Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

алеуметтану

.pdf
Скачиваний:
87
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
767.62 Кб
Скачать

болды. Осыған қарамастан Эмиль Дюркгейм индивидтерге қоғамда үстем ететін күш бар деп есептеді.

Субъектілерге тәуелсіз әлеуметтік фактілерді мойындау және объективті әдістермен зерттелуі тиіс «заттар» ретінде қарастыруды Дюркгейм жаратылыстану («позитивті») ғылымдарының принциптерін ұстану деп түсіндірді.

Кез-келген дәл анықталған немесе анықталмаған, бірақ индивидке сырттай қысым кӛрсететін және одан тәуелсіз ӛмір сүре алатын әрекет әлеуметтік факт болып табылады. Индивид дүниеге келгенде заңдар мен салт, ғадет ережелері, діни сенімдер мен дәстүрлер, тіл, ақша оның санасынан тәуелсіз ӛмір сүреді. Осы ой, әрекет және сезім үлгілері тәуелсіз, объективті және индивидтерді белгілі бір әрекетке итермелеп қысым кӛрсетеді. Міне осылайша әрбір адам әлеуметтік қысымды сезінеді.

Әлеуметтік фактілер объективті түрде, мысалы объективті мәліметтер негізінде қаралуы тиіс. Айталық Эмиль Дюркгейм «Ӛзін-ӛзі ӛлтіру туралы» деген еңбегіндегі түйіндерді статистика негізінде жасайды.

Дюркгеймнің ―социологизмі‖ қоғамдық ынтымақтастық идеясын негіздеуге мүкіндік берді. Механикалық ынтымақтастық архаикалық, дәстүрлі қоғамға тән. Жеке дамудағы шектеулік индивидтердің және олардың функцияларының ұқсастығымен ерекшеленеді. Органикалық ынтымақтастық қазіргі заманғы қоғамға тән және еңбек бӛлінісіне негізделген. Адамдардың ӛз қызметі нәтижелерімен айырбас жасауы - олардың бір-біріне тәуелділік тудырады.

Дюркгейм қоғамның құндылықты-нормативті жүйесіндегі дағдарысты, ретсіздікті түсіндіру үшін әлеуметтануға «аномия» ұғымын енгізді. Аномия ұғымының тереңірек түсіндірілуі мен дамуы оның «Ӛзін-ӛзі ӛлтіру. Әлеуметтанулық этюд» еңбегінде айқын байқалады. Ол ӛзін-ӛзі ӛлтіруді зерттей келе оның тӛрт түрін бӛліп кӛрсетті: эгоистік, альтруистік, аномиялық және фаталистік.

ХХ ғасырдағы жаңа әлеуметтану алдыңғы ілімдерге сүйене отырып, ӛзінің дамуы барысында, зерттеу аясын кеңейтті. Заманауи әлеуметтанудың негізгі бағыттары:

Символдық интеракция ілімі – Ч. Кули мен Дж. Мид. Зерттеу пәні - әлеуметтік ӛзара әрекет.

Индустриялық әлеуметтану. Э. Мейо атақты «Хоторон экспериментін» жүргізу арқылы «адамгершілік қарым-қатынас» доктринасын ұсынды.

Феноменологиялық әлеуметтану (ХХғ. 50 жылдары). Оның негізін салушы америкалық әлеуметтанушы Альфред Шюц. Феноиенологияның пәні – күнделікті ӛмір мен әрекет, әлем мен адам туралы кӛзқарас.

Этнометодология Г.Гарфинкельдің ілімі. Адам әрекетінің түрткісі күнделікті ӛмір тәжірибесінен туындайды.

31

Құрылымдық-функциялық (ХХғ. ІІ жартысы). Ӛкілдері Т.Парсонс, Р. Мертон.

Конфликт ілімі ХХғ. 60 жылдары кеңінен тарады. Бұл бағыттың кӛрнекті ӛкілдері: Р.Миллс, Р.Дарендорф, Л.Козер

70 жылдары неміс әлеуметтанушысы Никлас Луман ұсынған жүйелік бағыт кең ӛріс алды.

