Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1139
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

21.Топырақ құнарлылығының ала-құралығы мен тәжірибе мөлдегінің пішінін анықтау үшін не істеу қажет?

22.Теңестіру мен барлау егістігінің мақсаты.

23.Тәжірибе мөлдегі дегеніміз не?

24.Мөлдктің пішіні мен көлемі қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады?

25.Тәжірибе қателігіне мөлдек пішінінің әсері.

26.Ұзын пішінді мөлдекті қандай тәжірибе жүргізу үшін пайдаланады?

27.Тәжірибеде не себепті қорғаныш алқап қалдырылады?

28.Тәжірибе варианты дегеніміз не?

29.Варианттар мен қайталауларды тәжірибеде орналастыру әдістерін атаңыз.

30.Стандарт әдісінің негізгі кемшіліктерін атаңыз.

31.Тыңайтқыштармен тәжірибе жүргізу кезінде қай әдіс басты орын алады?

32.Кездейсоқ немесе рендомизм әдісін алғаш ұсынған кім және оны қай кезде пайдаланады?

33.Қандай жағдайда латын квадрат әдісімен тәжірибе жүргізген тиімді?

34.Көпфакторлы егістік тәжірибеде мөлдектерді орналастыру ерекшеліктерін атаңыз.

35.Танаптық тәжірибе сызбасын құрастырғанда қойылатын негізгі талаптар.

36.Тыңайтқыштардың түрлерімен жүргізілетін Жорж Вилль ұсынған классикалық сызбаның мақсаты.

37.Вагнер және Митчерлих сызбаларын қандай тәжірибелерде пайдалануға болады?

38.Тыңайтқыштардың формаларымен орындалатын егістік тәжірибелерге қойылатын талаптарды атаңыз.

39.Азот тыңайтқыштарының формаларының әсерін зерттегенде, қай тыңайтқыштар фон бола алады?

40.Фосфор тыңайтқыштарының формаларының әсерін зерттегенде, қай тыңайтқыштар фон бола алады?

41.Калий тыңайтқыштарының формаларының әсерін зерттегенде, қай тыңайтқыштар фон бола алады?

42.Қандай тәжірибелер жүргізгенде стандартты тыңайтқыш варианты пайдаланылады?

281

43.Тыңайтқыштарды қолдану мерзімі мен әдісін зерттеуге арналған тәжірибелердің сызбасын даярлағанда нені білген жөн?

44.Көң мен минералды тыңайтқыштарды үйлестіріп қолданудың себебі неде?

45.Егістік тәжірибенің жоспарын құрудың мақсаты және онда қандай жағдайлар көрсетіледі?

46.Тәжірибе бағдарламасына қандай жұмыстарды еңгізеді?

47.Егістік тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстардың түрін атаңыз?

48.Мөлдекке арналған минералды тыңайтқыштың қажетті массасын анықтауда қандай көрсеткіштерді білген жөн?

49.Себілетін тұқым мен отырғызылатын көшет мөлшерін анықтау кезінде қандай көрсеткіштер ескерілуі тиіс?

50.Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстарының түрлерін атаңыз.

51.Егістік тәжірибелерде фенологиялық және метеорологиялық байқауларды жүргізудің мақсаты.

52.Мөлдектен топырақ үлгілерін алудың әдістемесін атаңыз.

53.Егістік тәжірибе дақылдарының өнім мөлшері қандай жағдайларға байланысты.

54.Егістік тәжірибе дақылдарының өнімділігін анықтау

әдістері.

282

6.2. Вегетациялық тәжірибе

Вегетациялық латынның «vegetatio» деген сөзінен шыққан, яғни өсу, өсіп жетілу деген ұғымды білдіреді.

Вегетациялық тәжірибелер арнаулы бөлмелерде, үйшіктерде, ыдыстарда жүргізіледі және өсімдік шаруашылығы, өсімдіктер физиологиясы, егіншілік, агрохимия және экология тағы басқа ауыл шаруашылық салаларында жиі қолданылады. Агрохимияда вегетациялық тәжірибе көмегімен өсімдіктердің қоректену ерекшеліктері, тыңайтқыштар құрамындағы жекелеген қоректік элементтердің рөлі, сіңімділігі және олардың реттелуі мен топырақ құнарлылығының өзгеруін анықтайды. Соның негізінде жеке факторлардың немесе олардың жиынтығының дақыл өнімі мен сапасына әсерін білуге болады. Сондықтан вегетациялық тәжірибе өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелерін зерттеудің алғашқы сатысы болып саналады (21-сурет).

21-сурет. Вегетациялық үйшік (жалпы көрінісі).

