Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_gos_otvety.docx
Скачиваний:
585
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.62 Mб
Скачать

11 Билет

1. Қараханидтер мемлекеті . Х ғасырдың орта кезінде оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және Шығыста Қашқарға дейінгі ұланбайтақ аумақта болған саяси оқиғалар және Қарлұқ мемлекетінің ыдырауымен тығыз байланысты болды.Оғулшақтың немере інісі Сатұқ Боғраханды (915-955) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғрахан Оғулшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырды: 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін билік басына Мұса қаған келді. Ол Қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астанасы Қашқар болды. Мұса қаған қаза болған соң билік Әли-Арыстан қағанға өтеді. Ол Тараз бен Баласағұнды да өзіне бағынышты қалалар есебінде жариялаған. Қарахан мемлекетінің алғашқы саяси тарихы, Сатұқ ұрпақтарының ішіндегі ең күшті екі әулетінің Әли-Арыстан хан мен Хасан Бура ханның тұқымдарының арасында билік үшін ұзақ жылдарға созылған талас тартыстар басталды.Қарахан мемлекеті екі иеліктен тұрды: 1) Шығыс хандық. Оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, астанасы Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған; 2) Батыс хандық. Орталығы Тараз, кейде Бұхар болған. Шығыс хандық қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан да оның қағаны дәстүр бойынша ұлы қаған деп есептелген.Жетісу мен Шығыс Түркістанды ХІ ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Тұған хан билеп тұрды. Онымен Борға хан баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Туған ханды Қадырхан Қашқардан тықсырып шығарды. 1017-1018 жылы Жетісу көшпелі тайпалар шабуылына ұшырап, көп ұзамай Туған хан дүние салды. Қадырхан күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді.1032 ж. Қадырхан иелігіне Жетісу, Испиджиб пен Тараз өңірлері Шығыс Түркістан қарайды. 1056 жылы Қадырхан баласы Иннал-тегін өкімет басына келеді. Иннал-тегіннің баласы Ибрахим болады. Осыдан кейін Шығыс қағанатының да он бес жыл бойы Қадырханның балалары Юсуар Торғулхан мен Бограхан Харун басқарады.Екі қағанат арсындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Орта Азия мемлекеттерімен қызу сауда жүргізеді. 1089 жылы Орта Азиядағы Салжұқ сұлтандығы шабуыл жасап Самарқант қаласын басып алады. Осы кезде Шығыс Қарахан қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғырыл шабуыл жасап Қашқар қаласын өзіне қаратты. Осындай шапқыншылықтан кейін ХІІ ғ. 1-жартыжылдығында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды.

2. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың азаттық қозғалысы. 1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. 1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды. 1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып еді. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтың көтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды.Жеңілу.Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты. Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді. Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата жер аударылды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта-ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда үстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.

3.

25 жж.дейгейінде қалып қойды. Қазақстан елдің аса зор ядролық полигонина айналды. 1979ж. басталған ауған соғысына 22 мыңға жуық қазақстандықтар қатысып, 780 қаза болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]