Жалпы ХХ ғасыр әлеуметтануында ерекше орын алатын ол, Эммануил Валлерстайнның әлем жүйе ілімі.

3-тақырып. Эмпириялық әлеуметтану

1.Эмпириялық әлеуметтанудың даму тарихы

2.Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер

3.Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы

4.Әлеуметтанулық зерттеудің әдістері

ХIХ ғасырдағы әлеуметтанулық ағымдар жаңа ғылымның іргетасын қалады. Осы мектептердің бәріне тән ортақ белгі – теориялық мәселелерге кӛбірек кӛңіл бӛлу болды. ХХ ғасырдың басында теориялық тым басым болуына қарсы эмпириялық ағым пайда болды.

Эмпириялық мектеп екі бағытта: академиялық пен қолданбалы бағытта дамыды. Біріншісі тікелей жеке салалардағы әлеуметтік мәселелерді зерттесе, екіншісі осы зерттеулерді белгілі бір мәселені шешуде пайдалануды ұйымдастыру керек болды. Осылайша ғылымда әлеуметтік инженерия деген ұғым пайда болды.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы америкалық әлеуметтану мен эмпириялық әлеуметтану ерекше орын алды. Америкалық эмпириялық әлеуметтануда айрықша орын алатын жұмыс – «Европа мен Америкадағы поляк шаруасы» деген еңбек. Оның авторлары – У.Томас пен Ф. Знанецкий.

Эмпириялық әлеуметтанудың дамуына үлес қосқан Чикаго мектебі деген атпен белгілі америкалық ғалымдар Смолл, Винсент, Хендерсон, Томас, Уорд, Самнер, Гидденгс, Росс, Кули. Бұл мектептің негізін салған – Р. Парк. Парктің әлеуметтік-экологиялық ілімі қоғамның жеке құбылыстарын, қоғамдастықтарын зерттеуге негіз болды. Мысалы, Эрнст Берджесс (1886-1966) дамытқан қала социологиясындағы қолданбалы зерттеулер күні бүгінге дейін ӛзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның 1923-1924 жылдары жасаған Чикаго қаласының әлеуметтік зерттеулер «картасы» бойынша қала 75 «табиғи зонаға» және үш мың локальды қауымдастықтарға бӛлінеді. Берджесс ішкі бақылау, талдау, құжаттарды талдау, сұқбат әдістерін пайдаланды.

Ал Гарвард университетінде Бизнес мектебінің профессоры Эльтон Мэйоның (1870-1949) арқасында индустриялық әлеуметтану дамыды. Оның ӛкiлдерi әлеуметтiк құрылымды, кәсiпорындағы еңбек ұйымдарындағы, фирмадағы адамдардың еңбек қатынастарын

32

зерттеумен айналысады. Бұл зерттеулердiң негiзгi мақсаты – ӛндiрiстiң және еңбектiң тиiмдiлiгiн кӛтеру үшін тәжірибелiк кепiлдеме жасау болып табылады.

Индустриялық әлеуметтану ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басында бастапқы ғылыми менеджмент iлiмiнiң

негiзiнде пайда болды.

Ғылыми,

менеджменттiң

негiзiн

әйгiлi

американдық инженер –

зерттеушi

және ӛндiрiстi

ұйымдастырушы

Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915) салған.

Индустрияның дамуына байланысты ӛндірістегі шағын топтардағы қарым-қатынасты зерттеуде Я.Морено социометрия әдісін ұсынды.

Нақты социологиялық зерттеулер түрінің бірі – пилотаждық әлеуметтанулық зерттеу немесе барлау, басқаша айтқанда алдын-ала зерттеу.Оның мақсаты – алғашқы әлеуметтанулық мәліметтерді жинақтау әдістері мен құралдарын тексеруден ӛткізу. Тексеру адамдардың шағын тобында қарапайым бағдарламаға негізделіп ұйымдастырылады. Барлап зерттеудiң тағы бiр түрi – экспресс-сұрау салу. Бұл әдiс белгiлi бiр ақпарат жылдам қажет болған кезде қолданылады. Мысалы, ӛзектi де тосын оқиғалар туралы әлеуметтiң пiкiрiн бiлу керек болған кезде.

