Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

алеуметтану

.pdf
Скачиваний:
87
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
767.62 Кб
Скачать

1)капитал иелерінің табы;

2)интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;

3)дәстүрлі ұсақ буржуазия табы;

4)жұмысшы табы.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі ӛзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, ауан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да ӛзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың ӛздері де біршама ӛзгеріп кетті. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, ӛтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бӛлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулеті орташа, кедей адамдарпайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының ӛзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.

Әлем қауымдастығы әлеуметтік құрылымның үш түрін біледі:

1.Орта таптың күшті топтары ұстап тұрған демократиялық нарықтық қоғам. Онда әлеуметтік топтардың бӛлінісі орталық бӛлігі дамыған (орта топтар), жоғары тап (бай элита) пен кедейлер тобы полюстері онша үлкен емес ромбты елестетеді.

2.Нашар дамыған, бірақ нарықтық экономикаға аяқ тіреген әлеуметтік құрылым үлгісі. Эйфель мұнарасын еске түсіретін пирамида түрінде (кедей топтар орналасқан кең ауқымды үлкен табан).

3.Бұрынғы социалистік елдердің қабатталу моделі табаны аса үлкен үшбұрышты еске түсіреді, оның кӛп ауданын ―еңбекшілер‖ қабаты, ал тӛбесін - ―билік адамдары‖ алып жатыр. Орта тап іс жүзінде жоқ.

Біздің бүгінгі қазақстандық қоғамымызға келер болсақ, оның стратификациялық жүйесі кӛптеген ғалымдардың пікірі бойынша екінші үлгі нысанына ие - бүйір жақтары ойыңқы пирамида. Бұл пирамиданың тӛбесінде негізінен ірі бизнесмендерден, сондай-ақ кӛрнекті саяси және мемлекет қайраткерлерінен тұратын жоғары тап орналасқан.

Кәсіпкерлік болса қызметтің бір түрі ретінде - тек заңды ғана емес, аса жауапты шаруа ретінде ӛзін ақтап отыр. Бизнесмендер ӛз кәсіптерінің рейтингтері бойынша спортшылар мен эстрада артистерін едәуір артқа тастап, неғұрлым құрметті және танымал адамдарға айналуда. Бизнестің банктер, қаржы компаниялары, жарнама агенттіктері және т.б. сияқты түрлері кӛркейіп келеді.

41

Соңғы жылдары елімізде әр түрлі сарапшылардың пікірі бойынша жалпы халықтың 3%-дан 10%-ға дейін құрайтын меншік иелерінің жоғарғы тобы (әлеуметтік пирамиданың ұшы) қалыптасты. Қоғамның әлеуметтік түбі де (пирамиданың табаны) пайда болды, олардың тіршілік деңгейі кедейліктен де тӛмен. Eнді ғана орнап келе жатқан нарықтық экономика үшін қалыпты жағдай болатын мүліктік теңсіздіктердің тереңдеуі, бағалардың босатылуы қоғамның едәуір бӛлігінің кедейленуіне әкелді, экономистердің есептеулері бойынша халықтың 70%-дан 85%-ға дейінгі бӛлігін кедейлік деңгейіне немесе ол деңгейден тӛмен қоюға болады.

Әлеуметтік мобильділік - бұл әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының ӛзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі.

Адам туылғанда аскриптивті немесе маңдайға жазылған мәртебе деп аталатын ӛзінің ата-аналарының мәртебесін алады. Ата-аналары, туыстары және отбасына жақын адамдар баланың бойына ӛздерінің мінез-құлық нормаларын, тиісті және мерейлі нәрселер туралы түсініктерін сіңіреді. Алайда адам ӛзі қызметінің белсенді кезеңінде бұл қабаттағы жағдайына қанағаттанбауы, одан да зорына ұмтылуы және қол жеткізуі мүмкін. Соңғы жағдайда ол қол жететін мәртебеге ие болады. Егер де адамның мәртебесі неғұрлым мерейлі, жақсы мәртебеге ӛзгерсе, онда жоғарылау мобильділік орын алды деуге болады. Алайда адам ӛмірде кездесіп тұратын алапаттар (жұмысынан айрылу, ауырып қалу, т.с.с.) салдарынан тӛменгі мәртебелер тобына ӛтуі де мүмкін - бұл кезде тӛмендеу мобильділік орын алады. Зерттеушілер әлеуметтік мобильділіктің барлық түрлерін (ұрпақаралық, кәсіптік және т.б.) бӛліп қарауға мүмкіндік беретін статистикалық рәсімдер мен кӛрсеткіштер жүйесін пайдаланады, бұл жалпы алғанда халық қозғалысының әр алуан түрлерін талдауға мүмкіндік береді. Тігінен орын ауыстырулардан (жоғарылау және тӛмендеу мобильділіктер) басқа кӛлденеңінен орын ауыстырулар болады, ол табиғи мобильділіктен (бір жұмыстан екінші жұмысқа мәртебесін ӛзгертпей ауысу) және аумақтық мобильділіктен (бір қаладан екінші қалаға кӛшу) құралады.

