Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

алеуметтану

.pdf
Скачиваний:
87
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
767.62 Кб
Скачать

аспектілерін жан-жақты ескеріп, талдап отыру керек. Мысалы, әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері - инабаттылығы, еңбек сүйгіштігі, оған қатынасы, ынталығы, ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі, жауапкершілігі, белсенділігі, шаруақорлығы, т.б. қоғамдық ӛндірісті дамытып, оның ӛнімін кӛбейтіп, сапалы тауарларды кӛп ӛндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

Экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлері, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әділеттілігі, белсенділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер ететінін де зерттейді.

Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның топты оның ішінде жіктің экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқаты, одан туатын сана, ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сӛйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды, экономикалық ынта, ықылас, мәдениет, т.б. мәселелерді зерттейді. Міне, осылардың бәрі экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері. Айта кететін бір жайт, экономикалық әлеуметтану жеке дара әлеуметтану теорияларымен, мысалы, еңбек әлеуметтануы ұйым және басқару әлеуметтануымен де айналысады. Экономикалық әлеуметтанудың зерттеуіндегі басты айырмашылық – ол жалпы экономикалық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің даму заңдылығын зерттейді. Ал, заңдылықтар - олар осы байланыс, қатынастардың ең тұрақты, қайталанатын, қажетті, мәнді, басты жақтарының жиынтығы. Әлеуметтануда заңдылықтарды даму тенденциялары деп те айтады.

Батыстық экономикалық әлеуметтануда жаңа сала - нарық әлеуметтануы табысты түрде дамуда. Оның шеңберінде ӛндірістік нарықтар әлеуметтануы, еңбек нарығы әлеуметтануы, халықаралық нарық әлеуметтануы және т.б. негізгі бағыттары бӛліп қарастырылады.

Әлеуметтанушылық кӛзқарас экономикалық мінез-құлыққа әсер етуші факторларды кең әлеуметтік астарда карастыруды жӛн кӛреді. Ол, біріншіден, шаруашылық ӛмір, экономикалық, басқарушылық және мәдени қатынастардың күрделі шиеленісуін білдіреді дегенге негізделеді. Екіншіден, экономикалық қатынастар әр түрлі әлеуметтік құрылымдарға сүйенеді - ұйымдар, құндылықтық-нормативтік жүйелер, т.б.

Қазіргі заманғы экономикада нарықтың қызмет етуінің экономикалық емес, қоғамдық аспектілерін талдаумен институционалды экономика ӛкілдері (Р.Коуз, О.Уильямсон, Д.Норт және басқалар) айналысады.

61

Ертедегі әлеуметтанушылар ішінен нарықты зерттеп-білуге М.Вебер, Э.Дюркгейм және Г.Зиммель зор қызығушылық білдірген. Э.Дюркгейм ӛз еңбектерінде жеке адамдардың мінез-құлқына аномияның, сонымен қатар экономиканың әсерін анықтай отырып, нарық тақырыбын қозғады. Г.Зиммель «Ақша философиясы» атты еңбекте қазіргі қоғамдағы ақшаның рӛлін талдады. Экономиканы ол қалыптасып жатқан коғамдағы жеке адамдардың ӛзара әрекеттесуінің ең таза және дамыған түрі ретінде айырбастың жеке нысаны деп қарастырады.

М.Вебердің пікірі бойынша, нарықта әлеуметтік әрекеттер бәсекелестік ретінде басталып, айырбас ретінде аяқталады. Нарық бәсекелестік бар жерде ӛмір сүреді. Бәсекелестікті М.Вебер мүмкіндіктер мен басым жақтарды бақылауға алу үшін «бейбіт» жанжал деп қарастырды, ал айырбас оның мүдделердің ымыраға келуі болып табылады,

Нарықгы әлеуметтану тұрғысынан талдау 1950-жылдары Т.Парсонс, Н.Смелзер, К.Поланьи еңбектерінде қайта қолға алына бастады.

1980-90-шы жылдары нарыққа байланысты оны зерттеуде түрлі теориялық тәсілдер қолданылатын бірқатар әлеуметтанушылық жұмыстар пайда болды: әлеуметтік-құрылымдық, әлеуметтік конструктивтік, салыстырмалы-тарихи, жүйелі, рӛлдік және басқалар. Мысалы, бұл саладағы жұмыстарымен танымал болған Харрисон Уайт нарықтарды әлеуметтік конструкция ретінде қарастырады.