Сипаттаушы әлеуметтанулық зерттеу – зерттелiп отырған құбылыс пен оның құрылымдық элементтерi жӛнiнде салыстырмалы түрде бiртұтас түсiнiктi құруға мүмкiндiк беретiн зерттеудiң күрделi түрi. Мәлiметтердi жан-жақты талдап, оны түйсiну қоғамдық, әлеуметтiк процестердi басқару түрлерi мен әдiстерi, құрылымдарды талдауды терең негiздеуге мүмкiндiк бередi.

Сипаттаушы зерттеу толық және тыңғылықты дайындалған, сынақтан ӛткен әдiстеме негiзiнде ғана жүргiзiледi. Кӛбiнесе бұл зерттеу сапалық сипаттамалары әртүрлi үлкен топтарды (мысалы, iрi кәсiпорын ұжымы, қала халқы және т.б.) зерттегенде қолданылады. Мұндай жағдайда объектiнiң құрылымында бiртектi топтарды анықтау қандай да болмасын белгiлердi бағалауға, салыстыруға және құруға, сондай-ақ олардың арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкiндiк бередi.

Аналитикалық-әлеуметтанулық зерттеу – зерттелiп отырған объектiнi сипаттап ғана қоймайды, оның қызмет етуiнiң себептерiнiң сандық-сапалық ӛлшемдерiне терең талдау жасайды.

Аналитикалық зерттеу барысында құбылыстың мәндi, себептi байланыстары анықталады да, осыдан оның ӛмiр сүруiне ықпал ететiн негiзгi және негiзгi емес факторлар келiп шығады. Аналитикалық зерттеу бағдарламасы мен әдiстерi мұқият дайындалады. Осы зерттеу түрлерiне эксперименттiк, нүктелiк зерттеудi, қайталап зерттеудi және панельдiк зерттеудi жатқызамыз.

Нүктелiк (немесе бiр реттiк) зерттеу – объектiнi зерттеу кезiндегi оның күйi мен сандық кӛрсеткiштерi жӛнiнде мәлiмет бередi. Бұл мәлiмет тұрақты сондықтан да объектiнiң дамуы жӛнiнде ешбiр

33

мағлұмат бере қоймайды. Объектiнiң даму тенденциялары жӛнiндегi мәлiметтер белгiлi бiр уақыт аралығында бiр бағдарлама негiзiнде сол әдiстер арқылы жүргiзiп отыру арқылы жинақталмақ. Бұл зерттеулер қайталанатын зерттеулер деп аталады. Уақыттың ұзақтығы зерттеудiң мақсаттары мен алғышарттарына байланысты.

Қайталанатын зерттеулердiң ерекше түрi - панельдiк зерттеу.

Кез келген әлеуметтанулық зерттеудi бастамас бұрын оның бағдарламасы жасалуы тиiс. Зерттеу бағдарламасы тиянақты баяндалған екi бӛлiмнен тұрады:

1.Әдiснамалық бӛлiмде зерттелiнетiн мәселе, негiзгi объектi мен пәні анықталады, зерттеудiң мақсаты, мiндеттерi кӛрсетiледi, негiзгi ұғымдар түсіндіріледі, болжамдар жасалады.

2.Әдiстемелiк бӛлiмде зерттелiнетiн жиынтық анықталып,

мәлiметтердi

жинау әдiстерi кӛрсетіледі. Алғашқы социологиялық

мәлiметтердi

жинақтаудың бiрнеше негiзгi әдiстерi бар.

Құжаттарды талдау. Бұл - бақылау мүмкiн емес тарихқа айналған ӛткен оқиғалар туралы мәлiмет алуға мүмкiндiк беретiн әдiс. Кӛбiнесе мұндай құжаттар ретінде: хаттамалар, шешiмдер, мақалалар, хаттар, ӛмірбаяндардың мәтiндерi алынады. Осы әдiстi алғашқы болып қолданғандар деп америкалық социологтар У.Томас пен Ф.Знанецкий ’’Европа мен Америкадағы поляк шаруасы’’ деген зерттеуді айтуға болады.