283

Вегетациялық тәжірибенің өзіне тән ерекшеліктері бар:

- табиғи жағдайда өсімдік қоректік заттарды топырақтың жыртылатын және одан терең қабаттарынан пайдаланса, вегетациялық тәжірибеде ондай мүмкіндік жоқ;

-вегетациялық тәжірибеде өсімдік үшін қажетті ылғалдылық, температура, жарық сияқты факторларды реттеуге болады. Сондықтан қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының әсері сезілмейді;

-егістік тәжірибемен салыстырғанда бұл әдіс көмегімен жеке оқшауланған фактордың өсімдікке әсерін толық анықтауға және талдауға болады;

-вегетациялық тәжірибе – сыртқы орта жағдайына өсімдік реакциясын байқаудың ең қолайлы тәсілі;

-вегетациялық тәсіл негізінде өсімдікті қалыпты қоректендіру үшін элементтерді қандай қосылыс түрінде қолдану керектігін айқындайды;

-өсімдіктердің, тыңайтқыштардың және топырақтың өзара әрекеттесу үрдісінің ерекшеліктерін зерттеуде вегетациялық тәжірибенің маңызы зор;

-тек вегетациялық тәсіл көмегімен ғана өсімдіктердің тіршілігі мен қоректенуі үшін микроэлементтердің рөлін анықтауға болады;

-вегетациялық тәсіл өсімдіктің әртүрлі өсіп-жетілу кезеңінде қоректік элементтерді қаншылықты қажет ететіндігін анықтауға мүмкіндік береді;

-вегетациялық тәжірибе жағдайында тыңайтқышты белгіленген әдіс бойынша дәлме-дәл еңгізуге болса, ал оны егістік тәжірибеде жүзеге асыру өте қиын;

-дистилденген суға немесе құнарсыз кварц құмға қажетті мөлшерде қоректік заттарды еңгізе отырып, өсімдіктердің иондардың қандай түрін қабылдайтынын дәл анықтауға болады;

-вегетациялық тәжірибе жүргізгенде байқалатын аурулар мен зиянкестерді дер кезінде жойып отыруға толық мүмкіндік бар;

-вегетациялық тәжірибе жағдайында алынған деректер бойынша кейбір кемшіліктерді тез арада анықтауға және талдауға болады.

284

Бірақ вегетациялық тәжірибелердің қорытындыларын ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей пайдалануға болмайды. Себебі бұл әдіс қолданылатын жүйенің сапалық қасиеттерін ашуға ғана мүмкіндік береді.

Вегетациялық тәжірибе жүргізгенде өсімдікті саз балшықтан, металлдан, шыныдан немесе пластмассадан жасалған ыдыстырда өсіреді (22,23-суреттер). Оның тіршілік ортасы ретінде дистилденген суды, қоректік заттар қосылған шайынды кварц құмын немесе топырақты пайдалануға болады.

22– сурет. Вегетациялық ыдыстар:

а) эмальданған ыдыстар; б) Вагнер ыдысы; в) Митчерлих ыдысы; г) Кирсанов ыдысы; д) оқшауландырып қоректенуге арналған ыдыс

285

23-сурет. Вегетациялық ыдыстарға арналған дренаж түрлері:

а) Кирсанов ыдысына арналған дренаж; б, в) топырақ және құм дақылдарына арналған дренаж

Ыдысты тәжірибе мақсаты мен дақыл түріне байланысты таңдайды. Өйткені ыдыс көлемі өсімдіктен алынатын өнім мөлшері мен тәжірибе дәлдігіне айтарлықтай әсер етеді (57-кесте).

57кесте. Ыдыс көлемінің жоңышқа өнімі мен өзгергіштік коэффициентіне әсері (Армигер мәліметі).

Ыдыстың пішіні, см

Ыдыс көлемі, литр

Өсімдік саны

 

 

Өзгергіштік коэффициенті, %

 

 

 

2

диаметрі

биіктігі

Топырақ массасы,кг

Өсімдікқұрғақ массаөнімі, мг/см

 

 

 

 

 

 

 

10,2

20,4

1,6

2

1,6

69,5

13,94

17,1

18,4

4,2

6

4,2

71,0

6,97

21,6

22,8

8,4

9

6,3

65,4

14,92

24,7

17,3

8,3

12

8,4

52,5

10,95

21,1

28,6

12,8

12

12,0

70,8

11,78

31,7

30,5

24,1

20

20,0

58,5

8,71

36,7

44,4

45,7

25

42,5

56,5

10,13

47,0

61,0

102,9

39

89,7

56,5

8,62

20,3

61,0

19,7

8

22,4

105,5

10,63

286

Сол сияқты тәжірибе дәлдігіне ыдыстырды кеңістікте орналастыру, өсімдікті уақытында суару, күту, тұқым сапасы да әсер етеді.