Жалпы, айта кетер жайт, нарық құбылысын әлеуметтану тұрғысынан талдау екі элементтерді - айырбас пен бәсекелестікті бӛліп қарастырудан құрылады. Нарықтың әлеуметтік құрылымы акторлар арасындағы (сатушылар мен сатып алушылар) бәсекелестік ретінде пайда болып және бірнеше акторлар арасындағы ӛзара алмасуымен аяқталады. Құрылымдық талдауға сүйене отырып, қазіргі заманғы нарықтарға қатысты келесі сипаттамаларды бӛліп қарастыруға болады - қатысушылар саны мен қатысушылар типінің (жеке адамдар немесе ұйымдар) ӛзара әрекеттесуін реттеу, бағаны қалыптастыру механизмдері.

12-тақырып. Этникалық әлеуметтану

1.Этноәлеуметтік процестер.

2.Этносаяси қауымдастық және ұлттық саясат.

ХVІІІ ғасырдан бастап, ұлттың табиғатын табиғи-территориялық тұрғыдан түсіндіру қалыптаса бастады, ұлттың болмысын, жалпы ісәрекетін оның территориясымен, әсіресе жер бетінің кӛрінісі (ландшафт), ӛсімдіктер (флора) және жануарлар дүниесімен (фауна) байланыстыратын тұжырымдамалар қалыптаса бастады. Осы

62

тұжырымдамалардың ішіндегі кӛзге түсетіні, әрине атақты Л. Гумилевтің теориясы.

Ұлттың пайда болуы (этногенез), Л.Н. Гумилевтің айтуынша, «тарихи және ландшафтылық факторлардың үйлесімді дамуының жемісі. Этнос әлеуметтік кеңістіксіз ӛмір сүре алмайтыны сияқты, атмосфера, гидросфера, биосферасыз ӛмір сүре алмайды». Бұл сол кездегі ұлттың табиғатын зерттеудегі тың бағыт болып табылады. Ұлттардың болмысын ашуда бірнеше парадигмалардың кӛмегін пайдалану қажеттілігін осыдан кӛруге болады.

«Этностардың бір-бірінен айырмашылығы олардың қоршаған табиғитерриториялық ортаға бейімделуіне байланысты. Әр ландшафт ӛз этносын ӛмірге әкеледі. Ал ӛз ландшафтысынан айрылған этнос (жер аударылғанда, кӛп ұлтты қалаға кӛшкенде, тағы басқа жағдайларда) басқа бір этносқа, жаңа қауымдастыққа айнала бастайды. Этнос қалыптасуын, дамуын және бірте-бірте сӛніп ыдырауын Л. Гумилев бес кезеңге бӛледі. Бірінші кезең - этностың материалдық және рухани күш жинау кезеңі. Оны автор «императив» деп атайды. Екінші кезең – «пассеизм», ұлттың тарихи сахнаға шығуы, оны құрайтын аталастар ӛздерін атабабаларының жалғасы ретінде сезініп, ұлттық мұраға үлесін қосады . Тағы да бір табыс-жеңіс, тағы да бір ғимарат, тағы да бір әдеби, ғылыми туынды, тағы да бір шыңдалған семсер деп, ұлттық құндылықтар осылай тырнақтап жиналады. Бұл кезеңді Л. Гумилев қуатты құлшыныс (пассионарность) деп атайды. Үшінші кезең – «актуализм» немесе «гүлдену», суыну деп анықталады. Бұл тұста адамдар ӛткенін ұмыта бастайды, ұлттың болашағын ойламайды, оны білгісі де келмейді. Олар ӛздері үшін ғана ӛмір сүріп, жеке қара бастары үшін ғана ерлік жасайды. Бірте-бірте тоғышарлық психология күш алып, бұрынғы ұлттық мұра шашылып-тӛгіліп, ысырап жасалып бүлінеді. Оны орынсыз жұмсау алдамшы молшылық, гүлдену сияқты жалған ойлар тудырады. Тӛртінші кезең футуризмге - этностың бұрынғы тарихын ӛткен заман деп бағалау, бүгінгі ұлттық мүддені тиімсіз деп қабылдау, тек болашаққа, арманға ғана сену тән. Бесінші кезең ұлттың ыдырауымен, күйзеліске ұшырауымен байланысты». Кезеңдер арқылы ұлттың тұтас болмысын аңғаруға әбден болады.