Контент талдау - құжаттарды талдаудың ерекше түрi. Бұл әдiс бұқаралық ақпарат құралдары материалдары арқылы мәндiк бiрлiктердің сандық есебiн кӛрсетедi.

Сұрау – алғашқы мәлiметтердi жинақтау әдiсiнiң ең кең тараған түрi. Сұрау барысында социолог әлеуметтiк процеске тiкелей қатысы бар тұлғамен жұмыс iстейдi. Арнайы дайындалған сұрау жүргізуші социолог интервьюер, ал ақпарат беруші респондент деп аталады. Бұл әдiс тiкелей бақылау қиындық туғызатын тұлғааралық қарым - қатынастарды зерттеуге мүмкiндiк бередi. Әлеуметтанулық зерттеудегi негiзгi мәселе – зерттелiнетiн жиынның репрезентативтiлiгiн қамтамасыз ету, себебi мәселенiң жан-жақты қаралуы үшiн саналуан әлеуметтiк топтардың ӛкiлдерi қатысуы тиiс. Алынған мәлiметтердi ӛңдеуде математикалық-статистикалық әдiстер қолданылады.

Социологиялық сұрау салудың екi негiзгi түрi бар: сауалнама және сұқбат.

Сауалнаманы респонденттiң яғни жауап берушiнiң ӛзi толтырады немесе сауалнама алушымен отырып толтырады. Сауалнама түрлерiне қарай жеке және топтық болып бӛлiнедi. Топтық сауалнама бiр мезгiлде кӛптеген адамның пiкiрiмен танысуға мүмкiндiк бередi.

Сауалнаманы сырттай жүргiзу әдiстерiне пошталық, телефонмен, БАҚ арқылы сұрау салу жатады.

Сауалнаманың негізгі құралы – анкета. Анкета дегеніміз орта есеппен отыз-қырық сұрақтан құралған, машинкамен немесе

34

компьютермен кӛбейтілген жауап парағы. Анкетада қойылатын сұрақтардың түрлері:

-Білім туралы сұрақтар респонденттің ақпаратты иеленуі немесе зерттеліп отырған мәселе туралы білімін тексеру үшін қойылатын сұрақтар. Бұл сұрақтар «Сіз білесіз бе?» деп қойылады.

-Бағалау сұрақтарының міндеті респонденттің зерттелетін құбылыс, мәселе немесе жағдай туралы пікірін білу. Ол үшін «Сіз қалай бағалайсыз?», «Сіз қалай ойлайсыз?», «Сіздің пікіріңіз?» деген тіркестер қолданылады.

-Құрылымына байланысты: ашық, жабық, аралас.

Ашық сұрақтар дегеніміз респонденттің ӛз жауабы, ал жабық сұрақтарда жауаптың бірнеше нұсқасы кӛрсетіліп, респондент солардың ішінен біреуін таңдауы қажет болатын сұрақтар. Аралас сұрақтар берілген жауаптың нұсқаларымен қатар респонденттің ӛз ойын білдіруге мүмкіндігі бар сұрақтың түрі. Мұнда сұрақ жауаптарының соңында Басқасы деген жол қалдырылуы керек.

-Дихатомды сұрақтар ―иә‖ және ―жоқ‖ деген екі жауаптан тұрады.

-Бағалау шкалалары бойынша сұрақтар. Респондентке қандайда бір жағдайды немесе құбылысты ӛзі үшін маңыздылығына байланысты бағалауға тура келетін сұрақтар. Мұндай сұрақтар «Сіз үшін маңыздылығы?» «Сіз қалай бағалайсыз?» немесе «балдық жүйемен бағаңызды берсеңіз» деп қойылады.

Бағалау шкалалары:

Ӛте маңызды-маңызы бар-азғана маңыздылығы бар-маңызды емес.