6-тақырып. Тұлға және әлеуметтену

1.Тұлға ұғымының мәні.

2.Тұлға туралы теориялар.

3.Тұлғаның әлеуметтену процесі.

Адамның жеке басының және тарихи дамуының түрлі деңгейлеріндегі нақты-тарихи даму ерекшеліктерін кӛрсету үшін «жеке адам» ұғымымен қатар «тұлға» ұғымы пайдаланылады. Тұлға - жеке

42

адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы.

Мәселен, философия тұлғаны таным мен шығармашылықтың, ісәрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.

Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік ӛмірге белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың ӛзекті мәселелерінің бірі, ӛйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның ӛмірін түсінуге болады.

Әлеуметтану тұлғаның қоғам ӛмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) ӛзінің зерттеу пәніне жатқызады.

Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден ӛзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

«Индивид» адам тегінің нақты ӛкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның ӛзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда ӛмір сүріп, қоғаммен тығыз байланысқатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік ӛмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.

Адам қоғамсыз ӛмір сүре алмайды. Менің ӛмір сүруім, сенің ӛмір сүруіңді және басқалардың ӛмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.

Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана ӛмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің атаанасынан тәуелсіз ӛмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық кӛмегінсіз адам баласы ӛсіп жетіле алмаған болар еді. Мысалы, кездейсоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар

43

бойы ӛз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерін тарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлылығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Тӛрт аяқтап еңбектеп жүріп, ӛзін асырап ӛсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейбір олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сӛйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.

Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) істәжірибелерін, сапа қасиеттерін ӛзінің бойына сіңіруі қажет.

Адамның жануарлар дүниесінен бӛлініп шығуының негізі - ӛмір сүру ортасын ӛз еңбегімен ӛзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бірбірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын сӛз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның ӛмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) ӛндіру қажеттілігінен туады.

Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, ӛзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы тӛмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның ӛлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Бологиялық ӛлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды. Психологиялық ӛлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек кӛру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды. Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі ӛлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, ӛйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде кӛрсете алмайды. Әлеуметтік ӛлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады.

44

Осыған сәйкес әрбір қоғам ӛзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.

Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшілігі,

айырмашылығы барын зерттейді.

Әлеуметтануда тұлға негізгі екі

тұрғыдан қарастырылады:

 

1.Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын; 2.Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.

Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің ӛкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:

Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары. Әлеуметтік ортаның болуы қажет, ӛйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.

Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұғаның құрылымын қалыптастырады.

Тұлға тек қана әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметік іс-әрекеттердің маңызды субъектісі де болып саналады. Бұл іс-әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым кӛрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани ӛмірде. Кӛрнекті неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер әрбір адам ӛзінің ісәрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап кӛрсеткен. Олар осыларды ӛмірде қолданады. Одан әрі саналы адамның әлеуметтік ісқимылы, әрекеті, қызметі ӛзінше жеке дара бағытталып, ӛмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа адамдарға бағытталады. М.Вебер осындай іс-әрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналануын тосу, күту, үміт ету дейді. Мұнсыз ешқандай іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Мұндай әлеуметтік іс-қимылдың алуан түрлері болады. Олардың ең бастысы мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет. Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады. Бұл жолда тұлға ӛзіне сәйкес қажетті құралдарды пайдаланады. Ал, саналы емес іс-әрекеттің салдары әруақытта қалыптасқан нормадан ауытқуға (девиацияға) әкеледі.

Тұлғаның әлеуметік қызметі деп, адамның ӛмірді ӛзінше игеріп, меңгеруі және адамның ӛзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді ӛзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдіруін айтады.

Әлеуметтік іс-әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайлармен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң-мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.

45

7-тақырып. Әлеуметтік бақылау және девиация

1.Әлеуметтік девиация.

2.Әлеуметтік девиацияны түсіндіруші ілімдер.

3.Әлеуметтік бақылау және оның элементтері.