Әрбір халық бір жағынан әлемдік-тарихи үдерістің бӛлігі ретінде саналса, екінші жағынан ӛз ерекшелігімен қайталанбас құндылық. Н. Бердяев былай деп санаған: «...адам адамзат қауымына орыс, француз, неміс немесе ағылшын атауларына ие болған жәй адам ретінде емес, ұлттық ерекшелігі арқылы енеді. Адам болмыстың толық бір баспалдағын аттап ӛтіп кете алмайды, олай болса ол қайыршыланып, бос кеуде болып қалар еді. Ұлт жанды адам – жай адамға қарағанда жоғары, онда адамның тектік сипаты бар, тіпті сонымен бірге жеке-ұлттық белгілері де бар».

Жеке бір ұлт адамзат қауымы құрамына қажеттілік ретінде енеді, онсыз қауымдық толық емес немесе тіпті зиян да шегуі мүмкін. Әрбір

63

ұлт Бердяевтің ойынша, «күрделі иерархиялық баспалдақ, онда тарихи тағдырдың ӛткірлігі ерекше кӛрініс тапқан. Мұнда табиғи нақтылық тарихи нақтылыққа айналады».

Кез келген әлеуметтік топтастық ӛзіндік сананы иеленген, оның негізгі құрамдас компоненті ретінде ӛзіндік ерекшелікті сезіну болып табылады, соның нәтижесінде ӛзіндік ерекшеліктің белгілерін табуға ұмтылыс пайда болады. Ұлттық ерекшелікті кӛрсетудің жекешелендірілген түрі ретінде ұлттық ӛзіндік сананы айтуға болады, ол нақты бір әлеуметтік-этностық топтастыққа жатқызу сезімі ретінде, осы ұлттық топқа ӛзін итермелеуден кӛруге болады.

Ұлттық және этностық жатқызу туған кезден бастап, ана тілінде сӛйлеумен және адамның қоршаған ортасындағы мәдениетпен бірге жасасады, ал қоршаған ортадағы мәдениет ӛз кезегінде жалпыға бірдей тәртіп стандарттарын және тұлғаның ӛзіндік дамуына әсер етеді.

Ұлтты зерттейтін тұжырымдамаларға тоқталсақ. М. Вебердің пікірінше, «қай жерде адамдар ӛздерінің бар екендігіне сенсе немесе қауымдастыққа жататындықтарын сезінсе және автономиялық мемлекетте ӛзін танытуға ұмтылса, ол жерде ұлт бар». М. Вебердің ойынша бұл тұтастық сезімі толығымен субъективті емес, оның тамыры объективті факторларда жатыр, яғни, бір нәсілде, тілде, дінде, әдеттер мен саяси тәжірибелерде, бұлардың әрқайсысы ұлттық сезімді келтіреді.

Э. Смит ұлттың екі түрін кӛрсетеді «территориялық және этникалық». Территориялық ұлт (азаматтық) мемлекетпен мӛлшерлес немесе белгілі бір территориядағы елмен мӛлшерлес ортақ құқықтармен байланысқан азаматтардың бірлестігі. Мұндай ұлттық бірлестік түрінің қалыптасуында белсенді агент ретінде мемлекет араласады, ол кейде тіпті этникалық топтардың барлығын біртұтас етіп біріктіреді. Бұл үдерістердің ортақ мәдениетсіз, ортақ аңыздар мен белгілерсіз дамуы мүмкін емес.