Толық келісемін - келісемін деуге болады - келіспеймін деуге боладымүлдем келіспеймінжауап бере алмаймын

Ӛте жақсы-жақсы-қанағаттанарлық-нашар-ӛте нашар.

Он немесе бес балдық жүйе бойынша 1 ден (5) 10 дейін бағалаңыз. Бұл жерде 1 ӛте тӛмен, 5 немесе 10 ӛте жоғары.

-Жанама сұрақтар. Кейде тіке сұрақтарды қою қиындығы туындаған жағдайда немесе оларды тікелей сұрау арқылы нақты жауап алу мүмкін болмаса жанама сұрақтар қойылады. Сұрақтар келесідей жасалуы мүмкін. «Сіз осы пікірмен келісесіз бе?», «Қалыптасқан

пікірге байланысты...», «Ал сіз бұл туралы не ойлайсыз?»

-Жағдайлық сұрақтар. Респонденттің берілген жағдайдағы іс-

әрекетін білу мақсатында қойылатын сұрақтар. Негізінен олар мынандай формада жасалады.“Егер сіз ... болсаңыз, Сіз не істер

едіңіз?”, “Сіз бұл мәселені қалай шешер едіңіз”.

- Атқаратын қызметіне байланысты: сүзгіш сұрақтар, бақылау сұрақтары, қақпан сұрақтары.

Сүзгіш сұрақтар нақты жауап беретін респондентті таңдауға кӛмектеседі, басқаша айтқанда зерттеліп отырған мәселеден хабары жоқ адамды сұрастырудың мәні жоқ деуге болады.

35

Бақылау сұрақтары респондент жауабының шынайылығын тексеру мақсатында қолданылады. Бақылау сұрақтары негізгі сұрақтармен жұптасып қойылады және олардың арасында ӛзге бес-алты сұрақ болуы шарт. Себебі, респондент әрбір сұраққа жауап берген кезде алдыңғы сұрақтың ықпалында болады.

Қақпан сұрақтардың міндеті де алынған ақпараттың шынайылығын дәлелдеу. Бірақ бақылау сұрақтарынан айырмашылығы қақпан сұрақтарда берілген ақпараттың қателігінде.

Сұхбат ӛте тиiмдi де ұтымды әдiс. Бiрақ ол қымбат тұрады, себебi уақыт алады, сондықтан сұқбат кӛбiне iрi мамандар, басшылардың, сарапшылардың арасында ғана жүргiзiледi.

Бақылау – социологиялық мәлiметтердi жинақтаудың әдiстердiң iшiндегi ең қарапайым түрi. Ол iштей және сыртқы болып екiге бӛлiнедi.

Социологиялық зерттеудiң тағы бiр түрi – эксперимент. Ол объектiнiң қалыпты күйiн эксперименттi, яғни белгiлi бiр әлеуметтiк ортаны жасау арқылы ӛзгерту.

4-тақырып. Қоғам жүйе ретінде

1.«Қоғам» ұғымының мәні және түсінігі. 2.Әлеуметтік институттар мен ұйымдар.

«Қоғам» ұғымының мәні мен түсінігі, анықтамалары. Қоғам әр түрлі әлеуметтік байланыстардың, ӛзара іс-әрекеттер мен қарымқатынастардың тығыз бірігуін, шоғырын білдіреді. Бірақ қоғамды жеке адамдардың, олардың байланыстарының, ӛзара іс-әрекеттері мен қарымқатынастарының қарапайым қосындысы деп қарауға бола ма? Қоғамды жүйелілік тұрғысынан талдайтын болсақ, ол - қосынды емес, тұтас жүйе. Жүйе - ӛзара байланыстар мен қарым-қатынастарда болатын, бірыңғай тұтастықты білдіретін және тіршілік етуінің сыртқы жағдайларына қарай құрылымын ӛзгерте алатын элементтердің сапалық анықталған жиынтығынан тұратын пән, құбылыс немесе процесс. Кез келген жүйенің маңызды сипаты тұтастығы мен бүтіндігі болып табылады. Қоғам деңгейінде жеке әрекеттер, байланыстар және қарым-қатынастар жаңа жүйелі сапаны - элементтердің қарапайым қосындысы деп қарауға болмайтын ерекше сапалық күйді білдіреді. Қоғам ӛзіне кіретін элементтердің жеке алғанда ешқайсысында жоқ сапалардың тұтас жүйесі болып табылады. Ӛзінің интегралдық сапаларының салдарынан социологиялық жүйе оны құрайтын элементтерге қарағанда белгілі бір дербестікке, ӛзінің дамуының салыстырмалы дербес тәсіліне ие болады.