Қоғамның дамуы ауытқуларсыз болмайды. Кез-келген жүйе жоғары дәрежеде дамығанына қарамастан ӛзінен, мүшелерінен нормаларды, ережелерді мүлтіксіз талап ете алмайды. Осы нормаларды, ережелер мен қалаптасқан тәртіпті жүйе мүшелерінің қатаң сақтайтыны рас. Ауытқуды бақылау үшін қоғам әлеуметтік бақылауды жүзеге асырады.

Әлеуметтануда ауытқуды «девиация» деген терминмен анықтайды. Осы ұғымның пайда болуын француз социологы Эмиль Дюркгеймнің есімімен байланыстырады. Мысалы, ол қоғамдағы тәртіп пен тәртіпсіздік мәселелеріне аса кӛп назар аударды. Оның «Ӛзін-ӛзі ӛлтіру»

деп аталатын еңбегі - осының айғағы.

 

 

Девиация (әлеуметтік ауытқу )

- адамдардың,

әлеуметтік

топтардың қоғамда қалыптасқан нормаларға немесе кӛпшілік мойындаған ғадет түрлері мен үлгілеріне сәйкес емес іс-әрекеттері, қызметі.

Девиацияның категориясын анықтай отырып, біз ережеден ауытқу бағыты саналуан екенін кӛруімізге болады. Олардың бірі қоғамға пайдалы болса, енді бірі - сол қоғамды ыдырауға алып келетін әлеуметтік патологияны қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, кӛзсіз ерлік те девиация болса, маскүнемдік жағымсыз девиация. Кӛбіне «девиация» ұғымы қоғамда қалыптасқан құқықтық, адамгершілік және басқа ережелердің бұзылуын кӛрсететін ауытқу ретінде қабылданады, себебі нақ осы ауытқу әлеуметтік тұрақтылыққа нұқсан келтіреді. Неғұрлым тар ұғымында девиация деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады. Ал, құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттерді делинквентті әрекет деп атайды. Оған мысал әрине қылмыс.

Мәдени тұрғыдан қолдау табатын және қолдау таппайтын ауытқулар да ерекше категориялар болып табылады. Мәдени жағымды ауытқу марапатттау ұғымымен байланысты және жоғары зияткерлік, ерекше қабілет, жоғары мотивация, тұлғалық қасиеттер, сәттілік сияқты ғадеттік қасиеттер мен әдістерге негізделеді.

Кӛптеген қауымдар мәдениеттің кӛпшілік мойындаған құндылықтарын дамытуға бағытталған ерекше қозғалыстар мен белсенділік түріндегі әлеуметтік ауытқуды қолдайды және мадақтайды. Олар ӛздері жақтайтын ауытқуға қол жеткізудегі жеке сәтсіздіктерді аса қатаң бағаламайды. Мәдени тұрғыда жақталмайтын ауытқу адамгершілік нормалар мен заңдардан ауытқу қай кезде де қолдау таппаған және жазаланған.

46

Девиация үш түрде кӛрініс табады: әрекетте, қызметте, ӛмір сүру салтында.

Девиацияның себебін түсіндіруде негізгі бес ілім бар:

Биологиялық ілім (И.Ломбразо, У.Шелдон) девиацияны адамның табиғи болмысын байланыстырады.

Психологиялық ілім (З.Фрейд) тұлғаның мінез-құлықын басты назарға ала отырып, оның әрекетке әсерін қарастырады. Тұлға ӛзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмағандықтан девиацияға барады.

Әлеуметтанулық ілім (Э.Дюркгейм) девиацияны қоғамның әлеуметтік даму жағдайының ерекшелігімен түсіндіреді. Қоғамдағы реттіліктің бұзылуы, құндылықтар мен байланыстардың тұрақсыз болуы, заңдардың күшін жоюы девиацияның пайда болуына әкеледі.

Ауытқудың мәдени және әлеуметтік негізін түсіндірген Р.Мертон. Ол девиацияның себебін мақсат пен мүмкіндіктің сәйкес келмеуімен байланыстырды, яғни мақсат пен оған жету жолындағы мүмкіндік арасындағы алшақтықты бес түрде кӛрсетті: жаңашылдық - мақсатпен келісу, бірақ мүмкіндіктен бас тарту; ритуализм - мақсаттан бас тарту, бірақ мүмкіндікпен келісу; ретреатизм, эскейпизм - мақсаттан да, мүмкіндіктен де бас тарту; конформизм - мақсат пен мүмкіндікті мойындауға мәжбүр болу; бүлік-ескі мақсат пен мүмкіндіктен бас тартып, жаңа мақсат пен оған жету жолын ұсыну.