Ұлтқа жан-жақты сипаттама берген П. Сорокин болып саналады. Ойшылдың ойынша, жеке адамдардың мінездері ұлттың мінезімен бірдей болмайды. Ол жағдайды былай түсіндіреді, мысалы, судың құрамы сутегі мен оттегінің құрамынан ӛзгеше немесе автомобильдің бӛлшектерінің құрамы жинаған машинаның құрамынан ӛзгеше. П. Сорокиннің пікірінше ұлттың ӛзіндік сипаты әлеуметтік, мәдени жүйе ретінде келесі факторлармен анықталады: 1) мағыналар, құндылықтар мен нормалар, оларды жүзеге асыру үшін жүйе жұмыс жасайды; 2) алдын ала жазылған және тыйым салынған реттегіштер, олар арқылы құндылықтар мен нормалар эмпирикалық әлемде объективті бола түседі; 3) жүйенің жұмыс жасауы үшін қажет материалды құралдар (мекемелер, қару-жарақтар, қорлар және т.б.). Кез келген жүйе, сонымен бірге ұлт та «оны құраушы элементтердің іс-әрекет фрагменттерін зерттеумен шектелмеу тиіс». Сорокин ұлтты ерекше әлеуметтік жүйе ретінде санап, оның маңызды белгілерін кӛрсетеді. «Ұлт дегеніміз кӛпфункционалды, тұтас, жартылай жабық әлеуметтік-мәдени топ, және ӛзінің ӛмір сүріп

64

жатқанын, бірлігін сезінеді. Бұл топ келесі индивидтерден тұрады, олар: 1) бір мемлекеттің азаматтары; 2) тілдері ортақ немесе ұқсас және осы индивидтар және олардың алдында ӛмір сүргендердің ортақ тарихынан туындаған ортақ мәдени жинақ; 3) ӛздері және ата-бабасы тұрған ортақ территория. Сонымен бірге, ұлт дегеніміз мемлекеттен және этникалық (тілдік) және таза территориялық топтардан ӛзгеше әлеуметтік жүйе»

Этносаяси қауымдастық және ұлттық саясат.

Ұлт ерекше жүйе ретінде кӛптеген факторлардың нәтижесінде қалыптасады. Қазақстан территориясындағы халықтың қалыптасуына кӛз жіберетін болсақ, сонау кӛшпенділер де, қазақ ұлты да, қазақстандық халық та бір ғана этностан құрылған жоқ. Кӛшпенділерді де, қазақ ұлтын да, қазақстандық халықты құрайтындар да тілі, діні, мәдениеті әртүрлі болып келетін этностар. Мәселе бұл жерде әлеуметтік рухта болып отыр. Яғни, тұтас қауымдастыққа бірігу үшін осы әртүрлілікті біріктіретін күш менталитеттің қалыптасуы, әйтпесе бұл жерде біріктіруші күш ретінде не ортақ мінез-құлықтың, не қоғамдық сананың, не ортақ дүниетанымның күші жете бермейді. Бұл элементтер менталитеттің құрамына біріге отырып қана іс-әрекет ете алады.

Тәуелсіздіктің қалыптасуы, ұлттық мемлекеттіліктің дамуы қоғамдағы біріктіру факторы болып табылатын дені сау ұлттық менталитетпен тығыз байланысты. Ол мемлекет территориясында тұратын барлық этностық топтар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едәуір ықпал ете алады.

Этнос ӛмірінің мәні биологиялық тұрғыдан алғанда - ӛзінің нақты тіршілік етуін жалғастыру, яғни ұрпақ жалғастыру. Этнос ӛмірінің мәні - оның жер бетіндегі барлық тарихын тұтас алғандағы миссиясынан кӛрінетін ұлттық идеяда. Осы ұлттық идея барлық халыққа түсінікті түрде айтылған және танылған кезде халықтың бірегейлігі туралы және оның ұлттық, этникалық ӛзіндік санасының оянғаны туралы айтуға болады.

Қазақстанның қазіргі жағдайында мемлекеттік, ұлттық саясат мақсаты жалпыұлттық мүдде ауқымында айқындалып, этноәлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін бағытталған.

Мемлекеттегі ұлттық саясат екі бағытты ескереді: біріншісі – қоғамның кӛпэтносты ӛкілдерінен бірегейлігі, екіншіден – Қазақстан – транзитті мемлекет екендігі. Сондықтан демократиялық қоғамдағы ұлттық саясат біртұтас ұлтты қалыптастыруға бағытталуы тиіс, ал ең басты идеяны қазақ ұлты кӛтереді.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев ұлттық саясаттағы идеяның негізгі компоненттері ретінде Қазақстанда ӛмір сүріп жатқан этнос ӛкілдері мен қазақ ұлтының арасындағы достықты, бауырмалдылықты және теңдікті атап кӛрсетеді.

