Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

алеуметтану

.pdf
Скачиваний:
87
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
767.62 Кб
Скачать

Шиеленіс бәсекелесуші жақтардың ашық және жабық түрдегі қақтығыстары.

Бәсекелесу - дефициттік құндылықтар үшін индивидуалдық немесе топтық күрес. А. Смиттің айтуынша, шиеленістің негізінде жатқан екі мәселені атап кӛрсетеді. 1)қоғамның таптарға бӛлінуі; 2)таптар арасындағы экономикалық бәсекелестік қоғам дамуының басты күші.

Ресей әлеуметанушысы Р.Даррендорф шиеленістік қоғам модель теориясын енгізді. Оның ойынша, қоғам әрі қоғамда әлеуметтік ӛзгерістерге ұшырау, яғни әр қашанда әлеуметтік шиеленістер болады. Әлеуметтік шиеленістің пайда болуын қоғам мүшелерінің әлеуметтік қарама-қайшылықтармен түсіндіреді. Жабық қоғамда шиеленістер әлеуметтік байланыстарды бұзып, оны тӛңкеріске ұшыратады. Ал ашық қоғамда шиеленістер сыртқа шығып, қоғам дамуына кӛмектеседі.

Шиеленістің құрылымдық элементтері:

а)қажетті құбылыстар (оларсыз шиеленіс үрдіс ретінде дами алмайды); ә)әлеуметтік шиеленістің қатысушысы (кез-келген адам, топ, ұйым); в)әлеуметтік шиеленістің субъектілері адам немесе әлеуметтік топ, ӛздерінің қызғушылықтарына қарай шиеленістің жүрісіне ықпал етеді.

Р.Даррендорф шиеленістің субъектілеріне әлеуметтік топтардың үш түрін жатқызған.

1.Белсенді қатысушыларды.

2.Қатыспайтын, бірақ әсер ететін

3.Шиеленістің шешуін жақтайтындар.

Келіспеушіліктердің пайда болуы қажеттіліктермен байланысты. А.Маслоу осы қажеттіліктерді бес негізгі түрлерге бӛледі:

1.Физикалық (тамақ, жыныстық қатынас, материалдық қажеттіліктер) 2.Қауыпсіздік қажеттілігі.

3.Әлеуметтік қажеттіліктер (әлеуметтік қатынастар, қарым қатынастар, араласу).

4.Бедел, білімге жетуге, сыйлы болуға қажеттіліктер. 5.Жоғарғы қажеттіліктер (шығармашылық қажеттіліктер).

Кез келген индивид қажеттіліктерге сәйкес мақсаттарға жетуін армандайды. Ал егерде қиыншылықтармен кездесіп, осыған байланысты ӛзінің қажеттілігін қанағаттандырмаса, оны фрустрацияға (лат. тіл. сәтсіздік) жатқызады.

Кез келген ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның дұрыс, тиімді қызмет етуі және қабылданған шешімді ойдағыдай жүзеге асыруы үшін қайшылықты, шиеленісті жағдайларды алдын-ала болжай білуі қажет. Мұндағы басты мақсат – шиеленістердің алдын алу, егер бастала қалса, оларды шешудің жолдары мен әдістерін білу. Шиеленістердің алдын алу дегеніміз, оларды туғызатын басты себептерді анықтау және оларды жою. Бұл істе кәсіпорын немесе мекемедегі психологиялық қызметтің маңызы зор. Мәселен, Батыс елдерінде соңғы жылдары әр мекемедегі адам ресурстарын басқару бӛлімінің шеңберінде аранайы құрылым қызмет атқарады. Мұндай құрылым еңбек ұжымы шеңберінде

51

қақтығысты жағдайлардың алдын алу, ұжым мен әкімшілік арасында келіссӛздер жүргізу сияқты істермен шұғылданады. Бұл істе ұжым мүшелерін психологиялық біліммен қаруландырудың да маңызы үлкен.

