Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аккп.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
638.98 Кб
Скачать

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

«Техникалық сервис» кафедрасы

Қозғалтқыштарды

және тракторларды сынау

зертханалық жұмыс дәптері

Орындаған:_Майданбек Аугаан________________________________

_________Техникалық__________ факультетінің __302___тобы

студенті_________________________________

Қабылдаған оқытушы _____________________

«_____»__________200__ ж

АСТАНА-2009

Сағындық Т. Ж. «Қозқалтқыштарды және тракторларды сынау

зерханалық жұмыс дәптері»: Техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жұмыс дәптері

-Астана: 2009. – 30 б

Дәптер «Техникалық сервис» кафедрасы мәжілісінде қаралып бекітілген хаттама №__ «____»_____________ 8 ж.

«Техникалық» факультетінің әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілген хаттама №__ «____»______________ 8 ж.

Пікір жазғандар:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті көлік жүйелері кафедрасының доцент, т.ғ.к. Арпабеков М.И.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, т.ғ..к. Оразалиев Б.Т.

Баспаға Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқу-әдістемелііік кеңесі (№ ) мақұлдап ұсынған.

Мазм9ны

Кіріспе......................................................................................................4

1 Зерханалық жұмыс. Қозғалтқыштарды және тракторларды сынауға арналған аспаптар мен жабдықтардың конструкциясын оқып білу. Қозғалтқыш пен аппаратураны сынауға дайындау...............................5

2 Зертханалық жұмыс. Дизельдің жүктемелік сипаттамасын түсіру, отын шығыны бойынша реттегіштік сипаттамасымен танысу..................10

3 Зертханалық жұмыс. Дизельдің реттеуіштік сипаттамасын түсіру.................................................................................................................16

4 Зертханалық жұмыс. Тракторды сынауға арналған аспаптар мен жабдықтардың конструкциясын оқып білу. Трактор мен аппаратураны сынауға дайындау............................................................................................20

5 Зертханалық жұмыс. Трактордың тарту сынауын өткізу...............25

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................30

Кіріспе

Ұсынып отырған зертханалық жұмыс дәптерінде қозғалтқыштарды және тракторларды сынауға арналған аспаптар мен жабдықтардың конструкциясын оқып білу; қозғалтқыш пен аппаратураны сынауға дайындау; дизельдің жүктемелік сипаттамасын түсіру, отын шығыны бойынша реттегіштік сипаттамасымен танысу; тракторды сынауға арналған аспаптар мен жабдықтардың конструкциясын оқып білу; трактор мен аппаратураны сынауға дайындау; трактордың тарту сынауының есебін шығару үшін қажет.

Зертханалық жұмыс техникалық жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған. Зертханалық жұмысты орындау алдында студенттер оны орындау әдістемесін жақсы оқып меңгеріп, сынақ зертханасы тәртібімен танысып және техникалық кауіпсіздігі инструкциясынан өту керек.

1 Зертханалық жұмыс

Қозғалтқыштарды сынауға арналған аспаптар мен жабдықтардың конструкциясын оқып білу. Қозғалтқыш пен аппаратураны сынауға дайындау.

Жұмыс орнын жабдықтау. Электрлік стенд (сұйықтық реттегіш реостат, бак, тахометр, балансирлық машина, майлау жүйенің манометрі, жанар май бағы, таразылық механизм, жанар май шығынын өлшейтін құрылғы). Майдың температурасын өлшейтін құрылғы. Салқындатқыш сұйықтың температурасын өлшейтін құрылғы. Пайдаланылған газдардың температурасын өлшейтін құрылғы. Барометрлік қысымды өлшейтін құрылғы. Қоршаған ортаның температурасын өлшейтін құрылғы. Ауа шығынын өлшейтін құрылғы.

  • Майдың температурасы градус С – Дистанциалық электротермометр

  • Пайдаланған газдардың текмпературасы , tp градус С- хромель –альюмель термопара .