65

13-тақырып. Дін әлеуметтануы

1.Дін әлеуметтануының пәні мен объектісі.

2.Діннің пайда болуы мен қалыптасуы.

3.Дін әлеуметтік институт.

Шамамен VII ғасырдан б.з.д. II ғасырда адамзат ӛмірінің рухани жүйесінде үлкен ӛзгеріс болды бұл, ӛмірді түсіндіре алатын діни сананың қалыптасуы еді. Ол кейіннен кейбір халықтардың дамуы мен ӛркениеттің қалыптасуына жол ашты.

Дін - әлемдік ӛркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым заманнан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.

Дінді философиялық-әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз – оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны, діни мәдениет түрінде кӛрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін мен саясат мәселелерін зерттеу. Жоғарыда айтып ӛткендей әлеуметтану ғылымы да дінді ӛзінше зерттеп, түсінік беруге тырысты. Дінді зерттеуге байланысты осы ғылым аясында арнайы дін әлеуметтануы пәні қалыптасты. Дін әлеуметтануы мына мәселелерді зерттейді:

-діннің пайда болуының әлеуметтік жақтарын;

-әлеуметтік жүйенің дамуы мен қалыптасуындағы діннің орны мен ролін;

-діннің дамуының әлеуметтік заңдылықтарын;

-оның әлеуметтік құрылымы мен элементтерінің байланысын;

-діннің басқа әлеуметтік жүйелерге әсерін және керісінше басқа әлеуметтік жүйелердің дінге әсерін.

Дін әлеуметтануы пәнінің негізгі талдау объектісі болып дін мен қоғамның байланысы есептеледі. Әлеуметтік теорияларда дін қоғамның тұрақтандырушы күші ретінде қарастырылады.

Ал дін әлеуметтануы ғылыми пән ретінде бірінші қадамын XIX ғасырдың ортасында жасады. Дін адамзат қоғамының ажырамас бӛлігі ретінде ӛзінің дамуы мен қалыптасуы барысында кӛптеген ғылымдардың назарын аударып отырғандығы жӛніндегі нақты ойлар О. Контпен айтылған болатын.

Әлеуметтік динамиканы зерттеу, әлеуметтік прогресс процесін зерттеуге алып келеді. Бұл бағыттағы дамуға бірінші реттік факторлар – рухани және ой-ӛрістің дамуы және екінші реттік – климат, нәсіл, ӛмір сүруді жалғастыру әсер етеді.

Конттың дін туралы ойларын «Үш кезең заңының» бірінші кезеңімен түсінуге болады. Адамзаттың дамуындағы алғашқы кезеңді

66

Конт теологиялық деп атады. Бұл кезеңде адам санасында діни түсініктер мен діни идеология үстемдік етеді. Ол ӛз кезінде үшке бӛлінеді: фетишизм, политезм, монотезм. Теологиялық жағдай – құдайға сену - әскери-авторитарлық жүйені қалыптастырды. Сондықтанда ол:

-қарама-қарсы қызығушылықтардың келісімін қамтамасыз етті;

-әлеуметтік жүйенің құлауына кедергі келтірді;

-қоғамда тәртіпті ретке келтірді.

Адамзат тарихының бірінші, діни кезеңі құдайға деген сеніммен сипатталады, осы сенім түрлі топтардың мүдделерінің үйлесімін, қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз етеді. Дін бұл кездері қоғамда біріктіруші қызмет атқарады. Бұдан соң адамзат екінші және үшінші кезеңдерді бастан ӛткереді. Бірақ, Конттың пікірінше қоғамдағы әлеуметтік-тарихи ӛзгерістер адамзатты ерте ме, кеш пе, қоғамдағы қатынастардың рухани негізі ретінде «екінші теологиялық синтезге» алып келеді, сол кезде «позитивті діннің» үлкен маңызы болады.