Қазіргі кезде Ресейдің кӛптеген фирмалары мен мекемелерінде әлеуметтік - психологиялық пікір алысу тренинг), психолгиялық қызметті пайдалану жақсы нәтижелер беруде. Ұжымның табысқа қол жеткізуінің басты шарты – онда қолайлы моральдық-психологиялық жағдайдың болуы. Адамның басқалармен ӛзара түсіністікте, келісімде, ӛмір сүріп, қызмет ете білуі – тұтас алғанда қоғамның да тұрақтылығына, тұтастығына ықпал ететіндігін естен шығармауымыз қажет.

9-тақырып. Отбасы әлеуметтануы

1.Неке және отбасы түсінігі.

2.Отбасын зерттеу – социологиялық зерттеулердің әдісі, тәсілдері. 3.Отбасының атқаратын қызметі.

4.Неке және отбасының түрлері.

Отбасы әлеуметтануы адамның тіршілік әрекетінің формасы ретіндегі отбасының ӛмір сүруі, дамуы мен ӛзгеруінің ішкі және сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және қоғамдағы әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды.

Отбасы - ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, ӛндіргіш күштер мен ӛндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.

Сонымен қатар, отбасы некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделеді. Ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, ӛзара жауапкершілікпен және ӛзара кӛмек кӛрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.

Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік, ӛзара сыйластық т.б. жатады.

Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына ӛзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.

Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның ӛзара әрекетін талдау) қазіргі

52

отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.

Отбасы белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.

Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасын қарастырғанда некеотбасы қатынастары саласындағы коғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады.

Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының даму кезеңдерінің, кұрылымдарының және атқаратын қызметтерінің калыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы ӛзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бӛлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.

Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, кӛптеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың санының ӛсуі, т.б.) талдау жасауға да үлкен кӛңіл аударады.

Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, ӛмір салты, дәстүрі, ӛзге отбасыларымен және қоғаммен ӛзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас.

Отбасы қоғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеуметтік салдары бар қызметі. Ӛзге институттардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке-дара бӛліп кӛрсету үшін, отбасы қызметін ерекшелікті және ерекшеліксіз деп ажыратады. Отбасының ерекшелікті қызметтері оның отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық құбылыс ретінде отбасының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз қызметтеріне белгілі бір тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отбасының міндеттері жатады. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне:

халықтың ұдайы есіп-ӛнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;

балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);

балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру) жатады.

Бұл қызметтер қоғамның әр дәуірде ӛзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.Отбасының қоғам ӛмірінде кӛрініс тауып жататын тағы да басқа қосымша қызметтерін айтып ӛтуге болады.

53

Оларға отбасының шаруашылық-экономикалық, рекреациялық, статустық, қорғау функциялары жатады.

Отбасының шаруашылық-экономикалық функциясы отбасылық қарым-қатынастардың әр түрлі мәселелерін, нақты атап айтар болсақ, олар үй шаруасын жүргізу, отбасы бюджетін құрып, жұмсай білу, тұтынуды ұйымдастыру, үйдегі жұмысты тең бӛлу проблемасы, қарттар мен мүгедектерге қолдау, кӛмек кӛрсету мен қамқорлық жасау, т.б. қамтиды.Отбасының рекреациялық функциясы қазіргі кезде ерекше маңызға ие болып отыр. Ӛмірдегі кұбылыстар тез ӛзгерістерге ұшырап, соның салдарынан әр түрлі әлеуметтік және психологиялық тұрғыда ықпал ету арта түскен бүгінгі таңда стрестік жағдайлар саны біршама кӛбейіп, отбасы бұдан кейінгі ерекше терапиялық рӛл атқару міндеттерін ӛз мойнына алады. Ӛйткені әрбір отбасы жан тыныштығын, ӛзара сенімнің калыптасуын, қауіпсіздік сезімі мен психологиялық тұрғыдағы оңды ортаны қалайды, әрі соны орнықтырады.Отбасының статустық функциясы да бар. Отбасында тәрбиеленген әрбір адам ӛз отбасының мүшелеріне етене жақын кейбір статустарды мұра етіп алады. Бұл ең алдымен тұлғаның мынандай аса маңызды статустарын: ұлтын, қала немесе село мәдениетіндегі орнын және т.б. жағдайларды қамтиды. Таптық қоғамдарда отбасының белгілі бір әлеуметтік жікке бӛлінуі баланың келешек ӛмірін кӛбіне-кӛп анықтайтын мүмкіндіктер жасайды.