6.2.1. ҚОРЕКТІК ҚОСПАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Вегетациялық тәжірибелер жүргізуге арналған қоректік қоспалар құрамында элементтер сіңімді және концентрациясы өсімдікке зиянсыз қосылыстар түрінде болуы тиіс.

Жалпы өсімдіктердің қоректенуіне қажетті негізгі элементтерді 3 топқа жатқызады:

1)К, Са, Mg, S, Р, N;

2)Fe;

3)В, Мn, Zn, Cu, Mo.

Бірінші топқа жататын макроэлементтердің ерітінді құрамындағы концентрациясы 200-300 мг/л болуы керек.

Үшінші топтағы микроэлементтердің бір литр ерітіндідегі мөлшері 0,1-0,5 мг-нан артқан жағдайда өсімдік тіршілігіне зиянды әсер етеді.

Ал екінші топтың элементі темірдің өсімдіктер үшін ерітіндегі ең қолайлы концентрациясы 5-10 мг/л болып саналады.

Барлық қоректік қоспаларда S, Р, В, Мо элементтері SO42-, PO43-, ВO33-, МоО22- аниондары, азот NO3- және NH4+ иондары, темір көбінесе үш валентті, кейде екі валентті катион түрінде қолданылады.

Қоректік қоспалар дайындаудың тәсілдері алуан түрлі. Алайда, барлық қоспаларды құрамындағы азот пен фосфор қосылыстарының формасына қарай 3 топқа бөледі. Себебі осы екі элементтің тұздары ерітінді реакциясын анықтайды. Сондықтан азот және фосфор тұздарын ілеспе жұп деп айтады.

Ілеспе жұп тұздар болатын қоспалардың топтары:

1)Са(NO3)2 және KH2PO4;

2)KNO3 және Fe3(РO4)2;

3)NH4NO3 және CaHPO4 немесе Ca3(PO4)2.

Бірінші топқа жататын қоспалар құрамы химиялық қышқыл KH2PO4 тұзына физиологиялық сілтілік Са(NO3)2 тұзы қарамақарсы тұруымен ерекшелінеді. Нәтижесінде өсімдіктің өсу барысында ерітінді реакциясы сілтілік жаққа қарай жылжиды. Бұл

287

топқа Кноп, Гельригель; Хоглэнд, Тотимгэм мен Шайва қоректік қоспалары жатады (58-кесте).

58-кесте. Кейбір қоспалар құрамындағы тұздардың концентрациясы.

Тұздар

Қоспа құрамындағы тұздардың концентрациясы

 

 

Кноп

Гельригель

Хоглэнд

 

г/л

 

ммоль/л

г/л

ммоль/л

г/л

ммоль/л

Са(NO3)2

1,00

 

6,1

0,492

3,0

0,821

5

KH2PO4

0,25

 

1,8

0,136

1,0

0,136

1

MgSO4

0,125

 

1,0

0,060

0,5

0,120

1

KCl

-

 

-

0,075

0,5

-

-

KNO3

0,25

 

2,5

-

-

0,506

5

FeCl3

-

 

-

0,025

0,15

-

-

Шарап қышқыл темір

0,005

 

1,1

-

-

0,005

0,03

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы

1,630

 

12,5

0,788

5,15

1,588

12,03

Екінші топқа Крон қоспасы жатады (59-кесте). Қоспа құрамында азот әлсіз физиологиялық сілтілік KNO3, фосфор гидролиттік жолмен ыдырайтын қиын еритін Fe3(РO4)2 түрінде болады. Fe3(РO4)2 ыдырағанда әлсіз негіз Fe(ОН)3 және күшті қышқыл Н3РО4 түзіледі.

59-кесте. Крон қоректік қоспасының құрамы.

Тұздар

KNO3

Fe3(РO4)2

Ca3(PO4)2

CaSO4· 2H2O

MgSO4· 7H2O

Концентрациясы,

1

0,25

0,25

0,50

0,50

г/л

 

 

 

 

 

Сондықтан ертіндіде азот қышқыл калий әсерінен пайда болған сілтілік реакцияның деңгейі төмендейді. Крон қоспасының тағы бір ерекшелігі қиын еритін Fe3(РO4)2, Ca3(PO4)2, CaSO4 тұздары тұнба түрінде болып, ал ерітіндіде Fe2+, Ca2+, PO43- иондары өте аз мөлшерде кездеседі.

Үшінші топқа Д.Н.Прянишников және Ш.Р.Цинцадзе қоректік қоспалары жатады (60-кесте).

60-кесте. Д.Н.Прянишников және Ш.Р.Цинцадзе қоректік қоспаларының құрамы.