  • Май қысымы Рм Мпа – майлау жүйесінің манометрі.

  • Сыртқы жағдайы:

  • Қоршап турған ортаның қыссымы РО - Мпа метрологиялық барометр – анероид.

  • Қоршаған ортаның температурасы to градус С – сынапты термометр.

  • Иінді біліктің айналу жиілігі nд мин – 1 стендтің тахометрі.

  • Отын шығыны – тараз арқылы.

  • Ауа шығыны м3 – көлемді өлшеу құралы.

Жұмыс жүйесі. 1. Сынақтардың жіктелуі мен мағынасын анықтаңдар.

Сыртқы жылдамдық сипатамасы. Қозғалтқыштың тиімді қуатының Ne , айналдыру моментінің Мk, сағаттық Gt және отынның меншікті шығынының ge карбюраторлы қозғалтқыштың дроссельдік қақпашасы толық ашылған , немесе дизельдін отын айдағышының реттегіш тетігі шектеуші тіреке жеткен , яғни циклдік отынның максимум мөлшеріне сәйкес жағдайда анықталған иінді біліктің айналу n тәуелдлігіне сыртқы жылдамдық сипатама деп аталады.

Реттегіштік сипаттама. Реттегіш іске қосылған режимде дизельдің негізгі көрсеткіштерін сараптау үшін реттегіштік сипатаманы пайдаланады.

Жүк сипаттамасы. Айналу жиілігі тұрақты жағдайда қозғалтқыштың негізгі көрсеткіштерінің күшсалмақ өзгеруімен сыбайластығын жүк сипттамасы деп аталады .

Реттемелік сипаттамалар. Қозғалтқыштың негізігі көрсеткіштеріне реттемелік өлшемдердің әсерін және реттегіш автоматтардың ұтымды сипаттамасын айқындау үшін реттемелік сипаттамалар қолданылады.

Жиынтық сипаттама. Жиынтық сипаттама қозғалтқыштың бір немесе бірнеше негізгі өлшемдерінің координат жүйесі ретінде алынған екі өлшеммен сыбайластығын көрсетеді.[4,5,6]

2. Сынауды дайындау және оларды орындау жағдайымен танысыңдар.

3. 1.1 кестеге сызық стендтің сипаттамасын толтырыңдар.

1.1 кесте - Сызық стендтің сипаттамасы

Параметрлер

Моделі

Электрлік машинаның маркасы

Электрлік машинаның қуаты, кВт

Ротордың айналу жиілігі, мин

Тежеуіш режимінде

ротордың айналу жиілігі ,мин

Қозғалтқыш режимінде ротордың айналу жиілігі ,мин

Реттегіш реостат багының сыйымдылығы, л

Өлшейтін максимум айналдыру

моменті, Н*м

Таразылық механизмнің типі

Өлшеу мәресі, Н

Қателігі, Н

6. Балансирлық машинаның атқаратын қызметі, жұмыс принципі туралы түсінік беріңіз. Балансирлық машина

бөлшектерінің орынжайын көрсетіңдер.

Сурет 1.1- Балансирлық машина

балансирлік электромашина . 2- бақылау аспаптарының пульті. 3- электрохометр өлшегіші. 4- суға арналған термометр. 5- механизм салмағының циферблаты. 6- манометр. 7- майға арналған термометр. 8- жанармай басқару иінтрегі. 9- таратқыш иінтрегі. 10- жылжымалы бағана. 11- қысқыш бұрандама. 12- кардандық білік. 13- қорғаушы қаптама. 14- электрохометр көрсеткіші. 15- тахометр жетегі. 16- монтаждық плата. 17- артқы тіреуіш. 18- қалпақша.

7. Таразылық механизмнің атқаратын қызметі, жұмыс принципі туралы түсінік беріңіз. Таразылық механизмнің бөлшектерінің орынжайын көрсетіңдер.

Сурет 1.2 - Таразылық механизм