Қорғау функциясына келетін болсақ, онда отбасы институты ӛз мүшелерін әр түрлі деңгейде физикалық, экономикалық және психологиялық тұрғыда қарастырады. Отбасы институты қоғамдық басқа институттардың арасында ерекше орын алады, оны жете зерттеуге де айрықша кӛңіл бӛлінеді. Ӛйткені отбасы ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалатын мәдениет үлгілерін одан әрі жалғастырушы, ілгері апарушы болуымен қатар, тұлғаны әлеуметтендірудің қажетті жағдайын да қалыптастырады. Адам әлеуметтік рӛлдерді тек отбасында ғана

үйренеді, білімнің негіздерін алады, мінез-құлық

дағдыларын

қабылдайды.

 

Ал некенің түрлеріне келер болсақ, олардың

эндогамиялық,

полигамия, моногамиялық, полиандриялық, полигиниялық түрлерін айтып ӛтуге болады.

Әрбір қоғам некеге отырар кезде, жастарға тандау берерде отау тігушілердің ӛздеріне қандас шағын топқа жатпайтын, бӛтен жердегі адамға үйленуіне ғана рұқсат етеді. Бұл құбылысты экзогамия деп атайды. Әсіресе, біздің коғамда, жақын адамдардың қандарының араласып кетуінен сақтандыру үшін осындай шектеулер қойылады. Біздің адамгершілік нормаларымыз ӛзіміздің қандас қарындастарымызға және ӛзге де жакын туыстарымызға үйленуге тыйым салады. Қазақта жеті атаға толмай қыз алысып, қыз берісуге тыйым салынған норма әлі күнге дейін сақталып келеді. Кӛптеген қоғамдарда ӛз ағайынының,

54

руының, тіпті тайпасының, ауылының ішінен жұбай таңдауға тыйым салынған.

Ӛмірде осыған кереғар келетін талаптар да кездеседі. Некеге отырар кезде тек ӛз тобының ішінен ғана жұбай таңдауды талап ететіндер де бар. Мұндай мәдени үлгі эндогамия деп аталады. Ағайындық, ауылдық немесе тайпалық эндогамия кӛбіне-кӛп қарапайым қоғамдарда кездеседі. Қазіргі қоғамға, ондағы бірқатар талаптарға келсек, нәсілдік эндогамия немесе қоғамның тӛменгі жігінен жұбай таңдауға тыйым салатын сословиелік эндогамия кеңінен тараған. Эндогамия - таза түрінде касталық типтегі жабық топтарға тән. Эндогамияда некемен байланыстыру арқылы олардың ӛз ішіндегі жабықтығы сақталады. Экзогамиялық және эндогамиялық некелермен қатар некенің моногамия және полигамия деген түрлері де бар. Моногамияда бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады. Бұл форма ағылшын, т.б. халықтар үшін ерлізайыптылықтың ең ӛркениетті түрі болып саналады. Алайда, кӛптеген қоғамдардың дамуында некенің полигамиялық түрі де орын алды. Полигамия - бұл жұбайлардың бірінің яғни бір әйелдің бірнеше ер адамдармен немесе бір ер адамның бірнеше әйелмен некеде болуы. Теориялық жағынан алғанда полигамияның үш формасы болуы мүмкін. Оның біріншісіне топтық неке жатады. Мұнда бірнеше еркек және бірнеше әйел бір мезгілде ӛзара некелік қатынаста болады. Кейінгі уақытқа дейін некенің бұл формасы кеңінен тараған еді, ол, мысалы, Маркиз аралдарында қазір де кездеседі. Полиандрия полигамиялық некенің ӛте сирек кездесетін түрі болып табылады. Бұл некеде бірнеше еркекпен бір ғана әйел тұрмыс құрады. Бұған Тибет пен Оңтүстік Үндістандағы отбасылардың әдет-ғұрыптары мысал бола алады. Мұнда күйеуге шыққан әйел автоматты түрде күйеуінің аға-інілеріне де әйел болып, бәрі бірге тұрады. Оңтүстік Үндістандағы отбасындағы полиандрияның сақталуы демографиялық жағдайға талдау жасағанда анықталды. Ер адамдар санының әйелдерге қарағанда әлдеқайда басым болуы осы аймақта полиандрияның, сақталуына себепші болып отыр.