Қоғам тұтас жүйе ретінде мынадай ішкі жүйелерден тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысын ӛз кезегінде жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл ішкі жүйелерді әлеуметтік жүйенің ӛзінен ажыратып қарау үшін оларды социетальді деп атайды. Бұл жүйелер арасындағы ӛзара қарым-

36

қатынаста себеп-салдар байланыстары басты рӛл атқарады. Мұның ӛзі осы жүйелердің әрқайсысы ӛз бетінше ӛмір сүрмей, басқа жүйелерге себеп-салдарлық тәуелділікте болатынын білдіреді. Бұл жүйелердің барлығы иеарархияланған құрылымды білдіреді, яғни олар тізбектелген тәртіппен субординация, бағыныстылық арақатынаста болады. Сӛйтіп, бұл жүйелердің алдыңғылары кейінгілеріне анықтаушы ықпал етеді, ал олар ӛз кезегінде алдыңғысына кері ықпал жасайды.

Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.

Күнделікті ӛмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдарың қоғамы, 2) театр ӛнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.

Кӛп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып кӛрсетуге болмайды. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели болды. Осы мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген ернайы термин енгізді.

Бұл аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы Гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді.

«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атауларда жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бірбірімен ӛзара байланыста, қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – сол қоғамдағы басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.

Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.

Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бӛлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

Кӛрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.

37

Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғамадамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарымқатынастардың негізі – ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген.

Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.

Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі – қоғамды ӛзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам ӛміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.

Әлеуметтік институттар мен ұйымдар. Қоғамның құрылымы ӛте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.

Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) ӛзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам ӛзін құрайтын адамдарға қатысты ӛзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді.

Адамдардың әлеуметтік ӛзара байланыстары мен қарымқатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау кӛрсету мен ӛзара кӛмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.

Социологтар ―институт‖ ұғымын құқықтанушылардан бай әлеуметтік мазмұнмен толықтырып алған. Ол базалық социологиялық категориялардың бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып ӛту мүмкін емес.

Ағылшын социологі Г.Спенсер ―әлеуметтік институт‖ терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам ӛмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рӛл атқаратынын атап ӛткен.

38

Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: ӛнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.

Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. ―Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. ―Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.

Әлеуметтік институт деп кӛбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының ӛмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың ӛмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.

Әрбір институт:

-белгілі бір қызмет аясын;

-белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға ӛкілетті адамдар тобын;

-ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;

-қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.

5-тақырып. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік теориясы

1.Әлеуметтік стратификацияның теориясы.

2.Қазақстандағы әлеуметтік стратификация.

Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Страта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Қоғам адамдарын страталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бӛлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын ӛзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық

39

жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді.

Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және тӛменгі сословиелерге бӛлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, тӛменгі сословиеге – қолӛнершілер, шаруалар, кӛпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне ӛту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және тӛменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.

«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.

К. Маркс ӛз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, ӛзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік стратификация теориясына ӛз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып кӛрсетті. Бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бӛлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап кӛрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы ӛмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.

Әлеуметтік стратификация теориясына ӛз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан ӛзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.

М. Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивидтердің қоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты кӛрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал адамның статусы – білімі мен шеберлігінің дәрежесі, ӛмір салты сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді.

М. Вебер қоғамдағы тапқа бӛлінуге әсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап кӛрсетеді. Олар;

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]