 3. Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

4.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: оқу құралы. А: Экономика 2004 5. Социология: лекциялар курсы. – А:Білім 2001

6.Тұрғынбаев Ж.Х. Социология негіздері. А., 2001

80

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]