О. Конт бойынша теологиялық форманың соңғы тарихи түрі орта ғасырлық «католиктік және феодалдық жүйе» болды. Бұл қоғамда діни сенім жалпы қоғамды байланыстырушы күштің және әлеуметтік тәртіптің негізі болды. Конт қоғамның дамуын зерттей келе, сол кезде-ақ болашақта ғылымның діннен жоғары тұратынын, оның үстемдікке ие болатындығы және әлеуметтік байланыстардың үзілетіндігі жӛнінде айтқан болатын. Сондықтан да ол позитивті қоғамдағы діннің бейнесін жасауға тырысты, нәтижесінде ол «позитивті дінді» дамытты. Позитивті дінді ол екі түрге бӛледі: қоғамдық және жеке дін.

Қоғамдық дінде құдайдың орнындағы құрметке адамзат тегі ие болады. Конттың ойы бойынша ол ӛткені, бүгінгісі, болашағы бар үзілмес, біртұтас «ғұлама мән».

Діни қарым-қатынас бұл адамзаттың жағдайы үшін құлшылық ету. Дін ӛз аясына адам табиғатының барлық әрекетін: махаббат, ой және саясатты басқаруды, мәдениетті, философияны біріктіреді. Конт тұжырымы бойынша қоғамдық діннің культі адамзаттың атағын шығаруға бағытталған діни салтанаттан, діни мейрамдардан тұрады.

Ал жеке діннің пәні ұжымдық сананың лайықты жеке ӛкілдері: ана, әйел, қыз бола алады. Жеке діннің культі жай ғана сезімді білдіретін құлшылық ету болып есептеледі.

Осы ойлары арқылы Конт дін әлеуметтануының қалыптасуына жол ашты. Бұл жердегі Конттың жетістігі ол дінді әлеуметтік ӛмірдегі адамдарды біріктіруші және оларға бірегейлік сезімін беретін, қоғамның бӛлінбес бӛлігі ретінде түсіндіруге тырысуы.

Ал ағылшын философы және әлеуметтанушысы Г.Спенсер Конттың жолын дамыта отырып, дінге басқаша түсінік берді. Ол дінді қоғам ӛміріндегі әрекет түрлерін сақтаудағы белгілі бір реттеуші фактор ретінде қарастырады. Бірақ Спенсер діннің маңызын экономика мен саясаттан тӛмен қояды. Спенсердің пікірі бойынша, дін:

67

1) отбасы байланысын күшейтеді, жерлеу институты мен ата-баба рухын қадірлеу арқылы отбасын әлеуметтік топ ретінде біріктіреді;

2)адамдар әрекетін басқарудағы негіз болып есептеледі;

3)бірінші орында діни бірлік деген ұғыммен, ұлттық бірлікті нығайтады;

4)жекеменшік институтын дамытады, ӛйткені қасиетті заттар жеке иелік болып есептеледі;

О. Конт пен Г. Спенсер дінге «бірлікті», «бірлестікті», «интеграцияны» қалыптастырудағы жетістіктің бір құралы ретінде қарды. Олар дінді адамның денесіне қажетті денсаулық тәрізді, қоғамға да керек қалыпты қажеттілік деп есептеді.

Дін әлеуметтануының негізін қалаушылардың бірі болып, француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм есептеледі. Оның діни тұжырымы ұжымдық санамен байланысты. Дін Дюркгеймнің еңбектерінде нормалардың институтцияланған жүйесі, барлық қоғам мүшелерімен мойындалған құндылық ретінде қарастырылады. Э. Дюркгейм бойынша, діни сенімдердің бастауы – қоғамның ӛзі және кӛнедегі діннің ең қарапайым формасы тотемизм. Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы әрі желеп-жебеуші, рәміз әрі ең басты құндылық. Сондықтан ол құлшылық объектісі, осымен бірге сол топты біріктіруші, рулық, тайпалық тұтастығын сақтаушы.

Оның «Діни ӛмірдің қарапайым түрлері. Австралиядағы тотемдік жүйе» атты еңбегінде бір-бірімен байланысты үш зерттеу деңгейі кӛрсетілген:

- қоғамның жалпы теориясы, мұнда дінге әлеуметтік ӛмірдің факторларын біріктіруші ретінде орталық орын берілген;

- діннің арнайы әлеуметтік теориясы; - дін этнологиясы – австралиялық аборигендердің дінін түсіндіруші

теория.