Мәдениеттанымдық бағыт (В.Мюллер, А.Коэн, Э.Сазерленд) девиацияны мәдени ережелердің арасындағы қақтығыспен байланыстырады. Г.Беккер стигматтау ілімінде («аутсайдер») девиация «таңба тағудың» нәтижесінде пайда болады, яғни қоғам ұсынған стандартты әрекеттерден ауытқыған адамның іс-әрекетін бетіне басу.

Радикалды криминология заңдар қабылдауды қоғамдағы келіспеушіліктің қайнар кӛзі деп қарастырады.

Бастапқы және қайталама (қосалқы) ауытқу ілімін жасаған Х.Беккер. Бастапқы ауытқу деп тұлғаның қоғамда қабылданған мәдени нормаларға сәйкес ғадеті айтылады. Бастапқы ауытқу деңгейі аса қауіпті емес және қалыпты, тұлға девиант деп есептелмейді және әлеуметтік роль аясына сыйымды іс әрекеті бастапқы деп саналады. Ал қайталама (қосалқы) ауытқу девианттық деп саналады. Кейде бір рет ғана кӛрініс тапқан ауытқу салдарынан адамға девиант атағы ӛмір бойына таңылады. Бұл ауытқудың тереңдеуіне яғни қайталануына алып келуі мүмкін.

Қайталанған ауытқу индивид ӛмірін түбегейлі ӛзгертуі мүмкін және қоғамнан шектету шараларының жүзеге асуы оны тұрақты девиантқа айналдырады.

Аталмыш теориялардың бәрі ережеге сәйкес емес ауытқыған кез келген әрекетті ауытқу деп таниды. Осы жерде қоғамда кейбір адамдардың іс -әрекеті қалыптасқан үлгілерден әлдеқайда алда болуы

47

яғни прогресшіл болуы мүмкін.Әсіресе қоғамдық даму сатысындағы

ӛзгерістер кезеңінде.

 

 

Сонымен

девиация себептері

біркелкі емес: бұл әлеуметтік

ережелер

мен құндылықтардың

әлсіздігі және қарама –қарсылығына,

әлеуметтік

мәдени мақсаттар

мен

оларға жетудің әлеуметтік

мойындалған құралдары арасындағы алшақтыққа байланысты. Әдетте девиация бір ғана себепке қатысты емес, ол объективті және субъективті жағдайлар мен фактілер жиынтығына байланысты. Девиацияның пайда болуындағы басты мәселе – тек қажеттіліктерді қанағаттандыру ғана емес, әртүрлі әлеуметтік топтардың арасындағы айырмашылық дәрежесі мен қанағаттындыру мүмкіндіктері арасындағы алшақтық.

Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтанулық түсіндірілуі объективті әлеуметтік бағыттылықты және тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтар мен тұтас қоғамның қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан алғандағы мінез-құлқының қоғамдық нәтижелері сияқты кӛрсеткіштерді, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылықтар мен нормаларға сәйкестігін, қоғамдық пікірге берілген бағалар мен әлеуметтік санкцияларды қамтиды.

Қоғам түрлі тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, әрқашан ауытқытушы мінез-құлықтардың жағымсыз нысандарын басып тастап отыруға тырысады. Әрбір әлеуметтік топта ӛз мүшелерінің мінезқұлықтарын тиісінше жасалған үлгілер шеңберінде сақтайтын әлеуметтік бақылау жүйелері болады.

“Әлеуметтік бақылау” – терминін айналымға алғаш рет енгізген Г.Тард бастапқыда қылмыскердің қоғамдық қызметке қайта оралуының құралы ретінде қарастырған болатын Р.Парк әлеуметтік бақылауды әлеуметтік күштер мен адам табиғаты арасындағы белгілі бір арақатынасты қамтамасыз ететін құрал деп түсінеді. Ол әлеуметтік бақылаудың үш нысанын бӛліп қарайды: 1) қарапайым (мәжбүрлеуші) санкциялар; 2) қоғамдық пікір; 3) әлеуметтік институттар.

Әлеуметтік бақылаудың түрлері: салт-дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қағидалары, дін, құқық.

Әлеуметтік бақылаудың негізгі екі элементі бар: норма және санкция.

Норма қоғамда ӛзін дұрыс ұстаудың үлгісі. Санкция әлеуметтік нормалардың орындалуын қадағалайтын, марапаттау мен жазалау құралы. Санкциялардың түрлері:

-ресми жағымды арнайы мекемелермен бекітілген кӛпшілік мақұлдау: мемлекеттік наградалар табыстау, атақ, дәреже беру, мемлекеттік үстемақы беру, мақтау қағазы, алғыс хат, т.б.

