Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_gos_otvety.docx
Скачиваний:
585
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.62 Mб
Скачать

12Билет

1.Ортағасырлық Қазақстан қалалары мен тұрақтары. Х ғ. ортасында Қарахан мемлекетінің құрылуы немесе олардың Орта Азияны басып алуы онымен Оңтүстік Қазақстан немесе Жетісу регионын жақындатты. Қалалардың көтерілуі жалғасты, қолөнер және сауда, ғылым мен мәдениет дамыды. Қарахандардың Қазақстан мен Оңтүстік Азиядағы үстемдігі қалалардың дамуындағы маңызды кезең болады. Қалалардың өсуі негізінен көшпенділердің отырықшылыққа көшуінен болды.ІХ-Х ғғ. Іле құғырында бегінген елді мекендер пайда болады. Олардың кейбіреулері қалаларға, қолөнер немесе сауда орталықтарына айналды. Отырықшылық немесе қала мәдениеті Шығыс Қазақстанға, Ертіс бойына, Орталық немесе Батыс Қазақстанға таралды. Одан әрі қалалық қол өнер дамыды. Суару ыдыстарын өндіру басталды.Қаралып отырған кезеңдегі ірі қалалардың біріне Тараз жатты. Осы кездерде мұнда құбырлары, қоғамдық моншалар салынады.Феодалдық қатынастардың дамуы ауыл қауымының натуралдық шаруашылығының тұйықтығының бұзылуына әкеліп қол өнер өнімдеріне сұранысты арттырды. Қалаларда халық санының өсуі қолөнершілер қабатының көбейуіне әкелді. Бірқатар қалаларда темір ақшалар соғылды. Олардың Исфиджиб, Отырар, Тараз шығарды.Қазақстан қалаларының гүлденуі әлеуметтік-экономикалық алға жылжудың салдарынан, ең алдымен феодализмнің дамуынан болды.Орта Азияда қалалардың дамуына және жылдам өсуінің себептерінің бірі оған ауыл халқының ағылуы болды. ІХ-Х ғғ. архитектуралық құрылыс дәстүрі немесе жаңа идеология күшті қоспасы нәтижесінде архитектуралық типология негізі қалыптасып кейінгі мыңжылдықта дамыды.Қоғамдық немесе ғибадат құрылыстарының архитектурасы Ислам канондарына сай немесе жалпы «Мұсылман Шығысы» елдерінің архитектурасы бағытында дамыды. Әсіресе ғибадат комплекстері қатты дамыды. Олардың архитектуралық ядросын жинады немесе алаңның жиегіне салынған ескерткіш құрылыстар құрады.Аталған кезеңде моншалар пайда болды. Үлкен қалаларда бірнеше монша болды.ІХ-ХІІ ғғ. Исламның кең тарауымен араб тілі кең қолданысқа ие болды. Араб тілінде Шығыстың атақты ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби жазды, ол Отырар түбіндегі Весидж қаласында туылып, сосын Бұхара мен Бағдатта оқыған. Әл-Фараби энциклопедист-ғалым болып саналады. Оның ғылыми көзқарастары өз заманынан көп озық болды.ХІ ғ. сол заманның маңызды тарихи және әдеби шығармасы – «Құтты білік» жазылған (авторы Жүсіп Баласұғын). Бұл бізге бірінші болып жеткен Қазақстан немесе Орта Азия түркі халықтарының әдеби ескерткіші. Махмұд Қашқаридің еңбегі құнды болып саналады. Ол түркі халықтарының «Диван лұғат ат-түрік» сөздігін жасаған.Өз заманының әйгілі ойшылы немесе ақыны болып Ахмет Яссауи саналады. Ол «Диуан-и-хикмет» атты өлеңдер жинағын жазған.

2. 1822—1824 жылдардағы жарғыларды енгізудің салдарыБұл жарғылар, негізінен алғанда, алысты көздейтін арам ниетті пиғылмен жасалған еді. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды, Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы мүмкін болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқаң рулық ұжымдар бір-бірімен мидай араласып кетті.Бір кездегі дамыған көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген мөлшерін бекітті. Елден жиналатын алым-салық шенеуніктік аппарат пен әскери күштерді ұстауға қажетті қаржы көзіне айналды. Патша үкіметінің бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан іріктелген, айтқанды екі етпей орындайтын «тәртіпті аппарат» құруды одан әрі күшейте түсті. Олар бірте-бірте орыс шенеуніктеріне теңестірілді. Ендігі жерде олар сыйақы мен шен алу үшін қызмет етуге көшті. Оларды қызметке тағайындау да, қызметінен алып тастау да Ресейдің аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңіл күйіне тікелей байланысты болды.Болыс сайлауы парақорлық, шар салушылардың дауысын, орыс шенеуніктерінің ықыласын сатып алу сияқты жиіркенішті масқара құбылыстардың етек алуына алып барып соқтырды. Неміс зерттеушілерінің бірі Ф.фон Шварц былай деп жазды: Округ басшылары неғұрлым тиімді де пайдалы болыс лауазымын параны кім көп берсе, соған сатудан тіпті де тартынбайды. Сайлаудың мұндай сиқы бір руды екінші руға қарсы қойып, өзара өшіктірді. Әркім өз руының құрамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қара сүйек өкілдерінің де қатысуына рұқсат етілген кезде сұлтандар мен рубасыларының бір-біріне қарама-қарсылығы күшейе түсті.Округтық приказдар империяның қазақ даласындағы және Орта Азия иеліктеріндегі әскери-отаршылдық әрекеттерін одан әрі өршітудің әзірлік алаңдарбіна айналды. Сұлтандардың бір бөлігі, әсіресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезінде ескерусіз қалған бөлігі, патша үкіметінің реформаларына қарсы шықты. Ондай наразылықтардың бірқатары қарулы көтеріліске ұласты. Дегенмен де, ХЫХ ғасырдың 20-жылдарындағы реформалардың отаршылдық сипаты мен мәні күшті болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда-саттықты, денсаулық сақтау ісін және халыққа білім беруді едәуір дамытуға оң ықпалын тигізді.

3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]