Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_gos_otvety.docx
Скачиваний:
585
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.62 Mб
Скачать

4 Билет

1

2.

3. Ә.Бөкей­ха­нов (1866–1937) қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кері, бұрынғы Се­мей об­лы­сы Қарқара­лы уезі Тоқыра­уын бо­лысы­ның 7-ауылын­да дүни­еге кел­ген. Ұлт-азат­тық қозғалыс же­текшісі, пуб­ли­цист ғалым, аудар­ма­шы. Әли­хан Бөкей­ха­нов Ор­та жүздің ха­ны Бөкейдің ұрпағы Сту­дент бо­лып жүрген кез­де са­яси та­лас-тар­тыстарға бел­се­не ара­ласып, ұлт-азат­тық қозғалыс­тарға қатысқан. Сол кездің өзінде «са­яси бел­сенділігі үшін» пат­ша жан­дарме­ри­ясы­ның қара тізіміне іліккен. Пат­ша өкіметі кезінде қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқар­ды және Пав­ло­дар­да, Се­мей­де бірне­ше рет қама­уда отырған. 1917 жы­лы 5–13 жел­тоқсан­да Орын­борда өткен «Алаш» пар­ти­ясы­ның екінші съезінде Ә. Бөкей­ха­нов Ала­шор­да үкіметінің төрағасы бо­лып сай­лан­ды. Кеңес өкіметін мойын­да­мады. Қазақтың еге­менді ел бо­луы үшін күресті. 1937 жы­лы ату жа­засы­на кесілген.

Ах­мет Байтұрсы­нов (1873–1938) қазіргі Қос­та­най об­лы­сы Жан­гелдин ауда­ны Са­рытүбек ауылын­да дүни­еге кел­ген. Ұлт-азат­тық қозғалыс же­текшісі, мем­ле­кет қай­рат­кері, ақын, пуб­ли­цист, линг­вист, қазақ әде­би­етінің негізін қала­ушы­лар­дың бірі, ғалым, ұлттық жа­зудың ре­фор­ма­торы, ағар­ту­шы. Торғай мен Орын­борда білім алған­нан кейін А. Байтұрсы­нов Ақтөбе­де, Қос­та­най­да, Қарқара­лыда орыс-қазақ мек­тептерінде са­бақ бер­ген. 1909 жы­лы са­яси бел­сенділігі үшін Се­мей түрмесіне жа­была­ды. 1910 жы­лы Орын­борға жер ауда­рыла­ды және 1917 жылға дейін сон­да бо­лады. Өзінің сенімді дос­та­ры Ә. Бөкей­ха­нов, М. Ду­латов­пен бірге 1913 жыл­дан бас­тап ұлттық «Қазақ» га­зетін шығарып, ре­дак­то­ры бол­ды. Ре­сей­де пат­ша өкіметі құлаған­нан кейін қазақ жерінде «Ала­шор­да» үкіметін құру үшін бар күшін сал­ды. Боль­ше­вик­терді мойын­да­мады, қар­сы шықты. 1921–1928 жыл­да­ры Қазақ ха­лық ағар­ту инс­ти­тутын­да са­бақ бе­реді. 1929 жы­лы 2 ма­усым­да Алаш қай­рат­керлерімен бірге Ал­ма­тыда тұтқынға алы­нады. Ре­сейдің солтүстік об­лыста­рына жер ауда­рыл­ды. Кейіннен бо­сап шығып, бірақ қай­та­дан 1937 жы­лы қамауға алы­нып, аты­лады.

Мұста­фа Шоқай (1890–1941) Ақмешіт, қазіргі Қызы­лор­да об­лы­сын­да дүни­еге кел­ген. Қазақ ой­шы­лы, оқымыс­ты, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, XX ғасыр ба­сын­дағы еліміздің тәуелсіздігі мен бос­тандығы жо­лын­дағы күрес­керлердің ірі өкілі. Мұста­фа Шоқай 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін Ре­сей Мем­ле­кеттік Ду­масы­ның Мұсыл­ман фрак­ци­ясы Са­яси бю­росын­да Түркістан ха­лықта­рының өкілі бол­ды. Ұлы Түркістан мем­ле­кетін құру иде­ясын ұстан­ды. 1917 жы­лы 22 қара­шада Қоқан­да мұсыл­ман ұйым­да­ры конг­ресс өткізіп, Түркістан ав­то­номи­ясын жа­ри­яла­ды. Шоқай үкімет мүшесі бо­лып сай­ла­нып, көп кешікпей ол орын­нан кет­кен премьер-ми­нистр М. Ты­ныш­ба­ев­ты ал­масты­рады. Мұста­фа Шоқай Ала­шор­да үкіметінің құра­мына да енді, бірақ Қоқан ав­то­номи­ясы талқан­далған­нан кейін им­мигра­цияға ке­туге мәжбүр бо­лады. Им­мигра­ци­яда жүріп Кеңес­терге қар­сы иде­ялық күресін жалғас­ты­рады. Қазақ халқының отар­шылдыққа қар­сы күресі та­рихын­дағы аса ірі қай­рат­кер тұлғала­рының бірі Мұста­фа Шоқай 1941 жы­лы Бер­линде беймәлім жағдай­да қай­тыс бол­ды.