-бейресми жағымды арнайы мекемемен бекітілмеген, бірақ кӛпшіліктің қолдауы: құрмет кӛрсету, алғыс білдіру, қол соғып, қошемет кӛрсету, т.б.

48

-ресми жағымсыз құқықтық заңдар, үкіметтік жарғылар, әкімшілік бұйрықтар арқылы жазалау: бас бостандығынан айыру, айыппұл тӛлеу, жұмыстан шығару, т.б.

-бейресми жағымсыз санкцияларға - топтан шектету, ескерту жасау, жала жабу, менсінбеу, т.б.

Әлеуметтік бақылауды санкцияларды қолдана отырып агенттер мен институттар жүзеге асырады. Олар ресми, тіркелген ( мектеп, полиция) және бейресми (отбасы, достар) болуы мүмкін.

Әлеуметтік бақылау мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, солардың арқасында тұлғаның әрекетін қабылданған мінез-құлық үлгілеріне сәйкестендіріледі.

8-тақырып. Әлеуметтік шиеленіс

1.Әлеуметтік шиеліністердің дамуындағы сатылар.

2.Шиеліністердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.

Адамзат қоғамының тарихына кӛз жүгіртсек, кӛне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік орын алғандығын байқауға болады. Біздің тілімізде «шиеленіс» деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі «confliktus» – қақтығыс деген ұғымды білдіреді.

Шиеленісті, даулы жағдайды кӛпшілік қолдамайды, тіпті одан іргелерін аулақ салуды кӛздейді. Алайда, күнделікті ӛмірде адамдар кейде ӛздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады.

Шиеленіс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, ӛзара әрекеттесу процесінде туындайды. Қазіргі кезді, әсіресе, біздің қоғамызда әлеуметтік шиеленістер жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына кӛшу барысында қоғам ӛмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-соңды болып кӛрмеген шиеленісті жағдайда ұласуы жиі ұшырасып отырды. Міне, сол себептен әлеуметтік шиеленістерді оқып-үйренудің теориялық және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар шиеленіскен жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеленістің алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы қажет. Шиеленістер барлық қоғамдық ғылымдарда қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымда қалыптасты.

Әлеметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер ӛз кездерінде шиеленістің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құүбылысты жан-жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. XIX ғасырдың соңында жарық кӛрген Г.Спенсер, М.Вебер және Л.Гумпловичтің еңбектерінде шиеленістер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады. Л.Гумплович К.Маркстен кейін кӛп ұзамай шиеленістердің шығу себептерін

49

адамдардың материалдық қажеттерін ӛтеуге бағытталған қүрестен іздеу керектігін айтты.

«Әлеуметтік шиеленіс» деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғылыми Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеленісті қоғам ӛмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.

Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғылыми кӛзқарастарын XX ғ. 20– жылдары Чикаго мектебінің кӛрнекті ӛкілдері Роберт Парк, Эрнст Бюрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар «әлеуметтік ӛзара ықпалдасу теориясын» негіздеді. Бұл теория бойынша шиеленіс еркін бәсеке, бейімделу ассимиляция, әлеуметтік ӛзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған.

Әлеуметтік шиеленістерді күрделі әлеуметтік процестер ретінде түсіну керек.Әлеуметтік келіспеушілік деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, кӛзқарастардың қайшы келуін, таласты айтамыз.

Әлеуметтік шиеленістер ӛзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден ӛтеді. Алғашқы кезеңде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән бермесе, ӛрби түседі. Мысалы, адамдардың ӛмір сүру деңгейі тӛмендейді, құқықты сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары ӛздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін.

Сондықтан қазір кӛбіне шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар: 1)Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың ӛзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірінбірі ұғынысып, ӛзара кешірімділік жасасып, ортақ келісімге келеді. 2)Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі-келіссӛздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады.

Бірінші бағыт қиындықтар туралы білімді, оны шешудің ыңғайлы техникаларын іздеу мен техникалық қамтамасыз етуді анықтауды қарастырады.

Екінші бағыт қиындықтар шешілетін орын мен уақыттың нақты талаптарымен қолданатын құралдар сәйкестігінің қажеттілігін кӛрсетеді.

Үшінші бағыт мақсатқа жетудің кейбір параметрлерінің қалыптасу мәні мен жағдайын ашады.

50

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]