Австралиялық аборигендерді зерттей келе, ол «дін қоғамның адамгершілік бірлігін қалыптастырады екен», - деген түйінге келді.

Діннің әлеуметтік сипаты да бар, қоғам бір уақытта оның авторы әрі объектісі де бола алады. Діннің негізгі қызметі:

- тәртіпке шақыру (мәжбүрлеу және бақылау); - тұрақтандыру (қоғамның біріктіруші күшін);

- репродуктивті (жаңа мүшелерді тарту арқылы ұдайы ӛндіру); - эйфориялық (рахатқа кенелу)

Э. Дюркгейм ӛз тұжырымында дін кез келген қоғам құрылымының элементі болып есептелетін, әмбебеп әлеуметтік феномен деген қорытындыға келді. Контқа қарағанда Дюркгейм барлық діннің ӛзіндік шынайылығы барын мойындады.

Дін әлеуметтануында М. Вебердің орны ерекше. Ол діннің негізгі қызметі ретінде мәнберушілікті, адам әрекетінің рационалдылығын атады. Вебер дінді адамның шаруашылық, әлеуметтік, саяси, психологиялық мақсаттарына байланысты белсенді бағытталған

68

әлеуметтік іс-әрекеттің түрткісі немесе бағдар ретінде қарастырады. Вебер капитализм жүйесіндегі шаруашылықтың дамуында дін мен экономиканың байланысын зерттеуге басты назар аударды.

Ол ӛзінің «Протестанттық этика және капитализмнің рухы» еңбегінде протестантизм діні экономикалық әрекеттің рационалдылығына, аскеттік тәрбиеге және протестантизмнің идеологиясы кәсіпкерлік әрекеттің дамуына мүмкіндік берді дегенді және осы еңбегінде протестантизм дінінің этикасы (еңбекқорлық, тӛзімділік, шындық, есепке құрылған әрекет) капитализмнің қалыптасуына алып келді деп дәлелдейді. Вебер жалпы ӛндірістік қоғамның дамуын, рационалды әлеуметтік әрекет жетістігінінің бағыты дейді.

Вебер ӛз зерттеулерін тек протестантизмді талдаумен шектеген жоқ, ол басқа да әлемдік діндерді, олардың шаруашылыққа әсерін зерттеді. Вебер әлемдік діндердің қатарына тарихи оқиғалардың желісіне әсер ететін және оны мойындайтын жақтаушыларының саны басым болатын діндерді жатқызды. Ол әлемдік діндерге тарихи-салыстырмалы талдау жасай келе, әлемге деген кӛзқарастары әр түрлі үш түрді бӛліп кӛрсетті:

ӛмірге бейімделу діні – конфуциялық және даосизм; ӛмірден қашу діні – индуизм мен буддизм; ӛмірді басқару діні – иудаизм мен христиандық.

Бұл түрлердің әр қайсысының ӛмірге деген кӛзқарастарына ӛзіндік рационалдық тән. Сонымен қатар әр түрлі қоғамдағы діннің ӛзіне тән атқаратын қызметі ерекше. Шығыс елдерінің діни санасын зерттей келе, Вебер бұл елдерде әсіресе Қытай мен Үндістанда дін қоғамның ӛндірістік дамуына кедергі болған деген шешімге келді.

Протестанттық бағыттың басты догмасы ол адам тағдырының әуел баста анықталып қойғандығы. Оның мәні: Құдай адамды жаратқанда оған лайықты ӛзінің ӛмірін берді, оның басты мақсаты құдайға ризашылығын еңбек ету арқылы дәлелдеу. Адам ӛзінің шешімі немесе құлшылық етуі арқылы ӛз ӛмірінде ештеңені ӛзгерте алмайды. Ал бұл ұстаным дәстүрлі католик дінінен мүлдем ӛзгеше. Католик діні бойынша адам ӛмірі діни, шынайы және шынайы емес ӛмірге бӛлінеді. Бұл дінде байлыққа ұмтылу, парақорлық, кәсіппен айналысу күнә, жанның, рухтың тазалығы үшін құлшылық ету керек деп есептеледі. Ал протестантизм діні бойынша керісінше, оның нормалары мен тәртіптеріне байланысты жанды сақтау үнемі еңбек ету болып табылады. Ол келесі екі жайттың қалыптасуына әкеп соқты:

1)діни ритуалдар мен шіркеулердің, құлшылық етудің ешқандай қажеттілігі жоқ;

2)ӛмірдің магиядан босауына, күпірлікке әкелді, дүние қарапайым және рационалды бола бастады.