Полигиния немесе бір еркектің кӛп әйелге үйленуі (кӛшпелілерде болған) полигамдық некенің кеңінен тараған соңғы, үшінші түріне жатады. Бүгінгі Еуропа мен Солтүстік Америка ӛкілдерінің кӛп әйел алушылық жӛніндегі пікірлерінде этноцентризм басым. Бүгінгі қоғамдағы кӛптеген адамдардың пікірталастарына ден қойсақ, некенің мұндай формасын дәріптеу әйелдердің адам санатына косылмауына, олардың күңге айналуына әкеліп соқтырады. Сӛйтіп, бұл бұрын-соңды болмаған қаталдықпен ашу-ызаның бір кӛрінісі іспетті қарастырылады. Алайда, фактілер кері дәлелдерді алға тартады. Әйел қай қоғамда жоғары мәртебеге (статусқа) жетеді полигамиялық па, әлде моногамиялық неке формасы қалыптасқан қоғамда ма, ол жағын ашып айту қиын.

Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік,

55

талап-тілектер, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б. Отбасын кішігірім әлеуметтік топ ретінде зерттегенде 3 негізгі сипаттамалық тұрпатын бӛліп қарау қажет. 1) Топты жалпы сипаттау. Бұған кіретін мәселелер – отбасы тобының мақсаты мен міндеті, отбасының құрылымы мен мүшелері, отбасының ӛзара іс-әрекетінің сипаттамасы, биліктің құрылымы, т.б. 2) Қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан отбасы тобының басқа ӛзінен үлкен топтармен байланыс, қатынас түрлерінің сипаты. Қоғамдық қатынастардағы отбасының атқаратын қызметі. 3) отбасының жеке мүшелеріне байланысты мақсаты, міндеті, атқаратын қызметі, отбасындағы индивидтердің ӛзара іс-әрекеті, қызметі, топтық тәртіп, топтық бақылау, т.б. Индивидтің топқа енуі, оның отбасына енуіне қанағаттануы, ондағы тұрақтылық.

10-тақырып. Мәдениет әлеуметтануы

1.Мәдениетті әлеуметтанулық талдау.

2.Мәдениет және әлеуметтану.

3.Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері.

Әлеуметтануда мәдениет сӛзі кең мағынада ӛзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның ӛмір сүру ортасы мен ӛзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, нысандары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет әлеуметтануда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, мінез-құлық үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі.

Мәдениет қоғам ӛмірінде маңызды рӛл атқарады, ол ең алдымен адамзат тәжірибесін сақтау және жеткізуден құралады. Бұл рӛл бірнеше қызметтер қатары арқылы іске асырылады:

1)Мәдениеттің білім беру тәрбиелік қызметі. Индивид әлеуметтенуінің арқасында тұлға, қоғам мүшесі, адам болып қалыптасады, яғни барлық адамзаттың және ӛзінің әлеуметтік тобының, ӛзінің халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, нормаларын, құндылықтарын, рәміздерін, тілдерін, білімдерін игереді. Тұлғаның мәдени деңгейі оның әлеуметтенуінен - мәдени мұраға орналасуынан, сонымен қатар жеке дара қажеттіліктерінің даму дәрежесінен кӛрінеді. Тұлғаның мәдениеті, әдетте дамыған шығармашылық қабілеттерімен, эрудициясымен, ӛнер туындысын түсінуімен, ана тілі мен шет тілін жетік меңгеруімен, ұқыптылықпен, сыпайылықпен, жоғары ӛнегелілікпен ұқсастандырылады.