5билет

1.Ғұндар - көшпенді халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған

2.

ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ(1691—1769) Қабанбай жастайынан жоңғарлардың жауыздығын көзімен көрген еді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағул батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Осы екі қатыгездік қайсар баланың жүрегіне кек болып қатты. Жас батыр жалғыз жортып, қалмақтың ел шапқьш батыры Жырғыл мен Асыланды ебін тауып өлтіріп, кегін қайтарады. Осыдан соң Қабанбай ауылында қала алмай, Керей еліндегі жездесіне келеді де, онда жылқыға тиген шапқыншыларға қарсы айқаста көзге туседі. 1750 жылдардың орта шенінде Жоңғар қақпасы маңында жаудың негізі күшін үш қабат қоршап алып,жойып жіберді. Осыдан кейін Қабанбай батыр Қас өзенін өрлеп барып, Арыстанды тауының баурайына қоныстанды. Сол таудың мұзды басы Қабанбай шыңы деп аталады.

ШАПЫРАШТЫ НАУРЫЗБАЙ БАТЫР(1706—1781)Құттымбетұлы - Наурызбай (1706—1781) Үлы жүз Шапырашты тайпасының Асыл руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде туған. Абылай ханның ту ұстаушы үш батырының бірі (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай).Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы соғыспен өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Қүдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бауыры бірдей қаза болады. Наурызбайдың 1729 жылы қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген ерлігі қазақ даласына кең тараған.Балқаш көлінің маңында Шамал хан мен Наурызбай жекпе-жекке шықты. Наурызбай Шамал ханды шоқпарымен бір үрғанда-ақ қүлатты. Бұл шайқаста да қалмақ қашып, қазақтар жеңіске жетті.

3. Сәкен Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер. Омбыда қазақ жаситары ашқан "Бірлік" қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы қарашада "Кел, жігіттер" өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алды. Осы кезде Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды. 1918 жылғы 4 маусымда атардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалады. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады. 1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталы Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. "Домбра" (1924), "Экспресс" (1926), "Тұрмыс толқынында" (1928) атты поэтикалық жинақтарында Қазан төңкерісінің жеңісі жырланды. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін "Тар жол, тайғак, кешу" атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға, алғашқы кітаптарын бастыруға көп күш салды. 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді. 1938 жылы жолсыз жазага ұшырады.

6билет

II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық талқандалды. Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. 1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді. Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды. Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе артты. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды. Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды. Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті. Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б

7билет

2.Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. 1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан кейін Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алады. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырады. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырайды. 1847 жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазбен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофеев бастаған отряд келіп, хиуалықтарды талқандауға көмектеседі. 1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпейді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В.Обручевпен жолығып сөйлескен соң Жанқожа онымен орыс әскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше болады. Патша шенеуніктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Осындай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады. Қаратөбе маңындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасайды. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетеді. Жағдай Орынбор генерал-губернаторы В.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз қазақ жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожа сатқындық жасаған рубасылары мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды өлтіріп кетеді. Есет Көтібарұлы - халықтың әйгілі батырларының бірі. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған. 1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. 1853-1854 жылдары Есет батырдың басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды. 1853 жылы осы көтерілісті басуға сұлтан Арыстан Жантөрин, екі казак отряды мен 200 жігітті бастаған сұлтан Таукин, Орал бекінісінен майор Михайлов пен 600 жігітті бастаған сұлтан Е.Қасымов аттанды.Патша әкімшілігінің бұл жоспарынан хабардар болған Есет батыр Көтібарұлы шекті ауылдарын Үстіртке жіберіп, өзі 800 жігітпен жазалаушы отрядтарды күтіп қалды. Жақсы қаруланған жазалаушы отрядтардың көтерілісшілерге қарсы бұл жорықтары нәтижесіз болды. Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен көтерілісті басу келесі көктемге қалдырылды. 1854 жылы көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]