Тұздар

Қоспа құрамындағы тұздардың концентрациясы, г/л

 

 

 

 

 

 

 

 

Д.Н.Прянишников

 

Ш.Р.Цинцадзе

 

 

г/л

ммоль/л

рН 4,0

рН 5,0

рН 5,5-6,6

рН 7,3

NH4NO3

0,240

3

0,33

0,33

0,20

-

288

CaHPO4·2Н2О

0,172

1

-

-

-

-

MgSO4

0,060

0,5

0,50

0,50

0,50

0,50

СаSO4·2H2O

0,344

2,0

1,46

0,50

-

0,28

KCl

0,150

2,0

0,61

0,61

0,36

-

 

 

 

 

 

 

 

FeCl3

0,025

0,15

-

-

-

-

KNO3

-

-

0,17

0,17

0,51

0,80

Fe2(SO4)3

-

-

0,04

0,25

0,32

0,25

Fe PO4

-

-

0,68

-

-

-

Ca3(PO4)2

-

-

-

0,70

5,00

0,70

Са(NO3)2

-

-

-

-

-

0,21

КОН

-

-

-

-

-

0,17

Осы қоспаларды дайындауда авторлар олардың құрамына кіретін кейбір тұздардың мына қасиеттерін ескерді:

кальций фосфаттарының буферлігі;

азот қышқыл аммонийдің физиологиялық қышқылдылығы мен азот қышқыл калийдің физиологиялық сілтілік реакциялары;

Fe2(SO4)3 тұзының гидролиттік қышқылдылығы.

Сонымен Д.Н.Прянишников пен Ш.Р.Цинцадзе қоспаларының құрамында жеңіл және қиын еритін тұздар болды.

Қазіргі уақытта көптеген вегетациялық тәжірибелер орындау үшін қолданылатын қоректік қоспалар құрамында жеңіл еритін тұздардың жалпы концентрациясы 0,2-0,3%-дан аспайды (61-кесте).

61-кесте. Өсімдікті суда өсіру үшін қазіргі қолданылатын қоспалар құрамы.

Тұздар

ЛТА

Бил

Калифорния тәжірибе

ГидроАгри

 

қоспасы

қоспасы

стансасының қоспасы

қоспасы

NH4NO3

-

200

-

-

(NH4)2SO4

160

-

-

-

Са(NO3)2

2570

-

475

540

KH2PO4

300

-

136

128

KNO3

-

500

1010

450

К2SO4

-

-

-

336

H3PO4 (77%)

-

-

-

76

Ca(Н2PO4)2

-

550

-

-

MgSO4

600

300

120

60

FeCl3

1

-

-

-

Fe2(SO4)3

-

22

220

-

H3ВO3

2

2,9

2,9

1,82

289

Н2SO4

-

0,9

0,9

-

МnSO4

-

1,9

1,9

1,53

CuSO4

-

0,2

0,2

0,11

ZnSO4

-

0,2

0,2

1,08

Феризан

-

-

-

3,55

 

 

 

 

 

Егер қоспалар құрамында микроэлементтер болмаса, БраунерБукач ерітіндісін пайдалану ұсынылады (62-кесте).

62кесте. Браунер-Букач ерітіндісінің құрамы.

Қосылыстар

мг/л

Қосылыстар

мг/л

MnCl2

350

Со(NO3)2

50

H3ВO3

500

ТіО2

50

ZnSO4·7H2O

50

LіСl

25

CuSO4·5H2O

50

КВr

25

Аl2(SO4)3 ·18H2O

50

КI

25

NіSO4·7H2O

50

SnСl2·2H2O

25

Құрамында микроэлементтер жоқ дайын қоректік қоспалардың бір литріне Браунер-Букач ерітіндісінің бір миллилитрін қосу ұсынылады.

Тәжірибеде дақылды өсіру ортасы мен оның жоспарының сипаттамасына сәйкес вегетациялық тәсілдердің мына түрлерін пайдаланады: топырақ дақылдары, құм дақылдары, сулы дақылдар, өсімдікті ағатын ерітіндіде өсіру, өсімдікті оқшаулап қоректендіру және өсімдікті тазартылған (стерильді) ортада өсіру.

6.2.2. ТОПЫРАҚ ДАҚЫЛДАРЫ

Топырақ дақылдары вегетациялық

тәжірибеде кеңінен

қолданылатын әдіс. Бұл әдісті топырақтың

тыңайтқышпен және

өсімдіктің топырақпен әрекеттесуін, сондай-ақ топырақ және тыңайтқыштардың қасиеттерін зерттеу үшін пайдаланады.

Тәжірибеге арналған топырақты біртекті учаскеден, тың және тыңайған жерден немесе өткен жылдары белгілі бір дақыл өсірілген егістіктен алады.

Тәжірибе жүргізілетін орынға жеткізілген топырақты диаметрі 3 мм електен өткізеді де, өсімдіктің тамырынан, сабағынан, тастан және басқа бөгде заттардан тазартады.

290