Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_gos_otvety.docx
Скачиваний:
585
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.62 Mб
Скачать

17Билет

1. 14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады. 1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды

2. Ыбырай Алтынсарин (1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.1860 жылы Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.

3. «Қазақстан­ның со­ци­алистік пар­ти­ясы» (ҚСП) 1991 жылғы 7 қыркүйек­те құрыл­ды (бұрынғы Қазақстан­ның Ком­му­нистік пар­ти­ясы). Құра­мын­да 47 мың мүшесі бол­ды. Төрағасы – А. Әлімжа­нов, кейін П. Сво­ик. Мақса­ты:

Еңбекшілерді әле­уметтік жағынан қорғау. Әле­уметтік әділеттік ұста­ным­да­рын ор­на­ту. Меншік түрлерінің теңдігін қорғау ҚСП еліміздегі бұқара­лық пар­тия бо­лып есеп­телді.«Қазақстан­ның ком­му­нистік па­ри­ясы» (ҚКП) 1991 жыл­дың күзінде құрыл­ды. Бұрынғы Ком­партия мүше­лерінің көпшілігі пар­тия аты­ның со­ци­алистік бо­лып өзгертілуіне на­разы­лық білдіріп, ҚКП аты­нан XIX съезд өткізіп, ком­му­нис­тер атын сақта­ды. Мүшесі – 55 мың адам. Төрағасы – Б. Төлеп­ба­ев, кейін С. Әбділдин. Мақса­ты:Ғылы­ми со­ци­ализм ұста­ным­да­рына негіздел­ген әле­уметтік әділетті қоғам ор­на­ту. Ком­му­нистік иде­яларға адал­дық. «Қазақстан­ның Рес­публи­калық пар­ти­ясы» (ҚРП) Қазақстан­ның аза­мат­тық қозғалы­сы «Азат» негізінде құрыл­ды. Төрайымы – С. Ақата­ев. Мақса­ты:Қазақ ұлтын өркен­де­ту. Ұлттық-эт­ни­калық топ­тарды жан-жақты да­мыту. Ұлттық-пат­ри­от­тық күштерді біріктіру.

«Қазақстан­ның Ха­лық конг­ресі пар­ти­ясы» (ҚХК) 1991 жылғы 5 қазан­да құрыл­ды. Мүшесі – 30 мың адам. Төрағала­ры – О. Сүлей­ме­нов және М. Ша­ханов. Мақса­ты:Ел өмірінде са­яси аяны кеңей­ту. Ұлттық са­яси күштер құру. ҚХК пар­ти­ясы­ның атқарған жұмыс­та­ры:Жергілікті мәсли­хат­тарға және Жоғарғы Кеңес­ке де­путат­тар сай­ла­уда бел­сенділік та­ныту. Жоғарғы Кеңес­тегі са­яси пар­ти­ялар­дың заң жо­басын бекіту мәсе­лесін ше­шу. Жергілікті жер­лердегі өзін-өзі басқару ре­фор­ма­сы тұжы­рым­да­масы­ның (кон­цепци­ясы­ның) заң жо­басын талқылау. «Қазақстан­ның де­мок­ра­ти­ялық прог­ресс пар­ти­ясы» (ҚДПП) 1991 жылғы қара­шада құрыл­ды. Төрағасы – А. До­куча­ева. Мақса­ты:Эко­номи­калық бос­тандыққа же­ту. Құқықтық мем­ле­кет құру және адам құқығын қорғау ба­сым­ды­лығына же­ту.

«Қазақстан­ның ха­лық бірлігі» одағы 1993 жылғы ақпан­да құрыл­ды. Төрағасы – Қ. Сұлта­нов. Са­яси қозғалыс­тар ара­сын­да бұл одақ бе­делді бол­ды.Рес­публи­када 300-ден аса қоғам­дық-са­яси ұйым­дар, 68 әр түрлі қор­лар, 11 рес­публи­калық ұлттық мәде­ни топ­тар тіркелді. 1993 жыл­дың соңына қарай қоғам­дық-са­яси қозғалыс­тар берік са­яси күшке ай­нал­ды.«Қазақстан­ның ха­лықтық-ко­опе­ративтік пар­ти­ясы» (ҚХКП) 1994 жылғы жел­тоқсан айын­да құрыл­ды. Төрағасы – У. Сәрсе­нов. Әле­уметтік ба­засы – ауыл еңбек­керлері, ко­опе­ративтік қозғалыс жұмыс­керлері.«Қазақстан­ның өрлеу пар­ти­ясы» (ҚӨП) 1995 жылғы қаңтар­да құрыл­ды. Төрайымы – А. Жағано­ва, мүшесі – 5 мың адам. Мақса­ты:Әле­уметтік жағынан қорғал­маған ха­лық топ­та­рының мүддесін қорғау.

Білім және ден­са­улық са­ласын қорғау. «Қазақстан­ның аг­рарлық пар­ти­ясы» (ҚАП) 1995 жыл­дың ба­сын­да құрыл­ды. Мүшесі 42 мыңнан ас­там адам. Мақса­ты: Ауыл еңбек­керлерінің әле­уметтік-эко­номи­калық және са­яси мүдде­лерін қорғау.

«Қазақстан­ның де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы» (ҚДП) 1995 жы­лы жаз­да құрыл­ды. Төрағала­рының бірі – Т. Жөке­ев. Мүшесі – 19 мың адам. Мақса­ты:Әле­уметтік-на­рықтық эко­номи­ка құруға ат­са­лысу. Аза­мат­тық қоғам ор­на­ту.

Де­мок­ра­ти­ялық құқықтық мем­ле­кет құру. «Ақ жол» қоғам­дық қозғалы­сы 1998 жы­лы қара­шада құрыл­ды. Же­текшісі – Н. Ора­залин. Мақса­ты:Пре­зидент Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың са­яси бағытын қол­дау. «Қазақстан-2030» стра­теги­ясын жүзе­ге асы­ру. Зи­ялы өкілдер мүдде­лерін қорғау. «Отан» пар­ти­ясы 1999 жы­лы қаңтар­да құрыл­ды. Төрағасы – С. Те­рещен­ко. Бұл пар­тия Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың Пре­зиденттікке кан­ди­дату­расын қол­дау қоғам­дық шта­бы негізінде құрыл­ды.

«Қазақстан­ның отан­шылдар» пар­ти­ясы 1999 жы­лы 14 қаңтар­да құрыл­ды. Мүше­лері қата­рын­да: «Азат» қозғалы­сының же­текшісі – Ха­сен Қожа-Ах­мет, жа­зушы – Н. Асы­шев, «Мем­ле­кеттік тіл» қоғамы­ның төрайымы А. Ос­ма­нова бол­ды. Мақса­ты:Ұлттық ын­ты­мақтас­тыққа ру­хани тәрби­елеу жо­лымен же­ту.

Пат­ри­от­тық сезімді қалып­тасты­ру және өсіру. Қазақстан қоғамы проб­ле­мала­рына ана­лиз жа­сау және дағда­рыс­тан шығу жол­да­рын көрсе­ту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]