2)Мәдениеттің интегративтік және дезинтегративтік қызметі. Э.Дюркгейм ӛз зерттеулерінде осы қызметке ерекше кӛңіл бӛледі. Э.Дюркгейм бойынша мәдениетті игеру адамдарда, қандай да бір

56

қауымдастықтарда, қауымдық сезімін бір ұлтқа, халыққа, дінге, топқа жату сезімін қалыптастырады. Осылайша мәдениет адамдарды шоғырландырады, қауымдастықтың тұтастығын қамтамасыз етіп, біріктіреді. Осы үлкен қоғамдастықтар мен қауымдастықтар ішінде мәдени жанжалдар пайда болуы мүмкін. Осылайша мәдениет дезинтеграциялану қызметін атқарады.

3) Мәдениеттің реттеуші қызметі. Әлеуметтендіру процесі барысында құндылықтар, мұраттар, нормалар мен жүріс-тұрыс үлгілері тұлғаның сана-сезімінің бӛлшегіне айналады. Олар адамдардың жүрістұрыстарын реттейді және қалыптастырады. Мәдениет адам әрекет жасай алатын шеңберді анықтайды деуге болады. Мәдениет адамның отбасындағы, мектептегі, ӛндірістегі, күнделікті тіршіліктегі жүрістұрысын реттейді, ӛйткені ол тиым салу мен ережелер жүйесін қамтиды. Бұл тиым салу мен ережелерді бұзу қоғамдастықтармен бекітілген және институционалды мәжбүрлеудің әр түрлі формасы мен қоғамдық пікір күштерінен қолдау алатын қандай да бір санкциялардың әрекет етуіне алып келеді.

Мәдениет дамуындағы ең маңызды сәттердің бірі - мәдениет үлгілерінің таралуы. Француз мәдениет зерттеушісі А.Моль осы процесс жолында пайда болатын мәдени үлгілер мен бӛгеттердің таралуының әр түрлі кезеңдерін анықтауға болатын қазіргі қоғамда мәдениетті таратудың әмбебап үлгісін ӛңдеп шығарды. А.Мольдың үлгісі бойынша мәдени үлгілерді таратудың кез келгені шығармашылық тұлғаның ісәрекетінен басталады, олардың әрқайсысы ӛздерінің ақылды ісәрекетінің, экспериментінің, бұрынғы тәжірибелері негізінде кейбір әлеуметтік топтарда қолдану үшін ӛзінің сапасы бойынша жарамды ӛнім жасайды. Жаңа мәдени үлгіні кӛрсеткен кіші топта ол алғаш рет бағаланады. Ондай жағдайда, егер үлгі кіші топ мүшелерін қанағаттандырса, онда ол қабылданады және ол микро ортада мәдени үлгінің алғашқы таратылуы болып саналады. Осында мәдениет нормалары мен құндылықтардың таратылуы аяқталады. Қандай да бір отбасына немесе шағын жұмысшылар ұжымдарына тән және үлкен әлеуметтік жиынтықтарға таралмайтын нормаларды жиі байқауға болады.

Әлеуметтануда рухани мәдениеттегі әр түрлі элементтердің жұмыс істеуіне кӛп кӛңіл бӛлінеді. Алғашқы және маңызды элемент танымдық, белгі-нышандық элемент, яғни қандай да бір түсініктер мен ойларда қалыптасқан, тілде айқындалған білім. Тіл - адам тәжірибесін шоғырландырудың, сақтаудың, жеткізудің объективті нысаны. Тіл нақтылы мәндермен үйлестірілетін белгілер мен нышандардың жүйесі болып табылады. Белгілер мен нышандар қатынас жасау барысында басқа ілімдердің ӛкілдері ретінде кӛрінеді.