Протестанттық білім бойынша еңбек ету, бұл құдай алдындағы парыз және жан тазалығы болып есептеледі.

69

Одан әрі діннің әлеуметтік тұжырымдарын Б. Малиновский, А. Радклиф-Браун, Т. Парсонс, Р. Мертон және XX ғасырдың 60-шы жылдарында Белл дамытты.

Діндер тарихын зерттеуде, діннің қоғамға әсерін талқылауға таптық тұрғыдан зор үлес қосқан ғұламалардың бірі – Карл Маркс.

К. Маркс бойынша «...дін дегеніміз адамның ӛзіндік сана-сезімі және ӛзін-ӛзі ӛмірде таба алмай жүрген немесе ӛзін қайтадан жоғалтып алған адамның ӛзін сезінуі. Ал адам дегеніміз бұл адам әлемі, мемлекет, қоғам». Міне, сондықтан да «дінді қоғам қалыптастырады»,- деген кӛзқарасты ұстанады. Сонымен қатар, Маркс ӛз уақытындағы қоғам мен діннің байланысын былай сипаттайды: «қазіргі қоғам үлкен бұқара жұмысшы тапты халықтың азшылық бӛлігін құрайтын таптарға жататын жер иеленушілер мен капиталистердің қанауынан тұрады. Қазіргі қоғам

– құлиеленушілік қоғам немесе еркін жұмысшылар ӛз жағдайларын жақсарту үшін, ӛмір бойы еңбек етіп, капитал жинауға мәжбүр». Оның үстіне экономикалық езгіге түскен халықты саяси, әлеуметтік мәселелер де қинайды. Жұмысшы табы әрдайым ӛздерінің экономикалық бостандықтары мен саяси еркіндіктері үшін күрескенмен де олар кедейліктен, жұмыссыздықтан арыла алмады. Ұзақ жылғы нәтижесіз қанаушы мен қаналушы таптың арасындағы үздіксіз күресте оларды тек ақырет күнінде жақсы ӛмір сүреміз деген сенім жетеледі. Жұмысшы таптың арасында «кім де кім ӛмір бойы еңбек етіп, мұқтаж болса дін оған о дүниеде мәңгі ӛмір сыйлайды, ал ӛзгелердің еңбегін пайдаланғандарды дін ӛздерінің әрекеттеріне жауап беру үшін қайырымдылықпен айналысуға шақырды. Сол кезде ғана олардың мәңгілік ӛмірге мүмкіндігі болуы мүмкін» деген түсінік тарады. Халықтың санасындағы осындай ойлардан кейін Маркс дінді шыдамдылық пен тӛзімділікке баулитын қасиеті бар деп түсіндіріп, дінге «халықтың апиыны» деп баға берді.

Жоғарыда айтылған тұжырымдар діннің әлеуметтік институт ретінде қалыптасуына ықпалын тигізді. Дін әлеуметтік институттардың ішіндегі маңызды институт. Бұл институт әлеуметтік нормалардың, рольдердің, дәстүрлердің, сенім мен ритуалдардың жүйесі, жазылған әрекет стандарттары мен ұйымдастырылған қызметтер бірлестігі.

Қоғамдағы діннің күші мен маңызы зор болғандықтан, дін немесе діни тәжірибе адам әрекетінінің қызметін түсіндіретін әлеуметтік институт. Діннің институттануына байланысты қоғамдағы әлеуметтікмәдени ұйымдар элементтерінің маңыздылығы артты. Институттанған жүйе ретіндегі діннің негізгі элементтері:

-діни белгілер, діни идеялар, трактаттар, догмалар, Қасиетті жазбалар, әрбір діннің қасиетті кітаптары ( Құран, Інжіл, Үш жинақтама, Библия, т.б.)

-культ, сенім білдіргендердің сезімдерін кӛрсететін діни салттар, құлшылық ету, мейрамдар, дінге қызмет ету, ритуалдар;

70

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]