Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_gos_otvety.docx
Скачиваний:
585
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.62 Mб
Скачать

13 Билет

2.

3. Мәде­ни­еттің да­муыСоғыс­тан кейінгі уақыт­та мәде­ни­ет, еліміздің ру­хани жағдайы қатал ста­линдік иде­оло­ги­яның қыс­пағын­да бол­ды. То­тали­тар­лық ре­жим бұл са­ланы өз де­генімен басқарып отыр­ды.Ағар­ту ісі. Соғыс­тан кейін қираған ха­лық ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру жо­лын­да кез­дескен бас­ты ке­дергілердің бірі – қажетті ма­ман­дардың жетіспеуі.1946 жы­лы ком­му­нистік пар­тия Қазақстан­да жоғары және ор­та білім бе­ру ісін да­мыту ша­рала­ры жөнінде қаулы қабыл­да­ды. Қазақстанға көпте­ген білікті ма­ман­дар жіберіліп, білім бе­ру ісіне қара­жат бөлінді. Соғыс­тан кейінгі алғашқы жыл­да­ры мем­ле­кет­ке қажетті 60000-дай ма­ман да­яр­ланды. 1950 жы­лы рес­публи­када білім бе­ру ісіне 146,5 млн. сом жұмсал­ды. Нәти­жесінде көпте­ген жаңа мек­тептер мен ин­тернат­тар са­лын­ды. 1950 жы­лы Қазақ КСР-дегі мек­тептердің са­ны 9088 бол­ды. Бұл мек­тептер­де 1493000 оқушы оқыды.1950 жы­лы рес­публи­када міндетті ор­та білім алу жүйесі енгізілді.Ғылым. Ха­лық ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру ба­рысын­да негізгі қажеттіліктердің бірі ғылы­ми-зерт­теу жұмыс­та­ры бол­ды. 1946 жы­лы ма­усым­да Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы құрыл­ды. Ғылым ака­деми­ясы­ның алғашқы пре­зиденті бо­лып ғалым, ге­оло­гия-ми­нера­логия ғылым­да­рының док­то­ры, ака­демик Қаныш Иман­тайұлы Сәтба­ев сай­лан­ды. Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның жұмы­сын ұйым­дасты­ру бағытын­да С. И. Ва­вилов, И. П. Бар­дин, А. М. Панк­ра­това сияқты КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның белгілі ғалым­да­ры көп еңбек сіңірді. Құрылған күннен бас­тап Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы көпте­ген аса күрделі ғылы­ми-зерт­теу жұмыс­та­рын жүргізді. 1946–1949 жыл­дар ара­лығын­да Ғылым ака­деми­ясы 900-дей жаңалық аш­ты.1950 жы­лы Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы құра­мын­да 50 ғылы­ми-зерт­теу ме­кеме жұмыс істеді. Ғылым ака­деми­ясы­ның 19 ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­тутын­да 500 ас­пи­рант оқыды.Әде­би­ет. Қазақ әде­би­етінің соғыс­тан кейінгі жағдайы на­шар бол­ма­ды. Бірақ ста­линдік иде­оло­гия әде­би­еттің да­му­ына кері әсерін тигізбей қой­ма­ды. 1947 жы­лы М. Әуезов «Абай жо­лы» ро­ман эпо­пе­ясы­ның екі кіта­бын аяқта­ды.1949 жы­лы «Абай жо­лы» ро­ман эпо­пе­ясы үшін ол мем­ле­кеттік сый­лыққа ие бол­ды. Бұл ту­ын­ды – қазақ әде­би­етінің аса үлкен жетістігі.Соғыс­тан кейінгі жыл­дарда Ғ. Мұста­финнің «Мил­ли­онер», С. Мұқанов­тың «Сыр­да­рия», М. Иман­жа­нов­тың «Алғашқы ай­лар» ро­ман­да­ры, Қ. Бек­хо­жин мен Ғ. Ор­ма­нов­тың, А. Тоқмаған­бе­тов пен Т. Жа­роков­тың, Ә. Тәжіба­ев­тың өлеңдер жи­нақта­ры жа­рық көрді

14Билет

К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс: XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жегекшілік етті.Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті. Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың арасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударылды. Генерал-губернатордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті. Ол старшина Симоновтың әскери жасақтарына өлтіре соққы беріп, көптеген қару-жарағы мен оқ-дәрісін тартып алды. 1838 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының ауылдарына шабуыл жасады, оның 12 мыңға жуық жылқысын айдап әкетті. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді.жеңілу. Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты..Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта — патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады.Кенесары бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін, Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды.

3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]