Мәдениеттің екінші аса маңызды құрамдас бӛлігі құндылықтықтанымдық жүйе болып табылады. Құндылық бұл осы немесе басқа қоғамдық заттардың қасиетін, қызығушылықтарын, ниеттерін,

57

қажеттіліктерін қанағаттандыру құбылысы. Құндылықтар ӛзінің қажеттіліктерін әлеуметтік субъект деп ұғыну нәтижесінде, олардың қоршаған әлем заттарымен ара-қатынасында қалыптасады. Әлеуметтік субъектінің құндылық жүйесіне әр түрлі құндылықтарды жатқызуға болады:

1.Ӛмірлік мағынасы бар (жамандық пен жақсылық туралы, ӛмірдің мақсаты мен мәні туралы ойлар);

2.Әмбебап: а) виталды (ӛмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, тұрмыс-жағдай, отбасы, туыстар, білім, мамандық, құқықтық тәртіп,

т.б.);

б) қоғамдық мойындау (еңбексүйгіштік, әлеуметтік жағдай, т.б.); в) ӛзара тұлғалық қатынас (адалдық, риясыздық, мейірімділік);

г) демократиялық (сӛз бостандығы, еркіндік, ұлттық егемендік, т.б.);

3.Партикулярлы: а) отаны мен отбасына бауыр басу;

б) фетишизмдік (құдайға сену, абсолютке ұмтылу).

Әлеуметтануда құндылықтар, ең алдымен, адамның мінез-құлқы мен қоғамдық ӛмірдің әлеуметтік нормативтік қызметінде қарастырылады. Құндылықтың нақ осы қызметі оларды әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің арнайы пәніне айналдырады.

Құндылықты қатынастар ӛзінің жеке ӛмір сүруін әлеуметтік норма кӛрінісінен табады. Әлеуметтануда норма дегенде тек жалпы ереже ғана емес, сонымен бірге бұқаралық кӛрініс процестерінің шынайы ӛмір сүретін типі түсіндіріледі. Адамның жүріс-тұрысына сәйкес әлеуметтік норма ретіндегі қазіргі қоғамның кӛптеген ӛкілдеріне тән, әдеттегі әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды бейнелейтін осындай жүрістұрыс кӛрініс береді және қабылданады немесе жиі-жиі кездеседі деуге болады. Жалпы қабылданған норманы кӛрсететін шынайы жүрістұрыстың объективті және субъективті аспектілері болады. Объективті мағынада норма қоғамдық қызығушылықтар мен қажеттіліктерге, мазмұны мен формасы сәйкес келетін сыртқы қылықтарымен айқындалады. Субъективтіде нормативтік мінез-құлықтың идеологиялық және психологиялық аспектісі қоғамдық және жеке дара санада ұсынылған деп айқындалады. Әлеуметтік норма ӛздерінің қылықтарының қоғамдық мәні мен әлеуметтік құндылықтарын аздыкӛпті түсінген адам ретінде түсіндіріледі. Бұл үлгі жүріс-тұрыс дәледеуінде маңызды рӛл атқарады.

Мәдениеттің синтетикалық формасы ырым, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сияқты жүріс-тұрыс үлгілері болып табылады. Ырым бұл ӛзіне осы немесе басқа әлеуметтік идеяларды, ойларды, нормалар мен құндылықтарды іске асыратын және қандай да бір ұжымдық сезімді тудыратын ұйымдық іс-әрекеттің символдық жиынтығы. Ырымның күші оның адамдарға деген эмоционалдық-психологиялық әрекетінде жатыр. Ырымда құндылықтар мен мұраттардың осы және басқа нормаларын игеру емес, сонымен бірге ырымдық әсерге қатынасқандармен бірге әсерленушілігі болып жатады.

58

Әдет-ғұрып - бұл топтық іс-әрекеттің үйреншікті, қалыпты ең ыңғайлы және жеткілікті кең таралған әдістері. Адамдардың жаңа ұрпақтары қоғамның үйреншікті әдістерін жартылай санасыз түрде еліктеу арқылы, жартылай саналы түрде оқыту арқылы қабылдайды. Әр адам бала кезінен кӛптеген кӛне мәдени элементтердің қоршауында болады. Ол үнемі кӛз алдында осы ережелерді кӛргендіктен, ӛзі үшін ең дұрыс және ең қолайлы болып қала береді. Бала ӛсіп-ӛніп, үлкейген соң, олардың пайда болуы туралы ойланбастан оған ӛзінен-ӛзі белгіленген құбылыс ретінде қарайды. Мысалы, амандасу үшін ол дағдылы түрде оң қолын созады, бірақ бір кездері мұндай ым жәй амандасуға қарағанда үлкен мән, дәлірек айтсақ, қолда қару жоқ екендігін білдірген. Қоғамда әдет-ғұрыптар саны ӛте кӛп. Жабайы қоғамның ӛзінде де бірнеше мыңдаған әдет-ғұрыптар болған, ал қазіргі индустриалды қоғамда олардың саны кӛбейе түсуде.

Салт-дәстүр - бұл мұраттар мен құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жазбаша немесе ауызша түрде тасымалдау, жеткізу, қолдау және сақтау процесі. Салт-дәстүр адам мәдениетінің барлық салаларын қамтиды. Салт-дәстүрсіз адамзат тарихында ешқандай мәдениет ӛмір сүре алмайтынымен қоса, онсыз кез келген адамдар қауымдастығының ӛмір сүруін кӛз алдымызға елестету мүмкін емес, ал салт-дәстүр - бұл мәдениет және ӛркениет қоғамы онсыз ӛмір сүре алмайтын жалпы рухани негіз. Бір сӛзбен айтқанда, салт-дәстүр - жеке адамның, топтың, халықтың және адамзаттың мәдени ұқсастығы мен тарихи зердесінің құрамында болатын құндылықтар, нормалар, идеялар, әдет-ғұрыптар жиынтығы. Қазіргі әлеуметтанулық еңбектерде салт-дәстүрді жайлап үйрену мен ұзаққа созылған қандай да бір қоғамдық талаптар ғана емес, сонымен бірге адамның ӛмір сүруіне қажетті жағдайларға негізделуі деп қарастырады. Сол себептен салт-дәстүрдегі қажеттілік бір уақытта адамдар жүрегіне жол салатын маңызды қажеттілік болып табылады.

11.Экономикалық әлеуметтану

1.Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары.

2.«Әлеуметтік адам», «Экономикалық адам» ұғымдары.

3.Кәсіпкерлік әлеуметтік институт ретінде.

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық ӛмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық

59

дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік институттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, ӛндіріс, еңбек ұжымдары, ӛндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.); экономикалық процестер, ӛндіріс саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің ӛндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, кӛңілкүй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің ӛнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, т.б. жатады.

Экономикалық әлеуметтанудың негізгі міндеті - экономикалық құбылыстар мен процестерді осында әрекет ететін жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың мүдделері, мүмкіндіктері тұрғысынан әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру, сонымен қоса нақтылы бір қоғамның экономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың әсер етуін зерттеу болып табылады. Экономикалық әлеуметтану бізге экономикалық дамудың әлеуметтік механизмдерін біртұтас жүйе ретінде тереңірек түсінуге жол ашады.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждығы, талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рӛлдер, яғни қызмет атқарады, осыған сәйкес оған қоғамда әр түрлі орында, жағдайда, беделде, т.б. болады. Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканың ӛз алдына жүйе деп қарайды. Ал, экономикалық жүйеде - ӛндіріс-бӛлу-айырбастау-тұтыну жүзеге асырылады. Ал, бұл процестің нарықтық түрі: «Сұраныс және ұсыныс». Нарық дегеніміз, тар мағынада - азық-түлік және басқа ӛндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны. Ғылыми тілмен айтқанда, ол тауар айналымының ӛрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Тауарларды ұсыну және оған деген тӛлеу қабілеті бар сұраныс. Нарық теориясы ұдайы ӛндіріс теориясының құрамды бір бӛлігі. Нарық тауар ӛндірісі туып, ӛсуімен қатар пайда болып, дами бастайды, әсіресе ол қала мен ауылда натуралдық шаруашылық ыдырап, қоғамдық еңбек бӛлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.

Әлеуметтік зерттеуде бұл екі процес, яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады, ӛйткені, зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың, олардың топтарының мінез-құлқына аударылады. Адам және оның топтары – жұмысшы, қызметкер, тұтынушы, айырбастушы, стаушы, сатып алушы, т.б. ретінде қарастырылады. Экономикалық дамудың әлеуметтік

60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]